Aiba | Notes 📝
1.77K subscribers
77 photos
5 videos
3 links
Download Telegram
Мен ең жек көретін қасиеттердің бірі - адамдардағы қырсықтық.

Өзінікін ғана дұрыс деп санап, айтқанынан қайтпайтын, түсінуге тырыспайтын бірбеткей мінез — қарым-қатынасты қиындатып, өзара сыйластықты бұзады.

“Ақыры қырсықсаң - “по факту” болсыншы, ретімен…
Оңды-солды, ретсіз қырсыға бермей”,- деп айтқым келеді көп адамға.
🤣13❤8😁3
Сыртта жан-жағымыздың бәрі толған жас ғашықтар..

Көре-көре жүрекке салмақ түсіп бара жатыр ғой😂
🤣16😁6❤2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Өткен жылы құрбан айтта..

Бұл жолы табиғатқа шыға алмай кеттім. Осы мамыр айы бітпей тұрып, бір маевкаға шығып үлгеру керек..
❤8😍4👍2
😍🌇
❤11😍8👍1
6 маусым – Құрбан айт мейрамының алғашқы күні.

Осы күні оқылатын Құрбан айт намазының еліміз бойынша әзірленген кестесі
❤6👍6👌1
Ертең зуль хиджа айының 9-шы күні — Арафа күні (5 маусым). Осы мүмкіндікті пайдаланып қалайық.

Пайғамбарымыз ﷺ айтады:
«Арафа күніндегі ораза – өткен және келер жылғы күнәларға кешірім болады»

(Муслим, 1162)
❤9👍2
Бүгін “арафа” күні

Хадис:
“Ең жақсы дұға – арафа күні
жасалған дұға”

Бір жылда 1 рет келетін осы арафа күніндегі мүмкіндікті пайдаланып қалайық.
❤10👍3👌1
السلام عليكم ورحمة الله وبركاته

Құрметті мұсылман қауымы, баршаңызды құрбан айт мерекесімен құттықтаймын! 🎉
Аллаһ Тағала құлшылықтарымызды қабыл етсін!

تقبل الله منا ومنكم
❤9😍2🤝2
Алматыда ішкен американоның әзірге ең дәмдісі осында😌
❤16
Телефонымда 1000-нан астам видео болды. Ішінде мүлде қажетсіз видеолар өте көп еді

Бір байқағаным - тіпті телефонымның ішінде ретсіздік пен қажетсіз “мусор” болса, бұл менің өміріме де қатты әсер етеді екен. Продуктивтілігім төмендеп, үнемі визуалды шум мазамды алады.

Көбісін өшірдім. Қазір:
• 1000-нан 195 видео ғана қалды ✅

Фотолар, заметкилар, файлдар әлі тазаланған жоқ. Соңғы 2 жыл ішінде қажетсіз ақпарат пен суреттер жиналып қалыпты. Енді бәрін біртіндеп тазартып, тұрақты түрде тазалап тұруды әдетке айналдырғым келеді.

- Телефон іші таза болса, ми да таза.
- Телефон ішінде мусор көп болса, мида да мусор көп.

Видеодан бөлек, фотолардың саны 5000 еді, қазір 3000-ға түсірдім)
әлі де тазалау керек..

Кімде қанша сурет-видео?)
❤11😁3👏2
Дым уақыт жоқ деймін қазір
🤣28❤2👍2😁2
Таиландтық бір әйел кісіге көмектесіп едім, алғыс ретінде осындай қалдырып кетті) Бірақ құрамында желатин бар екен. Кейін білдім.

Қызық-қызық нәрселер жейді осы қыздар, иә?
😁9🤣4❤3
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Отбасыңмен табиғат аясында тынығып, демалғанға жететін нәрсе бар ма?

(Өткен айдағы видео, ақыры шықтық-ау маевкаға)
❤9
“Даналық” жайында жақсы бір пост салғым келіп тұр. Әзірге бір сұрақ.

Даналық дегеніміз не? Кім қалай түсінеді?
❤3👍2🤔2
Жалпы қып-қызыл ред флаг екенмін
🤣11😁2
ДАНАЛЫҚ

Аллаһ айтады Құранда:

“Ол (Аллаһ) қалағанына даналық береді, ал кімге даналық берілсе, ол үлкен игілікке (жақсылыққа) ие болды…”
(Бақара сүресі, 269 аят)

Даналық ол – ең үлкен байлықтардың бірі. Аллаһ Тағала оны өзінің қалаған құлдарына береді.

Даналық дегеніміз – әр нәрсені өз орнына қоя білу. Орынға қарап, уақытқа қарап, қандай адамдар мен қандай жағдайда тұрғанына қарап “дұрыс әрекет” жасай білу.

Даналық дегеніміз – Құран мен сүннетке сай дұрыс, тура біліммен амал ету. Даналық ол - сабырлық, адамдарды түсіне білу.

Даналық дегеніміз әрдайым жұмсақ болу емес.

Даналық дегеніміз - қаттылық танытатын жерде қатал бола білу. Жұмсақтық қажет жерде жұмсақ бола білу.

Даналық дегеніміз - адамды жағдайына қарай бағалап, оның түсінік деңгейіне сай сөз сөйлеп, түсіндіре алу.

Даналық дегеніміз:
⁃ Білімді дұрыс пайдалана білу
⁃ Қай кезде не айту керек екенін білу (не істеу керек екенін білу)
⁃ Қандай кезде үндемей қоя салу керек екенін білу
⁃ Қандай сөздерді таңдап айту керек екенін білу
⁃ Кімге айту керек екенін білу, кімге айтпау керек екенін білу
⁃ Не туралы айту керек екенін білу. Не туралы айтпау керек екенін білу.

Сондықтан даналық ол – кез келген білім алған адамда бола беретін нәрсе емес. Ол – Аллаһтың Өзінің қалаған құлдарына ғана берілетін үлкен байлық.

Аллаһ Тағала бізге әр нәрсені өз орнына қоя алатындай, орынды сөз айтып, орынды әрекет ете алатындай даналық нәсіп етсін.
❤16👍3