AGROPRESS
2.02K subscribers
12.4K photos
517 videos
1 file
4.61K links
📍ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми парақшасы

📍Официальная страница Министерства сельского хозяйства РК

📍 Official page of the Ministry of Agriculture of the Republic of Kazakhstan
Download Telegram
AGROPRESS
Photo
🔹 Аграрлық бизнес елімізде кітап оқу мәдениетін дамытуға үлес қосуда

📍Қазақстандағы ауыл шаруашылығы кәсіпорындары өндіріс көлемін арттырып, өңірлердің экономикалық дамуына үлес қосумен қатар, әлеуметтік және мәдени бастамаларды жүзеге асыруға да атсалысып келеді. Білім беру, мәдениет және қоғамдық өмір саласындағы жобаларға қолдау көрсету агробизнес жұмысының маңызды бағыттарының біріне айналуда.

Соның бір айғағы – «Нәтиже» компаниясының отандық кітап шығару ісіне қолдау көрсетуі. 2019 жылы сүт фабрикасының қолдауымен «Qasymkitap» баспасы құрылды. Бүгінде баспа Қазақстандағы кітап шығару және кітап саудасы саласын дамытуға өз үлесін қосып келеді.

«Qasymkitap»-тың негізгі бағыттары – кітап шығару және тарату, отандық қаламгерлерге қолдау көрсету, кітап оқуды насихаттау. Баспа ұжымы кітап жәрмеңкелерін, жазушылармен кездесулерді ұйымдастырып, оқырман клубтарын дамытады. Сонымен қатар түрлі мәдени-ағартушылық жобаларды жүзеге асырып келеді.

Қазір «Qasymkitap» желісінде Қазақстанның алты қаласында орналасқан 10 кітап дүкені бар. Баспа 30-дан астам автормен бірлесіп жұмыс істейді. Қызметі басталғалы бері 194 кітап жарық көрген. Олардың қатарында қазақ және әлем әдебиетінің таңдаулы шығармалары, сондай-ақ балаларға арналған кітаптар бар.

2025 жылдың басынан бері «Qasymkitap» 50-ден астам жаңа кітап шығарды. Осы кезеңде еліміздің түрлі өңірлерінде 40-тан астам кітап жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Мұндай іс-шаралар оқырмандарды жаңа кітаптармен таныстырып қана қоймай, қаламгерлер мен оқырмандардың еркін пікір алмасуына мүмкіндік береді. Сондай-ақ кітап оқуға деген қызығушылықты арттырып, оқу мәдениетінің қалыптасуына ықпал етеді. Әсіресе бұл жұмыс балалар мен жастар үшін маңызды. Себебі кітаптар мен мәдени іс-шаралардың өңірлерде қолжетімді болуы жас ұрпақтың әдебиетке қызығушылығын арттыруға жол ашады.

Өңірді дамыту дегеніміз – өндіріс пен экономиканың өсімі ғана емес, адамдардың өмір сүруіне қолайлы орта қалыптастыру. Осы тұрғыдан алғанда, бизнестің әлеуметтік және мәдени бастамалары оның экономикалық дамуға қосатын үлесін толықтыра түседі.

Бұл әсіресе аграрлық сала үшін маңызды. Өйткені ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының жұмысы көбіне шалғай аудандармен және ауылдық елді мекендермен тығыз байланысты. Мұнда компаниялар жұмыс орындарын ашып, инфрақұрылымның дамуына ықпал етеді әрі жергілікті тұрғындармен тығыз байланыс орнатады. Ал әлеуметтік және мәдени жобаларды қолдау осы байланысты одан әрі нығайтып, жергілікті халық үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастыруға мүмкіндік береді.

«Нәтиже» компаниясының тәжірибесі бизнестің өңірлердің дамуына қосатын үлесі тек экономикалық көрсеткіштермен өлшенбейтінін көрсетеді. Оның маңызды бөлігі – мәдени орта қалыптастыруға, білім мен зияткерлік дамуға қолайлы жағдай жасау.

Ұзақ мерзімді тұрғыдан алғанда, мұндай бастамалар жергілікті қауымдастықтардың дамуына, адамдардың өмір сапасын арттыруға және өңірлердің мәдени әлеуетін нығайтуға ықпал етеді.

Бизнес үшін бұл – қызмет ететін өңірлердің қоғамдық өміріне белсенді араласудың бір жолы. Яғни компаниялар өңірлердің экономикалық әлеуетін қолдаумен қатар, олардың мәдени дамуы мен болашағына да өз үлесін қоса алады.
AGROPRESS
🔹 Аграрлық бизнес елімізде кітап оқу мәдениетін дамытуға үлес қосуда 📍Қазақстандағы ауыл шаруашылығы кәсіпорындары өндіріс көлемін арттырып, өңірлердің экономикалық дамуына үлес қосумен қатар, әлеуметтік және мәдени бастамаларды жүзеге асыруға да атсалысып…
🔹 Аграрный бизнес участвует в развитии культуры чтения в Казахстане

📍Сельхозпредприятия Казахстана вносят вклад не только в развитие производства и экономики регионов, но и в реализацию социальных и культурных инициатив. Поддержка проектов в сфере образования, культуры и общественной жизни становится частью более широкого участия агробизнеса в развитии территорий и местных сообществ.

Одним из таких примеров является поддержка компанией «Нәтиже» отечественного книгоиздания. В 2019 году при поддержке молочной фабрики было основано издательство «Qasymkitap», которое сегодня развивает издательскую деятельность и книжную торговлю в Казахстане.

Основные направления его работы – выпуск и распространение литературы, поддержка отечественных авторов и популяризация чтения. «Qasymkitap» также проводит книжные ярмарки, встречи с писателями, развивает читательские клубы и реализует другие культурно-просветительские проекты.

Сеть насчитывает 10 книжных магазинов в шести городах Казахстана. С издательством сотрудничают более 30 авторов. За время работы выпущено 194 книги, в числе которых произведения казахстанской и мировой литературы, а также детские издания.

С начала 2025 года «Qasymkitap» выпустило более 50 новых книг. За этот же период в различных регионах страны проведено более 40 книжных ярмарок.

Такие мероприятия позволяют знакомить читателей с новыми изданиями, создают площадки для общения авторов и аудитории и способствуют формированию устойчивого интереса к чтению. Особое значение эта работа имеет для детей и молодежи, поскольку позволяет сделать литературу и культурные мероприятия более доступными непосредственно в регионах.

Развитие регионов включает не только рост производства и экономики, но и создание благоприятной среды для жизни. В этом контексте социальные и культурные инициативы бизнеса дополняют его основной вклад в развитие территорий.

Для аграрного сектора данный аспект особенно важен. Деятельность сельхозпредприятий тесно связана с отдалёнными районами, где компании создают рабочие места, развивают инфраструктуру и взаимодействуют с местными жителями. Поддержка социальных и культурных проектов помогает укреплять это сотрудничество и открывать новые возможности для населения.

Опыт «Нәтиже» показывает, что вклад бизнеса в развитие территорий выражается не только в экономических показателях, но и в создании условий для культурного обмена и интеллектуального роста.

В долгосрочной перспективе подобные инициативы способствуют укреплению местных сообществ, повышению качества жизни и развитию культурного потенциала регионов.

Для самого бизнеса это возможность последовательно участвовать в жизни регионов присутствия, поддерживая не только их экономический потенциал, но и культурное будущее.
AGROPRESS
Photo
🔹Бұрын пайдаланылмаған 792,5 мың гектар ауыл шаруашылығы жерін игеру жұмыстары басталды

📍Биыл бұрын пайдаланылмаған 792,5 мың гектар ауыл шаруашылығы жерін игеру жұмыстары басталды. Сонымен қатар пайдаланылмай жатқан тағы 1,3 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен ауыл халқының қажеттіліктері үшін жерлерді қайта бөлу және жер ресурстарын ұтымды пайдалану мәселелері жөніндегі Республикалық комиссияның отырысында айтылды.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтановтың айтуынша, бір жыл бұрын Мемлекет басшысының Жолдауында жүктелген 13,5 млн гектар ауыл шаруашылығы жерін қайта бөлу жөніндегі тапсырма орындалды.

Оның ішінде 5,5 млн гектар жер жалпыға ортақ пайдаланылатын жайылым ретінде бекітілсе, 8 млн гектар жер ауыл шаруашылығын жүргізу үшін азаматтар мен басқа да жер пайдаланушыларға конкурстық негізде берілді.

Мемлекет меншігіне қайтарылған жерлерді қайта бөлу жұмыстары жалғасуда. Сонымен бірге бірқатар өңірде бұл жерлерді түпкілікті пайдаланушыларға беру қарқыны төмен болып отыр. Атап айтқанда, Атырау облысында бұл көрсеткіш 32,4%-ды, Маңғыстау облысында – 24,6%-ды, Ұлытау облысында – 21,1%-ды құрайды.
Отырыста тозған жайылымдарды қалпына келтіру мәселесіне де ерекше назар аударылды. Тиісті шараларды пысықтау үшін жайылымдарды басқарудың бекітілген жоспарлары бар және геоботаникалық зерттеулер жүргізілген үш пилоттық аудан айқындалды.

Алматы облысының Райымбек ауданында пилоттық жоба өнімділігі төмендеп, жергілікті деңгейде тозу белгілері байқалған 9,2 мың гектар таулы және тау бөктеріндегі жайылымды қамтиды.

Ақтөбе облысының Хромтау ауданында мал жайылымына түсетін жүктемесі жоғары елді мекендердің 17,4 мың гектар жайылымы қамтылады.

Ақмола облысының Целиноград ауданында елді мекендерге жақын орналасқан, барынша тозған 6,6 мың гектар далалық жайылымда тиісті шаралар жүзеге асырылады.

Осылайша, пилоттық учаскелердің жалпы аумағы 33 мың гектарды құрайды. Қарастырылған шаралар жайылымдардың өнімділігін қалпына келтіруге және халықты мал жаюға қажетті жайылымдық алқаптармен қамтамасыз етуге бағытталған.

Серік Жұманғарин мемлекет есебінен қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген ауыл шаруашылығы жерлерін беру олардың жер пайдаланушылар тарапынан тиімді пайдаланылуына қатысты нақты міндеттемелермен қатар жүруге тиіс екенін атап өтті.

«Егер мемлекет жерді суару үшін инфрақұрылым жасаса, жер пайдаланушы тарапынан да тиісті міндеттемелер болуы керек. Атап айтқанда, суару жүйелерін орнату, жерді нысаналы мақсатына сай пайдалану, рентабельді ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру және басқа да міндеттер көзделуі тиіс. Жер өз мақсатына сай пайдаланылып, нақты нәтиже беруі керек. Егер мұндай жерлер ұтымды немесе нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланылмаса, мемлекет оларды қайтадан ауыл шаруашылығы айналымына қайтаруы қажет», – деді Серік Жұманғарин.

Отырыста мемлекет меншігіне қайтарылған жерлерді жаңа пайдаланушыларға беру кезінде туындайтын мәселелер де қаралды. Олардың қатарында жер учаскелеріне құқықтардың тоқтатылғанын тіркеудің нақты міндетті мерзімдерінің белгіленбеуі, пайдаланылмай жатқан жерлерді иесіз мүлік деп тану рәсімдерінің ұзақтығы және өзге де әкімшілік кедергілер бар.
AGROPRESS
🔹Бұрын пайдаланылмаған 792,5 мың гектар ауыл шаруашылығы жерін игеру жұмыстары басталды 📍Биыл бұрын пайдаланылмаған 792,5 мың гектар ауыл шаруашылығы жерін игеру жұмыстары басталды. Сонымен қатар пайдаланылмай жатқан тағы 1,3 млн гектар жер мемлекет меншігіне…
🔹В 2026 году начато освоение 792,5 тыс. га ранее неиспользуемых сельхозземель

📍В 2026 году начато освоение 792,5 тыс. га ранее неиспользуемых сельхозземель. Еще 1,3 млн га неиспользуемых земель возвращено в государственную собственность.

Эти данные озвучены на заседании Республиканской комиссии по контролю за перераспределением земель для нужд сельского населения и рациональным использованием земельных ресурсов, прошедшем под председательством заместителя Премьер-министра – министра национальной экономики Серика Жумангарина.

Как сообщил вице-министр сельского хозяйства Азат Султанов, поставленная год назад Главой государства в своем Послании задача по перераспределению 13,5 млн га сельхозземель выполнена. Из них 5,5 млн га закреплены в качестве пастбищ общего пользования, 8 млн га предоставлены гражданам и другим землепользователям на конкурсной основе для ведения сельского хозяйства.

Работа по распределению возвращенных государству земель продолжается. При этом в ряде регионов сохраняется отставание в их предоставлении конечным пользователям. В Атырауской области этот показатель составляет 32,4%, Мангистауской – 24,6%, области Ұлытау – 21,1%.

Отдельное внимание на заседании уделили восстановлению деградированных пастбищ. Для отработки соответствующих мер определены три пилотных района, где имеются утвержденные планы управления пастбищами и проведены геоботанические обследования.

В Райымбекском районе Алматинской области пилот охватит 9,2 тыс. га горных и предгорных пастбищ с локальной деградацией и снижением продуктивности. В Хромтауском районе Актюбинской области – 17,4 тыс. га пастбищ населенных пунктов, испытывающих высокую пастбищную нагрузку. В Целиноградском районе Акмолинской области – 6,6 тыс. га степных пастбищ, наиболее деградированных вблизи населенных пунктов.

Общая площадь пилотных участков составит 33 тыс. га. Предусмотренные меры направлены на восстановление продуктивности пастбищ и обеспечение населения угодьями для выпаса скота.

Серик Жумангарин подчеркнул, что предоставление сельхозземель, обеспеченных за счет государства необходимой инфраструктурой, должно сопровождаться четкими обязательствами землепользователей по их эффективному использованию.

«Если государство создает инфраструктуру для орошения земель, со стороны землепользователя должны быть встречные обязательства: установка систем орошения, использование земель по назначению, выращивание рентабельных сельхозкультур и т.д. Земля должна работать и приносить отдачу. Если такие участки не используются рационально или по назначению, государство должно возвращать такие земли в сельхозоборот», — отметил Серик Жумангарин.

Участники заседания также рассмотрели вопросы, возникающие при предоставлении возвращенных земель новым пользователям. В их числе – отсутствие четких обязательных сроков регистрации прекращения прав на земельные участки, длительные процедуры признания неиспользуемых земель бесхозяйными и другие административные барьеры.
❤1
AGROPRESS
Photo
🔹Алматы облысында тауарлық балық және балық өсіруге арналған тор қоршама құрылымдары өндірісі іске қосылды

📍Алматы облысында тауарлық балық өндіру көлемін арттыруға, аквашаруашылықты дамытуға және балық шаруашылығының өндірістік әлеуетін күшейтуге бағытталған инвестициялық жобаларды іске асыру жалғасып жатыр.

Мәселен, Іле ауданының М.Түймебаев ауылында «Бақыт» кәсіпорны пайдалануға берілді. Кәсіпорын тауарлық балық өсірумен қатар, балық шаруашылықтарында балық өсіруге арналған тор қоршама құрылымдарын өндірумен айналысады.
Инвестициялық жобаның жалпы құны – 500 млн теңге. Кәсіпорынның жобалық қуаты жылына 400 тоннаға дейін тауарлық балық өндіруге және жыл сайын 50-ге дейін тор қоршама және тор шығаруға мүмкіндік береді. 2026 жылы 100 тонна тауарлық балық өндіру жоспарланып отыр. Кейін өндіріс көлемі кезең-кезеңімен жобалық қуатына жеткізіледі.

Бұл – Қазақстанда балық өсіруге арналған торлы қондырғыларды өндіруге бағытталған алғашқы кәсіпорын. Отандық өндірісті жолға қою балық өсіру шаруашылықтарын қажетті жабдықтармен қамтамасыз етуге, саланың технологиялық мүмкіндіктерін кеңейтуге және аквакультура өндірісін ұлғайтуға қосымша мүмкіндік береді.

Жобаны іске асыруға балық шаруашылығына бағытталған мемлекеттік қолдаудың пәрмені ықпал етті. 2026 жылы балық өсіру шаруашылықтарына көрсетілген мемлекеттік қолдаудың көлемі 7,7 млрд теңгеге жетті. Соңғы жылдары еліміздегі балық өсіру шаруашылықтарының саны 707 болып, екі есеге артты. 2025 жылдың қорытындысы бойынша отандық балық өсіру шаруашылықтарында 23 мың тонна тауарлық балық өсірілді.

Қазақстан Республикасының «Аквашаруашылық туралы» Заңын іске асыру аясында балық шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың кешенді тетіктері қалыптастырылды. Олар инвестициялық шығындардың бір бөлігін өтеуді, балық жемі мен балық шабағын сатып алуға жұмсалатын шығындарды субсидиялауды, сондай-ақ өндірушілердің шығынын азайтып, саланың инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған басқа да қолдау шараларын қамтиды. Бірқатар басым бағыттар бойынша инвестициялық шығындардың 25 пайызы өтеледі.

Сонымен қатар, 2024 жылдан бастап балық өсіру және оны қайта өңдеу жобаларын жылдық 2,5 пайыздық мөлшерлемемен жеңілдетілген несие арқылы қаржыландыру тетігі енгізілді. 2026–2030 жылдарға жалпы құны шамамен 60 млрд теңге болатын 41 инвестициялық жобадан тұратын топтама қалыптастырылды. Оларды іске асыру балық өсіру, оны қайта өңдеу және балық жемін өндіру көлемін одан әрі арттыруға мүмкіндік береді.

Аквашаруашылық саласындағы мемлекеттік саясат өндірістің тұрақты өсуіне жағдай жасауға, жеке инвестицияларды тартуға, заманауи технологияларды енгізуге және отандық өндірістік базаны дамытуға бағытталған.

Ауыл шаруашылығы министрлігі балық шаруашылығына инвестиция тарту, мемлекеттік қолдау тетіктерін жетілдіру және кәсіпорындарды технологиялық жаңғыртуға жағдай жасау бағытындағы жұмысты жалғастырып жатыр.

Қабылданып жатқан шаралар кешені аталған сала өндірісінің көлемін одан әрі ұлғайтуға, технологиялық әлеуетін арттыруға және бәсекеге қабілетті отандық балық шаруашылығын жүйелі түрде дамытуға бағытталған. ‎
AGROPRESS
🔹Алматы облысында тауарлық балық және балық өсіруге арналған тор қоршама құрылымдары өндірісі іске қосылды 📍Алматы облысында тауарлық балық өндіру көлемін арттыруға, аквашаруашылықты дамытуға және балық шаруашылығының өндірістік әлеуетін күшейтуге бағытталған…
🔹В Алматинской области запустили производство товарной рыбы и садкового оборудования

📍В Алматинской области продолжается реализация инвестиционных проектов, направленных на увеличение объемов производства товарной рыбы, развитие аквакультуры и укрепление производственной базы рыбного хозяйства.

Так, в селе М. Туймебаева Илийского района введено в эксплуатацию предприятие «Бақыт». Оно специализируется на выращивании товарной рыбы, а также производстве садковых конструкций, сеток для рыбоводных хозяйств.
Общая стоимость инвестиционного проекта составляет 500 млн тенге. Проектная мощность - производство до 400 тонн товарной рыбы в год и выпуск до 50 садковых конструкций ежегодно. В 2026 году планируется произвести 100 тонн товарной рыбы с дальнейшим поэтапным выходом на проектную мощность.

Это первое в Казахстане производство, ориентированное на выпуск садковых конструкций. Развитие собственного производства позволит повысить обеспеченность рыбоводных хозяйств необходимым оборудованием, расширить технологические возможности отрасли и создать дополнительные условия для увеличения объемов аквакультуры.

Реализация проекта осуществляется в условиях усиления государственной поддержки рыбного хозяйства. В 2026 году объем государственной поддержки рыбоводческих хозяйств достиг 7,7 млрд тенге. За последние годы количество рыбоводных хозяйств в стране увеличилось вдвое и достигло 707. По итогам 2025 года отечественными рыбоводными хозяйствами выращено около 23 тыс. тонн товарной рыбы.

В рамках реализации Закона Республики Казахстан «Об аквакультуре» сформирован комплекс мер государственной поддержки, предусматривающий возмещение части инвестиционных затрат, субсидирование расходов на корма и рыбопосадочный материал, а также другие инструменты снижения затрат производителей и повышения инвестиционной привлекательности отрасли. По ряду приоритетных направлений инвестиционные затраты возмещаются в размере 25%.

Кроме того, с 2024 года действует механизм льготного кредитования проектов по выращиванию и переработке рыбы по ставке 2,5% годовых. На период 2026–2030 годов сформирован пул из 41 инвестиционного проекта общей стоимостью порядка 60 млрд тенге. Их реализация позволит дополнительно увеличить объемы выращивания рыбы, переработки и производства кормов.

Государственная политика в сфере аквакультуры направлена на создание условий для устойчивого роста производства, привлечения частных инвестиций, внедрения современных технологий и развития отечественной производственной базы.

Министерство сельского хозяйства продолжает работу по привлечению инвестиций в рыбную отрасль, совершенствованию механизмов государственной поддержки и созданию условий для технологического обновления предприятий.

Комплекс принимаемых мер направлен на дальнейшее увеличение объемов аквакультуры и последовательное формирование конкурентоспособной отечественной рыбной отрасли.
AgroPress агроөнеркәсіптік кешеннің негізгі бағыттары бойынша Instagram және TikTok-та тікелей эфирлерін жалғастырады.

📌 Эфир тақырыбы: Ветеринария саласындағы маңызды мәселелер

👤 Спикер: Қызайбаев Тасқын Серікұлы, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының орынбасары

🔹9 қазан, 15:00
📍 AgroPress-тің Instagram және TikTok парақшаларынан тамашалаңыз.

Сұрақтарыңызды пікірлерде немесе эфир барысында қоюға болады. Белсенділік күтеміз!

____

AgroPress продолжает прямые эфиры в Instagram и TikTok по основным направлениям агропромышленного комплекса.

📌 Тема эфира: Важные вопросы в сфере ветеринарии

👤 Спикер: Кызайбаев Таскын Серикович, Заместитель председателя Комитета ветеринарного контроля и надзора МСХ РК

🔹9 октября, 15:00
📍 Смотрите на страницах AgroPress в Instagram и TikTok

Свои вопросы можете задавать в комментариях или во время эфира. Ждем вашей активности!
AGROPRESS
Photo
🔹Қазақстан аумағына қауіпті карантиндік объектілердің кіруіне және таралуына жол берілмеді

📍Карантиндік фитосанитариялық бақылау барысында ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің мемлекеттік инспекторлары импортталатын ауыл шаруашылығы өнімдерінен карантиндік объектілерді анықтап, фитосанитариялық заңнама талаптарының бұзылғанын тіркеді.

Атап айтқанда, Алматы облысында Қырғыз Республикасынан әкелінген салмағы 8 690 кг айсберг салатынан батыс гүл трипсі, ал Ресей Федерациясынан жеткізілген 840 тонна жұмсақ бидайдан жатаған у кекіре анықталды.

Ақмола облысында зертханалық сараптама нәтижелері Ресейден әкелінген жалпы көлемі 490 тонна және 478,8 тонна болатын бидайдың екі легінен жатаған у кекіренің, сондай-ақ далалық және еуропалық арамсояудың бар екенін растады.

Ақтөбе облысындағы «Әлімбет» фитосанитариялық бақылау бекетінде Ресей Федерациясының Орынбор облысынан жеткізілген 114,9 тонна зығыр тиелген төрт автокөлік тексерілді. Зертханалық сараптама нәтижесінде өнімнен жатаған у кекіре анықталды. Осындай карантиндік объект Батыс Қазақстан облысындағы «Шаған» бекетінде Ресейден әкелінген 70 тонна азық-түлік арпасының партиясынан да табылды.

Сонымен қатар Абай облысындағы «Бақты» фитосанитариялық бақылау бекетінде Қазақстан аумағына үшінші елдерден алма әкелуге қатысты қолданыстағы уақытша тыйымның бұзылуына жол берілмеді. Осыған байланысты Қытай Халық Республикасынан әкелінбек болған 1 127 кг алма ел аумағына кіргізілмеді.

Анықталған фактілер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қабылданды. Импорттаушыларға қатысты әкімшілік істер қозғалды. Ақтөбе облысында тіркелген құқық бұзушылыққа қатысты материалдар сотқа жолданды.

Ақмола облысында кәсіпкерлерге астықты механикалық жолмен тазарту және тазарту барысында алынған қалдықтарды кейіннен жою жөнінде міндетті нұсқамалар берілді. Карантиндік объектімен залалданған арпа легі және заңнамалық талаптарды бұза отырып әкелінген алма экспорттаушы елдерге кері қайтарылды.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі еліміздің фитосанитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ аумағына қауіпті карантиндік объектілердің енуі мен таралуына жол бермеу бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.

Карантинге жатқызылған өнімдерді ел аумағына әкелу кезінде фитосанитариялық талаптардың сақталуы уәкілетті органдардың тұрақты бақылауында.

🔹Предотвращен ввоз и распространение опасных карантинных объектов на территории Казахстана

📍В ходе карантинного фитосанитарного контроля государственными инспекторами КГИ в АПК МСХ РК выявлены карантинные объекты в импортируемой сельскохозяйственной продукции, а также нарушения фитосанитарного законодательства.

Так, в Алматинской области в партии салата айсберг весом 8 690 кг из Кыргызской Республики выявлен западный цветочный трипс, а в 840 тоннах мягкой пшеницы из Российской Федерации — горчак ползучий. В Акмолинской области лабораторными исследованиями в двух партиях российской пшеницы объемом 490 тонн и 478,8 тонны подтверждено наличие горчака ползучего, а также повилики полевой и европейской.

В Актюбинской области на фитосанитарном контрольном посту «Алимбет» при досмотре четырех автотранспортных средств с 114,9 тонны льна из Оренбургской области РФ лабораторной экспертизой выявлен горчак ползучий. Аналогичный карантинный объект обнаружен на посту «Шаган» в Западно-Казахстанской области в партии продовольственного ячменя весом 70 тонн из РФ.

Кроме того, на фитосанитарном контрольном посту «Бахты» в области Абай предотвращен ввоз 1 127 кг яблок из Китайской Народной Республики в связи с действующим временным запретом на ввоз яблок из третьих стран на территорию Казахстана.

По выявленным фактам приняты меры в соответствии с законодательством Республики Казахстан. В отношении импортеров возбуждены административные дела, материалы по факту в Актюбинской области направлены в суд. В Акмолинской области предпринимателям выданы обязательные для исполнения предписания о механической очистке зерна с последующим уничтожением отходов.