Alga KZ
1.38K subscribers
397 photos
35 videos
23 links
Ең өзекті, маңызды жаңалықтар мен қызықты ақпараттардан алғашқылардың бірі болып хабардар болғыңыз келсе, біздің арнаға жазылыңыз!
Download Telegram
🔥 Астанада “Шанхай” базарында өрт шықты

Елордадағы Алаш тасжолының бойында орналасқан үш қабатты ғимаратта өрт болды. Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер тілсіз жауды ауыздықтады.

ТЖМ мәліметінше, өрт сағат 07:10-да оқшауланған. Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында жалын жақын маңдағы ғимараттарға тараған жоқ.

📍Зардап шеккендер туралы ақпарат нақтылануда.
🌞 Қайырлы таң, достар!
📅 21 шілде – Басты жаңалықтар

🔹 Александр Бублик алғаш рет глин төсенішіндегі ATP турнирін жеңіп алды! Gstaad финалында сенімді жеңіске жетті – 6:4, 4:6, 6:2
🔹 Тоқаев Astana-да Азиядағы ең қуатты суперкомпьютерді іске қосты – 2 экзафлоптық жүйе AI мен цифрлық сервистерді дамытуға арналған
🔹 Көлік тасымалы 10,5%-ға артты – 928 млн жолаушы, 11% өсім жүк тасымалында
🔹 40°C дейін аптап ыстық күтіледі – оңтүстікте шаңды дауыл, шығыста найзағай ⚠️

Маңызды жаңалықтарды жіберіп алмаңыз!👏
🎓 43 жастағы америкалық СҚО университетіне оқуға түсті

АҚШ азаматы Илья Кушнирский Солтүстік Қазақстан университетінің қос дипломды бағдарламасына қабылданды. Ол “Білім берудегі психология” мамандығы бойынша ақылы негізде оқиды.

🇺🇸 Шетелдік студент үшін бұл қаржылық жағынан тиімді:
Егер Аризона университетінің Тусондағы кампусында оқыса, жылына 40 000 $ төлеуге тура келер еді.
🚨 Сингапурлық турист Іле-Алатау паркінде жарақат алып, эвакуацияланды

Таулы аймақта жарақат алған шетелдік әйелге құтқарушылар дереу көмекке келді. Оқиға орнында алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, оны төменге қарай қауіпсіз тасымалдау басталды.

🚑 Кейін “Аюсай” визит-орталығына жақын шлагбаум маңында жедел жәрдем шақырылып, әйел ауруханаға жеткізілді.
Ақбөкен етінен ауру жұқтыру мүмкін бе? Министрлік жауабы

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, жануарлардың аса қауіпті ауруларын болдырмау мақсатында ақбөкендердің бүкіл популяциясына Ұлттық ветеринария референттік орталығы тұрақты түрде эпизоотиялық мониторинг жүргізеді.

Қазір ақбөкендердің санын реттеу жұмыстарына 6 облыстағы 24 сою пункті жұмылдырылған. Барлық сою объектілері ветеринариялық-санитариялық талаптарға сай.
🧓🏻 Елдегі зейнетақының орташа көлемі жарияланды

2025 жылғы 1 шілдедегі мәліметке сәйкес, қазақстандық зейнеткерлердің жиынтық зейнетақысының орташа мөлшері 143 529 теңгені құрады.
▪️ Оның ішінде:
— Ынтымақты зейнетақы – 95 912 теңге
— Базалық зейнетақы – 47 617 теңге

🔹 Бүгінде елімізде 2 млн 489 мың зейнеткер бар.
📌 Бағанашылдағы балалар үйі көшірілмейді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Бағанашыл ықшам ауданындағы балалар үйі Алматыдан Қонаев қаласына көшірілмейді. Бұл туралы Президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады.

🔹 Президент Алматы әкімі Дархан Сатыбалдыға балалардың оңтүстік астанада оқуын жалғастыруы үшін мекемені жөндеуді және оны қаланың балансына алуды тапсырды.

🔍 Аталған жағдайға байланысты Президент Әкімшілігі қызметтік тексеріс жүргізеді.

👧🏻🧒🏻 Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың барлық құқығы заң аясында толық сақталады.
🔥 42°С ыстық болады: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

“Қазгидромет” мәліметінше, алдағы үш тәулікте еліміздің оңтүстігінде күн қатты ысиды — термометр бағаны 42°С-қа дейін көтеріледі.

🌡️ Нақтырақ:
▪️ Батыс өңірлерде – 35-39°С
▪️ Оңтүстік-батыста – 38-42°С
▪️ 24 шілдеде Қостанай облысының оңтүстігінде – 35°С
▪️ Орталық аймақтарда – 35-38°С
▪️ Оңтүстікте – 40-42°С
▪️ Оңтүстік-шығыста – 35-39°С

🧴 Су ішуді ұмытпаңыз, көлеңке мен салқын жерлерде болуға тырысыңыз!
🚨 Атыраудағы хлор улануы: аквапарк директоры үйқамаққа алынды

Атырауда 13 шілдеде орын алған төтенше жағдайдан кейін Palma аквапаркі директоры үйқамаққа алынды. Оқиға кезінде 15 адам уланған, оның 13-і – бала. Үшеуі жансақтау бөліміне түскен.

Куәгерлердің айтуынша, аквапарк ішінде хлор иісі күшейіп, судың түсі өзгерген. Балалар жөтеліп, талып қалған. Ата-аналар дереу балаларды сыртқа шығарып, жедел жәрдем шақырған.

🔍 Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.
Қайырлы таң!

Балалар омбудсмені Динара Зәкиева Алматыдағы балалар үйінен тәрбиеленушілердің көшірілуіне қатысты пікір білдірді.

Оның айтуынша, облыстық әкімдік көшіру кезінде тиісті қауіпсіздік шараларын сақтамаған. Зәкиева ол жерде балалар үйінің емес, Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының тәрбиеленушілері болғанын айтты. Осыған байланысты бүгін түсініспеушілік пен дау туындаған.

Омбудсмен балалар үйіне бара жатқанын айтты.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🚨 Түркістан облысында жанармайды жасырын тоннель арқылы шекарадан өткізген халықаралық қылмыстық топ әшкереленді.

🔍 Тергеу барысында ұзындығы 450 метрлік жерасты өткелі анықталды.

⛽️ Схема екі ай бойы жұмыс істеп келген. Белгілі болғандай, ол шетелден қаржыландырылған.

👥 Іс бойынша бес қазақстандық күдікті ретінде танылды. Материалдар сотқа жолданды.
📢 Қазақстанда сиреналар қосылады

23-24 шілде күндері еліміздің сейсмикалық қауіпті өңірлерінде “Жер-2025” республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді.

🔊 Оқу-жаттығу барысында сиреналар іске қосылып, төтенше жағдайларға дайындық тексеріледі.

🗺 Қамтылатын өңірлер: Алматы, Шымкент қалалары, Абай, Жетісу, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстары.

Тыныштық сақтап, сабыр танытыңыздар – бұл тек оқу-жаттығу!
⚖️ «Садақа – мансапқа жетудің құралы емес»
Перизат Қайрат ісінде прокурордың қорытынды сөзі

Бүгін өткен сот отырысында мемлекеттік айыптаушы Мәдина Оразалина Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты қылмыстық істі қорытындылады.

🗣️ «Бұл – жай ғана алаяқтық емес, **аманатқа, адалдық пен қайырымдылыққа жасалған қиянат», – деді прокурор.
Ол өз сөзін «Ізгіліктің бетпердесі» деп атап, «жомарт әрі арлы қазақ халқына» алғыс айтудан бастады.

Оразалинаның айтуынша, Перизат Қайрат қайырымдылықты желеу етіп, халықтың сенімінен пайда тапқысы келген.

🔚 Прокурор өз сөзін мынадай тұжырыммен аяқтады:
«Садақа – мансапқа жетудің құралы емес. Халықтың сенімі – ақша да, бренд те емес. Бұл – аманат. Ал аманатқа опасыздық жасағандар әшкере болады».
Alga KZ
⚖️ «Садақа – мансапқа жетудің құралы емес» Перизат Қайрат ісінде прокурордың қорытынды сөзі Бүгін өткен сот отырысында мемлекеттік айыптаушы Мәдина Оразалина Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты қылмыстық істі қорытындылады. 🗣️ «Бұл –…
⚡️Перизат Қайратқа – 10 жыл, анасы Алашбаеваға – 8 жыл бас бостандығынан айыру сұралды

Мемлекеттік айыптаушы соттан Қайрат Перизатты және оның анасын ауыр жазаға тартуды сұрады. Прокурордың пікірінше, олар халық сенімін теріс пайдаланып, қайырымдылықты желеу еткен.
Alga KZ
⚡️Перизат Қайратқа – 10 жыл, анасы Алашбаеваға – 8 жыл бас бостандығынан айыру сұралды Мемлекеттік айыптаушы соттан Қайрат Перизатты және оның анасын ауыр жазаға тартуды сұрады. Прокурордың пікірінше, олар халық сенімін теріс пайдаланып, қайырымдылықты желеу…
Мемлекеттік айыптаушы Перизат Қайратты “Шапағат” медалінен айыруды да талап етті (белсенді және жемісті қайырымдылық қызметі мен мейірімділігі үшін берілген).

Сондай-ақ, адал емес жолмен алынған мүлікті жәбірленушілердің пайдасына тәркілеуді сұрады.
Қайырлы таң!

🛑 Threads желісіндегі жазбасы үшін Қарағанды тұрғыны қамауға алынды

Қарағанды тұрғыны Threads әлеуметтік желісінде ұлтаралық араздықты қоздыру белгілері бар даулы мәлімдемелер жариялағаны үшін екі айға қамауға алынды.

Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Полицияның мәліметінше, күдікті елден кетуге ниет білдірген. Осыған байланысты оны қамауда ұстау туралы өтініш беріліп, бұлтартпау шарасы санкцияланды.

🔒 Күдіктіге 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұр.
🇰🇿 Қазақстан паспортына жаңа белгі енгізіледі – қар барысы таңбаланады

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, енді паспортта қар барысының бейнесі арнайы қорғаныс белгісі ретінде қолданылатын болады.

🔒 Бұл шара жалған құжат жасаудың алдын алып, азаматтардың жеке мәліметтерін қорғауға бағытталған.

Барыс бейнесі құжат нөмірінің астында орналасады және жаңа үлгідегі паспортта анық көрінетін болады.
🇰🇬 Димаш Құдайберген Қырғызстанның Халық әртісі атанды

Қырғызстанда өткен “Мейкин Азия” фестивалінің жабылу салтанатында қазақ елінің мақтанышы Димаш Құдайбергенге «Халық әртісі» атағы табысталды. Марапатты Қырғыз Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Иманкулов ресми түрде табыс етті.

Бұл атаққа берілген жарлыққа ел президенті Садыр Жапаров қол қойған.

Айта кетейік, Димаш аталмыш фестивальдің жабылу рәсімінде әсерлі өнер көрсетіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
📍 Алматыда Денис Тен құрметіне көше аталуы мүмкін

Қалада 156 көшеге жаңа атау беру жоспарланып отыр. Соның ішінде мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада жүлдегері Денис Теннің есімі де көшелердің біріне берілуі мүмкін.

Атап айтқанда, Алатау ауданында – 10, Әуезовте – 4, Бостандықта – 45, Жетісуда – 4, Медеуде – 7, Наурызбай ауданында – 86 көшеге атау беру қарастырылған.

Жаңа атаулар тізімінде белгілі ғалым, абайтанушы Қайым Мұхамедханов сынды тарихи тұлғалардың есімдері де бар.
⚖️ Президент медицина қызметкерлеріне күш көрсеткені үшін жазаны күшейтуді тапсырды

Мемлекет басшысы дәрігерлер мен медициналық персоналға қатысты күш көрсетуге байланысты жазаны қатаңдатуды ұсынған Парламент депутаттарының, сала мамандарының және қоғам белсенділерінің бастамасын қолдады.

Аталған мәселе енді Парламент қабырғасында азаматтық қоғам өкілдерімен бірлесіп талқыланатын болады.