AGROPRESS
2.01K subscribers
12.4K photos
517 videos
1 file
4.61K links
📍ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми парақшасы

📍Официальная страница Министерства сельского хозяйства РК

📍 Official page of the Ministry of Agriculture of the Republic of Kazakhstan
Download Telegram
🔹Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Сіздерді келе жатқан Жаңа 2026 жылмен шын жүректен құттықтайды!

📍Өткен жыл аграрлық сала үшін жауапты міндеттер мен маңызды жетістіктерге толы болды. Сіздердің табанды еңбектеріңіздің арқасында елдің азық-түлік қауіпсіздігі қамтамасыз етіліп, ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту, экспорттық әлеуетті арттыру және заманауи агротехнологияларды енгізу бағытында нақты нәтижелерге қол жеткізілді.

Жаңа жылда да бірлескен еңбегіміз жалғасын тауып, агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуына, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға және еліміздің экономикалық қуатын нығайтуға бағытталған игі істер жүзеге асады деп сенеміз.

Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге толағай табыс, жаңа бастамалар мен жарқын жетістіктер тілейміз!

Жаңа жыл құтты болсын!

Құрметпен,
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі