AGROPRESS
2.01K subscribers
12.4K photos
517 videos
1 file
4.61K links
📍ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми парақшасы

📍Официальная страница Министерства сельского хозяйства РК

📍 Official page of the Ministry of Agriculture of the Republic of Kazakhstan
Download Telegram
AGROPRESS
Photo
🔹Шымкентте көксерке өсіру саласын дамыту және озық технологияларды енгізу мәселелері талқыланды

📍Шымкент қаласында көксеркені көбейту және тауарлық мақсатта өсіру мәселелеріне арналған өңірлік семинар өтті. Іс-шараны Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО) мен Орталық Азия және Кавказ балық шаруашылығы және аквамәдениет жөніндегі өңірлік комиссиясы (CACFish) ұйымдастырды.

Семинарға Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Әзербайжан, Түркия, Украина, Чехия, Венгрия және Грузиядан балық шаруашылығы саласының халықаралық сарапшылары қатысты. Қазақстан атынан іс-шараға ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Серік Сермағамбетов қатысты.

Семинар барысында мамандар көксеркені жасанды жолмен көбейту, аналық үйірді қалыптастыру және басқару, уылдырықты инкубациялау, шабақ өсіру, балықты азықтандыру, оның саулығы мен биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ суды тұйық айналымда пайдалану жүйелерін қолдану мәселелерін қарастырды.

Бұдан бөлек, көксерке өсірудің экономикалық тиімділігіне және Қазақстандағы балық өсіру шаруашылықтарына озық технологияларды енгізу мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.

«Қазақстан үшін аквашаруашылықты дамыту стратегиялық маңызға ие. Біздің міндетіміз – балық өсіру көлемін ұлғайтып қана қоймай, заманауи технологияларды енгізуге, өндіріс тиімділігін арттыруға және отандық балық өнімдерінің түрін көбейтуге қолайлы жағдай жасау. Көксерке өсіру бойынша халықаралық тәжірибені зерделеу саланы әртараптандыруға және бизнестің жаңа бағыттарын дамытуға қосымша мүмкіндіктер ашады», – деп атап өтті Серік Сермағамбетов.

Аквашаруашылық – Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың перспективалы бағыттарының бірі. 2025 жылдың қорытындысы бойынша елімізде өсірілген балық көлемі 23 мың тоннаға жетті. Ал балық өсірумен айналысатын шаруашылықтардың саны 700-ге жуықтады.

Саланы дамытудағы маңызды қадамдардың бірі – 2025 жылғы «Аквамәдениет туралы» Заңның қабылдануы. Аталған заң мемлекеттік қолдау тетіктерін жетілдіруге, ғылыми сүйемелдеуді дамытуға және инвестиция тартуға бағытталған.
Шымкентте өткен семинар халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, озық технологиялармен тәжірибе алмасуға және Қазақстанда аквашаруашылықты тұрақты дамытуға жаңа мүмкіндіктер қалыптастыруға ықпал етеді.

Шетелдік мамандармен тәжірибе алмасу көксеркені көбейту мен тауарлық мақсатта өсірудің тиімді тәсілдерін айқындауға, сондай-ақ оларды отандық кәсіпорындарда қолдану мүмкіндіктерін бағалауға жол ашады.
AGROPRESS
🔹Шымкентте көксерке өсіру саласын дамыту және озық технологияларды енгізу мәселелері талқыланды 📍Шымкент қаласында көксеркені көбейту және тауарлық мақсатта өсіру мәселелеріне арналған өңірлік семинар өтті. Іс-шараны Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және…
🔹В Шымкенте обсудили перспективы развития аквакультуры судака

📍Вопросы воспроизводства и товарного выращивания судака обсудили на Региональном семинаре по аквакультуре судака в Шымкенте. Мероприятие организовано Продовольственной и сельскохозяйственной организацией ООН (ФАО ООН) и Центральноазиатской и Кавказской региональной комиссией по рыболовству и аквакультуре (CACFish).

Семинар объединил международных экспертов рыбной отрасли из России, Узбекистана, Кыргызстана, Таджикистана, Азербайджана, Турции, Украины, Чехии, Венгрии и Грузии. От Казахстана участие в мероприятии принял председатель Комитета рыбного хозяйства МСХ РК Серик Сермагамбетов.

В ходе семинара эксперты рассмотрели вопросы воспроизводства судака, формирования и управления маточным стадом, инкубации икры, выращивания молоди, кормления, обеспечения здоровья и биобезопасности рыбы, а также применения установок замкнутого водоснабжения.

Отдельное внимание уделено экономической эффективности выращивания и возможностям внедрения передовых технологий в рыбоводных хозяйствах Казахстана.

«Для Казахстана развитие аквакультуры имеет стратегическое значение. Наша задача – не только наращивать объемы выращивания рыбы, но и создавать условия для внедрения современных технологий, повышения эффективности производства и расширения ассортимента отечественной рыбной продукции. Изучение международного опыта выращивания судака открывает дополнительные возможности для диверсификации отрасли и развития новых направлений бизнеса», – отметил Серик Сермагамбетов.

Аквакультура — одно из перспективных направлений развития агропромышленного комплекса Казахстана. По итогам 2025 года объем выращивания рыбы в стране достиг порядка 23 тыс. тонн, а количество рыбоводных хозяйств приблизилось к 700.

Важным этапом развития отрасли стало принятие в 2025 году Закона Республики Казахстан «Об аквакультуре», направленного на совершенствование государственной поддержки, развитие научного сопровождения и привлечение инвестиций.

Проведение семинара в Шымкенте способствует укреплению международного сотрудничества, обмену передовыми технологиями и формированию новых возможностей для устойчивого развития аквакультуры в Казахстане.

Обмен опытом с зарубежными специалистами позволит определить перспективные подходы к воспроизводству и товарному выращиванию судака, а также оценить возможности их применения на отечественных предприятиях.
AGROPRESS
Photo
🔹Қазақстан агроөнеркәсібіндегі әйелдердің әлеуеті талқыланды

📍Астанада «Қазақстанның агроазық-түлік жүйесіндегі әйелдер: зерттеу нәтижелерінен нақты шешімдерге дейін» тақырыбында екі күндік өңірлік консультациялық семинар өз жұмысын бастады. Іс-шара Ауыл шаруашылығындағы әйелдердің қатысуын дамыту бастамасы (WADI) аясында ұйымдастырылды.

Семинарға мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері, ғылыми қауымдастық мүшелері мен фермер әйелдер қатысуда.

Осы ретте Ауыл шаруашылығы вице-министрі Назгүл Хатепова Астанада штаб-пәтері орналасқан Исламдық азық-түлік қауіпсіздігі ұйымымен (ИАТҚҰ) ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ Қазақстанның ИАТҚҰ Бас Ассамблеясының жетінші отырысына төрағалық ету қорытындылары мен одан кейін Алматыда өткен дөңгелек үстелдің нәтижелеріне назар аударды.

«Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша ИАТҚҰ аясында келер жылы өтетін Аграрлық көшбасшы әйелдер мен жас агрокәсіпкерлер жылына арналған іс-шаралар бағдарламасын әзірлеу жөніндегі ұсынымдарды қамтитын қорытынды құжаттың жобасы дайындалды. Бағдарлама оқыту, тәлімгерлік қолдау көрсету және кәсіби байланыстарды дамыту бағыттарын қамтиды. Мұндай бастамалар өз кәсібін ашуға, кәсіпкерлік қабілетін шыңдауға және басқарушылық жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын әйелдерді қолдауға мүмкіндік береді», — деді Назгүл Хатепова.

Әйелдер еліміздің агроөнеркәсіп кешенін дамытуда маңызды рөл атқарады. Олар өндірістік және кәсіпкерлік қызметті отбасына қамқорлық жасаумен әрі ауылдық қоғамдастықтардың өміріне белсене араласумен қатар алып жүр.
Ресми деректерге сәйкес, Қазақстанның ауылдық жерлерінде 3,6 млн әйел тұрады. Ауыл шаруашылығы саласында 391,2 мың әйел еңбек етеді. Бұл — салада жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 40 пайызы.

2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша тіркелген ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің 74,7 мыңын әйелдер басқарады. Бұл олардың жалпы санының төрттен бірінен астамын құрайды.

Назгүл Хатепова агроөнеркәсіп кешеніне арналған қолданыстағы мемлекеттік қолдау шаралары әйелдер мен ерлер үшін тең мүмкіндіктерді қарастыратынын атап өтті.

Сонымен қатар Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту және фермерлердің кәсіби біліктілігін арттыру бағытындағы жұмыстарды жалғастырып келеді.

Семинар аясында WADI бастамасы шеңберінде жүргізілген «Қазақстанның агроазық-түлік жүйесіндегі әйелдер» зерттеуінің нәтижелері де таныстырылды. Сауалнамаға еліміздің 17 өңірінен агроөнеркәсіп кешенінде еңбек ететін 477 әйел қатысты. Зерттеуге қатысушылар саладағы тәжірибелерімен бөлісіп, күнделікті жұмыс барысында кездесетін негізгі қиындықтарды атап өтті.

Зерттеу барысында анықталған басты кедергілердің бірі — қаржыландыруға қол жеткізу мүмкіндігінің шектеулілігі. Сонымен бірге нәтижелер аграрлық саладағы әйелдердің қаржылай қолдаумен қатар, бизнесті жүргізу бойынша білім алуға да мүдделі екенін көрсетті.

Бұл агроөнеркәсіп кешенінде кәсіпкерлік дағдыларды дамытуға және тұрақты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге бағытталған кешенді қолдау шараларының қажеттігін аңғартады.
Исламдық азық-түлік қауіпсіздігі ұйымы Бас директоры аппаратының басшысы, елші Азамат Бердібайдың айтуынша, зерттеу нәтижелері Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінде еңбек ететін әйелдерді қолдаудың нақты шараларын әзірлеуге және WADI бастамасын одан әрі дамытуға негіз болады.

Семинар қорытындысы бойынша білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруды, заманауи технологияларға қолжетімділікті кеңейтуді және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуді дамытуды ұштастыратын басым пилоттық жобаларды айқындау жоспарланып отыр. Оларды әзірлеу барысында жеке қосалқы шаруашылықтарда еңбек ететін әйелдердің қажеттіліктеріне ерекше көңіл бөлінеді.

Семинар жұмысы 16 қазанда тақырыптық пікірталастар мен WADI бастамасы аясындағы пилоттық жобаларды талқылау форматында жалғасады. Жиын барысында әзірленетін ұсыныстар агроазық-түлік жүйесіндегі әйелдерді қолдаудың тиімді тетіктерін қалыптастыруға және олардың ауылдық аумақтардың экономикалық дамуына белсенді қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталады.
AGROPRESS
🔹Қазақстан агроөнеркәсібіндегі әйелдердің әлеуеті талқыланды 📍Астанада «Қазақстанның агроазық-түлік жүйесіндегі әйелдер: зерттеу нәтижелерінен нақты шешімдерге дейін» тақырыбында екі күндік өңірлік консультациялық семинар өз жұмысын бастады. Іс-шара Ауыл…
🔹В Астане обсудили вклад женщин в развитие агропромышленного комплекса Казахстана

📍В Астане начал работу двухдневный региональный консультационный семинар на тему «Женщины в агропродовольственных системах Казахстана: от результатов исследования к практическим решениям».
Мероприятие организовано в рамках Инициативы по развитию участия женщин в сельском хозяйстве (WADI).

В семинаре принимают участие представители государственных органов, международных организаций, научного сообщества и женщины-фермеры.

Вице-министр сельского хозяйства Назгуль Хатепова подчеркнула важность сотрудничества Казахстана с Исламской организацией по продовольственной безопасности (ИОПБ), штаб-квартира которой расположена в Астане, а также отметила значимость итогов председательства Казахстана на седьмом заседании Генеральной Ассамблеи ИОПБ и последовавшего за ним круглого стола в Алматы.

«По итогам круглого стола подготовлен проект итогового документа с рекомендациями по разработке программы мероприятий в рамках Года женщин — аграрных лидеров и молодых агропредпринимателей ИОПБ в 2027 году. Программа предусматривает обучение, наставничество и развитие профессиональных связей. Такие инициативы помогут поддержать женщин, готовых создавать собственный бизнес, развивать предпринимательские компетенции и брать на себя руководящую ответственность», — отметила Назгуль Хатепова.

Женщины играют важную роль в развитии агропромышленного комплекса страны, совмещая производственную и предпринимательскую деятельность с заботой о семье и активным участием в жизни сельских сообществ.

По официальным данным, в сельской местности Казахстана проживают 3,6 млн женщин. В сельском хозяйстве заняты 391,2 тыс. женщин, что составляет около 40% от общего числа работающих в отрасли.

По состоянию на 1 июля 2026 года женщины возглавляют 74,7 тыс. зарегистрированных производителей сельскохозяйственной продукции — более четверти от их общего количества.

Назгуль Хатепова отметила, что действующие меры государственной поддержки АПК предусматривают равный доступ для женщин и мужчин. При этом Министерство сельского хозяйства продолжает работу по развитию сельскохозяйственной кооперации и повышению квалификации фермеров.

В рамках семинара также представлены результаты исследования «Женщины в агропродовольственных системах Казахстана», проведенного в рамках инициативы WADI. В опросе приняли участие 477 женщин из 17 регионов страны, занятых в агропромышленном комплексе. Участницы поделились опытом работы в отрасли и обозначили основные трудности, с которыми сталкиваются в своей деятельности.

Среди ключевых барьеров отмечена ограниченность доступа к финансированию. Вместе с тем результаты исследования показали заинтересованность женщин-аграриев не только в финансовой поддержке, но и в обучении вопросам ведения бизнеса. Это свидетельствует о востребованности комплексных мер, направленных на развитие предпринимательских навыков и обеспечение устойчивой занятости в агропромышленном комплексе.

По словам руководителя аппарата Генерального директора Исламской организации по продовольственной безопасности, посла Азамата Бердибая, результаты исследования станут основой для выработки конкретных мер поддержки женщин в агропромышленном комплексе Казахстана и дальнейшего развития инициативы WADI.

Ожидается, что по итогам семинара будут определены приоритетные пилотные проекты, предусматривающие сочетание образовательных программ, расширения доступа к современным технологиям и развития переработки сельскохозяйственной продукции. При их разработке особое внимание будет уделено потребностям женщин, занятых в личных подсобных хозяйствах.

Работа семинара продолжится 16 октября в формате тематических дискуссий и рассмотрения пилотных проектов WADI. Выработанные предложения будут направлены на развитие практических механизмов поддержки женщин в агропродовольственных системах и расширение их возможностей для участия в экономическом развитии сельских территорий.
AGROPRESS
Photo
🔹KazAgroFarm-2026 көрмесінде 25 елдің шаруалары бас қосады

📍21–23 қазан күндері Астанадағы EXPO халықаралық көрме орталығында KazAgroFarm-2026 халықаралық көрмесі өтеді.

ExpoGroup компаниясы ұйымдастыратын шараға 25-тен астам елден 300-ден астам компания қатысып, ауыл шаруашылығына арналған озық технологиялар мен жаңа әзірлемелерін таныстырады.

KazAgroFarm-2026 көрмесі дәстүрлі түрде екі негізгі бағытты қамтиды. KazAgro өсімдік шаруашылығына арналған өнімдер мен технологияларды — тұқым дайындау мен егін өсіруден бастап, өнім жинау және сақтауға дейінгі үдерістерді қамтыса, KazFarm мал шаруашылығына басымдық береді. Бұл бағытта генетика, асыл тұқымды мал өсіру, ет пен сүт өндіру және дайын өнім шығару салаларындағы жаңалықтар ұсынылады.

Биылғы көрмеде цифрландыру, автоматтандыру, жасанды интеллект, роботтандыру және дәлме-дәл егіншілік технологияларына да ерекше назар аударылады. Бұл жаңашылдықтар шаруашылықтың тиімділігін арттырып, ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеруге жол ашады.

Көрмеге 25-тен астам елдің компаниялары, әлемге танымал брендтердің басшылары мен жетекші мамандары, шетелдік делегациялар, дипломатиялық және сауда миссияларының өкілдері келеді. Мұндай басқосу шаруаларға шетелдік өндірушілермен және сала мамандарымен тікелей тілдесуге, тәжірибе алмасуға, жаңа серіктестер табуға әрі өзара тиімді келісімдер жасауға мүмкіндік береді.

Көрменің іскерлік бағдарламасына мемлекеттік органдардың, бизнес пен салалық ұйымдардың өкілдері, Чехия, Нидерланд, Германия, Иран және Беларусь дипломатиялық миссияларының өкілдері, сондай-ақ халықаралық сарапшылар қатысады.

Бағдарлама аясындағы маңызды шаралардың бірі — қазақтың ақбас сиырының «Ақбас» тұқымына арналған, оның 75 жылдығына орай ұйымдастырылатын күн. Бұдан бөлек, агроөнеркәсіптік кешеннің өзекті мәселелері талқыланатын панельдік отырыстар, семинарлар, конференциялар мен кәсіби кездесулер өтеді.

Сондай-ақ шетелдік дипломатиялық миссиялардың қатысуымен бірқатар іс-шара ұйымдастырылады.

KazAgroFarm-2026 — шаруалар үшін жаңа мүмкіндіктер алаңы. Көрмеге келушілер ауыл шаруашылығына қажетті техника мен технологияларды бір жерден көріп, өндірушілерден тікелей кеңес ала алады.

Сонымен қатар саланың жаңа бағыттарымен танысып, шаруашылығын дамытуға көмектесетін серіктестер табуға мүмкіндік алады.

Көрме 21–23 қазан күндері Астана қаласындағы EXPO халықаралық көрме орталығында өтеді.
AGROPRESS
🔹KazAgroFarm-2026 көрмесінде 25 елдің шаруалары бас қосады 📍21–23 қазан күндері Астанадағы EXPO халықаралық көрме орталығында KazAgroFarm-2026 халықаралық көрмесі өтеді. ExpoGroup компаниясы ұйымдастыратын шараға 25-тен астам елден 300-ден астам компания…
🔹KazAgroFarm-2026 объединит аграриев из 25 стран

📍С 21 по 23 октября в выставочном центре EXPO в Астане пройдёт международная выставка KazAgroFarm-2026, организованная компанией ExpoGroup. Более 300 компаний из 25 стран представят лучшие решения для агропромышленного комплекса.

Традиционно экспозиция KazAgroFarm-2026 объединит два главных направления в отрасли.

KazAgro охватывает весь цикл растениеводства – от семян и технологий выращивания до уборки и хранения урожая. KazFarm – животноводство от генетики и племенной работы до производства мяса и молока и готовой продукции. Вместе два направления охватывают практически весь современный агропромышленный цикл. При этом экспозицию дополнят решения в области цифровизации, автоматизации, искусственного интеллекта, роботизации и точного земледелия – технологий, которые сегодня меняют агробизнес.

Международный состав станет одной из ключевых особенностей выставки. В Астану приедут компании из более 25 стран, руководители и топ-менеджеры известных мировых брендов, иностранные делегации, представители дипломатических и торговых миссий. Для всех участников выставки это возможность напрямую общаться с зарубежными компаниями и экспертами, выстраивать международные деловые связи, находить новых партнёров, проводить переговоры и обсуждать перспективы сотрудничества.

Деловая программа мероприятия объединит представителей государства, бизнеса, отраслевых организаций, дипломатических миссий Чехии, Нидерландов, Германии, Ирана, Беларуси, международных экспертов. Одним из центральных событий станет День казахской белоголовой породы «Акбас», который будет посвящён 75-летию породы. В программе также запланированы панельные сессии, семинары, конференции и профессиональные встречи по актуальным вопросам развития агропромышленного комплекса, а также мероприятия с участием зарубежных дипломатических миссий и др.

Для фермеров KazAgroFarm-2026 – это возможность за один визит увидеть современные решения для хозяйства, напрямую пообщаться с производителями и экспертами, узнать о новых технологиях и найти потенциальных партнёров.

Выставка пройдёт 21–23 октября в Международном выставочном центре EXPO в Астане.
AGROPRESS
Photo
🔹Бүгін Дүниежүзілік нан күні: Қазақстанның астық әлеуеті мен нан өндірісі

📍16 қазан – Дүниежүзілік нан күні. Нан – дастарқанның берекесі, еңбектің өтеуі, ырыс пен молшылықтың символы. Бұл күн адамзат үшін айрықша маңызы бар азық-түлік өнімінің қадірін ұғындырып қана қоймай, дәнді алқаптан бастап дайын өнімге дейінгі үдерісте маңдай терін төгетін еңбек адамдарының еңбегін дәріптейді. Ал астықты алқабы мен егіншілік дәстүрі қалыптасқан Қазақстан үшін нан өндірісі – агроөнеркәсіптік кешеннің маңызды бағыттарының бірі.

Қазақстанның астық әлеуеті жыл санап артып келеді. Биыл елімізде дәнді және бұршақ дақылдарының жалпы түсімі шамамен 24 млн тоннаға жетеді деп күтілуде. Бұл – соңғы 15 жылдағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі әрі кейінгі екі рекордтық маусымды есепке алмағанда, осы кезеңдегі ең мол өнім.

Астық өндірісінің артуы экспорттық мүмкіндіктерді де кеңейтіп отыр. 2025–2026 маркетингтік маусымда Қазақстан шамамен 16 млн тонна астық пен ұнды астық баламасында экспорттады. Отандық астыққа Өзбекстан, Тәжікстан, Әзербайжан, Ауғанстан, Қытай және Еуропалық одақ елдерінде сұраныс бар.

Мол астық – отандық өңдеу өнеркәсібінің де берік негізі. Қазақстанда ұн өндіру көлемі ішкі қажеттіліктен екі есе жоғары. Бұл еліміздегі нан пісіру кәсіпорындарын отандық шикізатпен тұрақты қамтамасыз етуге және астықты терең өңдеу саласын дамытуға мүмкіндік береді.

2026 жылдың қаңтар–тамыз айларында елімізде 325,5 мың тонна нан өндірілді. Ал жұмыс істеп тұрған нан пісіру кәсіпорындарының жалпы өндірістік қуаты 502 мың тоннаны құрайды.

Кәсіпорындар тұтынушылар сұранысына сай өнім түрлерін көбейтіп, күнделікті тұтынуға арналған нан-тоқаш өнімдерімен қатар, ұзақ сақталатын өнімдер мен ұннан жасалатын кондитерлік тағамдар өндірісін де дамытып келеді.

Өңдеу өнеркәсібінің әлеуетін арттыру үшін мемлекет тарапынан бірқатар қолдау шаралары қарастырылған. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021–2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында жылына кемінде 2 мың тонна нан-тоқаш және/немесе кондитерлік өнім өндіретін кәсіпорындардың инвестициялық шығындарының 25 пайызы өтеледі.

Бұдан бөлек, ұн өндірушілерге салықтық қолдау көрсетіледі. Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 490-бабына сәйкес, бұл салада қосылған құн салығы бойынша 80 пайыздық төмендету қарастырылған.

Дүниежүзілік нан күні 2006 жылы Халықаралық наубайшылар мен кондитерлер одағының бастамасымен белгіленген. Атаулы күннің 16 қазанға сәйкес келуі де тегін емес: дәл осы күні, 1945 жылы, Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО) құрылған.

Бүгінде бұл ұйым ауыл шаруашылығын дамыту, халықтың құнарлы тағамға қолжетімділігін арттыру және жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жұмыс істейді.

Нанның дастарқанға келуі – диқанның маңдай терінен, диірменшінің еңбегінен, наубайшының шеберлігінен басталатын үлкен үдеріс. Сондықтан Дүниежүзілік нан күні – ел ырысын еселеп жүрген барша еңбек адамына құрмет білдіретін ерекше күн.

Отандық астық өндірісін дамыту, оны терең өңдеу, кәсіпорындардың әлеуетін арттыру және еңбек адамдарының еңбегін бағалау – елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтудың маңызды кепілі.
AGROPRESS
🔹Бүгін Дүниежүзілік нан күні: Қазақстанның астық әлеуеті мен нан өндірісі 📍16 қазан – Дүниежүзілік нан күні. Нан – дастарқанның берекесі, еңбектің өтеуі, ырыс пен молшылықтың символы. Бұл күн адамзат үшін айрықша маңызы бар азық-түлік өнімінің қадірін ұғындырып…
🔹Сегодня Всемирный день хлеба: зерновой потенциал и производство хлеба в Казахстане

📍16 октября отмечается Всемирный день хлеба - праздник, подчеркивающий значение одного из главных продуктов питания и его роль в продовольственной безопасности. Для Казахстана, обладающего значительным зерновым потенциалом, хлебопекарная отрасль является важной частью агропромышленного комплекса, объединяющей производство зерна, мукомольную промышленность и выпуск готовой продукции.

Казахстан последние года увеличивает урожай зерна. Так, в текущем году ожидается валовый сбор зерновых и зернобобовых культур в объеме порядка 24 млн тонн. Указанный объем является максимальным за 15 лет, не считая два последних рекордных сезона.

Также растет экспорт зерновых. Так, за 2025/2026 маркетинговый сезон экспортировано порядка 16 млн тонн зерна и муки в зерновом эквиваленте.
Основными импортерами казахстанского зерна являются Узбекистан, Таджикистан, Азербайджан, Афганистан, Китай, страны Евросоюза.

Развитие зернового производства создает основу для стабильной работы отечественных мукомольных и хлебопекарных предприятий.

Производство муки в Казахстане в два раза превышает внутреннее потребление, что позволяет обеспечивать хлебопекарную отрасль сырьем отечественного производства.

За январь-август 2026 года в стране произведено 325,5 тыс. тонн хлеба. Производственные мощности действующих хлебопекарных предприятий составляют 502 тыс. тонн.

Предприятия развивают ассортимент с учетом потребительского спроса, производя хлебобулочные и мучные кондитерские изделия как недлительного, так и длительного хранения.

Для дальнейшего развития перерабатывающей промышленности государством предусмотрены меры поддержки. В частности, в рамках Концепции развития агропромышленного комплекса Республики Казахстан на 2021–2030 годы субъектам АПК, расширяющим производство хлебобулочных и/или кондитерских изделий мощностью от 2 тыс. тонн продукции в год, предусматривается возмещение 25% инвестиционных вложений.

Дополнительной мерой поддержки является налоговая льгота для производителей муки. В соответствии со статьей 490 Налогового кодекса Республики Казахстан предусмотрено снижение НДС на 80%.

Всемирный день хлеба учрежден в 2006 году по инициативе Международного союза пекарей и пекарей-кондитеров. Дата также совпадает с годовщиной основания Продовольственной и сельскохозяйственной организации ООН (ФАО), созданной 16 октября 1945 года. Организация занимается решением глобальных задач в сфере сельского хозяйства, питания и продовольственной безопасности.

Всемирный день хлеба — это возможность отметить труд сельхозтоваропроизводителей, мукомолов и хлебопеков, благодаря которым зерно проходит путь от поля до стола потребителя.

Развитие отечественного производства, укрепление перерабатывающих мощностей и поддержка предприятий остаются важными условиями обеспечения продовольственной безопасности Казахстана.
Forwarded from Qazaqstan.tv
🍞Бүгін – Халықаралық нан күні!

Нанның тарихы қанша мыңжылдықты қамтиды? Әлемде нанды ең көп тұтынатын ел қайсы?
Атаулы күнге орай нан туралы қызықты әрі көпшілік біле бермейтін деректерді ұсынамыз.

🌾Нан егіншіліктен де бұрын пайда болған
Иорданиядағы археологиялық қазба кезінде шамамен 14 400 жыл бұрын дайындалған нан қалдықтары табылған. Бұл адамдардың егіншілікпен кеңінен айналысуынан бірнеше мың жыл бұрын нан пісіргенін көрсетеді.

💰Ежелгі Мысырда нан еңбекақы ретінде берілген
Ежелгі Мысырда жұмысшыларға азық-түлік, соның ішінде нан мен сыра үлестірілген. Олар еңбек ақысының бір бөлігін осылай алған.

🇹🇷Нанды ең көп тұтынатын елдердің бірі – Түркия
Guinness World Records дерегінде Түркия 2000 жылғы көрсеткіш бойынша жан басына шаққандағы нан тұтынудан рекорд орнатқан. Ол кезде бір адамға жылына орта есеппен 199,6 келі наннан келген.

🫓Ғарышкерлер кәдімгі нанның орнына көбіне тортилья жейді
Себебі нанның үгінділері салмақсыздықта жан-жаққа ұшып, ғарыш аппараттарының жабдықтарына зиян келтіруі мүмкін. NASA мәліметінше, 1985 жылдан бері тортилья ғарышкерлердің негізгі нан өнімдерінің біріне айналған.

🥖Нан жасау дәстүрі көптеген халықтың мәдени мұрасына айналған
Француз багеті – ЮНЕСКО тізіміне енген нақты мысал. Оның дәстүрі қамыр илеу, ашыту, қолмен пішіндеу, пісіру және наубайшылық шеберлікті ұрпақтан ұрпаққа жеткізу тәсілдерін қамтиды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
AGROPRESS
Photo
🔹Қазақстанда 42 млн тоннадан астам мал азығы дайындалды

📍Облыс әкімдіктерінің мәліметтеріне сәйкес, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мал азығының барлық түрінен 42 млн тоннадан астам қор дайындады.

Атап айтқанда, 26,9 млн тонна пішен дайындалды. Бұл жоспардың 104,8%-ын құрайды. Сонымен қатар 2,3 млн тонна пішендеме (жоспардың 99,4%-ы), 2,9 млн тонна сүрлем (101,8%), 4,9 млн тонна сабан (103,4%) және 5,5 млн тонна құнарландырылған мал азығы (95,8%) әзірленді.

Мал азығының негізгі түрлері бойынша жоспарлы көрсеткіштердің артығымен орындалуы қосымша қор қалыптастыруға және алдағы қысқы кезеңде қолайсыз ауа райы жағдайларының ықтимал әсеріне мал шаруашылығы кәсіпорындарының төтеп беруіне жол ашады.

Бұдан бөлек, шаруашылықтарда өткен қыстатудан қалған 3,6 млн тонна мал азығы бар. Бұл қор да мал шаруашылығының қажеттіліктерін қамтамасыз етуге жұмсалады.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді мал азығы ресурстарымен қосымша қамтамасыз ету мақсатында «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» акционерлік қоғамы алдағы қысқы кезеңге арнап жемдік астық қорын қалыптастырады. Қажет болған жағдайда ол резервтік ресурс ретінде пайдаланылады.

Ауыл шаруашылығы министрлігі өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, мал азығын дайындау науқанының қорытынды кезеңіне мониторинг жүргізуді жалғастыруда.

Атқарылып жатқан жұмыстар қажетті мал азығы қорын уақытылы қалыптастыруға, мал шаруашылығы кәсіпорындарын жеткілікті азықтық базамен қамтамасыз етуге және алдағы қыс мезгілінде қорада ұстау кезеңін тұрақты өткізуге бағытталған.

🔹В Казахстане заготовлено более 42 млн тонн кормов

📍По оперативным данным акиматов областей, сельхозтоваропроизводители заготовили более 42 млн тонн кормов всех видов.

В частности, заготовлено 26,9 млн тонн сена, или 104,8% от плана, 2,3 млн тонн сенажа (99,4%), 2,9 млн тонн силоса (101,8%), 4,9 млн тонн соломы (103,4%) и 5,5 млн тонн концентрированных кормов (95,8%).

Перевыполнение плановых показателей по основным видам кормов позволяет сформировать дополнительные запасы и повысить устойчивость животноводческих хозяйств к возможным неблагоприятным погодным условиям в предстоящий зимне-стойловый период.

Кроме того, в хозяйствах имеется переходящий остаток кормов с прошлой зимовки объемом 3,6 млн тонн, который также будет использован для обеспечения потребностей животноводства.

Для дополнительного обеспечения сельхозтоваропроизводителей кормовыми ресурсами АО «Продовольственная контрактная корпорация» на предстоящий зимний период сформирует фуражный фонд зерна. При необходимости он будет использован в качестве резервного ресурса.

Министерство сельского хозяйства совместно с акиматами регионов продолжает мониторинг завершающего этапа кормозаготовительной кампании.

Проводимая работа направлена на своевременное формирование необходимых запасов кормов, обеспечение животноводческих хозяйств достаточной кормовой базой и устойчивое прохождение предстоящего зимне-стойлового периода.