AGROPRESS
2.01K subscribers
12.4K photos
517 videos
1 file
4.61K links
📍ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми парақшасы

📍Официальная страница Министерства сельского хозяйства РК

📍 Official page of the Ministry of Agriculture of the Republic of Kazakhstan
Download Telegram
AGROPRESS
Photo
🔹Агроөнеркәсіп кешенінің экспорттық әлеуеті артып келеді

📍Қазақстан ауыл шаруашылығы шикізаты мен оны өңдеу арқылы алынатын өнімдердің экспортын ұлғайтуда. Әсіресе, жекелеген тауар түрлері бойынша экспорт өсімі жалпы экспорттың өсу қарқынынан едәуір жоғары.

Оның ішінде ерекше атап өтерлігі күнбағыс майы. Қаңтар–тамыз айларында экспорттық түсім 48,5%-ға өсіп, 672,8 млн АҚШ долларына жетті.

Ал өнім көлемі 35,9%-ға ұлғайып, 611,4 мың тоннаны құрады. Өткен жылы Қазақстан күнбағыс майын экспорттаушы әлемдегі үздік алты елдің қатарына еніп, Қытай нарығына жеткізушілер арасында екінші орынға шықты.

Сондай-ақ күнбағыс күнжарасын экспорттау бойынша Еуропалық одақ пен Қытайға өнім жеткізетін үш ірі елдің қатарына қосылды. Бұған қоса, Қазақстан Орталық Азия елдерінің осы өнімге деген сұранысының едәуір бөлігін қамтамасыз етіп отыр.

Астық саласында да өсім қарқынды. Бидай экспорты 26,5%-ға артып, 1,25 млрд АҚШ долларына жетті. Шетелге 5,5 млн тоннадан астам астық жөнелтілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 13,8%-ға жоғары.

Астықты терең өңдеу арқылы алынатын өнімдердің экспорты да артуда. Бидай және бидай-қарабидай ұны экспортының түсімі 36%-ға өсіп, 400 млн АҚШ долларын құрады. Ал өнім көлемі 22,8%-ға артып, 1,38 млн тоннаға жетті.

Экспорт қарқыны жоғары тауарлардың тағы бірі – зығыр тұқымы. Сегіз айда 2,3 есе өсіп, 387,8 млн АҚШ долларына жетті. Ал шетелге жөнелтілген өнім көлемі 2,5 есе ұлғайып, 780,8 мың тоннаны құрады.

Жануарларға арналған дайын жемшөп өнімдерінің экспорты да өсім қатарын толықтырып, 60,8%-ға артып, 577,6 млн АҚШ долларына жетсе, өнім 44,2%-ға ұлғайды.

Жалпы, күнбағыс майы, ұн және жануарларға арналған дайын жемшөп өнімдерінің экспорты 1,65 млрд АҚШ долларын құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда осы үш аталым бойынша экспорттық түсім 48%-ға артқан.

Бұл Қазақстан экспортының құрылымы біртіндеп өзгеріп, қосылған құны жоғары өңделген өнімдердің үлесі артып келе жатқанының айқын дәлелі. Яғни еліміз ауыл шаруашылығы шикізатын сыртқа сатумен ғана шектелмей, дайын өнімге айналдырып, халықаралық нарықтағы орнын нығайта түсті.
AGROPRESS
🔹Агроөнеркәсіп кешенінің экспорттық әлеуеті артып келеді 📍Қазақстан ауыл шаруашылығы шикізаты мен оны өңдеу арқылы алынатын өнімдердің экспортын ұлғайтуда. Әсіресе, жекелеген тауар түрлері бойынша экспорт өсімі жалпы экспорттың өсу қарқынынан едәуір жоғары.…
🔹Агропромышленный комплекс демонстрирует заметную динамику

📍Казахстан увеличивает поставки как сельскохозяйственного сырья, так и продукции его переработки. Причём по ряду товарных позиций темпы роста значительно превышают общую динамику экспорта.

Одним из наиболее быстрорастущих направлений стало подсолнечное масло. За январь–август его экспорт увеличился на 48,5%, достигнув 672,8 млндолларов. В физическом выражении поставки выросли на 35,9%, до 611,4 тыс. тонн. По итогам 2025 года Казахстан вошел в ТОП-6 мировых экспортеров подсолнечного масла, занял второеместо среди поставщиков в Китай.

По экспорту подсолнечного шрота страна вошла в тройку крупнейших поставщиков в Европейский союз и Китай, обеспечивает значительную частьпотребностей стран Центральной Азии.

Положительную динамику показывает и зерновой сектор. Экспорт пшеницы вырос на 26,5%, до 1,25 млрд долларов. За рубеж поставлено более 5,5 млнтонн зерна, что на 13,8% превышает показатель аналогичного периода прошлого года.

Одновременно увеличиваются поставки продукции переработки зерна. Экспорт пшеничной и пшенично-ржаной муки достиг 400 млн долларов, прибавив 36%. В натуральном выражении поставки выросли на 22,8%, до 1,38 млн тонн. Ещё одним заметным направлением стали семена льна. За восемь месяцев их экспорт в денежном выражении вырос в 2,3 раза, до 387,8 млн долларов. При этом физические объёмы поставок увеличились в 2,5 раза, достигнув 780,8 тыс. тонн.

Существенно вырос и экспорт готовых продуктов для кормления животных.
Стоимость поставок увеличилась на 60,8%, до 577,6 млн долларов, а физические объёмы — на 44,2%.

В совокупности экспорт подсолнечного масла, муки и готовых продуктов для кормления животных достиг 1,65 млрд долларов. По сравнению с аналогичным периодом прошлого года поставки этих трех категорий в денежном выражении выросли примерно на 48%. Это один из показателей расширения экспорта продукции с добавленной стоимостью.
#АптаныңАйшықтыОқиғалары
#ГлавныеСобытияНедели
#Дайджест

🔹Қазақстан 2028 жылға қарай май өнімдерінің экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

🔸Казахстан намерен увеличить экспорт масложировой продукции до $1,5 млрд к 2028 году

🔹Қостанай даласынан әлемдік деңгейге дейін: қазақстандық ФАО-ның «100 қаһарман әйел» қатарына енді

🔸От костанайских степей до мирового признания: казахстанка вошла в число «100 героинь ФАО»

🔹Ақмола облысында балық өсіру және өңдеу кешені іске қосылады

🔸В Акмолинской области в 2027 году планируют запустить комплекс по выращиванию и переработке рыбы

🔹Қазақстан ФАО-ның Римдегі су диалогында тозған жерлерді қалпына келтіру тәжірибесін таныстырды

🔸Казахстан представил опыт восстановления деградированных земель на Римском водном диалоге ФАО

🔹Алматы облысында жылына 8 мың тоннаға дейін азық-түлік өндірісіне қажетті қоспалар шығаратын зауыт ашылды

🔸В Алматинской области запустили завод по производству пищевых ингредиентов мощностью до 8 тысяч тонн в год
AGROPRESS
#АптаныңАйшықтыОқиғалары #ГлавныеСобытияНедели #Дайджест 🔹Қазақстан 2028 жылға қарай май өнімдерінің экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр 🔸Казахстан намерен увеличить экспорт масложировой продукции до $1,5 млрд к 2028 году 🔹Қостанай даласынан…
🔹Қазақстан мен Нидерланд ауыл шаруашылығын дамытуға жаңа серпін бермек

🔸Казахстан и Нидерланды расширяют взаимодействие в сфере АПК

🔹Қазақстандық витграсс шырыны Ресей мен Біріккен Араб Әмірліктеріне экспортталады

🔸Казахстанский витграсс-сок поставляют в Россию и ОАЭ

🔹Ғалиолла Мейірман: отандық селекцияның дамуына өлшеусіз үлес қосқан ғалым

🔸Ғалиолла Мейірман: земле — труд, науке — жизнь

🔹Бидайды кебек ретінде өткізу әрекетінің жолы кесілді

🔸Пресечен ввоз пшеницы под видом отрубей

🔹Қазақстанда 846,5 мың тонна ет өндірілді

🔸В Казахстане произведено 846,5 тыс. тонн мяса

🔹Бүгін дүниежүзілік нан күні: Қазақстанның астық әлеуеті мен нан өндірісі

🔸Сегодня Всемирный день хлеба: зерновой потенциал и производство хлеба в Казахстане

🔹В Казахстане заготовлено более 42 млн тонн кормов

🔸Қазақстанда 42 млн тоннадан астам мал азығы дайындалды

🔹Қазақстан асыл тұқымды мал шаруашылығының әлеуетін арттыруда: 50 мың бас асыл тұқымды мал жеткізілді

🔸Казахстан наращивает племенной потенциал животноводства: будет завезено 50 тысяч голов скота

🔹Адам еңбегін роботтар алмастырған: Ақмола облысында заманауи сүт фермасы іске қосылды

🔸Вместо людей роботы: современную МТФ запустили в Акмолинской области

🔹Агроөнеркәсіп кешенінің экспорттық әлеуеті артып келеді

🔸Агропромышленный комплекс демонстрирует заметную динамику