🇰🇿 ҚР ҚМА/ АФМ РК
11.8K subscribers
1.02K photos
2.1K videos
2.54K links
🇰🇿 ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі/Агентство РК по финансовому мониторингу
🔷Хроника деятельности АФМ по противодействию теневой экономике и ОД/ФТ
🔷 Телеграм бот: @BAIQApiramidaBOT
🔷 Call-центр: 1458
🔷 e-mail: finmonitoringkz@gmail.com
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏦 БАҚ-тан келіп түскен сұрауларға жауап ретінде хабарлаймыз: Қаржылық мониторинг агенттігі («Qarmet» құқықтық мирасқоры болып табылатын) «АрселорМитталТеміртау» АҚ мүлкін жымқыру фактісі бойынша «АлбаСтройДор» ЖШС-нің директоры С.Г.Кимге қатысты тергеу жүргізуде

2015 жылы «АрселорМиттал Темиртау» АҚ мен «АлбаСтройДор» ЖШС арасында қайта өңдеу қалдықтарына билік ету құқығынсыз домна шлагын қайта өңдеу туралы шарт жасалған.

Алайда С.Г.Ким өндірістік нысандарға еркін қолжетімділігін пайдалана отырып, зауыт аумағынан домна қоспасы мен кесек шойынды жымқыру схемасын ұйымдастырған.

Ұрланған мүлікті кедергісіз шығару мақсатында қылмыстық схемаға өзара байланысты күзет ұйымы — «Күзет» ЖШС тартылған, оның қызметкерлері автокөліктердің іс жүзінде бақылаусыз өтуін қамтамасыз еткен.

Ұрланған мүлікті С.Н.Ким өз бақылауындағы «ГлобалСпецТорг» ЖШС және «ЦентрОптСнаб» ЖШС арқылы заңдастырған.


💵 Заңсыз әрекеттердің нәтижесінде жалпы сомасы 1,8 млрд теңгеден асатын 31 мың тоннадан астам өнім ұрланған.

👨‍⚖️ Күдікті Ким 2 ай мерзімге қамауға алынды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Материалдарға сілтеме: https://disk.yandex.ru/d/YF2vpT91gsZwkw

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏦 На поступающие запросы СМИ сообщаем, что Агентством по финансовому мониторингу проводится расследование в отношении директора ТОО «АлбаСтройДор» Ким С.Г. по факту хищения имущества АО «АрселорМитталТемиртау» (правопреемником является АО «Qarmet»)

В 2015 году между АО «АрселорМиттал Темиртау» и ТОО «АлбаСтройДор» заключен договор на переработку доменного шлака без права распоряжения остаточными продуктами переработки.

Однако Ким С.Г., используя свободный доступ к производственным объектам, организовал схему хищения доменного присада и кускового чугуна с территории завода.

С целью обеспечения беспрепятственного вывоза похищенного имущества к преступной схеме привлечено аффилированное охранное предприятие — ТОО «Кузет 2050», сотрудники которого фактически обеспечивали бесконтрольный доступ автотранспорта.

Похищенное имущество Ким С.Г. легализовал через подконтрольные ТОО «ГлобалСпецТорг» и ТОО «ЦентрОптСнаб».


💵 В результате противоправных действий похищено более 31 тыс тонны продукции на общую сумму свыше 1,8 млрд тенге.

👨‍⚖️ Подозреваемый Ким помещен под стражу сроком на 2 месяца.

Досудебное расследование продолжается.

Ссылка на материалы: https://disk.yandex.ru/d/YF2vpT91gsZwkw

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏦 ҚМА ШҚО бойынша департаменті жер қойнауын пайдаланушылардан ақша алу схемасын ұйымдастырған екі азаматқа қатысты алаяқтық дерегі бойынша тергеуді аяқтады

Еске салсақ, 2025 жылғы қыркүйек айында Самар ауданының «Кенкарын» учаскесінде «Құлынжон» өзенінің арнасын өз бетінше өзгерту арқылы бағалы металдарды заңсыз өндірумен айналысқан адамдар тобының әрекеті тоқтатылған болатын.

🔴 Олардың әрекеттері салдарынан экологиялық залал 54 млн теңгеден асты.

Осы жағдайды пайдалана отырып, қылмыскерлер күдіктілердің бірін қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын неғұрлым жеңіл түріне өзгертуге жәрдем көрсетеміз деген сылтаумен 10 000 АҚШ долларын беруге көндірген.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде аталған тұлғалар ақша алу кезінде ұсталған.


👨‍⚖️ Сот үкімімен оларға 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Материалдарға сілтеме: https://disk.yandex.ru/d/jEd8ahuGL9PebQ

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏦 Департаментом АФМ по ВКО окончено расследование по факту мошенничества в отношении двух граждан, которые разработали схему получения денежных средств от недропользователей

Напомним, в сентябре 2025 года пресечена незаконная деятельность группы лиц по добыче драгоценных металлов на участке «Кенкарын» Самарского района с самовольным изменением русла реки «Құлынжон».

В результате их действий экологический ущерб превысил 54 млн тенге.

Воспользовавшись данными обстоятельствами, злоумышленники убедили одного из подозреваемых передать им 10 000 долларов США за оказание содействия в изменении меры пресечения с содержания под стражей на менее строгую.

Принятыми мерами указанные лица задержаны при получении денег.


👨‍⚖️ Приговором суда им назначено наказание в виде ограничения свободы сроком на 2 года 6 месяцев.

Приговор не вступил в законную силу.

Ссылка на материалы: https://disk.yandex.ru/d/jEd8ahuGL9PebQ

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🏦 «Заң және тәртіп» нарративі мен «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясында өткізілген «Қаржы сақшысы» ауқымды компьютерлік ойыны өз мәресіне жетті

Жоба жасөспірімдер мен жастардың қаржылық қауіпсіздік, сыни ойлау және цифрлық ортадағы жауапкершілік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Ойынға еліміздің түкпір-түкпірінен 800 тыс қатысушы қатысып, нәтижесінде үздіктер анықталды.

➡️ Оқушылар арасында:
🔵 Еркінқызы Аружан — Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Талапкер ауылының жалпы білім беретін мектебінің оқушысы;
🔵 Турсунова Динара Алимжановна — Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Малыбай ауылының Малыбай орта мектебінің оқушысы;
🔵 Софиева Ильнура Рашитовна — Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Малыбай ауылының Малыбай орта мектебінің оқушысы.

➡️ Студенттер арасында:
🔵 Жақыпбек Нұржас Асетұлы — Алматы облысы, Қонаев қаласындағы сервис және тамақтану саласындағы инновациялық технологиялар колледжінің студенті;
🔵 Махмаджанова Азада Зиадуллаевна — Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Атакент кентіндегі Мақтаарал аграрлық колледжінің студенті;
🔵 Рахымжанов Нұрбах — Түркістан қаласындағы Түркістан жоғары медициналық колледжінің студенті.

Сонымен қатар 120 облыстық және 684 аудандық жеңімпаз анықталып, бұл жобаның кең ауқымын және қатысушылардың жоғары белсенділігін айқындайды.

⌛ Ойын нәтижелері туралы толық ақпарат AML Academy ресми сайтында жарияланған: amlacademy.kz

Барлық жеңімпаздар құнды сыйлықтармен марапатталады.

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🏦 Завершилась масштабная компьютерная игра «Қаржы сақшысы», проведённая в рамках нарратива «Закон и порядок» и Единой программы воспитания «Адал азамат»

Проект направлен на формирование у подростков и молодежи навыков финансовой безопасности, критического мышления и ответственности в цифровой среде.

Игра объединила 800 тыс участников со всей страны, и по её итогам определены лучшие из лучших!

➡️ Среди школьников:
🔵 Еркінқызы Аружан — ученица общеобразовательной школы села Талапкер, Целиноградский район, Акмолинская область;
🔵 Турсунова Динара Алимжановна — ученица Малыбайской средней школы, с. Малыбай, Енбекшиказахский район, Алматинская область;
🔵 Софиева Ильнура Рашитовна — ученица Малыбайской средней школы, с. Малыбай, Енбекшиказахский район, Алматинская область.

➡️Среди студентов:
🔵 Жакыпбек Нуржас Асетұлы — студент Алматинского областного колледжа инновационных технологий в сфере сервиса и питания, г. Қонаев;
🔵 Махмаджанова Азада Зиадуллаевна — студентка Мактааральского аграрного колледжа, п. Атакент, Туркестанская область;
🔵 Рахымжанов Нұрбах — студент Туркестанского высшего медицинского колледжа, г. Туркестан.

⌛ Кроме того, определены 120 областных и 684 районных победителя, что подчёркивает широкий охват и высокий уровень вовлечённости участников.

Полные результаты игры доступны на сайте AML Academy amlacademy.kz

Все победители будут награждены ценными подарками.

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🏦 Қаржылық мониторинг агенттігі 2025 жыл қорытындысы бойынша халықтың қаржылық және цифрлық сауаттылығын арттыру бағытында жүргізілген ауқымды жұмыстың нәтижелерін шығарды

Кездесуге Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Астана қаласы әкімдігінің және «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы» КММ-нің өкілдері қатысты.

🔷 Агенттіктің превенция және аналитикалық әзірлемелер департаменті басшысының орынбасары Андрей Давыдов мемлекеттік органдар мен білім беру ұйымдары арасындағы жүйелі өзара іс-қимылдың нақты әрі маңызды нәтижелер бергенін атап өтті.

✔️ «Заң және тәртіп» нарративі аясында 4 мыңнан астам профилактикалық іс-шара өткізілді, олар шамамен 4 миллион азаматты қамтыды.

Ағымдағы жылы азаматтардың қызығушылығын арттыру мақсатында коммуникацияның стандарттан тыс, заманауи форматтары енгізілді.

2026 жылы бірлескен жұмыстың қарқынын сақтап қана қоймай, заманауи креативті тәсілдерді қолдана отырып, оны одан әрі күшейту жоспарланып отыр.


Кездесу соңында салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

🔷 Іс-шараларды өткізуге белсенді қолдау көрсеткені үшін Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Астана қаласы әкімдігінің және «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшылары мен қызметкерлері Агенттік Төрағасының атынан медальдармен және алғыс хаттармен марапатталды.

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏦 Агентство по финансовому мониторингу подвело итоги масштабной работы по повышению финансовой и цифровой грамотности населения за 2025 год

На встрече приняли участие Министерство науки и высшего образования, акимат города Астаны и КГУ «Молодежный ресурсный центр Астана Жастары».

🔷 Заместитель руководителя Департамента превенции и аналитических разработок АФМ Андрей Давыдов отметил системное взаимодействие госорганов и образовательных учреждений, что дало значимый результат.

✔️ В рамках нарратива «Закон и порядок» проведено более 4 тыс профилактических мероприятий, охвативших порядка 4 млн граждан.

В текущем году для повышения заинтересованности граждан внедрены нестандартные форматы коммуникации.

В 2026 году планируется не только сохранить, но и нарастить темпы совместной работы с использованием современных креативных подходов.


В завершение встречи состоялась торжественная церемония.

🔷 За активное содействие в проведении мероприятий руководители и работники Министерства науки и высшего образования, акимата города Астаны и КГУ «Молодежный ресурсный центр Астана Жастары» награждены медалями и благодарственными грамотами от Председателя Агентства.

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏦ҚМА Қызылорда облысы бойынша департаменті цифрлық активтердің заңсыз айналымын ұйымдастыру және есірткі сатудан түскен кірістерді заңдастыру дерегі бойынша тергеуді аяқтады.

Бір жыл бойы кәсіби ақша жылыстатушылар тобы цифрлық активтерді айырбастау операцияларын жүргізген.

Криптоәмияндар арқылы өткен жалпы айналым 1,88 млрд теңгеден асты.

Сонымен қатар, күдіктілер «Fresh», «Butterfly», «CrystalOrganic», «Траутвайт НОН киви» және «SkittyShop» Telegram-арналары арқылы есірткі сатудан түскен 603 млн теңгені заңдастырған.

Схемада шетел азаматтарының атына тіркелген дроп-карталардың ұйымдасқан желісі пайдаланылған.


Қылмыстық жолмен алынған табысқа күдіктілер тұрғын үй, пәтер, 5 автокөлік сатып алып, сондай-ақ отбасылық мейрамхана салған.

🔨 Соттың санкциясымен аталған мүлікке тыйым салынды.

Қылмыстық іс сотқа жолданды.

🚨 Екі күдікті қамауға алынды.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Материалдарға сілтеме: https://disk.yandex.ru/d/MpREz9ddwM-apg

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏦 Департаментом АФМ по Кызылординской области окончено расследование по факту организации незаконного оборота цифровых активов и легализации доходов, полученных от продажи наркотиков

В течение года группа профессиональных отмывателей осуществляла операции по обмену цифровых активов.

Общий оборот по криптокошелькам превысил 1,88 млрд тенге.

Кроме того, подозреваемыми легализовано 603 млн тенге, полученных от реализации наркотиков через Telegram-каналы «Fresh», «Butterfly», «CrystalOrganic», «Траутвайт НОН киви» и «SkittyShop».

В схеме использовалась организованная сеть дроп-карт, зарегистрированных на иностранных граждан.


На преступные доходы подозреваемыми приобретены жилой дом, квартира, 5 автомашин, а также построен семейный ресторан.

🔨 С санкции суда на указанное имущество наложен арест.

Уголовное дело направлено в суд.

🚨 Двое подозреваемых помещены под стражу.

В соответствии со ст.201 УПК РК иная информация разглашению не подлежит.

Ссылка на материалы: https://disk.yandex.ru/d/MpREz9ddwM-apg

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏦Агентством по финансовому мониторингу продолжается расследование в отношении руководителей стоматологических клиник и иных лиц по фактам незаконного вывода накоплений граждан из АО «Единый накопительный пенсионный фонд»

Напомним, пенсионные накопления выводились посредством заключения формальных договоров об оказании стоматологических услуг с последующим предоставлением подложных медицинских документов.

За указанное содействие подозреваемые удерживали незаконное вознаграждение в размере от 10% до 20% от снятых средств.

В преступной схеме задействованы 42 стоматологические клиники.

Всего ими выведено свыше 200 млрд тенге.

На преступные доходы подозреваемые приобрели элитное движимое и недвижимое имущество, а также открыли новые стоматологические клиники, оформив их с целью сокрытия на третьих лиц.

Одиннадцать подозреваемых помещены под стражу сроком на 2 месяца, в отношении троих избрана мера пресечения в виде домашнего ареста.

Кроме того, за систематические незаконные вознаграждения врачи медицинских учреждений выдавали фиктивные заключения врачебно-консультационных комиссий, общая сумма полученных средств от подозреваемых составила 30 млн тенге.


По данным фактам начат ряд досудебных расследований.

‼️Как сообщалось ранее, граждане, получившие собственные пенсионные отчисления, не находятся в орбите уголовного преследования.

В соответствии со ст.201 УПК РК иная информация разглашению не подлежит.

Ссылка на материалы: https://disk.yandex.ru/d/zI8I5JQhQz6b1w

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏦Қаржылық мониторинг агенттігі «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-дан азаматтардың жинақтарын заңсыз шығару деректері бойынша стоматологиялық клиникалардың басшылары мен өзге де адамдарға қатысты тергеп-тексеруді жалғастыруда

Зейнетақы жинақтары стоматологиялық қызметтер көрсету туралы формальды шарттар жасасу және кейіннен жалған медициналық құжаттар ұсыну арқылы шығарылғанын еске саламыз.

Аталған көмек үшін күдіктілер алынған қаражаттың 10%-дан 20%-ға дейінгі мөлшерінде заңсыз сыйақы ұстап отырған.

Қылмыстық схемаға 42 стоматологиялық клиника тартылған.

Жалпы сомасы 200 млрд теңгеден астам қаражат шығарылған.

Қылмыстық жолмен алынған табыстарға күдіктілер элиталық жылжымалы және жылжымайтын мүлік сатып алып, сондай-ақ жасыру мақсатында үшінші тұлғалардың атына рәсімдеп, жаңа стоматологиялық клиникалар ашқан.

Он бір күдікті 2 ай мерзімге қамауға алынды, ал үшеуіне қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Сонымен қатар, жүйелі түрде заңсыз сыйақы алу үшін медициналық мекемелердің дәрігерлері дәрігерлік-консультациялық комиссиялардың (ДКК) жалған қорытындыларын берген, күдіктілерден алынған қаражаттың жалпы сомасы 30 млн теңгені құрады.


Аталған фактілер бойынша бірқатар сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды.

‼️Бұған дейін хабарланғандай, өз зейнетақы аударымдарын алған азаматтар қылмыстық қудалау аясына түспейді.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Материалдарға сілтеме: https://disk.yandex.ru/d/zI8I5JQhQz6b1w

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏦 Қаржылық мониторинг агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті «HAS» қаржы пирамидасының қызметінен зардап шеккен азаматтардың өтініштері негізінде жаңа эпизодтар бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады

Бұған дейін сот қаржылық пирамиданы ұйымдастырушыларын 6 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кескен болатын.

Жәбірленушілерге келтірілген залалды өтеу мақсатында салымшылардың қаражатына сатып алынған, жалпы құны 1,2 млрд теңгеден асатын мүлік соттың шешімімен өндіріп алуға жіберілді.

Өндіріп алынған активтердің қатарында 4 пәтер, 18 автокөлік, 3 жер учаскесі, автотұрақ орындары, тұрғын емес үй-жай және банк шоттарындағы ақшалай қаражат бар.

Сот орындаушылары жәбірленушілерге 300 млн теңге көлемінде төлемдер жүргізді.


✔️ Қазіргі уақытта жалпы сомасы 821 млн теңгеден асатын залалмен 125-тен астам жәбірленушіден арыз түсті.

➡️ Сонымен қатар, салымшылардың қаражаты есебінен ұйымдастырушы елорда аумағында орналасқан, құны 525 млн теңге болатын жер учаскелерімен бірге «A.D.A.M. group» ЖШС-ін сатып алғаны анықталды. Аталған мүлік оны жасыру мақсатында ұйымдастырушының танысының атына рәсімделген.

👨‍⚖️ Соттың санкциясымен көрсетілген мүлікке тыйым салынды.

🔴 Ағымдағы жылдың 6 қаңтарында күдіктілердің әрекеттері қайта сараланып, оларға ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған басшылық ету, қаржылық пирамиданы ұйымдастыру және жарнамалау, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған ақша мен мүлікті заңдастыру баптары бойынша айып тағылды.

Тергеу жалғасуда.

‼️ Қаржылық мониторинг агенттігі «HAS» қаржы пирамидасының қызметінен зардап шеккен азаматтарды аумақтық бөлімшелерге арызбен жүгінуге шақырады.

Материалдарға сілтеме: https://disk.yandex.ru/d/DJQCSSLoy8wBHg

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏦 Департаментом АФМ по Павлодарской области по заявлениям пострадавших от деятельности финансовой пирамиды «HAS» начато расследование по новым эпизодам

Напомним, ранее суд приговорил организаторов пирамиды к лишению свободы на сроки от 6 до 12 лет.

В счет возмещения ущерба потерпевшим судом обращено взыскание на имущество стоимостью свыше 1,2 млрд тенге, приобретенное на средства вкладчиков.

В числе взысканных активов — 4 квартиры, 18 автомобилей, 3 земельных участка, парковочные места, нежилое помещение и денежные средства на счетах.

Судебные исполнители уже произвели выплаты потерпевшим в сумме 300 млн тенге.



✔️ В настоящее время поступило 125 заявлений от потерпевших с суммой ущерба свыше 821 млн тенге.

➡️ Кроме того, за счет средств вкладчиков организатором приобретено ТОО «A.D.A.M. group» с земельными участками в столице стоимостью 525 млн тенге, оформленное с целью сокрытия на его друга.

👨‍⚖️ С санкции суда на указанное имущество наложен арест.

🔴 6 января текущего года деяния подозреваемых квалифицированы: им инкриминируются создание организованной преступной группы, руководство финансовой пирамидой, ее реклама, а также легализация денег и имущества, полученных преступным путем.

Расследование продолжается.

‼️ Агентство по финансовому мониторингу призывает граждан, пострадавших от деятельности финансовой пирамиды «HAS», обратиться с заявлением в территориальные подразделения.

Ссылка на материалы: https://disk.yandex.ru/d/DJQCSSLoy8wBHg

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🏦 ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі 2025 жылы халықтың қаржылық және цифрлық қауіпсіздігін арттыру бағытында жүргізілген ауқымды жұмыстың қорытындысын шығарды

«Заң және тәртіп» қағидаты аясында 4 мыңнан астам профилактикалық іс-шара өткізіліп, шамамен 4 млн азамат қамтылды.

Азаматтардың қызығушылығын арттыру мақсатында коммуникацияның заманауи әрі креативті форматтары енгізілді.

🔴 2025 жылғы негізгі нәтижелер:

• Жылдың алғашқы алты айында қаржылық қауіпсіздік бойынша Ұлттық олимпиада өткізілді. Оған 3,5 мың студент қатысты.

Олимпиада қарсаңында 2 мың мектепте және 1,5 мың жоғары оқу орны мен колледжде қаржылық қауіпсіздік сабақтары ұйымдастырылып, 800 мыңнан астам оқушы мен студент қамтылды.

• 2025 жылдың маусым және қараша айларында «АФМ online 2025: XXI ғасырдың қаржылық триггерлері» және «AFM Digital Lessons» – ҚМА-нің цифрлық қауіпсіздік сабақтары» атты республикалық форумдар өткізілді.

Сабақтар интерактивті форматта, онлайн-сауалнамалар мен жасанды интеллект қолданылған квиз-тапсырмалар және заманауи графикалық эффектілер арқылы өтті.

Іс-шараларға танымал әртістер, блогерлер мен медиа тұлғалар тартылды.

Нәтижесінде 90 ЖОО мен 263 колледжден 164 мың студент, сондай-ақ 16 мыңға жуық бюджеттік ұйым қызметкерлері қамтылды.

Серіктестер ретінде Астана қаласының әкімдігі, Ғылым және жоғары білім министрлігі және «zakon.kz» ақпараттық порталы қатысты.

• Сонымен бірге «Заңды күлкі» тақырыбымен «Жайдарман» КВН ойыны екі рет ұйымдастырылып, оған елдің 12 үздік командасы қатысты. Ойындарды шамамен 3 мың көрермен тамашалады.

• 2025 жылдың тамыз айында ҚМА «Қарызсыз қоғам» жобасымен бірлесіп елордада 1 мыңға жуық зейнеткер мен несие жүктемесі бар азаматтарға арналған оқыту семинары мен консультациялар өткізді.

Спикерлер қаржылық пирамидалар, интернет-алаяқтық және заңсыз микроқаржы ұйымдарының қауіптері туралы түсіндірді.

• Күзде «FinIQ – 2025» қаржылық қауіпсіздік бойынша республикалық онлайн-диктант өткізілді. Оған 2,8 млн азамат қатысып, оның ішінде 1,3 млн-ы оқушылар мен студенттер болды.

• 2025 жылдың 1–15 желтоқсан аралығында қаржылық қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған «Qarzhy Saqshysy» республикалық компьютерлік ойыны өткізілді. Ойынға еліміздің барлық өңірлерінен 10–11 сынып оқушылары мен колледждердің 1–2 курс студенттерінен 800 мыңнан астам жас қатысты.

• Қызылорда қаласында ҚМА бастамасымен «Заң мен тәртіп – ел тұғыры» тақырыбында облыстық ақындар айтысы өтті. Сөз додасында заң үстемдігі, қаржылық алаяқтық, дропперлер сынды өзекті тақырыптар жырмен жеткізілді.

• Балаларға арналған «Қошқар мен Теке» атты қаржылық қауіпсіздік тақырыбындағы анимациялық мультфильмдер циклі әзірленді, қазіргі кезде олардың жалпы қаралымы әлеуметтік желіде 200 мыңнан асады.

• Қаржы пирамидаларының құрбандары туралы деректі фильмдер сериясы («HAS пирамидасы туралы», «Ақшаның соңынан қуғандар», «Пирамидалық тәуелділік пе, әлде аңғалдық па?») жарық көрді. Фильмдерді шамамен 200 мың көрермен көріп үлгерді.

✔️ Танымал актерлер мен блогерлердің қатысуымен қаржы пирамидаларына, онлайн-казиноға, дропперлікке және өзге де заңсыз қаржы схемаларға қарсы бағытталған бірқатар профилактикалық бейнероликтер әзірленді. Контент 3,5 млн-нан астам қаралым жинады.

➡️ 2026 жылы Агенттік халықтың қаржылық қауіпсіздігін арттыруға және қаржылық тәуекелдерге қарсы тұрақты дағдыларды қалыптастыруға бағытталған заманауи әрі креативті тәсілдерді қолдана отырып, аталған жұмысты одан әрі күшейту жоспарлануда.



📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🏦 Агентством по финансовому мониторингу подведены итоги масштабной работы по повышению финансовой и цифровой безопасности населения за 2025 год

В рамках нарратива «Закон и порядок» проведено более 4 тысяч профилактических мероприятий, охвативших порядка 4 млн граждан.
Для повышения заинтересованности граждан внедрены нестандартные форматы коммуникации.

🔴 Ключевые итоги работы 2025 года:

• В первом полугодии проведена Национальная олимпиада по финансовой безопасности, в которой приняли участие 3,5 тыс студентов.

В её преддверии проведены уроки финансовой безопасности в 2 тыс школах и 1,5 тыс ВУЗов и колледжей, охвачены свыше 800 тыс учащихся.

• В июне и ноябре т.г. проведены республиканские форумы «АФМ online 2025: Финансовые триггеры XXI века» и «AFM Digital Lessons» - уроки цифровой безопасности от АФМ».

Занятия проходили в интерактивном формате с онлайн-опросами и квиз-заданиями с использованием ИИ (офицер – AI ДОС) и новейших графических эффектов. Привлечены известные артисты, блогеры и медийные личности.

Охвачено 164 тыс учащихся из 90 ВУЗов и 263 колледжей, а также порядка 16 тыс работников бюджетных организаций. Партнерами выступили Акимат г.Астана, МНВО и новостной портал «Zakon.kz».

• В течение года дважды организована игра КВН «Жайдарман» на тему «Заңды күлкі» с привлечением 12 лучших команд страны, которую посетили около 3 тыс граждан.

• В августе 2025 года АФМ совместно с проектом «Қарызсыз қоғам» в столице организованы обучающие семинары и консультации для почти 1 тыс пенсионеров и закредитованных граждан. Спикеры рассказали об угрозах финансовых пирамид, интернет-мошенничества и незаконных микрофинансовых организаций.

• Осенью проведен республиканский онлайн-диктант по финансовой безопасности «FinIQ - 2025», в котором приняли участие 2,8 млн граждан, из которых 1,3 млн — студенты и школьники.

• С 1 по 15 декабря 2025 года проведена республиканская компьютерная игра «Qarzhy Saqshysy», направленная на повышение уровня финансовой безопасности. Участие приняли более 800 тыс учащихся 10-11 классов и студенты 1-2 курсов колледжей со всех регионов страны.

• В Кызылорде по инициативе АФМ состоялся областной Айтыс акынов на тему «Заң мен Тәртіп – ел тұғыры» . В стихотворной форме затронуты актуальные темы – уважение к закону и финансовая грамотность.

• Для детей запущен показ мультфильма о финансовой безопасности «Қошкар мен Теке», который уже получил охват в 200 тыс просмотров.

• Запущены серии документальных фильмов о жертвах финансовых пирамид («О пирамиде HAS», «В погоне за деньгами», «Пирамидная» зависимость или наивность?»). Картины набрали почти 200 тыс просмотров.

✔️ Совместно с известными актерами и блогерами реализован ряд видеопроектов, посвященных противодействию финансовым пирамидам, онлайн-казино, дроппингу и другим незаконным финансовым схемам. Общий охват аудитории превысил 3,5 млн просмотров.

➡️ В 2026 году планируется дальнейшее наращивание темпов работы с использованием современных креативных подходов, направленных на повышение уровня финансовой безопасности населения и формирование устойчивых навыков противодействия финансовым рискам.


📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады

➤ Президентке ведомствоның 2025 жылы атқарған қызметінің басты нәтижелері мен алдағы кезеңге арналған міндеттері жөнінде есеп берілді.

🟦1135 қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталып, жәбірленушілерге 141,5 миллиард теңге өтелген. 128 миллиард теңгеден астам қаражатты қолма-қол ақшаға айырбастаумен шұғылданған 15 қылмыстық топ пен 29 алаңның көзі жойылды.

🟦Есірткі сатудан және алаяқтық жолмен тапқан ақшаны жылыстатқан 22 астыртын криптоалмасу қызметіне тосқауыл қойылды. Есірткі табысын заңдастыруға қатысы бар 1,1  мыңнан астам заңсыз онлайн криптовалюта айырбастау қызметі мен 20  мың дроп‑карта бұғатталды.

🟦Қаржы секторында заңсыз кірісті жылыстатумен айналысты деген күдікке іліккен 2  мың компаниямен және 56 мың адаммен іскерлік қарым-қатынас тоқтатылды.

🟦53 инфрақұрылымдық жоба бойынша 264,2 миллиард теңге бюджет қаржысын негізсіз шығындауға, тауар биржасы басшылығының 2 миллиард теңге заңсыз сыйақы алу схемасына тосқауыл қою арқылы әлеуметтік маңызы бар көмір бағасының спекулятивтік өсуіне жол берілмеді.

🟦Агенттік қызметкерлері контрабандалық жолмен шетелге 102  мың тонна бензин шығару әрекетін әшкерелеп, жанар-жағармай тапшылығының алдын алды.

🟦 Халықты онлайн-казинолардан сақтандыру шаралары жөнінде мәлімет берілді. Атап айтқанда, төлем қызметтерін ұсынатын 35 ұйымның көмегімен 2,1 триллион теңге қаражат заңсыз айналымда жүргені анықталды.

🟦Табиғи ресурстарды барлау жұмыстарын атқармаса да, 437 жер қойнауын пайдаланушыға 625 жер телімін беру, сондай-ақ 382 мың тоннадан астам заңсыз өндірілген пайдалы қазбаны шығару фактілері тіркелді.

🟦 МӘМС жүйесінде көрсетілген қызметтердің санын қолдан көбейту, соның ішінде қайтыс болған адамдарға жалған медициналық көмек көрсету арқылы 26 миллиард теңге шығын келтіру фактісі мәлім болды.

📌Мемлекет басшысы Агенттік қызметінің негізгі бағыттары бойынша бірқатар тапсырма берді.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Касым-Жомарт Токаев принял председателя Агентства по финансовому мониторингу Жаната Элиманова

➤ Президент заслушал отчет об основных итогах деятельности ведомства за 2025 год и задачах на предстоящий период.

🟦Завершено расследование 1135 уголовных дел, потерпевшим возмещено 141,5 млрд тенге, ликвидировано 15 преступных групп и 29 площадок, занимавшихся незаконным обналичиванием денежных средств, с оборотом свыше 128 млрд тенге.

🟦Пресечена деятельность 22 теневых криптообменников, отмывавших доходы от наркоторговли и мошенничества. заблокировано более 1,1 тыс. незаконных онлайн-сервисов по обмену криптовалюты и 20 тыс. дроп-карт, участвовавших в легализации наркодоходов.

🟦Финансовым сектором расторгнуты деловые отношения с 2 тыс. компаний и 56 тыс. лиц по подозрению в отмывании преступных доходов.

🟦Предотвращены необоснованные бюджетные расходы по 53 инфраструктурным проектам на 264,2 млрд тенге, не допущен спекулятивный рост цен на социальный уголь путем пресечения схемы получения руководством товарной биржи незаконных вознаграждений на 2 млрд тенге.

🟦Предотвращен дефицит ГСМ через изобличение контрабандного вывоза за рубеж 102 тыс. тонн бензина.

🟦Доложено о мерах по защите населения от вовлечения в онлайн-казино. Вскрыты криминальные потоки на 2,1 трлн тенге при пособничестве 35 платежных организаций.

🟦Установлены случаи выдачи 625 земельных участков 437 недропользователям, не осуществляющим разведку природных ресурсов, а также вывоза свыше 382 тыс. тонн незаконно добытых полезных ископаемых.

🟦Выявлены системные факты искусственного завышения количества оказанных услуг по линии ОСМС на 26 млрд тенге, в том числе случаи фиктивного оказания медицинской помощи умершим лицам.

📌По итогам встречи Глава государства дал ряд поручений по ключевым направлениям деятельности Агентства.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏦 Назар аударыңыз! Іздеу жарияланады!

Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі Қазақстан Республикасының азаматы 1995 жылғы 18 қыркүйекте туған, Қамза Қайсар Бақытжанұлына халықаралық іздеу жариялады.

👨‍⚖️ Сотпен оған қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланған.

Ол заңсыз ойын бизнесіне жәрдемдесті деген күдікке ілінуде.

Күдікті 5 жыл бойы «Instagram» әлеуметтік желісінде, «qais_arr» атауымен (2,4 млн жазылушы) белсенді блогерлік қызмет жүргізіп, сондай-ақ «Telegram»-дағы «Қора энтертейнмэнт» жабық арнасын (368 мың жазылушы) басқарған.

Күдікті әлеуметтік желілердегі жеке аккаунттарын пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының азаматтары үшін «Pinco» сайтында тіркелуге және құмар ойындарға қатысуға бағытталған тікелей сілтемелерді, графикалық элементтерді және үндеулерді қамтитын бейнематериалдар мен жарияланымдарды жүйелі түрде орналастырған. Сонымен қатар бейнероликтердің астында пайдаланушыларға бонус беретін жеке промокодын көрсеткен.


🔴 Осылайша, Қамза Қ.Б. азаматтарды құмар ойындарға тартуға бағытталған онлайн-платформаны жарнамалап, ойын платформасынан сыйақылар, бонустар немесе пайыздық аударымдар түрінде табыс алып отырған.

Заңсыз жолмен алынған кірістерді жасыру мақсатында күдікті криптоәмиянды пайдаланған. Оған «Pinco» интернет-казиносының ұйымдастырушыларынан төлемдер түсіп отырған.

🔨 Сот санкциясымен 182 736,741 USDT көлеміндегі криптоактивтерге тыйым салынды.

📍 Егер Сізге іздеуде жүрген тұлғаның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат белгілі болса, Қаржылық мониторинг агенттігіне келесі байланыс нөмірлері арқылы хабарлауыңызды сұраймыз:
+7 7172 70 84 78 — кезекші бөлім.

📞 Call-center: 1458

Материалдарға сілтеме: https://disk.yandex.ru/d/90uLk4MAcODRvw
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM