Aiba | Notes 📝
1.77K subscribers
77 photos
5 videos
3 links
Download Telegram
Түн ортасындағы отырыс осы🥲
Ең болмағанда әйелдерімізбен отыратын адамдармыз ғой.
Бойдақтар - держимся вместе😂✊ Сейчас так только с братьями)

Рамазан айынан кейін ұйқы режимі быт-шыт болды шыны керек..
❤6😁4🤣4❤‍🔥1👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Өткен жылғы видео.

Ішімде бір тыныштық іздеген күй бар — тау жаққа, табиғатқа тартып тұр.
😍8❤3💔1
Есікті жауып жүрмейтін адамдарды қайтеміз?

- Ашық тұрған есіктен кірсең, ашып кет.
- Жабық тұрған есіктен кірсең, кетерде жауып кет.
👍9❤2
Разве ты не видел, что Аллаха славят те, кто на небесах и на земле, а также птицы с распростертыми крыльями? Каждый знает свою молитву и свое славословие. Аллах знает о том, что они совершают

Сура “Ан-Нур”, 41 аят
👍8❤2😍2
Бойдақ жігіттерге кеңес:

Үйленбес бұрын қыздың анасының күйеуіне, яғни, әкесіне қандай қарым-қатынаста екеніне мән беріңіз.

Егер анасы күйеуін құрметтеп, сыйламаса — үлкен ықтималдықпен қызы да сізді құрметтемейді.

Ал егер анасы әкесін сыйлап, қадірлесе — ондай отбасыда өскен қыз да күйеуіне дәл сондай қарым-қатынаста болады.
❤12👍4❤‍🔥1👏1
Тұрмыс құрмаған қыздарға кеңес:

Тұрмысқа шықпастан бұрын жігіттің әкесінің әйеліне, яғни, анасына қандай қарым-қатынаста екеніне мән беріңіз.

Егер әкесі анасын құрметтеп, сыйламаса — үлкен ықтималдықпен жігіт те сізді құрметтемейді.

Ал егер әкесі анасын сыйлап, қадірлесе — ондай отбасыда өскен жігіт те әйеліне дәл сондай қарым-қатынаста болады.
❤16👍5❤‍🔥1👏1
Екі жақа да сондай кеңес)
❤9👍3❤‍🔥2💔1
- Қаншама адам бізді жақсы көреді
- Қаншама адам бізді жек көреді

Өмір осынысымен қызық емес пе, иә?)
❤11👍4😁4❤‍🔥1
+1 парфюм
Әрдайым өзіме айтамын:
- Осы жолы соңғы парфюм..

Бірақ артынан...
Тағы бір жаңасы 🤝

“Armaf Club de nuit intense man (UAE) - Creed Aventus-тың аналогы.

Екеуін де қолданып көрдім. Иістері бірдей, айырмашылық өте аз ғана.

Ал бағалары аспан мен жердей.

Аромат - классика.

Артық ақша төлеуге дайын болмасаңыздар, жақсы вариант ✅
❤6👍4🔥4❤‍🔥1
Aiba | Notes 📝
Кішігірім парфманьякпын
Осы жақтағы ароматтарға жеке-жеке кішігірім обзор жасаймын, егер қызығатын адамдар болса..

Мына жерде нишевый оригиналдар, люксовыйлар, аналогтар, копиялар, май (масляный) түріндегі парфюмдар да бар.
Любительмін) мүмкін кейбіреулерге пайдасы тиіп қалар
❤10👏4❤‍🔥1
Үйдің кішісі болған да оңай емес қой, иә?

Інім (13 жаста) - үйдің кенжесі. Бір уақытта 5 адам бірдей жұмсай салады)

Әкесі бір жаққа жұмсайды, анасы екінші жаққа, ағалары мен әпкесі жұмсауға кезекте тұрады)

Барып келеді, шауып кетеді..
Семейный курьер
в общем😂
🤣33😭4😁3❤2👍2
Тараз мешіттері
❤10😍8👍1
АБАЙ БОЛЫҢЫЗДАР!

Жаңа ғана 70% сірке суын (уксус) абайсызда бетіме шашып алдым. Бетім бірден күйіп, қатты ысып кетті. Жүгіріп барып, салқын сумен дереу жуып тастадым.

Басында бетімде көп ақшыл күйген іздер пайда болды. “Шрам болып қалмаса екен” деген қорқыныш. Бірақ, Аллаһқа шүкір, ақшыл іздер кетіп, қазір тек аздап қызарғаны ғана қалды. سبحان الله

Ең бастысы — көзім аман қалды. Уксус көзіме тимеуіне көзілдірігім себеп болды. Аллаһ сақтап қалды.

Кейін іздеп қарап едім — 70%-дық сірке суы өте қауіпті кислота екен. Егер көзге тисе, соқыр қылып жіберуі де мүмкін дейді…

Бұдан бірнеше сабақ болды. Жалпы, бұл оқиғаның бір предысториясы бар. Соңғы кезде сәл даңдайсып кетіп едім…

Бәлкім, Аллаһ Тағала осы арқылы маған бір ескерту жасап тұрған шығар,
الحمدلله.

Кейін толық айтып берермін,
انشاءالله.

Абай болыңыздаршы🫂
❤20😢14😨4🤯1😱1
Мен ең жек көретін қасиеттердің бірі - адамдардағы қырсықтық.

Өзінікін ғана дұрыс деп санап, айтқанынан қайтпайтын, түсінуге тырыспайтын бірбеткей мінез — қарым-қатынасты қиындатып, өзара сыйластықты бұзады.

“Ақыры қырсықсаң - “по факту” болсыншы, ретімен…
Оңды-солды, ретсіз қырсыға бермей”,- деп айтқым келеді көп адамға.
🤣13❤8😁3