🇰🇿 ҚР ҚМА/ АФМ РК
11.8K subscribers
1.02K photos
2.1K videos
2.54K links
🇰🇿 ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі/Агентство РК по финансовому мониторингу
🔷Хроника деятельности АФМ по противодействию теневой экономике и ОД/ФТ
🔷 Телеграм бот: @BAIQApiramidaBOT
🔷 Call-центр: 1458
🔷 e-mail: finmonitoringkz@gmail.com
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏦 Түркістан облысында Байдібек аудандық білім бөлімінің лауазымды тұлғаларына қатысты бюджет қаражатын жүйелі түрде жымқыру фактісі бойынша сот үкімі шықты

Тергеуді ҚМА Түркістан облысы бойынша департаменті жүргізді.

⚠️ Басшылар, бухгалтерлер және экономистерді қоса алғанда 18 лауазымды тұлға жалақы мен өзге де төлемдерге арналған бюджеттік өтінімдерді негізсіз ұлғайту арқылы ауданның 49 жалпы білім беретін мектеп қаражатын иемдену схемасын ұйымдастырған.

Бухгалтерия қызметкерлері электрондық жүйелерге әдейі жалған мәліметтер енгізіп отырған. Төлем ведомостары мен есеп парақтарына іс жүзінде жұмыс істемеген адамдар енгізілген немесе жалақы мен үстемеақылардың көлемі негізсіз өсірілген.

Операцияларға заңды сипат беру үшін қызметтік жазбалар, бұйрықтар, есеп ведомостары мен жұмыс уақыты табельдері сияқты жалған құжаттар пайдаланылған. Құжаттардың бір бөлігі төлемдер жүргізілгеннен кейін кері күнмен рәсімделіп немесе есептілікті сәйкестендіру мақсатында түзетілген.


Қаражат жалған тұлғалардың, оның ішінде туыстары мен таныстарының банктік шоттарына аударылып, кейін алдын ала келісілген үлестер бойынша қатысушылар арасында бөлінген.

⚠️ Нәтижесінде мемлекетке келтірілген залал 583 млн теңгеден асты.

Тергеу барысында күдіктілер келтірілген шығынды толық өтеді.

👨‍⚖️ Сот 14 адамды 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Тағы 4 адамға қатысты іс рақымшылыққа байланысты тоқтатылды.

Үкім заңды күшіне енді.

Материалдарға сілтеме: https://disk.yandex.ru/d/I5VMvKN60k2SHQ

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏦 В Туркестанской области вынесен приговор по делу о систематическом хищении бюджетных средств должностными лицами ГУ «Отдел образования Байдибекского района»

Расследование проведено Департаментом АФМ по Туркестанской области.

⚠️ Группа из 18 должностных лиц, включая руководителей, бухгалтеров и экономистов, организовала схему присвоения бюджетных средств путем завышения бюджетных заявок на выплату заработной платы и других начислений 49 общеобразовательных школ района.

Сотрудники бухгалтерии вносили заведомо недостоверные сведения в электронные системы. В платежные ведомости и расчетные листы включались данные лиц, фактически не состоявших в трудовых отношениях с образовательными учреждениями, либо указывались завышенные размеры заработной платы и надбавок.

Для создания видимости законности операций использовался пакет подложных документов: служебные записки, приказы, расчетные ведомости, табели учета рабочего времени. Документы формировались задним числом либо корректировались после проведения платежей с целью приведения отчетности в формальное соответствие.


Бюджетные средства перечислялись на банковские счета подставных лиц, в том числе родственников и знакомых, после чего суммы распределялись между участниками схемы в заранее согласованных долях.

⚠️ В результате сумма ущерба превысила 583 млн тенге.

В ходе следствия ущерб подозреваемыми возмещен полностью.

👨‍⚖️ Судом 14-и виновным назначено наказание от 3 до 7 лет лишения свободы. В отношении четверых лиц уголовное преследование прекращено в связи с амнистией.

Приговор вступил в законную силу.

Ссылка на материалы: https://disk.yandex.ru/d/I5VMvKN60k2SHQ

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏦 Көкшетау қаласында агроөнеркәсіп кешені субъектілеріне берілетін мемлекеттік субсидияларды жымқыру ісі бойынша үкім шығарылды

Тергеуді ҚМА Ақмола облысы бойынша департаменті жүргізді.

Екі жыл бойы «МолПродЖаркаин» ӘКК директоры А.С. Ефимкина және «Рассвет» шаруа қожалығының басшысы А.В. Маслов сүт және оны терең өңдеу өнімдерінің өндірісін арзандатуға арналған субсидияларды заңсыз алған.

«Рассвет» шаруа қожалығында мәлімделген көлемде сүт өндіруге жеткілікті мал басы болмаған. Соған қарамастан электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінде «МолПродЖаркаин» ӘКК-не 3 млн кг-нан астам шикі сүт жеткізілгені туралы жалған құжаттар рәсімделген.

Осы құжаттар негізінде сүтті сары май мен қатты ірімшікке өңдеу туралы есептер жасалып, уәкілетті орган өтінімдерді мақұлдағаннан кейін қаражат кәсіпорынның есепшотына аударылған.


⚠️ Мемлекетке келтірілген жалпы залал 152 млн теңгені құрады.

Бұдан бөлек, алынған субсидиялардың бір бөлігі жасыру мақсатында Ефимкинаның туысының депозиттік шотына аударылған. Кейін бұл қаражатқа жалға беріліп, табыс табу үшін пайдаланылған мобильді ғимарат сатып алынған.

🧑‍⚖️ Тергеу барысында 6 жер учаскесіне, 4 пәтерге, 11 автокөлікке, мобильді ғимаратқа және өндірістік нысанға тыйым салынды.

👨‍⚖️ Сот үкімімен А.В. Маслов пен А.С. Ефимкина 6 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Мобильді ғимарат мемлекет кірісіне тәркіленді.

Қалған мүлікке салынған тыйым азаматтық талап толық орындалғанға дейін сақталады.

Үкім заңды күшіне енді.

Материалдарға сілтеме: https://disk.yandex.ru/d/rLEvNpQSxub0Ng

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏦 В г.Кокшетау вынесен приговор по делу о хищении бюджетных средств, выделенных в виде государственных субсидий субъектам агропромышленного комплекса

Расследование проведено департаментом АФМ по Акмолинской области.

В течение двух лет директор СПК «МолПродЖаркаин» Ефимкина А.С. и глава КХ «Рассвет» Маслов А.В. незаконно получали субсидии, предназначенные для удешевления производства молока и продуктов его глубокой переработки.

КХ «Рассвет» фактически не располагало необходимым поголовьем скота для производства заявленных объемов молока. Несмотря на это, в информационной системе электронных счетов-фактур оформлялись фиктивные документы о поставке в адрес СПК «МолПродЖаркаин» более 3 млн кг сырого молока.

На их основании формировалась отчетность о переработке молока в сливочное масло и твердый сыр.

После одобрения заявок уполномоченным органом денежные средства перечислялись на расчетный счет предприятия.


⚠️ Общий ущерб государству составил 152 млн тенге.

Кроме того, в целях сокрытия часть полученных субсидий перечислена на депозитный счет родственницы Ефимкиной. В дальнейшем на указанные средства приобретено мобильное здание, которое использовалось для сдачи в аренду и получения дохода.

🧑‍⚖️ В ходе следствия наложен арест на 6 земельных участков, 4 квартиры, 11 автомашин, мобильное здание, промышленно-производственное сооружение.

👨‍⚖️ Приговором Маслову А.В. и Ефимкиной А.С. назначено наказание в виде 6 лет 4 месяцев лишения свободы. Мобильное здание конфисковано в доход государства.

Арест на иное имущество сохранен до полного исполнения приговора в части гражданского иска.

Приговор вступил в законную силу.

Ссылка на материалы: https://disk.yandex.ru/d/rLEvNpQSxub0Ng

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏦 ҚМА Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті автомобиль жолдарын күрделі жөндеуге бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеуді аяқтады

2023 жылғы наурызда мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша «Сырым аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ мен «Сапак» өндірістік кооперативі арасында Жымпиты ауылындағы жолдарды жөндеуге 259 млн теңге сомасына шарт жасалған.

Алайда «Сапак» ӨК директоры «Ак-Би» ЖШС-нің директоры сөз байласып, сеніп тапсырылған қаражатты иемдену схемасын ұйымдастырған.

Күдіктілер орындалған жұмыстар актілеріне жалған мәліметтерді жүйелі түрде енгізіп отырған. Құжаттарда асфальт төсеу, жер қазу, бетондау, су құбырларын жүргізу және басқа да жол жұмыстары толық көлемде көрсетілгенімен, іс жүзінде олар орындалмаған немесе әлдеқайда аз көлемде атқарылған.


Жалған актілер негізінде тапсырыс беруші бюджет қаражатын «Сапак» ӨК-нің есепшотына аударып отырған. Кейін қаражат схемаға қатысушылар арасында бөлінген.

❗️Мемлекетке келтірілген материалдық залал 56,5 млн теңгені құрады.

🔨 Сот санкциясымен күдіктілердің бірінің пәтеріне тыйым салынды.

Оларға қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Қылмыстық іс сотқа жолданды.

👨‍⚖️ Бұдан бөлек, бұған дейін сот үкімімен «Сырым аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылған.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Материалдарға сілтеме: https://disk.yandex.ru/d/v-JqknsC34qosQ

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏦 Департаментом АФМ по Западно-Казахстанской области окончено расследование по факту хищения бюджетных средств выделенных на капитальный ремонт автомобильных дорог

В марте 2023 года по итогам государственных закупок между ГУ «Сырымский районный отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог» и ПК «Сапак» заключён договор на ремонт дорог в селе Жымпиты на общую сумму 259 млн тенге.

Однако директор ПК «Сапак», вступив в сговор с директором субподрядной организации ТОО «Ак-Би», разработал схему присвоения вверенных денежных средств.

Подозреваемые систематически оформляли акты выполненных работ с заведомо ложными сведениями, включая асфальтирование, земляные, бетонные, водопроводные и другие виды дорожных работ, которые фактически не выполнялись или были выполнены в меньших объёмах.


На основании фиктивных актов заказчиком осуществлялось перечисление бюджетных средств на расчетный счет ПК «Сапак». В дальнейшем полученные денежные средства распределялись между участниками схемы.

❗️ В результате государству причинён материальный ущерб в сумме 56,5 млн тенге.

🔨 С санкции суда на квартиру одного из подозреваемых наложен арест.

В отношении подозреваемых избрана мера пресечения в виде подписки о невыезде и надлежащем поведении.
Уголовное дело направлено в суд.

👨‍⚖️ Кроме того, ранее приговором суда руководитель ГУ «Сырымский районный отдел жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог» признан виновным в злоупотреблении должностными полномочиями.

Иная информация в порядке ст. 201 Уголовно-процессуального кодекса РК разглашению не подлежит.

Ссылка на материалы: https://disk.yandex.ru/d/v-JqknsC34qosQ

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏦 ҚМА Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті заңсыз кәсіпкерлік қызмет, күш қолдану арқылы өз бетінше әрекет ету және алаяқтық фактілері бойынша тергеуді аяқтады

2013 жылдан 2025 жылға дейін күдікті тиісті лицензиясыз жеке және заңды тұлғаларға мүлік кепілдігімен пайызға жүйелі түрде қарыз беріп келген.

Мәмілелерге заңды сипат беру үшін келісімшарттарда нақты берілген сомадан едәуір жоғары сома көрсетілген. Себебі құжатта алдын ала есептелген сыйақы қосылып отырған.

🛍 Қарыздар бойынша ай сайынғы сыйақы мөлшері қарыз сомасының 5–10%-ын құраған, бұл жылдық есеппен 60–120%-ға тең.

Сондай-ақ қарызды жасыру және оның қайтарылуын қамтамасыз ету мақсатында мүлікті сатып алу-сату туралы жалған шарттар рәсімделген.

💵 Заңсыз қызметтен түскен қылмыстық табыс 1,8 млрд теңгеден асты.

Күдіктінің әрекеттерінен азаматтар зардап шеккен. Жедел қаржылай көмекке үміт артқан олар жоғары пайыздық мөлшерлемелер мен мүлкінен айырылу қаупіне тап болған.

Күдікті қарыз алушыларды ақша немесе жылжымайтын мүлік беруге мәжбүрлеу мақсатында жүйелі түрде күш қолданып, психологиялық қысым көрсеткен.


Бұдан бөлек, күдікті сот процестерін бастамашылық етіп, 11 млн теңге көлеміндегі бір қарызды әртүрлі құжаттар негізінде екі рет өндіріп алған. Міндеттеменің іс жүзінде орындалғаны туралы мәліметтер сотқа әдейі ұсынылмаған.

🧑‍⚖️ Сот санкциясымен қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған жалпы құны 1,1 млрд теңгені құрайтын мүлікке тыйым салынды.

Тыйым салынған мүліктің қатарында 2 пәтер, 2 тұрғын үй, жер телімі, сондай-ақ «LAND ROVER RANGE ROVER» және «HYUNDAI STARIA» автокөліктері бар.

👨‍⚖️ Күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Қылмыстық іс сотқа жолданды.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Материалдарға сілтеме: https://disk.yandex.ru/d/6Poyjg07XliBfQ

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏦 Департаментом АФМ по Северо-Казахстанской области окончено расследование по фактам незаконной предпринимательской деятельности, самоуправства с применением насилия и мошенничества

В период с 2013 года по 2025 гг. подозреваемый систематически выдавал денежные займы физическим и юридическим лицам под проценты с залогом имущества без соответствующей лицензии.

Для придания сделкам видимости законности при заключении договора он указывал суммы, значительно превышающие фактические, поскольку в нее включались заранее начисленные вознаграждения.

🛍 Размер ежемесячного вознаграждения по займам составлял от 5 до 10 % от суммы займа, что эквивалентно 60–120% годовых.

Также оформлялись фиктивные договоры купли-продажи имущества, фактически используемые для маскировки займов и обеспечения их возврата.

💵 Преступный доход от незаконной деятельности превысил 1,8 млрд тенге.

В результате его противоправных действий пострадали граждане, оказавшиеся в ловушке кабальных условий: в надежде на быструю финансовую помощь они столкнулись с чрезмерными процентами и угрозой утраты своего имущества.

Необходимо отметить, что подозреваемый систематически применял физическое насилие и оказывал психологическое давление на заемщиков с целью принуждения к передаче денежных средств либо недвижимости.


Кроме того, подозреваемым инициированы судебные разбирательства, в результате которых одна и та же сумма в 11 млн тенге взыскана дважды на основании разных документов, при этом суду умышленно не предоставлялись сведения о фактическом исполнении обязательств.

🧑‍⚖️ С санкции суда наложен арест на имущество, приобретенное на преступные доходы, общей стоимостью 1,1 млрд тенге.

Среди арестованного имущества - 2 квартиры, 2 жилых дома, земельный участок, автомашины «LAND ROVER RANGE ROVER» и «HYUNDAI STARIA».

👨‍⚖️ В отношении подозреваемого лица избрана мера пресечения в виде содержания под стражей.

Уголовное дело направлено в суд.

Иная информация в порядке ст. 201 Уголовно-процессуального кодекса разглашению не подлежит.

Ссылка на материалы: https://disk.yandex.ru/d/6Poyjg07XliBfQ

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏦 ҚМА Ақтөбе облысы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен цифрлық активтер айналымы саласында заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырған, сондай-ақ қылмыстық кірістерді заңдастырған ұйымдасқан қылмыстық топты құру және оған басшылық ету фактісі бойынша тергеу жүргізуде

Ұйымдастырушы міндетті тіркеусіз және лицензиясыз қамтамасыз етілмеген цифрлық активтермен операциялардан табыс табу схемасын ұйымдастырған.

Схеманы іске асыру үшін рөлдері нақты бөлінген, иерархиясы бар тұрақты топ құрылған. Қатысушылар дропперлерді іздеумен, олардың атына банк карталары мен криптовалюта биржаларында аккаунттар рәсімдеумен, қаржылық операциялар жүргізумен және кейін қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырумен айналысқан.

150-ден астам дроппердің банк карталарына түскен қаражат биржадағы криптоәмияндарға аударылған. Қаражаттың заңды көрінісін жасау үшін дропперлер мен байланысы бар ЖШС арасында жалған қарыз шарттары рәсімделіп, кейін қаражат криптовалютаға айырбасталып, OKX биржасындағы криптоәмияндарға жіберілген.


Қаражатты айырбастау және шығару үшін бақылаудағы айырбастау пункті пайдаланылып, қаражат шетел валютасына конвертацияланған.

🪙 Нәтижесінде цифрлық активтерді өткізу бойынша операциялар сомасы 3,5 млрд теңгеден асты.

🔨 Тінту барысында 46 ұялы телефон, 92 банк картасы, сондай-ақ 25 463 USDT көлеміндегі криптоактивтер тәркіленді.

👨‍⚖️ Бес күдікті қамауға алынды.

Тергеу жалғасуда. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Материалдарға сілтеме: https://disk.yandex.ru/d/9K0AplTrNuRxgw

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏦 Департаментом АФМ по Актюбинской области при координации прокуратуры проводится расследование по факту создания и руководства организованной преступной группой, осуществлявшей незаконную предпринимательскую деятельность в сфере оборота цифровых активов, а также легализации преступных доходов

Организатор, не имея обязательной регистрации и лицензии, реализовал схему извлечения дохода от операций с необеспеченными цифровыми активами.

Им сформирована устойчивая группа с распределением ролей и иерархией. Участники обеспечивали поиск дропперов, оформление на них банковских карт и аккаунтов на криптовалютных биржах, проведение финансовых операций и последующее обналичивание средств.

Денежные средства, поступившие на банковские карты более 150 дропперов, переведены на их криптокошельки на бирже. Для придания законности происхождению средств участники схемы предоставляли фиктивные договоры займа между дропперами и аффилированным ТОО, после чего средства конвертировались в криптовалюту и далее переводились на криптокошельки на бирже «OKX».


Для конвертации и вывода денежных средств использовался подконтрольный обменный пункт, через который средства переводились в иностранную валюту.

🪙 В результате сумма операций по реализации цифровых активов превысила 3,5 млрд тенге.

🔨 В ходе обыска изъяты 46 мобильных телефонов, 92 банковские карты, криптоактивы - 25 463 USDT.

👨‍⚖️ Пятеро подозреваемых помещены под стражу

Расследование продолжается. Иная информация в порядке ст.201 УПК разглашению не подлежит.

Ссылка на материалы: https://disk.yandex.ru/d/9K0AplTrNuRxgw

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏦 ҚМА Павлодар облысы бойынша департаменті Алматы қаласы мен Павлодар облысы аумағында электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді) заңсыз айналымға шығарумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуде

Қолданыстағы заңнамамен тыйым салынғанына қарамастан, күдікті тұрақты табыс табу мақсатында вейптерді сатудың жүйелі әрі тұрақты схемасын ұйымдастырған.

Заңсыз әрекетті жасыру мақсатында дүкендер желісі қайта аталып, ресми түрде кальян өнімдерін сатуға бағытталғандай көрсетілген. Алайда іс жүзінде электрондық тұтыну құрылғылары мен олардың қосалқы бөлшектері сатылған.

Тыйым салынған өнімдер «Telegram» мессенджері арқылы да өткізіліп, курьерлік жеткізу қызметі пайдаланылған.

Құпиялылықты сақтау үшін жалға алынған орынжайлар, сенімді адамдар және мессенджерлердегі шифрланған байланыс арналары қолданылған.


Заңсыз саудадан түскен қаражат қолма-қол түрде де, жеке кәсіпкерлердің банк шоттары арқылы да жиналып, кейін қылмыстық топ мүшелері арасында бөлінген.

🔨 Тінту барысында жалпы құны 711 млн теңгеден асатын 131 мыңнан астам вейп тәркіленді.

❗️ Өнімдерді өткізу негізінен жастарға, соның ішінде кәмелетке толмаған мектеп оқушылары мен студенттерге бағытталған. Бұл олардың денсаулығына тікелей қауіп төндірген.

Күдікті әшкереленіп, бұлтартпау шарасы қолданылғанына қарамастан, байланысы бар тұлғалар арқылы және қосымша жасырыну шараларын пайдаланып, топтың қызметін үйлестіруді жалғастырған.

Қылмыстық жолмен алынған қаражатқа 4 автокөлік пен Алматы қаласындағы элиталық тұрғын үй кешенінен 4 бөлмелі пәтер сатып алынған. Аталған мүлікке тәркілеу мақсатында тыйым салынды.

👨‍⚖️ Қылмыстық топтың ұйымдастырушысы мен бес қатысушысы қамауға алынды.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Материалдарға сілтеме: https://disk.yandex.ru/d/AHB5H0la-KVpoA

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏦 Департаментом АФМ по Павлодарской области проводится расследование в отношении организованной преступной группы, занимавшейся на территории г.Алматы и Павлодарской области незаконным оборотом электронных систем потребления (вейпов)

Несмотря на установленный законодательный запрет, подозреваемый с целью систематического извлечения дохода организовал устойчивую схему реализации вейпов.

Для маскировки противоправной деятельности сеть магазинов переименована и формально переориентирована на продажу кальянной продукции, тогда как фактически осуществлялась реализация электронных систем потребления и комплектующих к ним.

Сбыт запрещенной продукции осуществлялся также через мессенджер «Telegram» с использованием курьерской доставки.

Для конспирации использовались арендованные помещения, доверенные лица, а также зашифрованные каналы связи в мессенджерах.


Денежные средства от незаконной реализации аккумулировались как в наличной форме, так и на банковских счетах индивидуальных предпринимателей, после чего распределялись между участниками преступной группы.

🔨 В ходе обыска изъято свыше 131 тыс вейпов стоимостью 711 млн тенге.

❗️ Реализация продукции ориентировалась преимущественно на молодежную аудиторию, включая несовершеннолетних школьников и студентов, что создавало прямую угрозу их здоровью.

Несмотря на изобличение и избрание меры пресечения, подозреваемый продолжил координировать деятельность группы через аффилированных лиц, используя усиленные меры конспирации.

На преступные доходы им приобретены 4 автомашины и 4-х комнатная квартира в элитном ЖК г.Алматы, на которые в целях конфискации наложен арест.

👨‍⚖️ Организатор и пятеро участников преступной группы помещены под стражу.

Иная информация в соответствии со ст.201 УПК РК разглашению не подлежит.

Ссылка на материалы: https://disk.yandex.ru/d/AHB5H0la-KVpoA

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏦 ҚМА Алматы облысы бойынша департаменті тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында стоматологиялық қызмет көрсету кезінде жасалған алаяқтық дерегі бойынша тергеп-тексеруді аяқтады

Жеке стоматологиялық клиникаларының директоры Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры КЕАҚ-пен жалпы сомасы 450 млн теңгеден асатын медициналық қызметтерді сатып алу туралы шарттар жасасқан.

Шарт талаптарына сәйкес клиникалар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде азаматтарға шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмек көрсетуге міндеттенген.

Алайда күдікті медициналық ақпараттық «Damumed» жүйесіне ортодонтиялық қызметтер көрсетілгені туралы жалған мәліметтер енгізуді ұйымдастырған. Нақтысында аталған медициналық қызметтер пациенттерге көрсетілмеген.

Заңсыз әрекеттеріне заңдылық сипат беру мақсатында күдікті дәрігерлердің есептік жазбаларын, сондай-ақ клиникаларға бұрын жүгінген кәмелетке толмаған пациенттердің жеке деректерін рұқсатсыз пайдаланған.


❗️ Нәтижесінде ортодонтиялық көмек көрсетудің 4 597 расталмаған жағдайы анықталды.

Келтірілген залал сомасы 66 млн теңгені құрады.

🔨 Сот санкциясымен банктік шоттардағы 23 млн теңге көлеміндегі қаражатқа, сондай-ақ құны 29 млн теңгеге стоматологиялық жабдықтарға тыйым салынды.

Тергеу барысында күдікті 11 млн теңге көлемінде залалды өтеген.

👨‍⚖️ Оған қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Материалдарға сілтеме: https://disk.yandex.ru/d/kHcER6WXgsmLMQ

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏦 Департаментом АФМ по Алматинской области окончено расследование по факту мошенничества при оказании стоматологических услуг в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи

Директор частных стоматологических клиник заключил с НАО «Фонд социального медицинского страхования» договоры закупа медицинских услуг на общую сумму свыше 450 млн тенге.

В соответствии с условиями договоров клиники приняли на себя обязательства по оказанию гражданам экстренной и плановой стоматологической помощи в рамках системы обязательного социального медицинского страхования.

Однако подозреваемый организовал внесение в медицинскую информационную систему «Дамумед» заведомо ложных сведений о якобы оказанных услугах ортодонтической помощи. Фактически указанные медицинские услуги пациентам не предоставлялись.

Для придания видимости законности противоправных действий подозреваемый самовольно использовал учетные записи врачей, а также анкетные данные несовершеннолетних пациентов, ранее обращавшихся в клиники за помощью.


❗️ В результате выявлено 4 597 неподтвержденных случаев оказания ортодонтической помощи.

Сумма причиненного ущерба составила 66 млн тенге.

🔨 С санкции суда наложен арест на счета в банках на сумму 23 млн тенге, а также стоматологическое оборудование стоимостью 29 млн тенге.

В ходе следствия подозреваемым возмещен ущерб на сумму 11 млн тенге.

👨‍⚖️ В отношении него избрана мера пресечения в виде домашнего ареста.

Иная информация в порядке ст.201 УПК Республики Казахстан разглашению не подлежит.

Ссылка на материалы: https://disk.yandex.ru/d/kHcER6WXgsmLMQ

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏦 ҚМА Астана қаласы бойынша департаменті «Sirius Energy» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқару фактісі бойынша тергеу жүргізуде

Ұйымдастырушы өзін чилилік «Sirius Energy» компаниясының өкілі ретінде таныстырып, азаматтарды жаңартылатын энергия көздері саласындағы жоғары табыс әкелетін жобаларға инвестиция салуға үгіттеген.

🪙 Қаражат тек USDT криптовалютасы арқылы қабылданып, кейін қатысушыларға шартты бонустар көрсетілетін жеке кабинеттер ашылған.

Салымшыларды тарту мақсатында күдікті Алматы және Астана қалаларында кеңсе ашып, тұрақты түрде тренингтер өткізген.

Сонымен қатар Instagram және TikTok әлеуметтік желілері арқылы белсенді жарнама жүргізіп, заңды қызмет атқарып отырғандай әсер қалыптастыру үшін үшінші тұлғаның атына ЖШС тіркеген. Алайда іс жүзінде ешқандай қызмет көрсетілмеген.


🪙 Нәтижесінде 380 азамат қаржы пирамидасының құрбанына айналған.

Жәбірленушілердің бірі ұйымдастырушының жоғары табыс туралы уәдесіне сеніп, жобаға инвестиция салу үшін 3 млн теңге көлемінде несие рәсімдеген.

Алайда ешқандай төлем жасалмаған, енді ол несиені пайызымен бірге өз қаражатынан өтеуге мәжбүр.

🔨 Сот санкциясымен ұйымдастырушының банк шоттарына тыйым салынды.

Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды.

Материалдарға сілтеме: https://disk.yandex.ru/d/0uvSSnXVGBmXfw

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏦 Столичным Департаментом АФМ проводится расследование по факту руководства структурным подразделением финансовой пирамиды «Sirius Energy»

Организатор, представляясь представителем чилийской компании «Sirius Energy», убеждал граждан инвестировать средства в проекты с высокой доходностью в сфере возобновляемых источников энергии.

💵 Средства принимались исключительно в криптовалюте USDT, после чего открывались личные кабинеты с отображением условных бонусов.

С целью привлечения вкладчиков подозреваемый открыл офис в Алматы и Астане, проводил регулярные тренинги, рекламировал себя через социальные сети в Instagram и TikTok, а также зарегистрировал ТОО на третье лицо для создания видимости легальной деятельности, которая на деле не осуществлялась.


🪙 В результате 380 граждан стали жертвами финансовой пирамиды.

Один из потерпевших по убеждению организатора оформил кредит на 3 млн тенге для инвестирования в проект, рассчитывая на обещанную высокую прибыль.

Выплаты так и не последовали, и теперь он вынужден самостоятельно погашать кредит с процентами.

🔨 С санкции суда на банковские счета организатора наложен арест.

Иная информация в интересах следствия не разглашается.

Ссылка на материалы: https://disk.yandex.ru/d/0uvSSnXVGBmXfw

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🏦 Қаржылық мониторинг агенттігінде биылғы жылдың алғашқы Қоғамдық кеңес отырысы өткізілді

Кездесу барысында екі негізгі мәселе қаралды: 2025 жылы халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша атқарылған жұмыстардың қорытындысы және республикалық референдумға ұсынылып отырған конституциялық жаңалықтар.

🔷 Отырыстың қатысушылары өткен жылы жүргізілген жұмыстың негізгі нәтижелерін атап өтті. Атап айтқанда, мектептер мен жоғары оқу орындарында қаржылық қауіпсіздік бойынша интерактивті сабақтар ұйымдастырылды, кең ауқымды форумдар мен ағартушылық іс-шаралар, соның ішінде КВН форматында іс-шаралар өткізілді.

Сонымен қатар, әскери қызметкерлер мен педагогтар үшін арнайы оқу курстары іске қосылып, подкасттар мен тікелей эфирлер ұйымдастырылды, әлеуметтік желілерде ақпараттық флешмобтар өткізілді, сондай-ақ цифрлық қауіпсіздік мәселелеріне арналған республикалық онлайн-форумдар өткізілді.

Қоғамдық кеңес мүшелері жастармен жүйелі жұмысты жалғастырудың, сондай-ақ цифрлық алаяқтыққа қарсы алдын алу шараларын күшейтудің маңыздылығын атап өтті.

Отырыстың бөлек бөлігінде конституциялық өзгерістер талқыланды. Ұсынылып отырған жаңалықтар адам құқықтарын қорғауды күшейтуге, заң үстемдігі мен тәртіпті нығайтуға, сондай-ақ мемлекеттік органдарға бақылау механизмдерін кеңейтуге бағытталғаны айтылды.


Қоғамдық кеңес мүшелерінің пікірінше, бұл бастамалар қоғамдағы құқықтық және қаржылық мәдениетті нығайту жолындағы маңызды қадам болып табылады.

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏦 В Агентстве по финансовому мониторингу состоялось первое в текущем году заседание Общественного совета

В ходе заседания рассмотрены два ключевых вопроса:итоги работы по повышению финансовой грамотности населения в 2025 году, а также обсуждение конституционных новелл, выносимых на республиканский референдум.

🔷 Участники заседания отметили основные результаты проведенной в прошлом году работы. В частности, организованы интерактивные занятия по финансовой безопасности в школах и высших учебных заведениях, проведены масштабные форумы и просветительские мероприятия, в том числе в формате КВН.

Кроме того, реализованы специальные образовательные курсы для военнослужащих и педагогов, запущены подкасты и прямые эфиры, проведены информационные флешмобы в социальных сетях, а также республиканские онлайн-форумы, посвященные вопросам цифровой безопасности.

Члены Общественного совета подчеркнули важность продолжения системной работы с молодежью, а также усиления профилактических мер по противодействию цифровому мошенничеству.

Отдельное внимание в ходе заседания уделено обсуждению конституционных изменений. Отмечено, что предлагаемые новеллы направлены на усиление конституционных гарантий прав человека, укрепление принципа верховенства закона и порядка, а также расширение механизмов контроля за государственными органами.

По мнению членов Общественного совета, данные инициативы являются важным шагом на пути укрепления правовой и финансовой культуры в обществе.

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM