🇰🇿 ҚР ҚМА/ АФМ РК
11.8K subscribers
1.02K photos
2.11K videos
2.54K links
🇰🇿 ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі/Агентство РК по финансовому мониторингу
🔷Хроника деятельности АФМ по противодействию теневой экономике и ОД/ФТ
🔷 Телеграм бот: @BAIQApiramidaBOT
🔷 Call-центр: 1458
🔷 e-mail: finmonitoringkz@gmail.com
Download Telegram
🏦 В г. Берн (Швейцарская Конфедерация) состоялась Глобальная конференция «Назад в будущее» с участием руководителей подразделений финансовой разведки (ПФР) из более чем 90 стран мира

В мероприятии приняла участие делегация Агентства Республики Казахстан по финансовому мониторингу.

Участники обсудили актуальные тенденции и вызовы, включая использование искусственного интеллекта, машинного обучения и цифровых инструментов в аналитической деятельности.

⌛ Отдельно рассмотрены вопросы повышения эффективности обмена информацией между ПФР различных стран и проведения совместных расследований, направленных на противодействие отмыванию денег и финансированию терроризма.

Кроме того, казахстанская делегация провела ряд двусторонних встреч с руководителями финансовых разведок иностранных государств. В ходе переговоров обсуждались перспективы обмена финансовой информацией, внедрение современных аналитических инструментов, а также укрепление международного сотрудничества.

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏦 ҚМА Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті «Imrat Group» атты қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты

Канаданың, Гонконг пен Ұлыбританияның атынан тіркелген жалған халықаралық инвестициялық компания ретінде жасырынып, алаяқтар азаматтарға күнделікті 0,5%-дан 1,5%-ға дейін «жоғары табыс» уәде еткен.

Қатысу үшін азаматтар арнайы реферальды сілтеме арқылы тіркеліп, криптовалюта әмиянына 20-дан 10 000 АҚШ долларына дейін (USDT баламасында) қаражат аударуы қажет болған.

🪙Алайда шын мәнінде, салымдар тек пирамида ішіндегі қатысушылар арасында қайта бөлініп отырған – төлемдер жаңадан тартылған қаражат есебінен жүргізілген.

Қатысушыларды тарту мақсатында күдіктілер заңды инвестициялық қызмет түрінде көрсету үшін белсенді жарнама жүргізіп, кеңселер жалдап, түрлі презентациялар мен конференциялар ұйымдастырған. Сондай-ақ, Telegram-арна ашып, онда тұрақты түрде жоғары табыс пен инвестициялардың қауіпсіздігін насихаттайтын бейнематериалдар жариялап отырған.

🫴Заңсыз қызмет дер кезінде тоқтатылғанының арқасында пирамидаға барлығы 30 азамат тартылған. Олардың салған қаражаты 89 млн теңгеден асады.

Қылмыстық іс сотқа жолданды.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

✅ Қаржылық мониторинг агенттігі қаржы пирамидаларының жолын кесу және оларды анықтау бойынша жүйелі жұмыстарды жалғастыруда.

2025 жылдың басынан бері:
🔵 31 қаржы пирамидасына қатысты 90 сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды;
🔵 7 млрд теңге көлемінде залал өтелді;
🔵 жалған инвестициялық жобалар туралы ақпарат таратқан 14 мыңнан астам интернет-ресурс бұғатталды;
🔵 Instagram мен Telegram платформаларында 535 мыңға жуық қатысушысы бар 100-ден астам заңсыз чаттар жабылды.

📍 ҚМА сайтында қаржы пирамидаларының тізімі жарияланған.

Айта кетейік, Агенттікте қаржы пирамидаларының белгілерін тексеруге мүмкіндік беретін «Baiqa, piramida!» Telegram-боты іске қосулы.

❗️Егер Сіз немесе жақындарыңыз қаржы пирамидасының әрекетіне тап болса, тұрғылықты жеріңіз бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жүгінуді сұраймыз.

Азаматтарды сақ болуға және күмәнді қаржылық ұйымдарға жинақтарын салмауға шақырамыз.

#Заң_мен_Тәртіп   
#ЗАҢменТӘРТІП

Материалдарға сілтеме: https://disk.yandex.ru/d/2w7Z3_jMh1WpDA

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏦 Департаментом АФМ по ЗКО пресечена деятельность финансовой пирамиды под названием «Imrat Group»

Под видом международной инвестиционной компании, якобы зарегистрированной в Канаде, Гонконге и Великобритании, злоумышленники предлагали гражданам программы с «высокой доходностью» от 0,5% до 1,5% в день.

Для участия необходимо было пройти регистрацию по реферальной ссылке, внести денежный вклад (от $20 до $10 000 в эквиваленте в USDT) на криптокошелек и ожидать прибыли.

🪙 На деле средства перераспределялись между участниками пирамиды — выплаты производились за счёт новых поступлений.

Для привлечения участников подозреваемые развернули активную рекламную кампанию, направленную на создание видимости легальной инвестиционной деятельности. Для этого арендованы офисы, организованы презентации и конференции, а также создан Telegram-канал, в котором регулярно публиковались видеоролики, обещающие высокую доходность и безопасность вложений.

🫴 Благодаря своевременному пресечению незаконной деятельности в пирамиду вовлечено лишь 30 граждан, которые вложили свыше 89 млн тенге.

Уголовное дело направлено в суд.

Иная информация в соответствии со статьёй 201 Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан разглашению не подлежит.

✅ Агентство по финансовому мониторингу продолжает системную работу по выявлению и пресечению деятельности финансовых пирамид.

С начала 2025 года:
🔵окончено 90 досудебных расследований в отношении 31 финансовой пирамиды;
🔵обеспечено возмещение ущерба на 7 млрд тенге;
🔵заблокировано более 14 тыс интернет-сайтов, распространявших информацию о фиктивных инвестиционных проектах;
🔵закрыто свыше 100 противоправных чата в Instagram и Telegram с общей аудиторией 535 тысяч участников.

📍 На сайте АФМ размещен список финансовых пирамид.

Отметим, что в АФМ запущен телеграм бот «Baiqa, piramida!», позволяющий проверить компанию на наличие признаков финансовой пирамиды.

❗️Если Вы и Ваши близкие столкнулись с деятельностью финансовой пирамиды, просим обратиться
в Департамент экономических расследований по месту проживания.

Призываем граждан быть бдительными и не вкладывать свои сбережения в сомнительные финансовые организации.

#Закон_и_Порядок
#ЗАКОНиПОРЯДОК

Ссылка на материалы: https://disk.yandex.ru/d/2w7Z3_jMh1WpDA

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🏦 Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарды телефон және интернет алаяқтарынан сақ болуға шақырады

Алаяқтар Агенттік атынан хабарласып, өздерін "заңгер" немесе "тексеруші маман" ретінде таныстырады, "сіздің ұйымға қатысты тексеру басталды" деген мазмұндағы жалған хабарламалар таратып жүр.

🚨 НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Агенттік мұндай хаттар жібермейді және телефон арқылы жеке деректерді сұрамайды. Біз шот нөмірлерін, SMS-кодтар мен құжаттарға қатысты құпия ақпаратты талап етпейміз.

Алаяқтық схема қалай жүзеге асады:
🔴Алаяқтар ҚМА мен ҰҚК атынан жалған хаттар таратып, "қызметкерге мінездеме" немесе басқа ақпарат беруді сұрайды.
🔴Сонымен қатар, WhatsApp арқылы сол ұйымның басшысы мен есепшісінің атынан жазып, олардың нақты фотосуреттері мен есімдерін пайдаланады. Бұл сенім тудырып, адастыруға себеп болады. Хабарламалар кейде мемлекеттік тілде жазылады.
🔴Кейін "заңгер" ретінде біреу хабарласып, "құпия ақпарат" екенін айтып, бұл туралы туыстарыңызға, балаларыңызға, тіпті құқық қорғау органдарына айтуға тыйым салады.
🔴Қысым көрсету тәсілі қолданылады: бір мезетте қоңыраулар мен хабарламалар келіп, жеделдік пен қауіп сезімін тудырады, адам ойланып үлгермей әрекет етуге мәжбүр болады.
🔴Жәбірленушіге банкке дереу бару және көрсетілген нұсқауларды орындау қажет делінеді. Салдарынан азаматтар өз жинақтарын шешіп, алаяқтарға жіберіп қояды.

❗️ Мұндай қоңыраулар көбіне психологиялық қысымға оңай түсіп, алдануға бейім келетін зейнет жасындағы адамдарға бағытталатынын ескеру қажет.

Егер сіз алаяқтардың нысанасына айналсаңыз:
✔️ Сабыр сақтап, әңгімені бірден үзіңіз.
✔️ Сілтемелерге өтпеңіз, тіркемелерді ашпаңыз.
✔️ Ешкімге ақша аудармаңыз.
✔️ Жұмыс орныңыздағы бухгалтерия немесе заң бөлімімен байланысып, расында осындай хат келген-келмегенін нақтылаңыз.
Алаяқтар сіздің ақпаратты тексермейтініңізге сенеді.
✔️ Әріптестеріңіз бен басшылықты қызметкерлер туралы деректердің таралу қаупі жөнінде ескертіңіз.
✔️ Хабарласқан нөмірді сақтап, ақпаратты құқық қорғау органдарына хабарлаңыз.

📌 Бұл ақпаратты туыстарыңызға, достарыңызға және әріптестеріңізге жеткізіңіз. Тек бірігіп әрекет еткенде ғана алаяқтарға тосқауыл қойып, әр азаматтың қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз ете аламыз.

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🏦 АФМ предупреждает граждан о случаях телефонного и онлайн-мошенничества, при которых злоумышленники используют имя Агентства

Мошенники звонят от имени АФМ, представляясь «юристами» или «сотрудниками по проверке», отправляют фальшивые письма, где сообщается о «проверке в отношении вашей организации» и просят «оказать содействие».

🚨 ВНИМАНИЕ. НАПОМИНАЕМ: Агентство НЕ направляет подобные письма и НЕ запрашивает никакие личные данные по телефону. Мы НЕ просим сообщать номера счетов, СМС-коды, документы или иную конфиденциальную информацию.

Как действует мошенническая схема:
🔴 Мошенники рассылают фальшивые письма якобы от имени АФМ, где говорится о «проверке в сотрудничестве с КНБ» и необходимости предоставить характеристику на сотрудника или иную информацию.
🔴Параллельно через WhatsApp начинают писать от имени руководителя и бухгалтера той же организации, где работает жертва, используя их реальные фотографии и имена на аватарках. Также мошенники ведут переписку и на государственном языке, что усиливает доверие и сбивает с толку.
🔴Затем поступает звонок от якобы «юриста», который говорит, что информация конфиденциальная и строго запрещает кому-либо рассказывать о разговоре, включая родственников, детей и даже правоохранительные органы.
🔴Используется психологическое давление: звонки и сообщения поступают одновременно, создавая ощущение срочности и опасности, и часто не оставляют возможности кому-то рассказать или обдумать ситуацию.
🔴Жертве говорят, что нужно немедленно ехать в банк и выполнять указания, в результате чего люди снимают и переводят свои сбережения мошенникам.
❗️Важно знать, что подобные звонки часто совершаются пожилым людям, которые более уязвимы к манипуляциям и запугиваниям.

Если вы стали целью мошенников:
✔️ Сохраняйте спокойствие и немедленно завершите разговор.
✔️ Не переходите по ссылкам и не открывайте вложения.
✔️ Никому не переводите деньги.
✔️ Обязательно свяжитесь с вашей бухгалтерией или юридическим отделом по месту работы и уточните, действительно ли организация получала подобные письма или распоряжения. Мошенники рассчитывают, что вы не будете перепроверять информацию.
✔️ Предупредите коллег и руководство о возможной утечке данных сотрудников организации.
✔️ Зафиксируйте номер звонящего и передайте эту информацию правоохранительным органам.

📌 Распространите эту информацию среди сотрудников, друзей, родителей. Только вместе мы можем остановить мошенников и защитить финансовую безопасность каждого.

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🏦 Қаржылық мониторинг агенттігінің Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті

Павлодар, Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша департамент басшылары көлеңкелі экономикаға қарсы күрес бағытында атқарылып жатқан шаралар туралы баяндады. Атап айтқанда, қаржы пирамидаларын, «сұр» импортты, бағалы металдардың, алкоголь және темекі өнімдерінің заңсыз айналымын тоқтату бойынша қабылданған шаралар таныстырылды.

✅ Ерекше назар жасанды интеллект негізіндегі цифрлық талдау құралдарын енгізуге, ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайтуға және заңдылық пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған алдын алу шараларын жетілдіруге аударылды.

Сонымен қатар азаматтардың өтініштерін қарау мәселесіне жеке көңіл бөлінді. Бұл өтініштер қоғамның сенім деңгейінің көрсеткіші және жедел әрекет етуді талап ететін өзекті мәселелер туралы маңызды ақпарат көзі ретінде қарастырылады.

Қоғамдық кеңес мүшелері Агенттіктің конструктивті диалогқа ашықтығын атап өтіп, өңірлерде көлеңкелі экономиканы азайтуға бағытталған кешенді шаралардың маңыздылығын ерекше атап өтті.

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏦 Состоялось очередное заседание Общественного совета Агентства по финансовому мониторингу

Руководители Департаментов по Павлодарской, Костанайской, Акмолинской и Северо-Казахстанской областей доложили о принимаемых мерах по борьбе с теневой экономикой, включая пресечение финансовых пирамид, «серого» импорта, незаконного оборота драгоценных металлов, алкогольной и табачной продукции.

✅ Особый акцент сделан на внедрении цифровых аналитических инструментов и решений на основе искусственного интеллекта, укреплении межведомственного взаимодействия и совершенствовании профилактических мер, направленных на укрепление закона и порядка.

Отдельное внимание уделено работе с обращениями граждан, которые рассматриваются как показатель уровня доверия и важный источник информации о существующих проблемах, требующих оперативного реагирования.

Члены Общественного совета отметили открытость Агентства к конструктивному диалогу и подчеркнули значимость комплексных мер, реализуемых в регионах для снижения уровня теневой экономики.

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🏦 Қазақстан мен Швейцария қылмыстық кірістерді заңдастыруға қарсы іс-қимыл және экономикалық қылмыстармен күрес саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде

Берн қаласында Қаржылық мониторинг агенттігі делегациясы Швейцарияның негізгі құқық қорғау және уәкілетті органдары - Федералдық прокуратурамен, полиция және Ақшаны жылыстатуға қарсы есептілік басқармасымен (MROS) бірқатар жұмыс кездесулерін өткізді.

📍 Швейцария прокуратурасымен өткен кездесуде қылмыстық активтерді іздестіру және оларды кеңейтілген тәркілеуге тарту бойынша құқықтық көмек көрсету мәселелері талқыланды.

📍 Швейцарияның Федералдық полиция өкілдерімен экономикалық қылмыстарға қарсы іс-қимыл және бірлескен қаржылық тергеулердің тиімділігін арттыру бойынша тәжірибе алмасу жүргізілді. Сонымен қатар, қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған оқыту бағдарламаларын ұйымдастыру бойынша ынтымақтастықты тереңдетуге уағдаластыққа қол жеткізілді.

📍 Бұдан бөлек, Швейцарияның қаржылық барлау бөлімшесімен (MROS) келіссөздер өтті. Агенттік делегациясы күмәнді операцияларды, соның ішінде виртуалды активтерді пайдалану арқылы жасалатын транзакцияларды анықтау тәжірибесімен және оларды заңсыз мақсатта қолдануға жол бермеу тетіктерімен танысты.

Келіссөздер қорытындысы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігі мен Ақшаны жылыстатуға қарсы есептілік басқармасымен арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Құжат қаржы барлау органдары арасындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ күмәнді операциялар, оның ішінде виртуалды активтерге қатысты ақпарат алмасу саласындағы әріптестікті кеңейтуге бағытталған.


Қазақстан тарапы бұл құжатқа қол қою кірістерді заңдастыру мен терроризмді қаржыландыруға қарсы күрестегі серіктестікті нығайту жолындағы маңызды қадам екенін атап өтті.

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🏦 Казахстан и Швейцария расширяют сотрудничество по противодействию отмыванию преступных доходов и борьбе с экономическими преступлениями

В Берне делегация Агентства по финансовому мониторингу провела серию рабочих встреч, направленных на укрепление партнерства с ключевыми швейцарскими правоохранительными и уполномоченными органами - Федеральной прокуратурой и полицией, а также Управлением по отчетности в области борьбы с отмыванием денег (MROS).

📍 На встрече с прокуратурой Швейцарии обсуждены вопросы оказания правовой помощи по поиску преступных активов и применению в отношении них расширенной конфискации.

📍 С представителями Федеральной полиции Швейцарии произведен обмен передовым опытом по противодействию экономическим преступлениям и повышению эффективности совместных финансовых расследований. Достигнута договоренность об углублении партнерства в части проведения обучающих программ, направленных на повышение квалификации сотрудников.

📍 Наряду с этим состоялись переговоры с подразделением финансовой разведки Швейцарии (MROS). Делегация Агентства ознакомилась с практикой выявления подозрительных операций, в том числе с использованием виртуальных активов, а также механизмами предотвращения их использования для незаконных целей.

По итогам переговоров между Агентством по финансовому мониторингу и Управлением по отчетности в области борьбы с отмыванием денег подписан меморандум о взаимопонимании, направленный на укрепление двустороннего взаимодействия между финансовыми разведками стран, а также расширение сотрудничества в сфере обмена информацией о подозрительных операциях, в том числе с использованием виртуальных активов.


Казахстанская сторона выразила уверенность, что подписание документа станет важным шагом к укреплению партнерства в сфере противодействия отмыванию доходов и финансированию терроризма.

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🏦 Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі ұйымдастырған қаржылық қауіпсіздік бойынша республикалық FinIQ диктантына ел тұрғындары қызығушылық танытуда

Бүгінгі таңда 2 млн астам қатысушы өз білімдерін тексеріп, тестілеуден өтті.

✔️ FinIQ — бұл қаржылық ойлауды дамытуға және алаяқтық схемалардан қорғану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған интерактивті IQ-тест.

Тестте 20 сұрақ бар: қарапайым «дроп деген кім?» және «қаржы пирамидасын қалай анықтауға болады?» деген сұрақтардан бастап, жеке деректер, банк өнімдері мен онлайн-төлемдердің қауіпсіздігіне қатысты тапсырмаларға дейін қамтылған.

Ең белсенді қатысушылар Түркістан облысы, сондай-ақ Шымкент пен Астана қалаларынан тіркелген.

FinIQ тестіне мектеп оқушысынан бастап студенттер мен ересектерге дейін кез-келген адам қатыса алады. Тестті amlacademy.kz платформасында онлайн форматта, кез келген құрылғы арқылы 15–20 минут ішінде тапсыруға болады.

📌 Диктант 20 қазанға дейін жалғасады.

Барлық қатысушыларға дипломдар мен сертификаттар, ал үздік нәтиже көрсеткендерге ұйымдастырушылар мен серіктестер атынан бағалы сыйлықтар табысталады.

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🏦 Республиканский диктант по финансовой безопасности FinIQ, организованный Агентством Республики Казахстан по финансовому мониторингу, продолжает объединять жителей страны вокруг темы финансовой безопасности

На сегодняшний день свыше 2 миллионов участников уже прошли тестирование и проверили свои знания.

✔️ FinIQ — это интерактивный IQ-тест, направленный на развитие финансового мышления и формирование навыков защиты от мошеннических схем.

В тесте представлено 20 вопросов: от простых - «кто такие дропы» и «как распознать финансовую пирамиду», до ситуационных кейсов о личных данных, банковских продуктах и безопасных онлайн-платежах.

Наибольшую активность проявляют жители Туркестанской области, а также городов Шымкент и Астана.

Участие в FinIQ доступно каждому — школьникам, студентам и взрослым. Тест можно пройти онлайн на платформе amlacademy.kz всего за 15–20 минут с любого устройства.

📌 Диктант продлится до 20 октября.

Все участники получат дипломы и сертификаты, а отличившиеся — ценные призы от организаторов и партнёров проекта.

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏦 ҚМА Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті «QazConstructions» ЖШС басшылығына қатысты, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының 7 ауданында 11 әлеуметтік нысанның құрылысына бөлінген бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде

Күдіктілердің қатарында – «QazConstructions» ЖШС-нің бұрынғы директорының орынбасары, Күршім ауданы мәслихатының депутаты бар.

Аталған жобалар халықтың өмір сүру сапасын арттырып, азаматтардың бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасауға бағытталған болатын.

Алайда қылмыстық әрекеттер салдарынан төрт дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен 20 мыңнан астам адам тұратын жеті ауылды сумен қамтамасыз етуге арналған су құбыры желілері пайдалануға берілмеген.

Жымқырылған қаржының жалпы көлемі 2 млрд теңгеден асады. Олар байланысы бар компаниялар арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылған.

🔨 Қылмыстық жолмен алынған табысқа Астанадағы қымбат санаттағы тұрғын үй кешендерінен пәтерлер, «Lamborghini Urus», «Cadillac Escalade», «Mercedes» автокөліктері мен асыл тұқымды жылқылар сатып алынған. Бұл мүлікке сот санкциясымен тыйым салынды.

👨‍⚖️ Екі күдіктіге қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Тергеу жалғасуда.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Материалдарға сілтеме: https://disk.yandex.ru/d/d8RQ_0dwmDmlrQ

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏦 Департаментом АФМ по Восточно-Казахстанской области проводится досудебное расследование в отношении руководства ТОО «QazConstructions» по факту хищения бюджетных средств, выделенных на строительство 11 социальных объектов в 7 районах Восточно-Казахстанской и Абайской областей

В числе подозреваемых — бывший заместитель директора ТОО, являющийся депутатом маслихата Курчумского района.

Реализация указанных проектов должна была улучшить качество жизни населения и создать условия для полноценного досуга граждан.

Однако в результате преступных действий не введены в эксплуатацию четыре физкультурно-оздоровительных комплекса, а также водопроводные сети, предназначенные для обеспечения водой семи сёл, где проживают свыше 20 тыс человек.

Общая сумма хищения составляет более 2 млрд тенге, которые обналичены через аффилированные предприятия.

🔨 На преступные доходы приобретены квартиры в элитных жилищных комплексах Астаны, автомашины «Lamborghini Urus», «Cadilac Escalade», «Mersedes» и редкие породы лошадей, на которые с санкции суда наложен арест.

👨‍⚖️ В отношении двух подозреваемых избрана мера пресечения в виде содержания под стражей сроком на 2 месяца.

Расследование продолжается.

Иная информация в порядке ст.201 Уголовно-процессуального кодекса РК разглашению не подлежит.

Ссылка на материалы: https://disk.yandex.ru/d/d8RQ_0dwmDmlrQ

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏦 ҚМА Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті ҰҚКД бірлесіп, Самар ауданы аумағындағы «Кенкарын» учаскесінде жер қойнауын өз бетінше пайдалану және бағалы металдарды заңсыз өндіру дерегін әшкереледі

Жер қойнауын пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнама талаптарын бұза отырып, күдіктілер екі жыл бойы тиісті лицензиясыз заңсыз алтын өндіріп, «Құлынжон» өзенінің арнасын өз бетінше өзгерткен.

Заңсыз әрекеттің салдарынан табиғатқа келтірілген залал көлемі 82 млн теңгеден асты.

🔨 Тексеру барысында ауыр арнайы техника (жүктиегіш, самосвал, экскаватор) және өнеркәсіптік жабдық тәркіленді.

👨‍⚖️ Ұйымдастырушы 2 ай мерзімге қамауға алынды.

Тергеу амалдары жалғасуда.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Материалдарға сілтеме: https://disk.yandex.ru/d/3Uf9tuZoUtCJhw

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏦 Департаментом АФМ по ВКО совместно с ДКНБ пресечен факт самовольного пользования недрами и незаконной добычи драгоценных металлов на участке «Кенкарын» Самарского района

В нарушение законодательства в области недропользования и охраны окружающей среды, не имея лицензии, подозреваемые, самовольно на протяжении двух лет осуществляли незаконную добычу золота с самовольным изменением русла реки «Құлынжон».

В результате экологический ущерб, причиненный незаконной деятельностью, превысил 82 млн тенге.

🔨 В ходе осмотра участка изъяты тяжелая специальная техника (погрузчик, самосвал, экскаватор), а также промышленное оборудование.

👨‍⚖️ Организатор помещен под стражу сроком на 2 месяца.

Расследование продолжается.

Иная информация в соответствии со статьей 201 УПК РК разглашению не подлежит.

Ссылка на материалы: https://disk.yandex.ru/d/3Uf9tuZoUtCJhw

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏦 ҚМА Қарағанды облысы бойынша департаменті «Takorp» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқару фактісі бойынша тергеуді аяқтады

Күдіктілер азаматтардың қаржысын инвестициялық жоба ретінде тарту схемасын ұйымдастырған. Олар 30-дан 50 мың АҚШ долларына дейін инвестиция салып, 100% кіріс кепілдендіріледі деп уәде берген.

Пирамида интернет-платформа арқылы жұмыс істеген, онда алты бонус деңгейінен тұратын матрицалық жүйе («VIP-1» – «VIP-6») қолданылған.

🪙 Төлемдер USDT криптовалютасында есептеліп, салым көлеміне және рефералдық сілтемелер арқылы тартылған қатысушылар санына байланысты болған.


Заңдылық пен оң имидж құру үшін ұйымдастырушылар балалар үйлерінде қайырымдылық акцияларын өткізген.

🪙 Нәтижесінде «Takorp» пирамидасына 117 қатысушы тартылылған.

🔨 Сот санкциясымен 32 мың АҚШ долларына тең криптовалютаға тыйым салынды.

👨‍⚖️ Екі күдіктінің қозғалысын шектеу және тәртіп сақтау туралы қолхатпен бұлтартпау шарасы қолданылды.

Қылмыстық іс сотқа жолданды.

Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жариялауға жатпайды.

Материалдарға сілтеме: https://disk.yandex.ru/d/-Ca0ljo8XxXfbg

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM