Алғашқы марафоным.
Атмосферасы ұнады.
Келесіде 21, одан кейін 42 км жүгіру керек)

👍12🔥2❤1
Бір сторисқа сала қойып едім,
шатырды кетіріп жіберді ғой😂
Негізі бар күшті салып жүгіргенде 45-50 минут аралығында жүгіріп шығуға болатын еді деп ойлаймын 10км-ді.
Алғашқы марафон болған соң, қатты қинамадым өзімді.
Ал аса бір дайындықсыз 55 минутта ол идеально😂
"Пока сам не попробуешь, не узнаешь" дейді ғой)
Осылай нервыма тиетін достарым бар

🤣15❤5👍2
Аллаһ сүйген пендені адамдар да сүйеді
“Ақиқатында, иман келтіріп, ізгі амалдар жасағандарды Рахман (Аллаһ) сүйікті қылады.” (Мәриям, 96)
Кейбір адамдарды көрсең, жаның жай тауып, қасынан кеткің келмейді. Саған тікелей пайдасы да, зияны да болмағанымен, бірақ жүрегің оларға жақын тартады. Бұл – Аллаһтың берген ерекше сыйы.
Жүрегі иманға толған жанды, Аллаһқа шын берілген пендені адамдар да жақсы көреді.
Біз де сондай болуға ұмтылайық!

❤22
Бүгін бір тәп-тәтті кішкентай бала қасымнан айналшықтап шықпады)
Қанша жақсы көріп тұрсам да, кішкентай балаларды еркеле алмайды екенмін. Қызық.. Ол неден екен?

😁9❤2🤔2
Aiba | Notes 📝
Бүгін бір тәп-тәтті кішкентай бала қасымнан айналшықтап шықпады) Қанша жақсы көріп тұрсам да, кішкентай балаларды еркеле алмайды екенмін. Қызық.. Ол неден екен?
Бірақ қызығы — ол бала анасынан ұрыс естіп, маған қарай жүгіріп келді. Көтеріп алып едім, бірден жылауын қойып, күліп, ойнап кетті)
Еркелетсем одан сайры кететін сияқты ғой😂

❤14😁6🤣5
Өзімнің де туған күнімді, өзгенің де туған күнін тойламаймын. Құттықтамаймын, құттықтау қабыл алмаймын🙂
🤔10👍5❤1😱1😐1
Жол ережесін бұздым. Бірақ…
Осыдан 2-3 ай бұрын жолдан кесіп өткенім үшін ұсталып, 1 мрп (3932 тг) айыппұлға ілінген болатынмын.
Кеше дәл сондай жағдай тағы қайталанды — жолдан өтіп бара жатқанда тағы тоқтатып, бұл жолы 5 мрп (19 660 теңге) айыппұл жазып берді.
Алматы жол ережесін сақтап жүруге үйрететін болды 😂
Басында ауаға кеткен ақша болды ғой деген ой болды.
Кейін хайр деп, жақсы жағынан қарап көрдім.
Мүмкін осы штрафты төлеуім келесіде жол ережесін сақтап жүруіме себеп болатын шығар. Сәйкесінше алдағы уақытта мені күтіп тұрған жол апатынан Аллаһ Тағала мені осылай сақтаған шығар деген түйінге келдім.
Аллаһ Тағала айтады:
“Сендерге ұнамаған нәрсе сендер үшін хайырлы болуы мүмкін. Ал сендер жақсы көрген нәрсе, бәлкім, сендер үшін жаман болуы мүмкін.
Аллаһ біледі, ал сендер білмейсіңдер.
(Құран, Бақара сүресі, 2:216)

❤25👍8🤣2
Өзіме, өз біліміме, өз күшіме сеніп қала беретін әдетім бар еді…
Соңғы кездері осы тұсымды өзгертуге тырысып жүрмін. Себебі, егер Аллаһ Тағала жәрдем бермесе — мен тіпті орнымнан да тұра алмаймын.
Мендегі білім де, күш те, тағы басқасы — Аллаһтың маған берген нығметтері. Олар тек себеп. Ал егер Аллаһ қаламаса — сол себептердің ешбірі пайда бермейді.
Сондықтан:
Аллаһқа ғана сену.
Тек Аллаһтың Өзіне ғана тәуекел ету. Жалғыз Қорғаушымыз — Аллаһ екенін жүрекпен ұғыну.

❤22👍5👏4
Тридстан осындай пост көріп қалдым. Кольцолардың қандай-қандай түрлері шығып кеткен көзді ашып-жұмғанша?
Тағы қосып жіберейік жоғарыдағыға:
⁃ Кольцо покорности
⁃ Кольцо всевластия
⁃ Кольцо терпения
⁃ Кольцо прощения
⁃ Кольцо обязательств
Тағы не бар?😂
Шаршамайды е адамдар🤦🏼♂️
Той жасамаймын Аллаһ қаласа. Тек шариғатқа сай неке.
Бұл шығындардың маған қатысы жоқ екенін түсінген сәттегі шүкіршілік 📈
Одан да сол ақшаны ақылмен жұмсап, өзіміздің шынайы қажеттіліктерімізге бағыттаған әлдеқайда дұрыс деп санаймын.
Басқа адамдардың үмітін (ожиданиясын) ақтау үшін осынша шығын жасап қажет емес. Кім не ойласа да, ең маңыздысы — өз ниетіміздің таза, жолымыздың дұрыс болуы.
Басқалардың мен туралы пікіріне, мен туралы не ойлайтындарына басымды қатырмайды екенмін. Түшкіргенім бар өзгелердің пікірлеріне.

❤12👏4👍1
Жаяу жүруге онша жоқ досыммен 7 км-дей жаяу жүріп келе жатырмыз. Менімен жүргендердің жаяу жүруге махаббатын ашамын деймін)
❤9🤣7😁1