AGROPRESS
2.02K subscribers
12.5K photos
517 videos
1 file
4.61K links
📍ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми парақшасы

📍Официальная страница Министерства сельского хозяйства РК

📍 Official page of the Ministry of Agriculture of the Republic of Kazakhstan
Download Telegram
AGROPRESS
Photo
🔹ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ұжымы Родина ауылына барды

📍ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің қызметкерлері Ақмола облысы Целиноград ауданындағы Родина ауылына барды.
Аталған ауыл БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) Villages Recognition Initiative халықаралық бастамасы аясында үздік деп танылған ауылдық елді мекендердің қатарына енген болатын.

Бұл бастама ауыл шаруашылығы өндірісін орнықты дамыту, инфрақұрылымды жетілдіру және тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыру бағытында нәтижелі жұмыс атқарып отырған ауылдық аумақтарды анықтап, олардың тәжірибесін мойындауға бағытталған.

Родина ауылының тәжірибесі ауыл шаруашылығы кәсіпорнының табысты жұмысы мен елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық дамуы өзара сабақтас екенін көрсетеді.

Сапар барысында Министрлік қызметкерлері ауылдағы өндірістік және әлеуметтік нысандарды, инфрақұрылым мен абаттандыру жұмыстарын көріп, олардың тыныс-тіршілігімен танысты.

Соның ішінде егін және тұқым шаруашылығын, мал шаруашылығын, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу бағыттарын қатар дамытып отырған көпсалалы «Родина Агрофирмасы» серіктестігінде болды.

Кәсіпорынды аралау барысында аталған серіктестік Бас директоры Иван Сауэр өндірістің негізгі бағыттары туралы айтып берді. Ол ауыл шаруашылығында қолданылатын заманауи технологиялармен, ірі қара малды күтіп-бағу және сауу жүйесімен таныстырып, өнім өндіру мен оны қайта өңдеудің негізгі кезеңдерін көрсетті.

Агрофирманың қызметі тек өндірістік көрсеткіштермен шектелмейді. Кәсіпорын ауылдағы білім беру, мәдениет және спорт нысандарына қолдау көрсетіп, елді мекенді абаттандыруға және тұрғындарға қолайлы жағдай жасауға да тұрақты түрде атсалысып келеді.

«Біз үшін кәсіпорынның ауылмен бірге дамуы аса маңызды. Кез келген өндірістік жетістіктің негізінде адамдардың еңбегі тұр. Олар — біздің қызметкерлеріміз, олардың отбасылары және осы аумақта тұратын тұрғындар. Сондықтан біз өндірістің тиімділігіне ғана емес, адамдардың жайлы өмір сүруіне де жағдай жасауға ұмтыламыз. Әлеуметтік нысандарды қолдап, ауылдың дамуына өз үлесімізді қосу — біздің адамдар мен туған жер алдындағы жауапкершілігіміз», — деді серіктестік Бас директоры Иван Сауэр.

Сапар барысында кәсіпорынның тұрақты жұмысын қамтамасыз етіп отырған еңбек ұжымына да ерекше көңіл бөлінді.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі аппаратының басшысы Сергей Ли агрофирма директорының орынбасары Андрей Веревкинге «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісін табыс етті.

Сондай-ақ машиналық сауу операторлары Айгерим Абдилдина, Марина Росщупкина және Кристина Улас, слесарьлар Валерий Губарев пен Иван Савченко және кәсіпорын қызметкері Ирина Маслина Ауыл шаруашылығы министрінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

«Ауыл шаруашылығындағы әрбір жетістіктің артында маңдай терін төгіп, күн сайын еңбек етіп жүрген адамдар бар. Олардың кәсібилігі мен жауапкершілігі — өндірістің тұрақты дамуының басты негіздерінің бірі. Бүгін біз өз еңбегімен кәсіпорынның ғана емес, тұтас елдің аграрлық саласының дамуына үлес қосып жүрген мамандарды марапаттадық. Осындай азаматтардың еңбегін бағалап, лайықты деңгейде құрмет көрсету маңызды», — деді Сергей Ли.

Министрлік қызметкерлері үшін бұл сапар ауылдың нақты тәжірибесімен танысып, оның дамуына бағытталған тиімді шешімдерді зерделеуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар сапар барысында аграрлық сектордың өзекті мәселелері талқыланып, өзара тәжірибе алмасты.
Сапардың тағы бір маңызды бөлігі ұжым мүшелерінің бейресми жағдайда пікір алмасып, өзара тәжірибе бөлісуіне арналды.

🔹Коллектив МСХ РК посетил село Родина

📍Сотрудники Министерства сельского хозяйства посетили село Родина Целиноградского района Акмолинской области, вошедшее в число сельских населённых пунктов, отмеченных в рамках международной инициативы Продовольственной и сельскохозяйственной организации ООН (ФАО) Villages Recognition Initiative.

Инициатива направлена на выявление и признание сельских территорий, демонстрирующих успешные практики устойчивого роста сельскохозяйственного производства, совершенствования инфраструктуры и создания достойных условий для жизни населения.
AGROPRESS
Photo
Опыт Родины наглядно демонстрирует синергию успехов агрофирмы с последовательным преображением самого села.

В ходе поездки сотрудники Министерства ознакомились с производственными и социальными объектами, инфраструктурой села.
Центральной площадкой визита стала ТОО «Агрофирма «Родина» — многоотраслевое сельскохозяйственное предприятие, развивающее растениеводство, семеноводство, животноводство, производство и переработку сельскохозяйственной продукции.

Экскурсию по предприятию провёл Генеральный директор ТОО «Агрофирма «Родина» Иван Сауэр. Он рассказал о производственных процессах, современных технологиях содержания и доения крупного рогатого скота, а также показал основные этапы производства и переработки сельскохозяйственной продукции.

При этом деятельность агрофирмы не ограничивается производственными задачами. Предприятие участвует в поддержке объектов образования, культуры и спорта, благоустройстве села и создании условий для комфортной жизни жителей.

«Для нас важно, чтобы предприятие развивалось вместе с селом. За производственными показателями всегда стоят люди — наши сотрудники, их семьи, жители территории. Поэтому мы стараемся создавать условия не только для эффективной работы, но и для комфортной жизни, поддерживать социальные объекты и участвовать в развитии села. Это часть нашей ответственности перед людьми и территорией», — отметил Генеральный директор ТОО «Агрофирма «Родина» Иван Сауэр.

Отдельное внимание в ходе визита было уделено людям, которые своим ежедневным трудом обеспечивают работу предприятия.
Руководитель аппарата МСХ РК Сергей Ли вручил заместителю директора агрофирмы Андрею Веревкину ведомственную награду «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі».

Почётной грамотой министра сельского хозяйства отмечены операторы машинного доения Айгерим Абдилдина, Марина Росщупкина и Кристина Улас, слесари Валерий Губарев и Иван Савченко, а также работник предприятия Ирина Маслина.

«За каждым результатом в сельском хозяйстве стоят люди — их ежедневный труд, профессионализм и ответственность. Сегодня мы отмечаем специалистов, которые своим трудом вносят вклад в развитие предприятия и страны в целом. Именно такие люди являются основой аграрного производства, и важно, чтобы их труд получал заслуженное признание», — отметил Сергей Ли.

Для сотрудников Министерства визит стал возможностью непосредственно на месте познакомиться с практическими решениями, применяемыми в развитии сельской территории, обсудить актуальные вопросы аграрного сектора и обменяться опытом.
Важной частью поездки стало и неформальное общение коллектива.