🇰🇿 ҚР ҚМА/ АФМ РК
11.8K subscribers
1.02K photos
2.11K videos
2.54K links
🇰🇿 ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі/Агентство РК по финансовому мониторингу
🔷Хроника деятельности АФМ по противодействию теневой экономике и ОД/ФТ
🔷 Телеграм бот: @BAIQApiramidaBOT
🔷 Call-центр: 1458
🔷 e-mail: finmonitoringkz@gmail.com
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏦 Состоялось очередное заседание Общественного совета Агентства по финансовому мониторингу

Руководители Департаментов по Павлодарской, Костанайской, Акмолинской и Северо-Казахстанской областей доложили о принимаемых мерах по борьбе с теневой экономикой, включая пресечение финансовых пирамид, «серого» импорта, незаконного оборота драгоценных металлов, алкогольной и табачной продукции.

✅ Особый акцент сделан на внедрении цифровых аналитических инструментов и решений на основе искусственного интеллекта, укреплении межведомственного взаимодействия и совершенствовании профилактических мер, направленных на укрепление закона и порядка.

Отдельное внимание уделено работе с обращениями граждан, которые рассматриваются как показатель уровня доверия и важный источник информации о существующих проблемах, требующих оперативного реагирования.

Члены Общественного совета отметили открытость Агентства к конструктивному диалогу и подчеркнули значимость комплексных мер, реализуемых в регионах для снижения уровня теневой экономики.

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🏦 Қазақстан мен Швейцария қылмыстық кірістерді заңдастыруға қарсы іс-қимыл және экономикалық қылмыстармен күрес саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде

Берн қаласында Қаржылық мониторинг агенттігі делегациясы Швейцарияның негізгі құқық қорғау және уәкілетті органдары - Федералдық прокуратурамен, полиция және Ақшаны жылыстатуға қарсы есептілік басқармасымен (MROS) бірқатар жұмыс кездесулерін өткізді.

📍 Швейцария прокуратурасымен өткен кездесуде қылмыстық активтерді іздестіру және оларды кеңейтілген тәркілеуге тарту бойынша құқықтық көмек көрсету мәселелері талқыланды.

📍 Швейцарияның Федералдық полиция өкілдерімен экономикалық қылмыстарға қарсы іс-қимыл және бірлескен қаржылық тергеулердің тиімділігін арттыру бойынша тәжірибе алмасу жүргізілді. Сонымен қатар, қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған оқыту бағдарламаларын ұйымдастыру бойынша ынтымақтастықты тереңдетуге уағдаластыққа қол жеткізілді.

📍 Бұдан бөлек, Швейцарияның қаржылық барлау бөлімшесімен (MROS) келіссөздер өтті. Агенттік делегациясы күмәнді операцияларды, соның ішінде виртуалды активтерді пайдалану арқылы жасалатын транзакцияларды анықтау тәжірибесімен және оларды заңсыз мақсатта қолдануға жол бермеу тетіктерімен танысты.

Келіссөздер қорытындысы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігі мен Ақшаны жылыстатуға қарсы есептілік басқармасымен арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Құжат қаржы барлау органдары арасындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ күмәнді операциялар, оның ішінде виртуалды активтерге қатысты ақпарат алмасу саласындағы әріптестікті кеңейтуге бағытталған.


Қазақстан тарапы бұл құжатқа қол қою кірістерді заңдастыру мен терроризмді қаржыландыруға қарсы күрестегі серіктестікті нығайту жолындағы маңызды қадам екенін атап өтті.

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🏦 Казахстан и Швейцария расширяют сотрудничество по противодействию отмыванию преступных доходов и борьбе с экономическими преступлениями

В Берне делегация Агентства по финансовому мониторингу провела серию рабочих встреч, направленных на укрепление партнерства с ключевыми швейцарскими правоохранительными и уполномоченными органами - Федеральной прокуратурой и полицией, а также Управлением по отчетности в области борьбы с отмыванием денег (MROS).

📍 На встрече с прокуратурой Швейцарии обсуждены вопросы оказания правовой помощи по поиску преступных активов и применению в отношении них расширенной конфискации.

📍 С представителями Федеральной полиции Швейцарии произведен обмен передовым опытом по противодействию экономическим преступлениям и повышению эффективности совместных финансовых расследований. Достигнута договоренность об углублении партнерства в части проведения обучающих программ, направленных на повышение квалификации сотрудников.

📍 Наряду с этим состоялись переговоры с подразделением финансовой разведки Швейцарии (MROS). Делегация Агентства ознакомилась с практикой выявления подозрительных операций, в том числе с использованием виртуальных активов, а также механизмами предотвращения их использования для незаконных целей.

По итогам переговоров между Агентством по финансовому мониторингу и Управлением по отчетности в области борьбы с отмыванием денег подписан меморандум о взаимопонимании, направленный на укрепление двустороннего взаимодействия между финансовыми разведками стран, а также расширение сотрудничества в сфере обмена информацией о подозрительных операциях, в том числе с использованием виртуальных активов.


Казахстанская сторона выразила уверенность, что подписание документа станет важным шагом к укреплению партнерства в сфере противодействия отмыванию доходов и финансированию терроризма.

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🏦 Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі ұйымдастырған қаржылық қауіпсіздік бойынша республикалық FinIQ диктантына ел тұрғындары қызығушылық танытуда

Бүгінгі таңда 2 млн астам қатысушы өз білімдерін тексеріп, тестілеуден өтті.

✔️ FinIQ — бұл қаржылық ойлауды дамытуға және алаяқтық схемалардан қорғану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған интерактивті IQ-тест.

Тестте 20 сұрақ бар: қарапайым «дроп деген кім?» және «қаржы пирамидасын қалай анықтауға болады?» деген сұрақтардан бастап, жеке деректер, банк өнімдері мен онлайн-төлемдердің қауіпсіздігіне қатысты тапсырмаларға дейін қамтылған.

Ең белсенді қатысушылар Түркістан облысы, сондай-ақ Шымкент пен Астана қалаларынан тіркелген.

FinIQ тестіне мектеп оқушысынан бастап студенттер мен ересектерге дейін кез-келген адам қатыса алады. Тестті amlacademy.kz платформасында онлайн форматта, кез келген құрылғы арқылы 15–20 минут ішінде тапсыруға болады.

📌 Диктант 20 қазанға дейін жалғасады.

Барлық қатысушыларға дипломдар мен сертификаттар, ал үздік нәтиже көрсеткендерге ұйымдастырушылар мен серіктестер атынан бағалы сыйлықтар табысталады.

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🏦 Республиканский диктант по финансовой безопасности FinIQ, организованный Агентством Республики Казахстан по финансовому мониторингу, продолжает объединять жителей страны вокруг темы финансовой безопасности

На сегодняшний день свыше 2 миллионов участников уже прошли тестирование и проверили свои знания.

✔️ FinIQ — это интерактивный IQ-тест, направленный на развитие финансового мышления и формирование навыков защиты от мошеннических схем.

В тесте представлено 20 вопросов: от простых - «кто такие дропы» и «как распознать финансовую пирамиду», до ситуационных кейсов о личных данных, банковских продуктах и безопасных онлайн-платежах.

Наибольшую активность проявляют жители Туркестанской области, а также городов Шымкент и Астана.

Участие в FinIQ доступно каждому — школьникам, студентам и взрослым. Тест можно пройти онлайн на платформе amlacademy.kz всего за 15–20 минут с любого устройства.

📌 Диктант продлится до 20 октября.

Все участники получат дипломы и сертификаты, а отличившиеся — ценные призы от организаторов и партнёров проекта.

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏦 ҚМА Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті «QazConstructions» ЖШС басшылығына қатысты, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының 7 ауданында 11 әлеуметтік нысанның құрылысына бөлінген бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде

Күдіктілердің қатарында – «QazConstructions» ЖШС-нің бұрынғы директорының орынбасары, Күршім ауданы мәслихатының депутаты бар.

Аталған жобалар халықтың өмір сүру сапасын арттырып, азаматтардың бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасауға бағытталған болатын.

Алайда қылмыстық әрекеттер салдарынан төрт дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен 20 мыңнан астам адам тұратын жеті ауылды сумен қамтамасыз етуге арналған су құбыры желілері пайдалануға берілмеген.

Жымқырылған қаржының жалпы көлемі 2 млрд теңгеден асады. Олар байланысы бар компаниялар арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылған.

🔨 Қылмыстық жолмен алынған табысқа Астанадағы қымбат санаттағы тұрғын үй кешендерінен пәтерлер, «Lamborghini Urus», «Cadillac Escalade», «Mercedes» автокөліктері мен асыл тұқымды жылқылар сатып алынған. Бұл мүлікке сот санкциясымен тыйым салынды.

👨‍⚖️ Екі күдіктіге қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Тергеу жалғасуда.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Материалдарға сілтеме: https://disk.yandex.ru/d/d8RQ_0dwmDmlrQ

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏦 Департаментом АФМ по Восточно-Казахстанской области проводится досудебное расследование в отношении руководства ТОО «QazConstructions» по факту хищения бюджетных средств, выделенных на строительство 11 социальных объектов в 7 районах Восточно-Казахстанской и Абайской областей

В числе подозреваемых — бывший заместитель директора ТОО, являющийся депутатом маслихата Курчумского района.

Реализация указанных проектов должна была улучшить качество жизни населения и создать условия для полноценного досуга граждан.

Однако в результате преступных действий не введены в эксплуатацию четыре физкультурно-оздоровительных комплекса, а также водопроводные сети, предназначенные для обеспечения водой семи сёл, где проживают свыше 20 тыс человек.

Общая сумма хищения составляет более 2 млрд тенге, которые обналичены через аффилированные предприятия.

🔨 На преступные доходы приобретены квартиры в элитных жилищных комплексах Астаны, автомашины «Lamborghini Urus», «Cadilac Escalade», «Mersedes» и редкие породы лошадей, на которые с санкции суда наложен арест.

👨‍⚖️ В отношении двух подозреваемых избрана мера пресечения в виде содержания под стражей сроком на 2 месяца.

Расследование продолжается.

Иная информация в порядке ст.201 Уголовно-процессуального кодекса РК разглашению не подлежит.

Ссылка на материалы: https://disk.yandex.ru/d/d8RQ_0dwmDmlrQ

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏦 ҚМА Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті ҰҚКД бірлесіп, Самар ауданы аумағындағы «Кенкарын» учаскесінде жер қойнауын өз бетінше пайдалану және бағалы металдарды заңсыз өндіру дерегін әшкереледі

Жер қойнауын пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнама талаптарын бұза отырып, күдіктілер екі жыл бойы тиісті лицензиясыз заңсыз алтын өндіріп, «Құлынжон» өзенінің арнасын өз бетінше өзгерткен.

Заңсыз әрекеттің салдарынан табиғатқа келтірілген залал көлемі 82 млн теңгеден асты.

🔨 Тексеру барысында ауыр арнайы техника (жүктиегіш, самосвал, экскаватор) және өнеркәсіптік жабдық тәркіленді.

👨‍⚖️ Ұйымдастырушы 2 ай мерзімге қамауға алынды.

Тергеу амалдары жалғасуда.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Материалдарға сілтеме: https://disk.yandex.ru/d/3Uf9tuZoUtCJhw

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏦 Департаментом АФМ по ВКО совместно с ДКНБ пресечен факт самовольного пользования недрами и незаконной добычи драгоценных металлов на участке «Кенкарын» Самарского района

В нарушение законодательства в области недропользования и охраны окружающей среды, не имея лицензии, подозреваемые, самовольно на протяжении двух лет осуществляли незаконную добычу золота с самовольным изменением русла реки «Құлынжон».

В результате экологический ущерб, причиненный незаконной деятельностью, превысил 82 млн тенге.

🔨 В ходе осмотра участка изъяты тяжелая специальная техника (погрузчик, самосвал, экскаватор), а также промышленное оборудование.

👨‍⚖️ Организатор помещен под стражу сроком на 2 месяца.

Расследование продолжается.

Иная информация в соответствии со статьей 201 УПК РК разглашению не подлежит.

Ссылка на материалы: https://disk.yandex.ru/d/3Uf9tuZoUtCJhw

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏦 ҚМА Қарағанды облысы бойынша департаменті «Takorp» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқару фактісі бойынша тергеуді аяқтады

Күдіктілер азаматтардың қаржысын инвестициялық жоба ретінде тарту схемасын ұйымдастырған. Олар 30-дан 50 мың АҚШ долларына дейін инвестиция салып, 100% кіріс кепілдендіріледі деп уәде берген.

Пирамида интернет-платформа арқылы жұмыс істеген, онда алты бонус деңгейінен тұратын матрицалық жүйе («VIP-1» – «VIP-6») қолданылған.

🪙 Төлемдер USDT криптовалютасында есептеліп, салым көлеміне және рефералдық сілтемелер арқылы тартылған қатысушылар санына байланысты болған.


Заңдылық пен оң имидж құру үшін ұйымдастырушылар балалар үйлерінде қайырымдылық акцияларын өткізген.

🪙 Нәтижесінде «Takorp» пирамидасына 117 қатысушы тартылылған.

🔨 Сот санкциясымен 32 мың АҚШ долларына тең криптовалютаға тыйым салынды.

👨‍⚖️ Екі күдіктінің қозғалысын шектеу және тәртіп сақтау туралы қолхатпен бұлтартпау шарасы қолданылды.

Қылмыстық іс сотқа жолданды.

Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жариялауға жатпайды.

Материалдарға сілтеме: https://disk.yandex.ru/d/-Ca0ljo8XxXfbg

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏦 Департаментом АФМ по Карагандинской области окончено расследование по факту руководства структурным подразделением финансовой пирамиды «Takorp»

Подозреваемые организовали схему по привлечению денежных средств граждан под видом инвестиционного проекта. Они предлагали вложить от 30 до 50 тыс долларов США с гарантией 100% доходности.

Пирамида действовала через интернет-платформу, построенную на матричной системе из шести бонусных уровней (VIP-1 – VIP-6).

🪙 Выплаты начислялись в криптовалюте USDT и зависели от суммы вклада и количества привлечённых по реферальным ссылкам участников.


Для создания видимости легитимности и положительного имиджа организаторы проводили благотворительные акции в детских домах.

🪙 В результате в пирамиду «Takorp» вовлечено 117 участников.

🔨 С санкции суда наложен арест на криптовалюту стоимостью 32 тыс долларов США.

👨‍⚖️ В отношении 2 подозреваемых избрана мера пресечения в виде подписки о невыезде и надлежащем поведении.

Уголовное дело направлено в суд.

Иная информация в соответствии со ст.201 УПК РК разглашению не подлежит.

Ссылка на материалы: https://disk.yandex.ru/d/-Ca0ljo8XxXfbg

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🏦 Париж қаласында Ақшаны жылыстатуға қарсы іс-қимыл жөніндегі қаржылық шараларды әзірлеу тобының (FATF) кезекті Пленарлық апталығы өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің делегациясы қатысты

Пленарлық апта аясында қазіргі заманғы қауіп-қатерлер мен сын қатерлердің кең ауқымы талқыланды, соның ішінде:
🔵әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы терроризмді қаржыландыру тәуекелдері;
🔵жасанды интеллект пен дипфейк технологияларын қылмыстық мақсатта пайдалану;
🔵онлайн-казинолардың жаһандық қаржылық қауіпсіздікке теріс әсері.

Отырыстар барысында FATF-тың бірқатар маңызды құжаттары қабылданды. Атап айтқанда, активтерді қайтару жөніндегі жаңартылған нұсқаулық, виртуалды активтер жөніндегі байланыс тобының кезекті есебі және халықаралық аударымдарға қатысты 16-шы ұсынымды іске асыру әдістемелері бекітілді.

Пленарлық апта шеңберінде Қазақстан делегациясы халықаралық әріптестерімен бірқатар кездесулер өткізіп, ынтымақтастықты кеңейту және озық тәжірибемен алмасу мәселелерін талқылады.


Еске салсақ, 2023 жылы Қазақстан ұлттық «ақшаны жылыстатуға қарсы» жүйенің өзара бағалау рәсімінен сәтті өтті. FATF стандарттарын іске асыру мақсатында нормативтік-құқықтық база жетілдірілуде. Атап айтқанда, ағымдағы жылдың 19 қыркүйегінде Мемлекет басшысы қаржылық мониторинг тетіктерін жетілдіруге бағытталған заңға қол қойды.

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🏦 В Париже состоялась очередная Пленарная неделя Группы разработки финансовых мер борьбы с отмыванием денег (FATF), в которой приняла участие делегация Агентства по финансовому мониторингу

На полях Пленарной недели обсуждался широкий круг актуальных угроз и вызовов, включая:
🔵риски финансирования терроризма через социальные сети и мессенджеры;
🔵использование искусственного интеллекта и технологий дипфейк в преступных целях;
🔵негативное влияние онлайн-казино на глобальную финансовую безопасность.

В ходе заседания утвержден ряд концептуально значимых документов, в том числе обновленное руководство FATF по возврату активов, очередной отчет Контактной группы по виртуальным активам и методики имплементации Рекомендации 16 по международным переводам.

В рамках Пленарной недели делегация Казахстана провела серию встреч с международными партнерами, направленных на расширение сотрудничества и обмен передовым опытом.


Напомним, что в 2023 году Казахстан успешно прошел процедуру Взаимной оценки национальной «антиотмывочной» системы. В целях имплементации стандартов FATF продолжается совершенствование нормативно-правовой базы. В частности, Главой государства 19 сентября т.г. подписан закон, направленный на совершенствование механизмов финансового мониторинга.

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 Республика күні құтты болсын!

🇰🇿 Поздравляем с Днем Республики!
🏦 FinIQ қаржылық қауіпсіздік жөніндегі республикалық диктант өз мәресіне жетті

«Заң және Тәртіп» нарративі аясында Қаржылық мониторинг агенттігі Білім министрлігінің қолдауымен ұйымдастырған ауқымды FinIQ акциясы еліміз бойынша шамамен 3 миллион қатысушыны — мектеп оқушыларын, студенттерді, ересек азаматтарды және қаржылық мониторинг субъектілерінің қызметкерлерін біріктірді.

Қатысушылар қаржылық қауіпсіздік саласындағы білімдерін тексеріп, 20 сұрақтан тұратын интерактивті тесттен өтті. Тестте «дроптар деген кімдер?» немесе «қаржылық пирамиданы қалай тануға болады?» сияқты базалық ұғымдардан бастап, жеке деректер мен қауіпсіз онлайн-төлемдерге қатысты күрделі жағдайларға дейінгі сұрақтар қамтылды.

🏆 Нәтижесінде әр өңірден 10 жеңімпаздан, барлығы 200 адам марапатталып, олар дипломдар, сертификаттар және бағалы сыйлықтарға ие болды.

Жеңімпаздардың бірі — Астана қаласындағы №92 мектеп-лицейдің 8-сынып оқушысы Әділхан Қошымбаев өз әсерімен бөлісті: «Диктантқа қатысу қызықты әрі пайдалы болды. Мен ақшаны дұрыс пайдалануды және алаяқтардан қалай қорғану керектігін үйрендім. Бұл білім маған болашақта міндетті түрде қажет болады деп ойлаймын».

Қаржылық мониторинг субъектілерінің қызметкерлері тесттің кәсіби тұрғыдан пайдалы болғанын атап өтті — ол білімнің өзектілігін тексеруге және қаржылық тәуекелдерді анықтау дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік берді.

✔️ FinIQ жобасы қоғамның қаржылық сауаттылыққа деген жоғары қызығушылығын көрсетті және бұл бағытты үйренудің тартымды әрі қолжетімді бола алатынын дәлелдеді.

Қаржылық диктант жыл сайын өткізіліп, қазақстандықтардың қаржылық қауіпсіздік саласындағы білімін арттыруға бағытталған дәстүрге айналмақ.

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🏦 Завершился Республиканский диктант по финансовой безопасности FinIQ

Масштабная акция FinIQ, организованная Агентством по финансовому мониторингу в рамках нарратива «Закон и Порядок» при поддержке Министерства просвещения, собрала по всей стране около 3 миллионов участников — школьников, студентов, взрослых граждан, а также работников субъектов финансового мониторинга.

Участники проверяли свои знания в области финансовой безопасности, проходя интерактивный тест из 20 вопросов от базовых понятий - «кто такие дропы» или «как распознать финансовую пирамиду» — до более сложных кейсов о личных данных и безопасных онлайн-платежах.

🏆 По итогам награждены 200 победителей — по 10 в каждом регионе, которые получили дипломы, сертификаты и ценные призы.

Своими впечатлениями поделился один из победителей - восьмиклассник столичной школы-лицея №92 Адильхан Кошумбаев: «Принять участие в диктанте оказалось не только увлекательно, но полезно. Я узнал, как правильно распоряжаться деньгами и уметь защитить себя от мошенников. Теперь я уверен, что эти знания пригодятся мне в будущем».

Работники субъектов финансового мониторинга подчеркнули, что тест оказался полезным с профессиональной точки зрения - он позволил проверить актуальность знаний и улучшить навыки распознавания финансовых рисков.

✔️ FinIQ показал высокий интерес общества к теме финансовой грамотности и продемонстрировал, что изучать ее можно интересно и доступно.

Финансовый диктант будет проводиться ежегодно и станет традицией, призванной повысить знания казахстанцев в сфере финансовой безопасности.

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM