AGROPRESS
2.02K subscribers
12.5K photos
517 videos
1 file
4.61K links
📍ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми парақшасы

📍Официальная страница Министерства сельского хозяйства РК

📍 Official page of the Ministry of Agriculture of the Republic of Kazakhstan
Download Telegram
AGROPRESS
Photo
🔹Азық-түлік келісімшарт корпорациясы Оманға астық жеткізуді және Қазақстанда стратегиялық қор құруды ұсынды

📍«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Асылхан Жувашев Астанада өткен Қазақстан–Оман бизнес-форумында Қазақстанның әлеуетін тиімді пайдалана отырып, Таяу Шығысқа астық жеткізу бағыттарын әртараптандыруды және өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуды ұсынды.

Бизнес-форум Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Оман Сұлтаны Хайсам бен Тарик Әл Саидтің 5–6 қазанда Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында өтті.
Онда екі елдің өкілдері агроөнеркәсіптік кешен, логистика, мұнай-газ және химия өнеркәсібі, сондай-ақ инфрақұрылымды дамыту салаларындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Бизнес-форумда сөз сөйлеген Асылхан Жувашев Қазақстанның Оман үшін сенімді азық-түлік жеткізуші ел бола алатынын атап өтті. Қазіргі таңда корпорация қорында тұрақты түрде 2 млн тоннадан астам астық бар.

«Біз Қазақстан астығын Оман Сұлтандығына тікелей экспорттауды дамытуға мүдделіміз. Сондай-ақ жылына 200–500 мың тонна көлемінде ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасу мүмкіндігін қарастыруға дайынбыз», – деді Асылхан Жувашев.

Оның айтуынша, биылғы маусымда Қазақстанда ақуыз бен дән маңызының мөлшері жоғары, сапалы hi-pro бидайынан мол өнім алынды. Корпорация омандық серіктестерге осындай бидайды, сондай-ақ нарық сұранысына қарай басқа да астық дақылдарын тұрақты түрде жеткізуге дайын.

Оман Сұлтандығының инвесторларын, мемлекеттік органдары мен азық-түлік компанияларының өкілдерін Қазақстан бизнесімен бірлескен жобаларды жүзеге асыруға шақырған Асылхан Жувашев перспективалы бағыттардың бірі ретінде Қазақстан аумағында Оман үшін астық хабын және стратегиялық астық қорын құруды ұсынды.

«Мұндай тетік қажетті қорларды астық өндіруші елдің өзінде алдын ала қалыптастыруға, нарықтағы жағдай барынша қолайлы кезеңде астық сатып алуға және қажет болған жағдайда оны Оманға жөнелтіп отыруға мүмкіндік береді. Оман тарапы үшін бұл жеткізу көздерін әртараптандыруға және ұлттық азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға мүмкіндік беретін қосымша тетік», – деді корпорация басшысы.

Аталған елмен логистикалық ынтымақтастықты дамыту Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдерін Оңтүстік Азия мен Шығыс Африка нарықтарына шығарудың жаңа бағыттарын ашумен қатар, Орталық Азия мен Парсы шығанағы өңірі арасындағы азық-түлік жеткізілімдерінің тұрақтылығы мен сенімділігін арттырады.
AGROPRESS
🔹Азық-түлік келісімшарт корпорациясы Оманға астық жеткізуді және Қазақстанда стратегиялық қор құруды ұсынды 📍«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Асылхан Жувашев Астанада өткен Қазақстан–Оман бизнес-форумында Қазақстанның…
🔹Продкорпорация предложила Оману поставки зерна и создание стратегического резерва в Казахстане

📍Председатель правления АО «НК «Продкорпорация» Асылхан Джувашев на казахстанско-оманском деловом форуме в Астане предложил активно использовать потенциал Казахстана для диверсификации маршрутов поставок зерна на Ближний Восток и укрепления региональной продовольственной безопасности.

Форум состоялся в рамках государственного визита Султана Омана Хайсама бен Тарика Аль Саида в Казахстан 5-6 октября по приглашению Президента Касым-Жомарта Токаева. На деловой площадке представители двух стран обсудили сотрудничество в агропромышленном комплексе, логистике, нефтегазовой и химической промышленности, развитии инфраструктуры.

Выступая на бизнес-форуме, Асылхан Джувашев отметил, что Казахстан может стать для Омана надежным поставщиком продовольствия. В ресурсах Продкорпорации на постоянной основе имеется более 2 млн тонн зерна.

«Мы заинтересованы в развитии прямых экспортных поставок казахстанского зерна в Султанат Оман и готовы рассматривать возможность заключения долгосрочных контрактов объёмом от 200 до 500 тыс. тонн в год», - сообщил глава Продкорпорации.

Он также добавил, что в текущем сезоне Казахстан получил хороший урожай высококачественной пшеницы hi-pro с высоким содержанием белка и клейковины. Со своей стороны Продкорпорация готова обеспечить оманским партнерам стабильные поставки такой пшеницы, а также других зерновых культур в зависимости от потребностей рынка.

Обращаясь к инвесторам, представителям государственных структур, продовольственных компаний Султаната Оман, Асылхан Джувашев пригласил их развивать совместные с казахстанским бизнесом проекты. Одним из перспективных направлений может стать создание на территории Казахстана зернового хаба и стратегического резервного фонда зерна для Омана.

«Такой механизм позволил бы заранее формировать необходимые запасы непосредственно в стране-производителе, закупать зерно в наиболее благоприятные периоды рынка и обеспечивать его дальнейшую отгрузку в Оман по мере необходимости. Для оманской стороны это дополнительная возможность диверсифицировать источники поставок и укрепить национальную продовольственную безопасность», - сказал глава корпорации.

Развитие логистического сотрудничества с Оманом открывает для казахстанской агропродукции новые пути на рынки Южной Азии и Восточной Африки. Использование оманских портов также повысит надежность поставок продовольствия между Центральной Азией и регионом Персидского залива.
AgroPress агроөнеркәсіптік кешеннің негізгі бағыттары бойынша Instagram және TikTok-та тікелей эфирлерін жалғастырады.

📌 Эфир тақырыбы: Ауыл шаруашылығы жерлерін ұтымды пайдалану

👤 Спикер: Каженов Марат Әбубәкірұлы, ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары

🔹8 қазан, 15:00
📍 AgroPress-тің Instagram және TikTok парақшаларынан тамашалаңыз.

Сұрақтарыңызды пікірлерде немесе эфир барысында қоюға болады. Белсенділік күтеміз!

____

AgroPress продолжает прямые эфиры в Instagram и TikTok по основным направлениям агропромышленного комплекса.

📌 Тема эфира: Рациональное использование сельскохозяйственных земель

👤 Спикер: Каженов Марат Абубакирович, Заместитель Председателя Комитета по управлению земельными ресурсами МСХ РК

🔹8 октября, 15:00
📍 Смотрите на страницах AgroPress в Instagram и TikTok

Свои вопросы можете задавать в комментариях или во время эфира. Ждем вашей активности!
AGROPRESS
Photo
🔹Қазақстан селекция және тұқым шаруашылығы саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуде

📍Ауыл шаруашылығы министрлігі отандық селекция мен тұқым шаруашылығын дамыту бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда. 2024–2028 жылдарға арналған ауыл шаруашылығы дақылдарының селекциясы мен тұқым шаруашылығын дамытудың кешенді жоспарына сәйкес, 2028 жылға қарай отандық селекция тұқымдарының үлесін 78,2%-ға жеткізу жоспарланып отыр.

Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Назгүл Хатепова Түрікменстанда өткен ТМД-ның Тұқым шаруашылығы мәселелері жөніндегі үкіметаралық үйлестіру кеңесінің 27-отырысында мәлімдеді.

Отырысқа Түрікменстан, Өзбекстан, Беларусь, Тәжікстан және Ресейдің аграрлық ведомстволарының өкілдері қатысты.

Қатысушылар ұлттық және бірлескен селекцияны дамыту, жоғары сапалы тұқым өндірісін арттыру, тұқым материалын мемлекетаралық мамандандыру және жеткізу туралы келісім жобасы, инновациялық технологияларды енгізу, сапаны бақылау жүйелерін үйлестіру және селекциялық жетістіктерге құқықтарды қорғау мәселелерін талқылады.

Назгүл Хатепова ТМД елдері үшін климаттық жағдайлардың өзгеруі, ауыл шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыруға байланысты ортақ сын-қатерлер өзекті екенін атап өтті. Осыған байланысты селекция мен тұқым шаруашылығы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде стратегиялық маңызға ие.

Қазақстанда отандық селекция мен тұқым шаруашылығы жүйесі жүйелі түрде дамып келеді. Бұл бағытта халықаралық ұйымдармен және шетелдік әріптестермен өзара іс-қимыл да жолға қойылған. Ұлттық жүйені дамытудың негізгі құралы – селекцияны, сорт сынауды және бастапқы тұқым шаруашылығын жаңғыртуды, заманауи технологияларды енгізуді, ғылыми және материалдық-техникалық базаны жаңартуды, халықаралық ынтымақтастықты дамытуды және жас мамандар даярлауды көздейтін Кешенді жоспар деуге болады.

«Кешенді жоспар аясында ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа сорттары мен будандарын шығаруға бағытталған сегіз ғылыми-техникалық бағдарлама іске асырылуда. Жалпы, 2028 жылға қарай ауыл шаруашылығы дақылдарының 108 жаңа сорты мен буданын жасап, оларды сорт сынауына беру жоспарланып отыр. Оның ішінде 33-і дәнді дақылдарға қатысты. Осы кезеңге қарай отандық селекция тұқымдарының үлесін 78,2%-ға, ал элиталық тұқымдардың үлесін 14,4%-ға жеткізуді көздеп отырмыз», – деді Назгүл Хатепова.

Мемлекет селекция және мемлекеттік сорт сынауы бойынша ғылыми бағдарламаларды қаржыландырады, сондай-ақ тұқым өндірушілер мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау шараларын ұсынады. Атап айтқанда, сатып алынатын тұқым құнының 40–70%-ы, оның ішінде отандық және шетелдік өндірістің тұқымдары бойынша шығындар өтеледі. Сонымен қатар минералды тыңайтқыштар, пестицидтер, биологиялық агенттер құнын төмендету және су беру қызметтерін арзандату түрінде қолдау көрсетіледі.

Аттестатталған тұқым өндірушілерге селекциялық-тұқым шаруашылығы техникасы мен тұқымды тазалау және сұрыптау жабдықтарын сатып алуға жұмсалған шығындардың 50%-ы өтеледі.

Сонымен қатар Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымымен (ФАО) бірлесіп, «Қазақстандық сорттар мен тұқымдар» ұлттық бастамасын іске асыруда. Бастама тұқым материалын өндіру мен оның сапасын бақылауды жетілдіруге, ғылыми базаны нығайтуға және жаңа сорттарды тиімді енгізуге қажетті жағдай жасауға бағытталған.

«Бұл ретте біздің алдымызда жаңа сорттар шығару ғана емес, оларды көбейтуді қамтамасыз ету міндеті де тұр. Осыған байланысты Қазақстан Өсімдіктердің жаңа сорттарын қорғау жөніндегі халықаралық одаққа (UPOV) қосылу бойынша жұмыстар жүргізуде. Қазіргі уақытта Қазақстан UPOV органдарының жұмысына бақылаушы ретінде қатысып келеді.

Бұл үдеріс шетелдік селекционерлермен ынтымақтастықты кеңейтуге, отандық селекцияны нығайтуға және заманауи халықаралық тәсілдерді енгізуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті вице-министр.

Қазақстан ТМД елдерімен ғылыми әзірлемелер мен генетикалық ресурстар алмасу, бірлескен зерттеулер жүргізу, мамандар даярлау және тұқым материалдарының өзара саудасын кеңейту бағыттарында да ынтымақтастық орнатқан.