Жеке ойым:
Қыз баланың өз күйеуіне “сіз” деп сөйлегені әдемі, жарасымды.
Ал ер адамның өз келіншегіне “сіз” деп сөйлегені біртүрлі естіледі, үйлеспейді.

❤16👍5😢2👏1💔1😐1💊1
Көзді ашып-жұмғанша жаздың 1 айы өтіп кетіпті. Уақыт қалай зымырап жатыр, иә?
2019 жылдан кейін «фырылдады» ғой..
2019 жылдан кейін «фырылдады» ғой..
❤9🤣4👍1😁1
СЕНБІ КҮНІ «АШУРА» КҮНІНІҢ ОРАЗАСЫ
Пайғамбарымыз Мұхаммед ﷺ “Ашура” күні ораза ұстаған және мұсылмандарды да соған шақырған. Ол былай деген:
«Ашура күнінің оразасы – өткен жылдың күнәларына кәффарат (кешірім) болуын Аллаһтан үміт етемін» (Муслим, 1162).
Сонымен қатар, Пайғамбарымыз ﷺ Мухаррам айының 9-ы мен 10-ы күндерін қосып ұстауды кеңес еткен.
4 шілде 2025ж – 9 Мухаррам
5 шілде 2025ж – 10 Мухаррам (Ашура күні)
1 жылда 1-ақ рет келетін күнді пайдаланып қалайық✨

❤11👍2👌1
Әзіл – тамаққа қосылған тұз секілді болуы керек. Көп те болмауы керек, мүлдем болмауы да дұрыс емес.
Егер әзіл шектен тыс көп болса, бұл тамаққа артық тұз салып жібергенмен бірдей – адамдармен қарым-қатынасымызды бұзып аламыз.
Ал әзіл мүлдем болмаса, ондай қарым-қатынас дәмсіз тамақ секілді.. көңілсіз әрі қызықсыз болады.
Әзілді орнымен қолдану – даналықтың белгісі.

❤16👍2👏1
Кейбір адамдар жамандыққа жақын болса да, “жақсы” мен “жаманды” жалпы айыра білуші еді.
Ал енді “жақсы” мен “жаманды” тіпті айырып білмейтін адамдардың саны көбеюде.
Дұрыс нәрсені бұрыс көріп,
бұрысты дұрыс көретіндер..

❤11👍3👏1🤔1👌1
Бірде Алматыда автобус жүргізушісі жолақысын төлемей жатқан жолаушыларға қарап:
“Оңайдан емес, Құдайдан қорқып төлеңіздер”, – деді.
Айтқанына риза болдым.
Шынында да, егер сіз біреудің ақысын жесеңіз, ертең сіздің ақыңызды біреу жемейтініне кім кепіл?

❤25💯2
Жаңбыр жауғанда оқылатын дұға:
اَللَّهُمَّ صَيِّبًا نَافِعًا
Оқылуы: “Аллаһуммә сайибән нәфиған”
Мағынасы: “Уа, Аллаһ! Нөсерлетіп пайдалы жаңбыр жаудыр”

❤9
САМАЯ БОЛЬШАЯ ЛОЖЬ, В КОТОРУЮ ВЕРЯТ МНОГИЕ…
Они говорят: “Я самодостаточный. Мне никто не нужен”. Но на самом деле никто из людей не может быть самодостаточным.
Только Аллаһ – Самодостаточный.
Мы – рабы Аллаһа. Мы нуждаемся в Аллаһе каждый день.
В здоровье, в еде, в защите, в спокойствии и даже в самом дыхании.
Без Его милости мы не можем ни жить, ни двигаться..
Аллаһ говорит в Коране:
“О люди! Вы нуждаетесь в Аллаһе, а Аллаһ – Самодостаточный (Богатый), Достойный хвалы” (35:15)

❤20👍1💯1
Бойдақтар –
Біз нағыз, шынайы махаббаттың не екенін білмейміз. Тіпті қыз-жігіт болып жүргендердің өзі де шынайы махаббатты сезініп көрмеген..
Олардың арасында – тек қалау, өткінші ғашықтық сезімі, гормондар ғана.
Ал ‘нағыз махаббат’ тек таза некеден кейін басталады.
Аллаһ Құранда былай дейді:
«Оның белгілерінің бірі – сендерге өздеріңнен, өздеріңе тыныштық табу үшін жұбайлар жаратқаны және араларыңа махаббат пен мейірім салғаны...»
(Рум сүресі, 21-аят)

❤22
Шайға қант қоспай ішіп жүргеніме 4-5 жылдай болып қалды.
Бүгін сол 4-5 жылдан кейін алғаш рет қант қосып ішіп жатырмын.
Прикольно екен)

🤣12😁5❤1
Қыз бала тұрмысқа шыққан соң, өз тегінде (фамилиясында) қалғаны жақсы.
Көп ер адамдардың әйелінің тегін өз тегіне ауыстырғанын қалауын түсіне алмаймын.

👏13❤5👍5💯4
ТОБЫРЛЫҚ ОЙЛАУ (СТАДНОЕ МЫШЛЕНИЕ) ЖАЙЫНДА
Шатырымды кетіретін бір нәрсе бар осы👇
Ең жаман аромат (парфюм) қайсы деп көпшіліктен сұрасаң, көбісі бірден:
– Dior Sauvage,– деп жауап береді.
Бірақ дәл сол “Sauvage”- ды жамандайтын адамдардың өзіне иіскетіп көрсек, көпшілігі тіпті ол иісті танымайды да. Оны басқа ароматпен шатастырып жатады.
“Стадное мышление” деген осы. Кезінде бір блогер осы ароматты жамандап бастап еді, сол сәттен бастап жеке пікірі жоқ адамдар сол сөзді қайталайтын болды. Басын қайда бұрсаң – сонда бұрылатын мал секілді.
Ал егер адам “Dior Sauvage”- дың иісін анық танып, соны біліп тұрып ұнатпаса – онда бұл басқа әңгіме. Ондай пікірге құрметпен қараймын.
Мен ұнайтпайтын нәрсе ол – өзінің жеке пікірі жоқ, көпшілік не айтса, соның айтқанымен жүретін адамдар.
“Dior sauvage”- ды жақсы көремін деп айтпаймын, жек көремін де айтпаймын. Бірақ сөзсіз ол – өте жақсы ароматтардың бірі, классика болып қалды.
Тек дәл қазір ол тым көп таралған соң, ерекшеленгісі келгендер басқа парфюмды таңдағаны дұрыс деп ойлаймын.

❤6👍6💯1
Бұл “тобырлық ойлау” (стадное мышление) көп нәрсеге қатысы бар. Жоғарыда келтіргенім жай ғана мысалдың бірі.
Қазір неше түрлі миға сыймайтын әңгімелерді айтып шығып жатқан блогер, психолог, коучтар бар.
Мәліметтерді фильтрден өткізіп алғанымыз дұрыс.

👍6❤4💯1
30-35 жас аралығындағы мужик келіп маған “аға” дегені ше🫠
– Сен ағасың маған, братан..
– Сен ағасың маған, братан..
🤣16❤2
Каспи магазинде тапсырыс бағасы 5000 теңгеден асса, доставка тегін болатынын енді білген мен ғана ма?🫠
Әйтпесе 4 магазиннен 4 зат алсаң, 4 заттың доставкасына жеке-жеке төлейсің ғой.. егер 5000 тг-ден аспаса әрине.
Соны біліп, бүгін каспиден 8 магазиннен 8 зат алдым ал..

🤣13❤3😁2
Алматы “Спутник” трц-дағы намазхана.
Алдында жауып тастаған деп еді.
Қазір ашық екен, الحمد الله
Екінші қабат, лифттің жанында. Сұр есік.

😍10❤5👍2