🇰🇿 ҚР ҚМА/ АФМ РК
11.8K subscribers
1.02K photos
2.11K videos
2.54K links
🇰🇿 ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі/Агентство РК по финансовому мониторингу
🔷Хроника деятельности АФМ по противодействию теневой экономике и ОД/ФТ
🔷 Телеграм бот: @BAIQApiramidaBOT
🔷 Call-центр: 1458
🔷 e-mail: finmonitoringkz@gmail.com
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏦 Қаржылық мониторинг агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті ҰҚК департаментімен бірлесіп, прокуратураның үйлестіруімен еліміздің 18 өңірінде «Экспресс Займ» микроқаржы ұйымында микрокредит беру кезінде азаматтарды жаппай алдаудың жолын кесіп, алаяқтық әрекетті әшкереледі

Тергеу деректеріне сүйенсек, 2024 жылдың тамызында ұйым ақылы кеңес беру қызметін енгізген. Оның құны қарыз сомасына қарай белгіленіп, қарыз алушының негізгі берешегіне қосылған.

Клиенттерге бұл қызметтің ақысын төлемейінше микрокредит ала алмайтынын немесе қарызды қайтару мерзімін ұзарта алмайтынын айтқан. Ал ақылы қызметтен бас тартуға болатынын жасырған.

Салдарынан қарыз алушылар қолына тиесілі сомадан аз ақша алғанымен, қарызды сыйақысымен қоса толық қайтаруға міндеттелген. Микрокредитті қайтару мерзімін ұзартқан сайын ақылы кеңес беру қызметі қайта рәсімделіп отырған.


⚠️ Барлығы 43 мың азаматпен ақылы кеңес беру қызметіне қатысты 181 мыңнан астам шарт жасалған.

👨‍⚖️ Микроқаржы ұйымы директорының орынбасары үйқамаққа алынды.

Тергеу жалғасып жатыр.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.

Материалдарға сілтеме: https://drive.google.com/drive/folders/1Q_RQ-eZNY9dVzwVOv_ZLd2rhVWDEujnU?usp=drive_link

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏦 Департаментом АФМ по Кызылординской области совместно с ДКНБ при координации прокуратуры пресечена мошенническая схема массового обмана граждан при выдаче микрокредитов в МФО «Экспресс Займ» в 18 регионах страны

По данным следствия, в августе 2024 года в организации введена платная консультационная услуга, стоимость которой зависела от суммы займа и включалась в основной долг заемщика.

Клиентам представляли оплату услуги как обязательное условие получения микрокредита или продления срока его возврата, скрывая возможность отказа от неё.

В результате заемщики получали на руки меньшую сумму, но были обязаны возвращать весь долг с начисленным вознаграждением. При пролонгации микрокредитов платную услугу оформляли повторно.


⚠️ Всего заключено более 181 тыс. договоров на оказание консультационных услуг с 43 тыс. гражданами.

👨‍⚖️ В отношении заместителя директора МФО избрана мера пресечения в виде домашнего ареста.

Расследование продолжается.

Иная информация в порядке ст. 201 УПК РК разглашению не подлежит.

Ссылка на материалы: https://drive.google.com/drive/folders/1Q_RQ-eZNY9dVzwVOv_ZLd2rhVWDEujnU?usp=drive_link

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM