Админ удалил(-а) Вас из группы
⠀
⠀
⠀
⠀
⠀
⠀ ⠀
⠀
⠀
⠀
⠀
⠀
⠀
⠀
Осылай кіріп келсем қалай?
Менде жақында осындайға алданып қалып едім 😂

🤣92👍9😭6😱4❤3😁3💔3😨3❤🔥1😢1
Көпшілігіміз дисциплинаны дамытуымыз керек деп әлі күнге дейін көп нәрсе қолымыздан келмей, өзімізге ашуымыз келетін шығар ...
Неге басқалардың қолынан келеді? Неге менің қолымнан келмейді? Таныс сұрақтар шығар иә?
Бір жақсы әдетті бастаймыз да, енді осыны тастамай алып жүретін боламын деп өзімізге уәде беріп, уақыт өте келе уәдемізді бұзып қоямыз.
Сәйкесінше, өзімізге осы үшін ашуымыз келіп, өзімізді жазалаймыз.
Енді менде сұрақ ...
Неге дисциплинаға бұндай көзқараспен қараймыз? Барлығымыз пендеміз ғой. Кез келген адам қателеседі, кез келген адам жақсы әдетті бастап, аяғына дейін жеткізбей қалуы мүмкін. Немесе тастаймын деген жаман әдетін тастап, қайтадан бастап қоюы мүмкін ...
Осы жағдайда дисциплина маған арналмаған екен деп қалдыра салуымыз керек пе? Әрине жоқ!
Дисциплинаны бір тастап қойсақ, қайтадан бастауға болады деген көзқараспен қарасақ ше?
Мысал ретінде таңда ерте тұруды әдетке айналдырғымыз келеді делік. 10 күн бойы таңда ерте тұрып жүріп, 11 ші күні ұйықтап қалсақ, демек дисциплина менікі емес екен деп тастап қойғанымыз дұрыс па?
Тіпті егер тастап қойып жатсақ та, қайтадан жалғастырып кете беремін деген көзқараспен қарасақ, бізге әлдеқайда мақсаттарымызға жетуіміз жеңілірек болады!
Жақсы әдетті бастап, белгілі бір уақыттан соң, тастап қойдың ба? Мойыма! Қайтадан ол әдетті сіңдіруді жалғастыра бер!
Жаман әдетті тастап, белгілі бір уақыттан соң, бастап қойдың ба? Мойыма! Қайтадан ол әдеттен арылуды жалғастыра бер!
Мына қағиданы жаттап ал!
Дисциплина ол - ешқашан тоқтамай істеп жүру емес!
Дисциплина ол - егер тоқтатып қойсақ та, қайтадан ары қарай жалғастырып алып кету! Қайтадан қолға алу!
Нағыз дисциплина дегеніміз осы!
#жазбалар
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡68👍15❤11🔥7👏5💯4😍3
Қыз балаларға қандай әдемі есімдер бар?
Комментарияға бөлісіңдерші 👇
Комментарияға бөлісіңдерші 👇
❤20⚡4🥰4👍1
Энергияны қаншалықты көп жұмсасақ, соншалықты ол көбейеді.
Энергияны жинаудың көзі - энергияны жақсы нәрселерге жұмсау. Жиналған энергиямызды қаншалықты сүйікті ісімізге жұмсайтын болсақ, соншалықты энергияны жинай береміз
Ал, егер энергиямызды жұмсамасақ, ол энергия жаман энергияға айналады. Нәтижесінде, жаман энергия іштей өзімізді жеп бастайды
#инсайттар
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤45👍11💯8⚡6🔥4😱3
Жай ғана істеп баста!
Күмәндану кез келген адамның табиғаты. Өз жолымызда бізді не күтіп тұрғанын 100% болжап, күмәннан толықтай арыла алмаймыз. Қорқыныш пен күмәнға қарамастан әрекет жасап үйренуіміз керек. Әрекет - сенімсіздік пен қорқыныш үшін ең жақсы көмекші!
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💯49❤17👍10⚡5🔥2🥰1🤗1
Өмірімізде берілетін күнделікті мүмкіндіктер ...
Бүгін сендермен өз қабілеттеріңе сену және өзімізді дамытуға ұмтылу қаншалықты маңызды екендігі туралы бөліскім келеді. Күнделікті өмірімізде әрқайсысымыз көптеген мүмкіндіктерге тап боламыз, бірақ, олардың болашағымызды қаншалықты түбегейлі өзгерте алатынын түсіне бермейміз ...
Біз жиі өз қабілеттерімізге күмәнданамыз, жаңа қиындықтардан және сәтсіздіктерден қорқамыз. Саған осы таныс жағдай ма?
Бірақ, ойланып қарасақ, барлық үлкен жетістіктер алға қарай жасалған ең алғашқы қадамнан басталмайды ма? Кез келген осы өмірде үлкен жетістіктерге жеткен тұлғалардың өмірлеріне қарасақ, барлығы да бірінші қадамдарын жасаудан бастаған. Солай-солай, өмірдің түрлі сфераларында үлкен жетістіктерге жеткен.💬
Біздің әрқайсысымызда ерекше таланттар, қызығушылықтар мен дағдылар бар. Бұның барлығы бізге жаңа көкжиектерді ашуға және биіктерге жетуге көмектесетін мүмкіндіктеріміз🏆
Тәуекел етуден және жайлылық аймақтан (зона комфортадан) шығудан қорықпауымыз керек.🟢
Өміріміздегі керемет өзгерістер әдеттегі істеп жүргендерімізден тыс орналасады.🗄
Осы жерде сендерге сұрақ. Осы кезге дейінгі өміріміздегі болып жатқан өзгерістер ол - өткен шақта жасаған әрекеттеріміздің нәтижесі ғой? Демек, егер біз өміріміздің басқаша болып өзгергенін қаласақ, дәл бұрыңғы әрекеттерімізді жасау арқылы жаңа жетістіктерге жете аламыз ба?❔
Әрине жоқ. Егер жаңа нәтижені қаласақ, жаңа әрекеттер жасауымыз керек! Ескі әрекеттерді жасау арқылы, сол ескі нәтижеде қала береміз ...
Тек батыл адамдар ғана армандарына жете алады. Әрбір тәжірибе, әрбір сынақ, тіпті қиын болып көрінсе де, өзімізді және өз мүмкіндіктерімізді жақсырақ түсінуге үйрететін сабақ.
Ешқашан өзіңді басқалармен салыстырма! Әрқайсысымыз ерекше, біртуар, қайталанбас тұлғамыз! Әрқайсысымыздың өз өмірлік жолымыз бар. Дәл қазір әлемде 7-8 миллиард адам болса, солардың ешқайсысы саған ұқсамайды. Сен ерекшесің! Дарасың! Қайталанбас тұлғасың!
Өз мақсаттарыңа назар аударып, оларға жетуге тырыс. Өмірдегі мүмкіндіктер жиі күтпеген уақытта келеді және біз оларға дайын болуымыз керек. Әрбір мүмкіндікті ұстап қалуға тырысуымыз керек. Аллаһ Тағала бізге күнделікті беретін мүмкіндіктердің көмегімен, өмірімізді жақсы тұсқа қарай өзгерте аламыз!
Бастау үшін ешқашан кеш емес екенін есте сақта. Бізді әр қадамда мүмкіндіктер күтіп тұр, біз өз өмірімізді өзіміз құраймыз. Өз дағдыларыңды дамыт, жаңа білім үйрен, білімді адамдармен сөйлес ... Күн сайын бізге өз версиямызды жақсартуға және айналамыздағы әлемді жақсырақ етуге жаңа мүмкіндік беріледі.
Ол қандай мүмкіндіктер сонда деп түсінбеуің мүмкін. Бүгін таңертең ұйқыдан тұрғанымыз тағы да Аллаһтың бізге берген үлкен сыйы. Ол мүмкіндік емес пе? Қаншама инвалид болып қалып жатқан адамдардың қасында, он екі мүшеміз сау болып жүргеніміз мүмкіндік емес пе? Күнделікті өмірімізді жақсы тұсқа қарай өзгерте алу таңдауымыз бар. Ол да мүмкіндік емес пе? Әрине керемет мүмкіндіктер. Бұның барлығы бастамасы. Одан бөлек қаншама тіпті біз байқамай қалып жатқан мүмкіндіктер бар ...
Аллаһқа тәуекел ет! Қорқыныш пен күмән сені ұстап тұруына жол берме! Алға қадам бас, жаңа көкжиектерді аш!✅
Бүгін сендермен өз қабілеттеріңе сену және өзімізді дамытуға ұмтылу қаншалықты маңызды екендігі туралы бөліскім келеді. Күнделікті өмірімізде әрқайсысымыз көптеген мүмкіндіктерге тап боламыз, бірақ, олардың болашағымызды қаншалықты түбегейлі өзгерте алатынын түсіне бермейміз ...
Біз жиі өз қабілеттерімізге күмәнданамыз, жаңа қиындықтардан және сәтсіздіктерден қорқамыз. Саған осы таныс жағдай ма?
Бірақ, ойланып қарасақ, барлық үлкен жетістіктер алға қарай жасалған ең алғашқы қадамнан басталмайды ма? Кез келген осы өмірде үлкен жетістіктерге жеткен тұлғалардың өмірлеріне қарасақ, барлығы да бірінші қадамдарын жасаудан бастаған. Солай-солай, өмірдің түрлі сфераларында үлкен жетістіктерге жеткен.
Біздің әрқайсысымызда ерекше таланттар, қызығушылықтар мен дағдылар бар. Бұның барлығы бізге жаңа көкжиектерді ашуға және биіктерге жетуге көмектесетін мүмкіндіктеріміз
Тәуекел етуден және жайлылық аймақтан (зона комфортадан) шығудан қорықпауымыз керек.
Өміріміздегі керемет өзгерістер әдеттегі істеп жүргендерімізден тыс орналасады.
Осы жерде сендерге сұрақ. Осы кезге дейінгі өміріміздегі болып жатқан өзгерістер ол - өткен шақта жасаған әрекеттеріміздің нәтижесі ғой? Демек, егер біз өміріміздің басқаша болып өзгергенін қаласақ, дәл бұрыңғы әрекеттерімізді жасау арқылы жаңа жетістіктерге жете аламыз ба?
Әрине жоқ. Егер жаңа нәтижені қаласақ, жаңа әрекеттер жасауымыз керек! Ескі әрекеттерді жасау арқылы, сол ескі нәтижеде қала береміз ...
Тек батыл адамдар ғана армандарына жете алады. Әрбір тәжірибе, әрбір сынақ, тіпті қиын болып көрінсе де, өзімізді және өз мүмкіндіктерімізді жақсырақ түсінуге үйрететін сабақ.
Ешқашан өзіңді басқалармен салыстырма! Әрқайсысымыз ерекше, біртуар, қайталанбас тұлғамыз! Әрқайсысымыздың өз өмірлік жолымыз бар. Дәл қазір әлемде 7-8 миллиард адам болса, солардың ешқайсысы саған ұқсамайды. Сен ерекшесің! Дарасың! Қайталанбас тұлғасың!
Өз мақсаттарыңа назар аударып, оларға жетуге тырыс. Өмірдегі мүмкіндіктер жиі күтпеген уақытта келеді және біз оларға дайын болуымыз керек. Әрбір мүмкіндікті ұстап қалуға тырысуымыз керек. Аллаһ Тағала бізге күнделікті беретін мүмкіндіктердің көмегімен, өмірімізді жақсы тұсқа қарай өзгерте аламыз!
Бастау үшін ешқашан кеш емес екенін есте сақта. Бізді әр қадамда мүмкіндіктер күтіп тұр, біз өз өмірімізді өзіміз құраймыз. Өз дағдыларыңды дамыт, жаңа білім үйрен, білімді адамдармен сөйлес ... Күн сайын бізге өз версиямызды жақсартуға және айналамыздағы әлемді жақсырақ етуге жаңа мүмкіндік беріледі.
Ол қандай мүмкіндіктер сонда деп түсінбеуің мүмкін. Бүгін таңертең ұйқыдан тұрғанымыз тағы да Аллаһтың бізге берген үлкен сыйы. Ол мүмкіндік емес пе? Қаншама инвалид болып қалып жатқан адамдардың қасында, он екі мүшеміз сау болып жүргеніміз мүмкіндік емес пе? Күнделікті өмірімізді жақсы тұсқа қарай өзгерте алу таңдауымыз бар. Ол да мүмкіндік емес пе? Әрине керемет мүмкіндіктер. Бұның барлығы бастамасы. Одан бөлек қаншама тіпті біз байқамай қалып жатқан мүмкіндіктер бар ...
Аллаһқа тәуекел ет! Қорқыныш пен күмән сені ұстап тұруына жол берме! Алға қадам бас, жаңа көкжиектерді аш!
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡27🔥15👍14❤11👏3
Неге көпшілік адамдар өз алдарына мақсат қоймайды?
Адамдардың басым көпшілігін
⛔️ Сәтсіздіктен (страх неудачи)
қорқу
⛔️ Өзге адамдар не ойлайды деген қорқыныш
⛔️ Өз өміріне жауапкершілік алмай, баланың ролінде жүруі
⛔️ Өмірінің барлығын міндет қылып қабылдап, салғырт қарауы
және ең көп кездесетін себеп ол - мақсатты қоюдың маңыздылығын мүлдем түсінбегендіктен немесе білмегендіктен. Оған жеңіл қарағандықтан. Одан бөлек басқа да себептер алға мақсат қоюларына үлкен кедергі болады ⭕️
Оптимизм мен пессимизмнің адамдардың болашағына өте қатты әсері бар. Пессимист адамдар алдарына үлкен мақсаттар қоймайды. Бұл рольді амбициясы мықты, әрдайым алға ұмтылушы болған оптимист адамдар өздеріне алады.
Мен өмірімде өте көптеген жетістікке жеткен адамдарды көрдім. Олардың сол үлкен белестерді бағындыруларына себеп болған нәрсе - алдарына дұрыс мақсат қойып, мақсатқа жету жолын дұрыс жоспарлай білуі ✅
Одан бөлек қаншама ақылды, білімді болған адамдарды да көрдім. Бірақ, басым көпшілігі өз армандарына жақындай алмай, өзі жетістік деп түсінген өмірлеріне жете алмаған адамдар ❌
Оның кейбір себептері:
🔺Өмірде өз сүйікті ісін таба алмаулары
🔺Алдарына нақты мақсатты дұрыс қою алмаулары
🔺Мақсатқа жетудің инструменттерін дұрыс білмей, оларды дұрыс қолдана алмаулары
🔈Өте қызық оқиғамен бөлісейін. Бұрында америкалық университеттердің бірінде зерттеу жұмыстарын жүргізген екен. Зерттеу жұмысының жүргізілу себебі - адамдардың қанша пайызы өз алдарына (шамамен 30 жылға) нақты мақсаттары бар екенін анықтау болатын. 100 пайыз жиналған студенттердің тек 3-ақ пайызы ғана нақты мақсаттары бар екенін айтады. Қалған студенттердің 97 пайызында нақты мақсаттары жоқ! Олар мақсатты дұрыс қоя алмайды, мақсатты қою бойынша жұмыс істей алмайды.
30 жыл өтеді. Зерттеу жұмысын жүргізушілер барлық сол кездегі студенттерді тауып, қайтадан бір тексеріп шығады. Нәтиже таңқаларлықтай 🔊
Жаңағы мақсаттары нақты болған 3-ақ пайыз студенттердің жалпы тапқан табыстары қалған мақсаты жоқ 97 пайыз студенттердің жалпы табысынан АСЫП КЕТІПТІ! 🚀
Ойлашы ... Орта есеппен алғанда мақсаты анық 3-ақ пайыз студенттердің ақша табыстары 👉 мақсаты жоқ 97 пайыз студенттердің барлығының жалпы ақша табыстарынан асып кеткен!
Бұл оқиғадан кейін мақсатты дұрыс қоюдың маңыздылығы қаншалықты жоғары екендігін түсінген шығармыз барлығымыз ...
🎙Энтони Роббинстің керемет сөзі бар:
"Жалқау адамдар болмайды. Адамдарды жалқау ететін ол өте кішкентай, шабыт бермейтін мақсаттар!"
Кез келген жеңіс немесе жеңіліс біздің өз сенімімізден басталады. Егер біз жеңіске жете аламыз деп, мақсатты дұрыс қоюды үйреніп, жұмыс жасайтын болсақ, біз жеңіске жетеміз! ✔️
Ал, егер біз жеңіске жете алмаймыз деп, өзімізге сол қате сенімді сіңдіріп тастасақ, бізді бұл жағдайда тек жеңіліс күтіп тұр! 🔘
Егер сен жеңіске жетемін десең, сенің айтқаның
дұрыс! 🟢
Егер сен жеңіске жете алмаймын, жеңілемін десең, сенің айтқаның дұрыс! 🔴
Екеуі де дұрыс. Бұл жерде ең маңыздысы - сенің таңдауың!

❤20⚡7🔥5👍4🤩1🤗1
Инсайт №10
Өмір бойы білім алу
Адамның өмір бойы білім алуы, өзін-өзі дамытуы тез өзгеретін әлемде жеке тұлға ретінде және кәсіби мансапта өсудің ең негізгі факторы болып табылады!

⚡21❤10🔥7👍3