AGROPRESS
2.01K subscribers
12.4K photos
517 videos
1 file
4.61K links
📍ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми парақшасы

📍Официальная страница Министерства сельского хозяйства РК

📍 Official page of the Ministry of Agriculture of the Republic of Kazakhstan
Download Telegram
AGROPRESS
Photo
🔹 Ермек Кенжеханұлы Римде Дүниежүзілік азық-түлік форумы аясында бірқатар кездесу өткізді

📍 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы 2026 жылғы Дүниежүзілік азық-түлік форумы (World Food Forum) аясында Рим қаласына жасаған жұмыс сапары барысында БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) басшылығымен және бейінді бөлімшелерінің өкілдерімен бірқатар кездесу өткізді.

Кездесулерде «Қазақстан – ФАО» әріптестік бағдарламасын одан әрі дамыту және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

ФАО Бас директорының көмекшісі, Еуропа және Орталық Азия бойынша өңірлік өкілі, сондай-ақ ұйымның Қазақстандағы өкілінің міндетін атқарушы Виорел Гуцуамен кездесуде тараптар екіжақты ынтымақтастықтың нәтижелерін саралап, оны дамытудың басым бағыттарын айқындады.

Ермек Кенжеханұлы әріптестік бағдарламасы аясындағы жобалар практикалық іске асыру кезеңіне өткенін және олардың Қазақстанның аграрлық саласын дамытуға тың серпін беретінін атап өтті.

Сонымен қатар тараптар ФАО-ның Қазақстандағы байланыстар және әріптестік жөніндегі бюросының қызметіне қатысты келісімнің қолданылу мерзімін ұзарту және ынтымақтастық аясын кеңейту мәселелерін қарастырды. Қазақстан тарапы ФАО-мен өзара тиімді әріптестікті одан әрі нығайтуға мүдделі екенін білдірді.

Өсімдіктерді қорғау саласына заманауи технологияларды енгізу де келіссөздердің маңызды бағыттарының бірі болды. ФАО-ның Өсімдік шаруашылығы және өсімдіктерді қорғау бөліміндегі NSPPH кластерінің жетекшісі Шоки Әл-Добаимен өткен кездесуде «Қазақстандағы шегіртке зиянкестеріне мониторинг жүргізу және олардың таралуын жасанды интеллект пен ұшқышсыз ұшу аппараттары арқылы болжау жүйесін жетілдіру» жобасының іске асырылу барысы талқыланды.

Вице-министрдің айтуынша, жасанды интеллект пен ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдану шегірткелердің таралуын дәлірек бақылап, алдын ала болжауға, сондай-ақ ауыл шаруашылығына төнетін ықтимал қауіптерге жедел ден қоюға мүмкіндік береді.

Кездесу барысында тараптар жобаны іске асырудың келесі кезеңдерін талқылап, жинақталған тәжірибені Орталық Азия елдерінде қолдану және оны басқа да ауыл шаруашылығы дақылдарына зиян келтіретін организмдермен күресте пайдалану мүмкіндіктерін қарастырды.

Отандық селекция мен тұқым шаруашылығын дамыту мәселелері ФАО-ның NSP бөлімінің директорының орынбасары Чикелу Мбамен кездесуде талқыланды. Тараптар селекция және тұқым өндіру саласындағы ұлттық әлеуетті нығайтуға бағытталған «Қазақстандық сорттар мен тұқымдар» ұлттық бастамасының іске асырылу барысын қарастырды.

Әсіресе бастаманың практикалық нәтижелеріне және оның отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін тиімділігін арттыру жолдарына баса назар аударылды.

Кездесулер қорытындысы бойынша тараптар өзара тиімді әріптестікті одан әрі дамытуға, бірлескен жобаларды жүйелі түрде іске асыруға және аграрлық саясаттың басым бағыттары бойынша ынтымақтастық аясын кеңейтуге дайын екендерін растады.

Қазақстанның ФАО-мен ынтымақтастығы халықаралық тәжірибе мен озық технологияларды аграрлық салаға енгізуге, инновациялық шешімдерді кеңінен қолдануға және отандық агроөнеркәсіптік кешеннің орнықты дамуын қамтамасыз етуге ықпал ететін маңызды тетік болып саналады.
AGROPRESS
🔹 Ермек Кенжеханұлы Римде Дүниежүзілік азық-түлік форумы аясында бірқатар кездесу өткізді 📍 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы 2026 жылғы Дүниежүзілік азық-түлік форумы (World Food Forum) аясында Рим қаласына жасаған жұмыс…
🔹 Ермек Кенжеханұлы провел ряд встреч с руководством ФАО в рамках Всемирного продовольственного форума в Риме

📍 Вице-министр сельского хозяйства Республики Казахстан Ермек Кенжеханұлы в рамках рабочей поездки в Рим для участия во Всемирном продовольственном форуме (World Food Forum) 2026 провел ряд встреч с руководством и представителями профильных подразделений Продовольственной и сельскохозяйственной организации Объединенных Наций (ФАО).

Основное внимание в ходе переговоров было уделено дальнейшему развитию Программы партнерства «Казахстан – ФАО» и реализации совместных проектов в агропромышленном комплексе.

На встрече с помощником Генерального директора ФАО, региональным представителем организации по Европе и Центральной Азии, а также исполняющим обязанности Представителя ФАО в Казахстане Виорелом Гуцу стороны подвели итоги двустороннего сотрудничества и обсудили приоритетные направления его дальнейшего развития.

Ермек Кенжеханұлы отметил, что проекты в рамках Программы партнерства переходят к практической реализации и обладают значительным потенциалом для развития аграрного сектора Казахстана.

Кроме того, стороны рассмотрели вопросы продления срока действия соглашения о Бюро ФАО по связям и партнерству в Казахстане, а также возможности расширения направлений совместной работы. Казахстанская сторона подтвердила заинтересованность в дальнейшем укреплении взаимовыгодного сотрудничества с ФАО.

Отдельным направлением переговоров стало внедрение современных технологий в систему защиты растений. На встрече с руководителем кластера NSPPH Отдела производства и защиты растений ФАО Шоки Аль-Добаи обсуждался ход реализации проекта «Совершенствование мониторинга и прогнозирования распространения саранчовых вредителей в Казахстане с применением технологий искусственного интеллекта и беспилотных летательных аппаратов».

Вице-министр подчеркнул, что применение искусственного интеллекта и беспилотных летательных аппаратов позволит повысить точность мониторинга и прогнозирования распространения саранчовых вредителей, а также обеспечить более оперативное реагирование на потенциальные угрозы для сельского хозяйства.

В ходе встречи стороны обсудили дальнейшие этапы реализации проекта и перспективы применения накопленного опыта в других странах Центральной Азии, а также его использования для борьбы с другими вредными организмами, угрожающими сельскохозяйственным культурам.

Развитие отечественной селекции и семеноводства стало центральной темой встречи с заместителем директора Отдела NSP ФАО Чикелу Мба. Стороны обсудили ход реализации национальной инициативы «Казахстанские сорта и семена», направленной на укрепление национального потенциала в области селекции и производства семян.

Особое внимание было уделено практическим результатам инициативы и возможностям повышения ее эффективности для отечественных сельхозтоваропроизводителей.

По итогам встреч стороны подтвердили взаимную заинтересованность в последовательном развитии партнерства, системной реализации совместных проектов и расширении взаимодействия по приоритетным направлениям аграрной политики.

Сотрудничество Казахстана с ФАО остается важным инструментом привлечения международного экспертного опыта, внедрения передовых технологий и инновационных решений, а также обеспечения устойчивого развития отечественного агропромышленного комплекса.
#АптаныңАйшықтыОқиғалары
#ГлавныеСобытияНедели
#Дайджест

🔹Астанада ФАО Нан фестивалі өтті

🔸В Астане прошел Фестиваль хлеба ФАО

🔹Қарағанды облысында 750 гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекет меншігіне қайтарылды

🔸В Карагандинской области 750 га сельхозземель возвращены в государственную собственность

🔹Батыс Қазақстанда 84,5 тонна залалданған өнімді ел аумағына кіргізуге жол берілмеді

🔸В ЗКО предотвращен ввоз 84,5 тонны зараженной продукции

🔹Еңбек адамы. Қанат Ақшалов: ғылым мен жерге арналған жарты ғасырлық ғұмыр

🔸Еңбек адамы. Канат Акшалов: полвека знаний, труда и служения аграрной науке

🔹Қазақстанда 41 млн тоннадан астам жемшөп дайындалды

🔸В Казахстане заготовлено более 41 млн тонн кормов

🔹Қазақстанда ет өнімдерінің құрамын анықтайтын ПТР-тест әзірленді

🔸В Казахстане разработан ПЦР-тест для выявления фальсификации мясной продукции
AGROPRESS
#АптаныңАйшықтыОқиғалары #ГлавныеСобытияНедели #Дайджест 🔹Астанада ФАО Нан фестивалі өтті 🔸В Астане прошел Фестиваль хлеба ФАО 🔹Қарағанды облысында 750 гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекет меншігіне қайтарылды 🔸В Карагандинской области 750 га сельхозземель…
🔹Азық-түлік келісімшарт корпорациясы Оманға астық жеткізуді және Қазақстанда стратегиялық қор құруды ұсынды

🔸Продкорпорация предложила Оману поставки зерна и создание стратегического резерва в Казахстане

🔹Қазақстан селекция және тұқым шаруашылығы саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуде

🔸Казахстан расширяет международное сотрудничество в сфере селекции и семеноводства

🔹Қазақстанда үш жыл ішінде төрт аудандық ветеринариялық зертхана пайдалануға берілді

🔸В Казахстане за три года введены в эксплуатацию четыре районные ветеринарные лаборатории

🔹Аграрлық бизнес елімізде кітап оқу мәдениетін дамытуға үлес қосуда

🔸Аграрный бизнес участвует в развитии культуры чтения в Казахстане

🔹Бұрын пайдаланылмаған 792,5 мың гектар ауыл шаруашылығы жерін игеру жұмыстары басталды

🔸В 2026 году начато освоение 792,5 тыс. га ранее неиспользуемых сельхозземель

🔹Қазақстан аумағына қауіпті карантиндік объектілердің кіруіне және таралуына жол берілмеді

🔸Предотвращен ввоз и распространение опасных карантинных объектов на территории Казахстана

🔹Қазақстандық 25-тен астам өндірушінің өнімі Түрікменстандағы көрмеге қойылды

🔸Более 25 казахстанских производителей продемонстрировали свою продукцию в Туркменистане

🔹Қазақстан Римде өткен «Тұқымнан тағамға дейін» жаһандық көрмесінде астық өндіру мен өңдеу әлеуетін таныстырды

🔸Казахстан представил полный путь от семени до готового продукта на выставке ФАО «Seeds to Foods» в Риме

🔹Ермек Кенжеханұлы Римде Дүниежүзілік азық-түлік форумы аясында бірқатар кездесу өткізді

🔸Ермек Кенжеханұлы провел ряд встреч с руководством ФАО в рамках Всемирного продовольственного форума в Риме
AGROPRESS
Photo
🔹 Қазақстан 2028 жылға қарай май өнімдерінің экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

📍 Қазақстан май өнімдері өндірісінің экспорттық әлеуетін жүйелі түрде арттырып, отандық шикізатты терең өңдеуге және қосылған құны жоғары дайын өнім шығаруға басымдық беріп келеді. 2028 жылға қарай еліміз май өнімдерінің экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді көздеп отыр. Бұл қазіргі деңгейден шамамен 60%-ға жоғары. Осы межеге жету үшін өндіріс орындарын кеңейту, шикізат қорын молайту, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту және шетелдік нарықтардағы сауда ауқымын арттыру жоспарланған.

Еліміздің май өнімдерін экспорттаудан түсетін валюталық кірісі соңғы бес маусымда бес есе өсіп, 247 млн доллардан 1,232 млрд долларға жетті. 2025 жылдың қорытындысы бойынша бұл саланың үлесі еліміздің өңделген ауыл шаруашылығы өнімдері экспортының жалпы көлемінде 27%-ды құрады. Мұндай көрсеткіштер агроөнеркәсіптік кешендегі елеулі өзгерістерді айғақтайды. Атап айтқанда, шикізатты ел ішінде өңдеп, дайын өнімді сыртқы нарықтарға шығарудың маңызы жыл сайын артып келеді.

Қазіргі таңда Қазақстандағы май өңдеу кәсіпорындарының жалпы жылдық өндірістік қуаты 5,2 млн тоннадан асады. Алдағы жылдары жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру арқылы бұл көрсеткішті одан әрі арттыру көзделген. Сонымен қатар шикізатты терең өңдеуге және ішкі әрі сыртқы нарықтарда сұранысқа ие дайын өнім өндірісін ұлғайтуға басымдық берілмек.

Қазақстанның Майлы дақылдарды қайта өңдеушілер ұлттық қауымдастығының төрағасы Ядыкар Ибрагимовтың айтуынша, саланы дамытудың негізгі бағыттарының бірі – өсімдік майын тазарту қуаттарын арттыру.

«2026–2028 жылдары өсімдік майын тазарту қуаттарын 2,1 есе арттырып, жылына 1 млн тоннадан асыру жоспарланып отыр. Бұл бөтелкеге құйылып, қапталған тазартылған күнбағыс майының өндірісін 2,4 есе ұлғайтуға және дайын өнім экспортын кеңейтуге мүмкіндік береді. Келесі кезеңде өсімдік майлары негізіндегі тағамдық майлар мен маргарин өнімдерінің өндірісін дамытуға басымдық беріледі», – деді Ядыкар Ибрагимов.

2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан күнбағыс майын экспорттаудан әлемде алтыншы орынға, ал Қытайға күнбағыс майын жеткізуші елдер арасында екінші орынға шықты. Бұған қоса, 2024/2025 маркетингтік маусымның қорытындысы бойынша еліміз Қытай нарығына рапс майын жеткізетін бес ірі елдің қатарына енді.

Қазақстан күнбағыс күнжарасын Еуропалық одақ пен Қытайға жеткізуші жетекші үш елдің қатарында. Сонымен бірге еліміз Орталық Азия мемлекеттерінің осы өнімге деген сұранысының едәуір бөлігін қамтамасыз етіп отыр.

Көршілес мемлекеттермен сауда-экономикалық байланыстар да нығайып келеді. Қазақстан Өзбекстан мен Тәжікстанға өсімдік майын жеткізетін жетекші елдердің біріне айналды. Өзбекстан нарығындағы қазақстандық өнімнің үлесі 2017 жылғы 13%-дан 2024 жылы 65%-ға дейін өсіп, 2025 жылы 90%-дан асты. Тәжікстанда да қазақстандық өнімнің үлесі осы кезеңде 15%-дан 74%-ға дейін артып, 2025 жылы 90%-дан жоғары деңгейге жетті.

Жалпы, Қазақстанда өндірілген май өнімдері әлемнің 20-дан астам еліне экспортталады. Негізгі өткізу нарықтарының қатарында Қытай, Орталық Азия мемлекеттері, Еуропалық одақ елдері және Таяу Шығыс бар.

Ұзақ мерзімді мақсат – Қазақстанды күнбағыс майын экспорттайтын әлемдегі жетекші үш елдің қатарына қосу және май өнімдерінің экспортынан түсетін жылдық валюталық кірісті 2 млрд долларға жеткізу.

Сала дамуының маңызды шарттарының бірі – отандық шикізат қорын ұлғайту. 2021 жылдан бері Қазақстанда күнбағыс егілетін алқаптардың көлемі 2,3 есе өсіп, 958 мың гектардан 2026 жылы рекордтық 2,2 млн гектарға жетті. Алайда отандық өңдеу кәсіпорындарының шикізатқа деген сұранысы әлі де жоғары, ал қолда бар шикізат көлемі бұл қажеттілікті толық өтеуге жеткіліксіз.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді ынталандырудың тағы бір тиімді жолы – өңдеуші кәсіпорындардың шаруаларға тікелей қаржылай қолдау көрсетуі. Бұл қаражат көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге, тұқым, тыңайтқыш және өсімдіктерді қорғау құралдарын сатып алуға жұмсалады. Тек 2025 жылдың өзінде осы мақсаттарға 43 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді.
❤1
AGROPRESS
Photo
Мұндай қолдау ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен өңдеу кәсіпорындары арасындағы байланысты нығайтып, өнім өндіруден бастап оны өңдеу мен экспортқа шығаруға дейінгі өзара сабақтас өндірістік тізбектің қалыптасуына ықпал етеді.

Қазақстанның тағы бір маңызды артықшылығы – Қытай, Орталық Азия, Еуропа мен Таяу Шығысты байланыстыратын халықаралық сауда жолдарының торабында орналасуы. Бұл географиялық мүмкіндік қазақстандық өнімді шетелдік нарықтарға жеткізуде маңызды рөл атқарады.

Майлы дақылдарды қайта өңдеушілер ұлттық қауымдастығы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-мен бірлесіп, Достық – Алашанькоу шекаралық өткелі арқылы өсімдік майын тасымалдауды үйлестіру тетігін іске асыруда. Соның нәтижесінде Қытайға өнім жөнелту жоспарының орындалу көрсеткіші 2023 жылғы 40%-дан төмен деңгейден 90%-дан жоғары деңгейге жетті. Ал соңғы үш маусымда Қазақстанның Қытайға май өнімдерін экспорттау көлемі 3,7 еседен астам ұлғайды.

Тұтастай алғанда, май өнімдері өндірісін дамыту – Қазақстан экономикасын әртараптандырудың және шикізаттық емес экспортты арттырудың маңызды бағыттарының бірі. Отандық шикізат қорының молаюы, өңдеу кәсіпорындарының қуатын арттыру, көлік-логистика жүйесін жетілдіру және экспорт нарықтарын кеңейту еліміздің әлемдік нарықтағы орнын нығайтуға мүмкіндік береді.

Осы бағыттағы жүйелі жұмыс Қазақстанның 2028 жылға қарай май өнімдерінің экспортын 1,5 млрд долларға жеткізу жөніндегі мақсатына қол жеткізуіне негіз қалайды.
AGROPRESS
🔹 Қазақстан 2028 жылға қарай май өнімдерінің экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр 📍 Қазақстан май өнімдері өндірісінің экспорттық әлеуетін жүйелі түрде арттырып, отандық шикізатты терең өңдеуге және қосылған құны жоғары дайын өнім шығаруға…
🔹 Казахстан намерен увеличить экспорт масложировой продукции до $1,5 млрд к 2028 году

📍 Казахстан последовательно наращивает экспортный потенциал масложировой отрасли, делая ставку на развитие отечественной переработки и выпуск продукции с высокой добавленной стоимостью. К 2028 году страна планирует увеличить экспорт масложировой продукции до $1,5 млрд, что примерно на 60% превышает текущий уровень. Для достижения этой цели предусмотрены расширение производственных мощностей, укрепление сырьевой базы, развитие транспортно-логистической инфраструктуры и дальнейшее освоение зарубежных рынков.

За последние пять сезонов валютная выручка Казахстана от экспорта масложировой продукции выросла в пять раз – с $247 млн до $1,232 млрд. По итогам 2025 года на эту отрасль пришлось 27% общего объёма экспорта переработанной сельскохозяйственной продукции страны. Такая динамика свидетельствует о существенных структурных изменениях в агропромышленном комплексе, где всё большую роль играют переработка сырья внутри страны и поставки готовой продукции на внешние рынки.

Сегодня совокупные годовые перерабатывающие мощности маслозаводов Казахстана превышают 5,2 млн тонн. В ближайшие годы отрасль продолжит расширяться благодаря реализации новых инвестиционных проектов. При этом стратегический акцент смещается в сторону углубления переработки и увеличения выпуска продукции, востребованной как на внутреннем, так и на внешних рынках.

По словам председателя Национальной ассоциации переработчиков масличных культур Казахстана Ядыкара Ибрагимова, одним из ключевых направлений развития отрасли является наращивание мощностей по рафинации растительных масел.

«В 2026–2028 годах мощности по рафинации растительных масел планируется увеличить в 2,1 раза – до более чем 1 млн тонн в год. Это позволит примерно в 2,4 раза увеличить производство фасованного рафинированного подсолнечного масла и расширить экспорт готовой продукции. Следующим этапом станет развитие производства пищевых растительных жиров и маргариновой продукции», – отметил Ядыкар Ибрагимов.

По итогам 2025 года Казахстан занял шестое место в мире по экспорту подсолнечного масла и второе место среди крупнейших поставщиков этой продукции в Китай. Кроме того, по итогам маркетингового сезона 2024/2025 годов страна вошла в пятёрку крупнейших поставщиков рапсового масла на китайский рынок.

Казахстан входит в тройку крупнейших поставщиков подсолнечного шрота в Европейский союз и Китай, одновременно обеспечивая значительную часть потребностей стран Центральной Азии в этой продукции.

Укрепляется и торгово-экономическое сотрудничество с соседними государствами. Казахстан укрепил позиции одного из ведущих поставщиков растительных масел в Узбекистан и Таджикистан. На рынке Узбекистана доля казахстанской продукции выросла с 13% в 2017 году до 65% в 2024 году, а в 2025 году превысила 90%. В Таджикистане за аналогичный период этот показатель увеличился с 15% до 74%, а в 2025 году также превысил 90%.

В целом география поставок казахстанской масложировой продукции охватывает более 20 стран. В число основных рынков сбыта входят Китай, государства Центральной Азии, страны Европейского союза и Ближнего Востока.

Долгосрочная цель отрасли – вывести Казахстан в тройку крупнейших мировых экспортёров подсолнечного масла и довести ежегодную валютную выручку от экспорта масложировой продукции до $2 млрд.

Важным условием дальнейшего роста остаётся расширение отечественной сырьевой базы. С 2021 года посевные площади под подсолнечником в Казахстане увеличились в 2,3 раза – с 958 тыс. га до рекордных 2,2 млн га в 2026 году. При этом потребность отечественных переработчиков в сырье по-прежнему высока, а его имеющихся объёмов недостаточно для полного удовлетворения спроса.

Дополнительным стимулом для развития сельскохозяйственного производства становится прямое финансирование сельхозтоваропроизводителей со стороны перерабатывающих предприятий. Средства направляются на проведение весенне-полевых работ, приобретение семян, удобрений и средств защиты растений.
AGROPRESS
🔹 Қазақстан 2028 жылға қарай май өнімдерінің экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр 📍 Қазақстан май өнімдері өндірісінің экспорттық әлеуетін жүйелі түрде арттырып, отандық шикізатты терең өңдеуге және қосылған құны жоғары дайын өнім шығаруға…
Только в 2025 году на эти цели было выделено более 43 млрд тенге.

Такая поддержка укрепляет взаимодействие между сельхозпроизводителями и перерабатывающими предприятиями, способствуя формированию единой производственной цепочки – от выращивания масличных культур до переработки и экспорта готовой продукции.

Ещё одним важным конкурентным преимуществом Казахстана является его географическое положение на пересечении торговых маршрутов, связывающих Китай, Центральную Азию, Европу и Ближний Восток. Это позволяет эффективно организовывать поставки отечественной продукции на зарубежные рынки.

Национальная ассоциация переработчиков масличных культур совместно с АО «НК «Қазақстан темір жолы» реализует механизм координации перевозок растительных масел через пограничный переход Достык – Алашанькоу. В результате уровень выполнения планов по отгрузке продукции в Китай вырос с менее чем 40% в 2023 году до более чем 90%. За последние три сезона экспорт масложировой продукции из Казахстана в Китай увеличился более чем в 3,7 раза.

Таким образом, развитие масложировой отрасли становится одним из важных инструментов диверсификации экономики Казахстана и увеличения несырьевого экспорта. Расширение собственной сырьевой базы, наращивание перерабатывающих мощностей, совершенствование транспортно-логистической системы и освоение новых рынков создают условия для дальнейшего укрепления позиций страны на мировом рынке.

Системная работа по этим направлениям создаёт основу для достижения Казахстаном целевого показателя экспорта масложировой продукции в размере $1,5 млрд к 2028 году.