🇰🇿 ҚР ҚМА/ АФМ РК
11.8K subscribers
1.02K photos
2.11K videos
2.54K links
🇰🇿 ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі/Агентство РК по финансовому мониторингу
🔷Хроника деятельности АФМ по противодействию теневой экономике и ОД/ФТ
🔷 Телеграм бот: @BAIQApiramidaBOT
🔷 Call-центр: 1458
🔷 e-mail: finmonitoringkz@gmail.com
Download Telegram
🏦 Қаржылық мониторинг агенттігі мен "Астана" халықаралық қаржы орталығының қаржы қызметтерін реттеу комитетімен бірлесіп, ұлттық қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға қарсы жүйені нығайту мәселелеріне арналған Комплаенс кеңесінің кезекті отырысын өткізді

Кеңесте АХҚО инфрақұрылымын қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстату мақсатында пайдалану тәуекелдері, сондай-ақ осындай қауіптердің алдын алуға бағытталған шаралар негізгі талқылау нысаны болды.

Сонымен қатар, ФАТФ-тың 15-ұсынымы бойынша рейтингті арттыруға бағытталған басым шараларды іске асыруға ерекше назар аудара отырып, прогресс туралы есепті дайындау жөнінде ұсыныстар әзірленді. Аталған ұсыным жаңа технологиялар мен цифрлық активтерге қатысты мәселелерді қамтиды.

Клиенттерді тексеру және бенефициарлық меншік иелерін анықтау рәсімдерінің сапасын арттыруды қоса алғанда, ішкі мониторинг механизмдерін жетілдірудің маңыздылығы атап өтілді.

Отырыс қорытындысы бойынша қаржы алаңын қылмыстық мақсаттарда пайдалануға жол бермеу үшін Агенттік пен АХҚО арасындағы өзара іс-қимыл тиімділігін нығайту жөнінде шешім қабылданды.

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🏦 Агентством по финансовому мониторингу совместно с Комитетом Международного финансового центра «Астана» по регулированию финансовых услуг проведено очередное заседание Совета комплаенс, посвящённое вопросам укрепления национальной антиотмывочной системы

Ключевым фокусом обсуждения стали потенциальные угрозы использования инфраструктуры МФЦА для целей отмывания доходов, а также меры, направленные на минимизацию таких рисков.

Кроме того, выработаны предложения по подготовке отчёта о прогрессе с акцентом на реализацию приоритетных мер, направленных на повышение рейтинга по Рекомендации 15 ФАТФ, охватывающей вопросы новых технологий и цифровых активов.

Отмечена важность совершенствования механизмов внутреннего мониторинга, включая повышение качества процедур проверки клиентов и установления бенефициарных собственников.

По итогам обсуждения принято решение об укреплении эффективности взаимодействия между Агентством и МФЦА в целях минимизации рисков использования финансовой площадки в противоправных целях.

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏦 Қаржылық мониторинг агенттігі қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға, соның ішінде цифрлық валютаны пайдалану арқылы жүзеге асырылатын әрекеттерге қарсы жүйелі жұмыс жүргізуде

Блокчейн арқылы криптотранзакцияларды бақылау барысында интернет-алаяқтық пен есірткі саудасынан түскен кірістерді жылыстатуға кәсіби қызмет көрсеткен криптоайырбастау сервисі анықталды.

Аталған сервис қылмыстық ортада жоғары беделге ие болған және 5 млн астам қолданушысы бар 20 ірі «Darknet» нарығымен жұмыс істеген.

🔴 Соңғы үш жыл ішінде бұл криптосервис арқылы ТМД елдеріндегі — Қазақстан, Ресей, Украина және Молдова — 200-ден астам есірткі дүкенінің заңсыз кірістері ақталған.

Криптоайырбастау платформасының жалпы айналымы 224 млн АҚШ долларынан асқан.

💸Тергеу барысында 4 000-нан астам криптовалюта әмияндары зерттеліп, қылмыстық кірістер сақталған әмияндар анықталды.

Нәтижесінде сервиске тиесілі 67 криптоәмиян бұғатталды. Жалпы сомасы 9,7 млн USDT (5,2 млрд теңге) болатын цифрлық активтер уақытша тоқтатылды.

🚫 Бүгінгі күні сервис толықтай өз қызметін тоқтатты:
🔴әлеуметтік желідегі аккаунттары жойылды;
🔴клиенттерге қызмет көрсетуі тоқтатылды;
🔴Darknet-тегі мамандандырылған форумдарда есірткі дүкендері тарапынан қаржылық міндеттемелердің орындалмауына қатысты жаппай шағымдар тіркелуде.

Криптосервис ұйымдастырушыларын анықтау бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.

Қабылданған шаралар есірткі бизнесінің көлеңкелі инфрақұрылымына елеулі экономикалық соққы беріп, жеткізу тізбектерінің логистикасын бұзып, есірткі нарықтарының айналымын азайтып, тұтынушылардың заңсыз платформаларға деген сенімін төмендетті.


Цифрлық құралдарды пайдалану арқылы қылмыстық кірістерді жылыстату схемаларын тоқтату жұмыстары жалғасуда.

Материалдарға сілтеме: https://disk.yandex.ru/d/ugy5lCGbaC06CA

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏦 Агентством по финансовому мониторингу проводится системная работа по противодействию легализации преступных доходов, в том числе с использованием цифровой валюты

В ходе блокчейн-мониторинга криптотранзакций выявлен сервис-обменник, предоставлявший профессиональные услуги по отмыванию доходов, полученных от интернет-мошенничества и наркоторговли.

Сервис пользовался высокой репутацией в преступной среде и сотрудничал с 20 крупнейшими «Darknet»-маркетами, совокупная аудитория которых превышала 5 млн пользователей.

🔴 В течение последних трех лет через криптосервис отмывались преступные доходы более 200 наркошопов стран СНГ – Казахстана, России, Украины и Молдовы.

Общий оборот криптообменника составил свыше 224 млн долларов США.

💸В ходе проведения крипторасследования проанализировано свыше 4 000 криптовалютных кошельков. Установлены сборные криптокошельки, на которых хранились преступные доходы.

В итоге заблокировано 67 криптокошельков, принадлежащих сервису. Заморожены цифровые активы на сумму 9,7 млн USDT (эквивалент 5,2 млрд тенге).

🚫 В результате в настоящее время деятельность сервиса полностью прекращена:
🔴удалены аккаунты в социальных сетях;
🔴приостановлена работа клиентской поддержки;
🔴на профильных форумах в Darknet зафиксированы массовые жалобы наркошопов на невыполнение финансовых обязательств.

Ведется активная работа по изобличению организаторов криптосервиса.

Принятые меры нанесли ощутимый экономический удар по теневой инфраструктуре наркобизнеса, дестабилизировав логистические цепочки поставок, снизив обороты наркомаркетов и подорвав доверие потребителей к нелегальным площадкам.


Работа по пресечению схем отмывания преступных доходов с использованием цифровых инструментов продолжается.

Ссылка на материалы: https://disk.yandex.ru/d/ugy5lCGbaC06CA

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏦 Астанада бір топ адам жасаған алаяқтық пен қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру фактісі бойынша үкім шығарылды

Тергеуді ҚМА Астана қаласы бойынша департаменті жүргізді.

Тергеу барысында анықталғандай, 2023 жылы күдікті әйел, ұлының атынан берілген сенімхат негізінде әрекет етіп, "Банк ЦентрКредит" АҚ-нан жалпы сомасы 115 млн теңге болатын екі несие рәсімдеген. Несие "ДАМУ" кәсіпкерлікті дамыту қоры субсидиялайтын мемлекеттік жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы аясында алынған.

Несие алу мақсатында банкке жалған құжаттар, оның ішінде мүлікті кепілге қою бойынша жалған бағалау актілері ұсынылған. Оң қорытынды алу үшін күдіктілер нарықтық құнына сәйкес келмейтін жылжымайтын мүлікті атына рәсімдеген тұлғаларды тартқан.

Сондай-ақ, 2023 жылдың желтоқсанында күдіктілер қатерлі ісікпен ауырған әйелдің атына 155 млн теңге көлемінде тағы бір несие рәсімдеген.

Нан пісіру жабдықтарын сатып алу желеуімен олар әйелдің электрондық цифрлық қолтаңбасына (ЭЦҚ) пайдаланып, жалған келісімшарттар, шот-фактуралар, орындалған жұмыстар туралы актілер әзірлеген. Бұл құжаттар жабдықты жеке кәсіпкерлер жеткізгенін растағандай болғанымен, іс жүзінде ешқандай жеткізу болмаған.

Алынған қаражат жеке кәсіпкерлердің шоттарына аударылып, қолма-қол ақшаға айналдырылған. Әйел қайтыс болғаннан кейін де ұйымдастырушылар жалған құжаттарды кейінгі күнмен рәсімдеуді жалғастырған.


Тергеу барысында банк қызметкерінің несие өтінімдерін рәсімдеуге көмектескені үшін 500 мың теңге көлемінде сыйақы алғаны анықталды.

Банкке келтірілген жалпы шығын 155 млн теңгені құрады.

👨‍⚖️Сот үкімімен күдіктілер кінәлі деп танылып, әрқайсысына 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

🔨 Сондай-ақ, қылмыстық жолмен алынған кірістерге сатып алынған демалыс базасы, 2000 шаршы метр жер телімі, елордадағы коммерциялық жылжымайтын мүлік мемлекет кірісіне тәркіленді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Материалдарға сілтеме: https://disk.yandex.ru/d/20JvX6WwWlLYAg

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏦 В столице вынесен приговор по делу о мошенничестве и отмывании преступных доходов, совершённых группой лиц

Расследование проведено Департаментом АФМ по г. Астана.

Следствием установлено, что в 2023 году подозреваемая, действуя по доверенности от имени своего сына, оформила в АО «Банк ЦентрКредит» два кредита на общую сумму 115 млн тенге воспользовавшись государственной программой льготного кредитования, субсидируемой АО «Фонд развития предпринимательства «ДАМУ».

С целью получения финансирования она, совместно с сообщницами, предоставила в банк фиктивные документы, включая заведомо ложные отчёты об оценке имущества, передаваемого в залог. Для получения положительного кредитного заключения были привлечены аффилированные лица, оформившие на себя объекты недвижимости, не соответствующие заявленной рыночной стоимости.

В дальнейшем, в декабре 2023 года, подозреваемые оформили ещё один кредит — на сумму 155 млн тенге — на имя женщины, которая в тот момент находилась в тяжёлом состоянии здоровья.

Под предлогом оформления кредита на приобретение хлебопекарного оборудования сообщники получили у неё доступ к ЭЦП и изготовили фиктивный комплект документов: договоры, счета-фактуры, акты выполненных работ. Указанные документы якобы подтверждали поставку оборудования от ряда подконтрольных индивидуальных предпринимателей. Фактическая поставка оборудования не производилась.

Полученные средства были перечислены на счета ИП и обналичены. Впоследствии, уже после смерти женщины, организаторы в целях сокрытия продолжили оформлять поддельные документы задним числом.


Также установлено участие сотрудника банка, который, по данным следствия, получил 500 тыс тенге за содействие в оформлении кредитных заявок и консультации.

Общий ущерб, причинённый банку, составил 155 млн тенге.

👨‍⚖️ Судом они признаны виновными и им назначено наказание в виде 5 лет лишения свободы.

🔨 Кроме того, в доход государства конфисковано имущество, приобретенное на преступные доходы: база отдыха, земельный участок площадью 2000 кв. м, а также нежилое помещение в столице.

Приговор не вступил в законную силу.

Ссылка на материалы: https://disk.yandex.ru/d/20JvX6WwWlLYAg

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏦 ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті «Boxy Wealth» қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты

Ұйымдастырушылар өздерін инвестициялық компания ретінде таныстырып, салымшыларға жарнамалық материалдарды қарау арқылы жоғары табыс табуды ұсынған. Олар күн сайын 5%-дан 10%-ға дейін, яғни айына 150%-дан астам және жылына 1800%-дан жоғары кіріс табатынына уәде еткен.

Сондай-ақ, рефералдық сілтемелер арқылы жаңа қатысушыларды тартқан жағдайда 10% көлемінде дивиденд төлеу қарастырылған.

💸 Салымшылардың ақшалай қаражаттары дропперлердің атына рәсімделген банк карталарына қабылданып, кейін жасыру мақсатында пайдаланылған криптовалюта әмияндарына аударылған.

Қазіргі уақытта 230 млн теңге көлемінде залал келтірілген 180-нен астам азамат жәбірленуші деп танылған.

👨‍⚖️ Қаржы пирамиданың ұйымдастырушысы 2 ай мерзімге қамауға алынды.

Тергеу жалғасуда.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Материалдарға сілтеме: https://disk.yandex.ru/d/keBHQUytSStnCA

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏦 Департаментом АФМ по г.Алматы пресечена деятельность финансовой пирамиды «Boxy Wealth»

Организаторы, позиционируя себя как инвестиционная компания, предлагали вкладчикам высокодоходный заработок под видом просмотра рекламных материалов, обещая доходность от 5% до 10% в сутки, что эквивалентно более 150% в месяц и свыше 1800% в год.

Также предусматривались дивиденды за привлечение новых участников через реферальные ссылки — 10% от вложений каждого нового вкладчика

💸 Приём денежных средств от вкладчиков осуществлялся на банковские карты, оформленные на дроперов, после чего средства переводились на криптокошельки с целью их сокрытия.

В настоящее время потерпевшими признаны более 180 граждан, которым причинен ущерб на сумму 230 млн тенге.

👨‍⚖️ Организатор финансовой пирамиды помещена под стражу сроком на 2 месяца.

Расследование продолжается.

Иная информация в порядке ст.201 Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан разглашению не подлежит.

Ссылка на материалы: https://disk.yandex.ru/d/keBHQUytSStnCA

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏦 ФинIQ – қаржылық сауаттылық деңгейін анықтайтын тест

2025 жылғы 10 мен 20 қазан аралығында Қаржы мониторингі агенттігі «Заң мен Тәртіп» және «Адал Азамат» тұжырымдамаларын ілгерілету мақсатында, «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасы мен Halyk Bank қолдауымен республикалық қаржылық қауіпсіздік бойынша диктант өткізеді.

📝 Диктант мақсаты – халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру. Тест нәтижесінде әрбір азамат алаяқтық схемалардан қорғану дағдыларын меңгереді.

Диктант онлайн тест форматында өтеді. Сұрақтар күрделілігіне қарай бірнеше деңгейге бөлінген. Диктантқа кез-келген адам қатыса алады. Қатысушылар тестті бірнеше мәрте өтуге құқығы бар, сондай-ақ алдын-ала оқу материалдарымен танысу мүмкіндігі бар.

🖊 Диктантты өткен әрбір қатысушыға сертификат табысталады. Қысқа уақытта ең жоғары балл жинағандарға шараның ресми серкітесі Halyk Bank атынан арнайы сыйлықтар қарастырылған.

«ФинIQ» республикалық диктантына қосылыңыз – қаржылық сауаттылығыңызды арттырыңыз!

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏦 ФинIQ – тест на финансовую грамотность

С 10 по 20 октября 2025 года Агентство по финансовому мониторингу в рамках реализации Концепций «Заң мен Тәртіп» и «Адал Азамат», при поддержке Halyk Bank и проекта «Қарызсыз қоғам» партии «Аманат», проводит республиканский диктант по финансовой безопасности.

📝 Главная цель диктанта – просвещение, обучение и повышение финансовой грамотности населения, а также формирование культуры финансовой безопасности.

Диктант пройдёт в формате онлайн-тестирования с заданиями, распределёнными по уровням сложности. Такой подход позволит каждому – от школьника до пенсионера – проверить свои знания, получить новые полезные сведения и сформировать практические навыки защиты от вовлечения в мошеннические схемы.

🔷 Принять участие может любой желающий, независимо от возраста и уровня образования. Онлайн-формат обеспечивает удобство подключения – пройти диктант можно с любого устройства: смартфона, планшета или компьютера.

Участникам предоставляется неограниченное количество попыток прохождения теста, а также возможность предварительного ознакомления с учебными материалами.

🖊 По завершении диктанта каждый участник получает именной сертификат.

Участники, набравшие наибольшее количество баллов за минимальное время, будут отмечены специальными призами от партнёра мероприятия – Нalyk Bank.

Присоединяйтесь к республиканскому диктанту «ФинIQ» – укрепите свою финансовую грамотность!

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏦 📣📣📣📣📣розыск!

Агентством по финансовому мониторингу разыскиваются следующие владельцы фиктивных стоматологических клиник:

🔴 Дуйсенов Аслан Қамбарұлы, 01.04.1992 г.р.

🔴 Иманбаев Габбас, 18.05.1998 г.р.

🔴 Елешев Есимхан Баяндиевич, 11.09.1987 г.р.

которые подозреваются в организации преступных схем по незаконному выводу средств из ЕНПФ на сумму свыше 46 млрд тенге путем оформления фиктивных медицинских документов под видом оказания стоматологических услуг.

Они использовали 7 стоматологических клиник в городах Актау и Атырау, которые фактически не осуществляли медицинскую деятельность и не предоставляли услуги населению.


👨‍⚖️ В отношении Дуйсенова А.Қ., Иманбаева Г., Елешева Е.Б. избрана мера пресечения в виде содержания под стражей.

Один из подозреваемых – Дуйсенов А.Қ. ранее являлся сотрудником органов полиции и был уволен по отрицательным мотивам. В 2016 году он осужден к 5 годам лишения свободы за совершение тяжких преступлений, предусмотренных статьями 105 (доведение до самоубийства) и 362 (превышение должностных полномочий) Уголовного кодекса.

❗️ Если Вам стала известна какая-либо информация о местонахождении разыскиваемых лиц, просим сообщить в Агентство по финансовому мониторингу по телефону + 7 7172 70 84 78 – дежурная часть.

Вознаграждение и анонимность гарантируются.

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🏦 Назар аударыңыз, іздеу жарияланды!

Қаржылық мониторинг агенттігі жалған стоматологиялық клиникалардың иелерін іздестіруде:

🔴 Дуйсенов Аслан Қамбарұлы, 01.04.1992 ж.т.

🔴 Иманбаев Габбас,18.05.1998 ж.т.

🔴 Елешев Есимхан Баяндиевич, 11.09.1987 ж.т.

Аталған азаматтар 46 млрд теңгеден астам қаражатты БЖЗҚ заңсыз шығару мақсатында қылмыстық схемаларды ұйымдастырды деген күдікке ілінген. Бұл мақсатта олар тіс емдеу қызметі көрсетілгендей жалған медициналық құжаттарды рәсімдеген.

Олар Маңғыстау және Атырау облыстарындағы 7 стоматологиялық клиниканы пайдаланған. Аталған мекемелер іс жүзінде ешқандай медициналық қызмет көрсетпеген.


👨‍⚖️ Дүйсенов А.Қ., Иманбаев Г., Елеушев Е.Б.-ке қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу қолданылды.

Айыпталушылардың бірі — Дүйсенов А.Қ. бұрын полиция қызметкері болған, алайда теріс себептер бойынша жұмыстан шығарылған. 2016 жылы ол Қылмыстық кодекстің 105-бабы («Өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу») және 362-бабы («Қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану») бойынша ауыр қылмыс жасағаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылған.

❗️ Іздеуде жүрген тұлғалардың орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз, Қаржылық мониторинг агенттігіне төмендегі нөмір бойынша хабарлауыңызды сұраймыз: +7 (7172) 70 84 78 – кезекші бөлім.

Сыйақы мен анонимділікке кепілдік беріледі.

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏦 Қаржылық мониторинг агенттігі цифрлық активтерді заңсыз өндіруге қарсы жүйелі жұмыстар жүргізуде

2024 жылдың басынан бері жалпы 1,3 млрд теңгеге залал келтірген 17 қылмыстық іс тіркелді. Ең жиі анықталған заңсыз майнинг фермалары Астана қаласында – 6, Шымкент пен Қостанайда – 3 жағдайдан тіркелген.

Аталған істер аясында 642 мың АҚШ доллары көлеміндегі цифрлық активтер тәркіленді.

Айта кету керек, кейбір заңсыз майнинг фермалары электр энергиясын ұрлау арқылы жұмыс істеген (5 ферма). Олардың тұтынған энергия көлемі ірі қаланың шығынына тең. Сондай-ақ фермалар орналасқан аймақтардағы тұрғындардың тыныштығын бұзу фактілері тіркелген.

Электр энергиясын заңсыз тұтыну салдарынан ресурстар нақты бизнес-жобаларға, өнеркәсіпті дамытуға және әлеуметтік нысандарды қамтамасыз етуге бағытталмайды.

Сонымен қатар, Мемлекеттік кірістер комитетінің деректеріне сәйкес, соңғы үш жылда майнинг саласынан бюджетке 17 млрд теңгеден астам қаражат түскен. Бұл салаға тиімді реттеу қажеттігін көрсетеді.

➡️ Агенттік Қазақстанда майнингпен айналысу тек лицензия болған жағдайда ғана рұқсат етілетінін еске салады. Заңды қызмет үшін жабдықтың сәйкестігі, энергиямен жабдықтау шарты және салықтық міндеттемелердің орындалуы талап етіледі.

Заңсыз майнинг — қылмыстық жауапкершілікке әкеліп соғады, елдің экономикалық қауіпсіздігіне нұқсан келтіріп, энергиямен жабдықтаудағы ақауларға себеп болады.

❗️ Агенттік кәсіпкерлер мен азаматтарды заңсыз майнингпен айналысудан бас тартуға және цифрлық активтердің ашық нарығын дамытуға шақырады.

Материалдарға сілтеме: https://disk.yandex.ru/d/heNbqrGZJpUSIQ

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏦 Агентством по финансовому мониторингу проводится системная работа по противодействию незаконному майнингу цифровых активов

С начала 2024 года зарегистрировано 17 уголовных дел с ущербом в 1,3 млрд тенге. Наиболее часто нелегальные фермы выявлялись в Астане – 6, Шымкенте и Костанае – по 3.

В рамках данных дел арестовано и конфисковано в цифровых активах 642 тыс долларов США.

Необходимо отметить, что часть нелегальных майнинговых ферм осуществляла свою деятельность путем кражи электроэнергии (5 ферм), объем которой сопоставим с потреблением крупного города. Также зафиксированы случаи нарушения прав жителей, проживающих рядом с шумными фермами.

В результате незаконного потребления электроэнергии ресурсы не направляются на реализацию реальных бизнес-проектов, развитие промышленности и обеспечение социальных объектов.

Вместе с тем, по данным Комитета государственных доходов за последние три года от майнинга обеспечено поступление в бюджет более 17 млрд тенге, что подтверждает необходимость регулирования отрасли.

➡️ Агентство напоминает: майнинг в Казахстане разрешен только при наличии лицензии. Легальная деятельность требует подтверждения оборудования, договора на энергоснабжение и соблюдения налоговых обязательств.

Незаконный майнинг влечет уголовную ответственность, наносит ущерб экономической безопасности страны и приводит к перебоям в энергоснабжении.

❗️Агентство призывает предпринимателей и граждан воздерживаться от участия в нелегальном майнинге и развивать прозрачный рынок цифровых активов.

Ссылка на материалы: https://disk.yandex.ru/d/heNbqrGZJpUSIQ

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🏦 Қазақстандық студенттер Қаржылық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық олимпиаданың жүлдегерлері атанды

29 қыркүйек пен 3 қазан аралығында Красноярск қаласында Қаржылық қауіпсіздік жөніндегі V халықаралық олимпиада өтті. Биылғы шараға әлемнің 40 елінен 600-ден астам қатысушы жиналды.

Олимпиада барысында қатысушылар жастардың заңсыз әрекеттерге тартылу қаупін, соның ішінде дропперлік, киберқауіпсіздік, терроризмді қаржыландыру мәселелерін және осындай қауіптердің алдын алу жөніндегі халықаралық тәжірибені талқылады.

Қазақстан құрамасы атынан еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының 10 студенті қатысты. Олардың қатарында Maqsut Narikbayev University, Turan University, Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті, Е.А.Букетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті, А.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті, М.Ауезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті және Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің студенттері бар.


Қазақстан құрамасының дайындығы Қаржылық мониторинг академиясының (AML Academy) базасында өтті.

Барлық қатысушы жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, еліміздің атын халықаралық аренада абыроймен қорғады.

Зияткерлік сайыстардың қорытындысы бойынша үш студент жүлдегер атанып, ІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды:
🔵«Құқықтану» бағыты бойынша – Maqsut Narikbayev University студенті Аманбаев Қуаныш;
🔵«Халықаралық қатынастар» бағыты бойынша – Maqsut Narikbayev University студенті Тілектес Мақсат;
🔵«Ақпараттық қауіпсіздік» бағыты бойынша – А.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің студенті Каландаров Халил.

Командамызды лайықты жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!

Сонымен қатар, жоғары оқу орындарының басшылығына және профессор-оқытушылар құрамына ерекше алғысымызды білдіреміз. Бұл жетістік – олардың қолдауы мен кәсіби еңбегінің, жастарға деген қамқорлығының нәтижесі.

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🏦 Казахстанские студенты стали призёрами Международной олимпиады по финансовой безопасности
 
С 29 сентября по 3 октября в Красноярске прошла V Международная олимпиада по финансовой безопасности, собравшая более 600 участников из 40 стран мира.
 
Участники обсудили угрозы вовлечения молодежи в противоправную деятельность, включая дропперство, кибербезопасность, финансирование терроризма, а также международный опыт противодействия таким проявлениям.
 
Казахстанскую команду представляли 10 студентов вузов страны: Maqsut Narikbayev University, Turan University, Каспийского государственного университета технологий и инжиниринга имени Ш.Есенова, Карагандинского национального исследовательского университета имени Е.А.Букетова, Карагандинского технического университета имени А.Сагинова, Южно-Казахстанского университета имени М.Ауэзова, Международного казахско-турецкого университета имени Ходжи Ахмета Ясауи.

 
Подготовка казахстанской команды проходила на базе Академии финансового мониторинга (AML Academy).
 
Все участники проявили высокий уровень подготовки, достойно представив страну на международной арене.
 
➡️ По итогам интеллектуальных соревнований трое участников нашей команды стали призёрами, получив дипломы II степени, а именно:
🔵по направлению «Юриспруденция» студент Maqsut Narikbayev University Аманбаев Қуаныш;
🔵по направлению «Международные отношения» студент Maqsut Narikbayev University Тілектес Мақсат;
🔵по направлению «Информационная безопасность» студент Карагандинского технического университета имени А.Сагинова Каландаров Халил.
 
Поздравляем нашу команду с успешным выступлением и заслуженными наградами!
 
Отдельную благодарность выражаем руководству и преподавательскому составу ВУЗов. Этот результат стал возможен благодаря их поддержке, профессионализму и внимательному отношению к подготовке нашей молодежи.

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏦 Астанада көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысын қаржыландыруға бөлінген бюджет қаражатын иемдену және талан-таражға салу фактісі бойынша «Дорстройтрест» ЖШС басшысына қатысты сот үкімі шығарылды

Тергеуді ҚМА Астана қаласы бойынша департаменті жүргізді.

⌛ Еске салсақ, «Samruk-Kazyna Construction» АҚ мен «Дорстройтрест» ЖШС арасында құрылысқа инвестиция тарту туралы шарт жасалып, оның аясында мердігерге 2,6 млрд теңге аванс аударылған.

Алайда құрылыс жұмыстары тиісті талаптарға сәйкес жүргізілмей, белгіленген мерзімде аяқталмаған. Аванстың едәуір бөлігі құрылысқа қатысы жоқ қарыздарды өтеуге және автокөлік сатып алуға жұмсалған.

Бұдан бөлек, 650 млн теңге жалған шарттар арқылы аффилирленген компаниялардың шоттарына аударылып, қолма-қол ақшаға айналдырылған.

👨‍⚖️ Сот үкімімен «Дорстройтрест» ЖШС басшысы Нурабаев кінәлі деп танылып, оған 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

🔨 Сондай-ақ сот шешімімен жалпы құны 131 млн теңге болатын мүлік мемлекет кірісіне тәркіленді.

🚨 «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның бұрынғы басқарушы директоры халықаралық іздеуде.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Материалдарға сілтеме: https://disk.yandex.ru/d/EdDZcUOoj4Si_Q

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM