Абдусамат ҚАСЫМНЫҢ каналы
1.87K subscribers
1.64K photos
563 videos
1 file
2.5K links
Жұрт ұқпаса, ұқпасын, жабықпаймын,
Ел – бүгіншіл,
Менікі – ертеңгі үшін. © Ахмет Байтұрсынұлы
—————
https://t.me/audiosurakjauap
https://t.me/surakjauap_akasim
Download Telegram
Абдусамат ҚАСЫМНЫҢ каналы
Бастапқыда Матиас аталмыш ЖИ бағдарламасын тек сабақ пен кітаптар үшін қолданған. Ал 2026 жылдың қаңтар айынан бастап ЖИ оның назарын ұстап тұру үшін өзі бастап Ницше, Камю, Шопенгауэр философиясы, өмір мен өлім және нигилизм туралы экзистенциалдық сұрақтар…
ЖИ баланы 15 жаста деп тіркеп, жасын біле тұра бұл сұхбатты тоқтатпай жалғастырған. Ата-анасына ескерту жасауға 23 күн уақыты болса да, ештеңе істемеген. Сол сұхбаттан соң 23 күн өтіп, Матиас өз-өзіне қол салған.

Оған қоса, қаза болған түні де ЖИ Матиасқа қоштасу жазбасын Инстаграмға кейін жарияланатындай етіп жоспарлап қоюға көмектескен екен. Ата-анасы бұл сұмдықты баласы о дүниелік болған соң парақшасында шыққан посттан білді.

Баланың әкесі Шарбель Хабиб: «Баламызды қайтара алмаймыз. Бірақ басты мақсатымыз – ЖИ-дің балаларға төндіретін қаупін ұғындыру. Ойлау жүйесі толық қалыптаспаған баламен ЖИ-дің сөйлесудегі мақсаты не?» – дейді ол. Және де ЖИ жүйелерінің балалармен арнайы лицензиясыз сөйлесуін заңмен толық тыйым салуды талап етуде.
👍7
Абдусамат ҚАСЫМНЫҢ каналы
ЖИ баланы 15 жаста деп тіркеп, жасын біле тұра бұл сұхбатты тоқтатпай жалғастырған. Ата-анасына ескерту жасауға 23 күн уақыты болса да, ештеңе істемеген. Сол сұхбаттан соң 23 күн өтіп, Матиас өз-өзіне қол салған. Оған қоса, қаза болған түні де ЖИ Матиасқа…
Жасөспірімнің ата-анасы АҚШ-тың Калифорния штатындағы сотқа ресми арыз түсірді. Талап-арыз аясында «OpenAI» компаниясы мен оның басшысы Сэм Олтман «абайсызда адам өліміне себепкер болды» деп, жауапкер ретінде тартылуда. Қазіргі таңда бұл азаматтық іс сот өндірісіне қабылданып, қарала бастады.
Отбасының мүддесін АҚШ-тағы белгілі «Social Media Victims Law Center» және «Tech Justice Law Project» ұйымдарының заңгерлері қорғауда.

Дереккөз: alarabiya.net
#жи #ии #жасанды #интеллект #бала #жасөспірім #ливан
👍6
Өмірден алынған қызықты әңгіме:
Автобустың жүруіне әлі бір сағаттан астам уақыт бар еді. Сондықтан жолаушы кісі автобекеттің күңгірттеу дәлізін бойлай ары-бері аяңдап жүрді. Қолын жумақ болып, сәл әрідегі мешітке жақындай бергенде, үстіне жұмыс киімін киген бір жас жігіт алдынан шығып:

– Намаз оқиын деп пе едіңіз?! – деді сыпайы ғана. – Дәрет алатын жеріміз де бар.

Әлгі кісі қолындағы шылымның күлін бозбаланың дәл аяғының астына қағып жатып, паңдана сөйледі:⬇️

https://islam.kz/kk/articles/gibrat-hikaya/namaz-omirden-alyngan-qyzyqty-angime-5246/
❤8
Деймін да!

«Еуропа көктемі» басталған сияқты ғой, Құдай біледі. Кезіндегі «Араб көктеміндегідей», мұның бәрі әдейі істеліп жатқан жағдай деп ойлаймын.

Мәселе, тек мигранттарда емес. Мәселе, сол мигранттарды айдап салушыларда. Германияда неге мұндай тәртіпсіздіктер жоқ? Онда да мигранттар өте көп қой.

Мысалы, соңғы уақытта Италия, Испания, Франция, Ұлыбритания сияқты еуропалық елдердің өкіметтері әлемдік қожайыннан (Трамптан емес) тәуелсіз саясат ұстанғысы келді. Каддафи тұсындағы араб елдері сияқты, бұлар да өз дегендерімен жүргісі келді.

Енді аталмыш еуропалық елдердің бәрінде түрлі сылтаулармен бейберекетсіздіктер белең алып жатыр. Сәйкестік емес деп ойлаймын.

Қалай ойлайсыздар, бұл тәртіпсіздіктердің артында кім тұруы мүмкін?
—————
#деймінда
#европа #әлем #тыныштық #болсын
❤7
Франциядағы бейберекетсіздіктер Макрон үкіметін отставкаға кетіру үшін ұйымдастырылып отыр деп ойлаймын. Өйткені, Макрон — Израильдің Газа мен Ливандағы заңсыз әрекеттеріне ашық қарсы шыққан басшылардың бірі. Франция — Палестина мемлекетінің құрылу қажеттігін қолдаған ел. Сондай-ақ Макрон Израильге қару-жарақ жеткізуді тоқтатуды қажеттігін айтқан болатын. Енді осы бейберекетсіздіктердің артында кім тұрғанын өздеріңіз топшылай беріңіздер.
👍12❤6
«Қиямет күні Ғаршының астынан бір жаршы былай деп жар салады: «Ей, Мұхаммедтің үмбеті! Менің алдымдағы күнәларыңды Мен сіздерге кешірдім. Ал енді араларыңыздағы бір-бірлеріңізге жасаған зұлымдықтарыңыз бен ақыларыңыз қалды. Оларды да бір-бірлеріңізге кешіріп, бағыштаңыздар да, Менің рақымыммен жәннатқа кіріңіздер!» делінеді".
https://islam.kz/kk/articles/islam-jane-qogam/zulymdyq-turaly-5247/
❤9
konyak qosylgan konfetti jeuge bola ma
abdusamat qasym
Коньяк қосылған конфетті жеуге бола ма?🙂
👍7❤4
АҚШ-тың МОАВ (GBU-43/B MOAB) бомбасы:
•Салмағы: 9,8 тонна.
•Ұзындығы: 9,2 метр.
•Диаметрі: 1,03 метр.
•Ерекшелігі: жер түспей, әуеде жарылады.
•Шамамен 9–10 квартал аймақты жоя алады.
•Атом бомбасы емес.
_______________
Иранның «барлық бомбалардың әкесі»:
2017 жылы Иран ресми түрде салмағы шамамен 10 тонна болатын жойқын бомбасы бар екенін мәлімдеді.
Оны «барлық бомбалардың әкесі» деп атады.
Нақты сипаттамалары әлі күнге дейін ашық жарияланған жоқ.
2026 жылы, қазанда, АҚШ тарапы бомбалардың анасын Иранға тастауы мүмкін деген ақпарат тарағаннан кейін, ирандық шенеуніктер қайтадан «бомбаларлың әкесі» және тіпті «әжесі» бар екенін айтты, бірақ техникалық мәлімет бермеді.
Әлемде бейбітшілік орнасын!
_______________
#иран #бомба #moab #бейбітшілік
Показать меньше
❤3👍3