Ali Saǵatuly
1.67K subscribers
152 photos
8 videos
1 file
6 links
Әл-Азхар университеті, Ақида және Философия факультетінің 4-ші курс студенті
байланыс: @sagatuly_ali
Download Telegram
Мұхаммед пайғамбардың с.ғ.с дүниеге келуі мен есеюі.Ақытқажы Үлімжіұлының…
Аллажар Кайбар
Ақыт Үлімжіұлының жазған Пайғамбарымыздың(с.ғ.с) өмірге келуі мен есеюі жөніндегі қиссасын тыңдап өтіңіздер
❤172🔥1😍1
мың қайтара тыңдасам да жалықтырмайды. 20 минут уақытыңызды бөліп, Пайғамбарымызға 🤍 махаббатыңызды арттырып, жылдамдықты қоспай (1х) тыңдап шығуға кеңес беремін🫰
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1632😍1
Пайғамбарымыз🤍 туылған сәттегі Ібілістің зарынан үзінді:

…Мұхаммед деген Пайғамбар
Соңынан ереді көп жандар.
Кәпірлер бәрі азайып,
Жақсылық нұры таралар.
Жеті жүз жылдық күнәсі,
Бір сағатта тазарар.
Бұдан асқан дұшпан жоқ,
Бұдан мүшкіл ісім жоқ.
Өзгеге қылар амал бар,
Бұған қылар күшім жоқ.
Бізде қадір қалмайды,
Адамдар тілді алмайды.
Сөзіміз болар жалғаншы,
Ешкім бізге нанбайды.
Қайғырамын сол үшін —
Бұрынғыдай заман жоқ...
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤15🕊3💔3🔥2
Ібіліс төрт рет қатты өкіріп жылаған:
1. Лағынет айтылып, Алланың рақымынан қуылғанда.
2. Жәннаттан жерге түсірілгенде.
3. Мұхаммед 🤍 дүниеге келгенде.
4. “Фатиха” сүресі түскенде.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤21🔥3💔21
Ібіліс пен оның әскерлері(шәйтандар) адам баласының тамырындағы қанмен бірге жүретіндей жақын екені хадистерде айтылады. Ол адамзатты мыңдаған жылдар бойы бақылап, зерттеп келеді. Сондықтан адамның қай тұста әлсіз екенін жақсы біледі: біреуді ашу арқылы жеңеді, біреуді құмарлық арқылы азғырады, енді біреуді мақтаншақтықпен күнаға жығып береді.

Шайтан әркімге бірдей жолмен келмейді. Әр адамның мінезіне, нәпсісінің бейім тұсына қарай амал жасайды. Сол себепті адам баласы әрдайым сергек болып, жүрегін қорғап, ойын бақылап, Раббысына жақын болуға тырысуы керек.
❤22🔥2💔21
Ол жерде ауру да, мұң да, шаршау да жоқ. Тек қана Расулуллаһпен ﷺ өткізетін шексіз бақытты сәттер бар📎
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😍17❤114
Сахабалармен бірге отырып, Пайғамбарымыздан ﷺ уахи түскен сәттерді өз аузынан тыңдаудан асқан қандай ләззат бар?
❤205😍3💔3
жан дүниең шаршаса, ұйқы сені құтқара алмайды ➖
басқа пайдалы істермен айналыс. Мысалы: тәубе ет, зікір айт, намаз оқы, пайдалы кітап оқы. Таңсәріде серуендеп, жаңа иманды адамдармен таныс, жаңа нәрсе үйрен. Қысқасы, өміріңе өзгеріс енгіз. Егер осыларды жасап та көкірегің тынышталмаса, дәрігерге көрінгенің дұрыс.

استمتع بحياتك📚
“Өміріңнен ләззат ал” кітабынан👍
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😁1712❤10🔥31
бақытсыздықтың белгілерінің бірі – адамның өз кемшіліктерін ұмытып, өзгелердің кемшіліктерімен әлек болуы…

🪶Даналардан
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤21👍3🔥3💯22
Көптеген таныстарым дүкенде өнім таңдағанда “халал” деген жазу болса болды екен деп, бірден тұтына береді. Сол үшін мынандай айтарым бар:

Бірінші сурет (АХИК): бұл жеке ұйым, олар Мүфтиятқа бағынбайды. Мен бұл таңбаға сенім артпаймын және таныстарымды сақ болуға шақырамын.

Екінші сурет (QMDB HALAL): бұл еліміздегі мұсылмандардың ресми қарашаңырағы Мүфтияттың бақылауындағы жалғыз сенімді таңба. Мұнда шариғат талаптарының сақталуын арнайы имамдар мен технологтар тікелей бақылайды. Біз қазіргі таңда осы белгіге ғана толық сене аламыз.

Күмәнді нәрседен алыс болайық! Асымыз адал болсын.🤲🏻
❤2612👍93
Каирге келген талай адамды күтіп алдым. Бір байқағаным бұл қала әркімге өз ниетіне қарай ашылады екен.

Руханият іздеп, қасиетті орындарын көргісі келгендер мешіттерін аралап, ғалымдардың ізі қалған жерлерден өзіне ғибратын алып, қуанып қайтады. Ал жәй ғана келгендер оның қоқысын, күйбең тірлігін ғана байқап, сонысына қарап жамандап кетеді.

📎📎📎📎📎📎📎
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥125❤3🕊2💯2🌚11
Анонимді хаттар – маған жіберушінің кім екені көрінбейді.
Көкейіңізде жүрген, жауабын таба алмай жүрген сұрақтарыңызды қоя берсеңіздер болады, білсем жауабын сол жерде беремін.✅️🙃

t.me/anonaskbot?start=acw62tj1os8c3baa
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍732❤1🔥1
қуаныштымын👍
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😁8❤3🔥1
Намазды әлі бастамаған жан үшін ұзақ уағыз тыңдаудан гөрі, сол уақытты бөліп, әрқайсысы 5–6 минуттық парыз намаздарын оқу әлдеқайда берекелі.

Өйткені исламда білім ол амал үшін. Амалсыз білім жүректі бәрібір өзгертпейді, ал аз болса да тұрақты амал адамның рухын тірілтеді. Сәжде арқылы адамның жүрегі Раббысына жақын болады.
12❤10🕊3💔2🔥1😭1
Сағаттап қараған діни контент ол жүрекке жеткенімен бірақ амалға айналмаса, ол тек ақпарат✅️
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤16🔥3🤗3👍2😢22💯1😭11
Таң қаламын… Қазіргі кезде әлеуметтік желіде біреудің өмірін талқандау, айыбын қазбалап, жұрт алдында масқаралау тым жеңіл нәрсеге айналып барады. Фейк парақша ашып, біреудің суретін рұқсатсыз жариялап, астына лас сөздер жазу бұл нағыз арсыздық.

Мұндай әрекеттің үш үлкен зардабы бар:

1) Алланың алдында жауап бар.
Сіз экранның арғы жағында отырып “ешкім көрмейді” деп ойлауыңыз мүмкін. Бірақ Жаратушы бәрін көріп, бәрін біледі. Біреудің намысына тию, ғайбат айту, жала жабу ең ауыр күнә және қияметте ең ауыр сұралатын істердің бірі. Адамның абыройы ол өте қасиетті нәрсе.

2) Заң алдында әр әрекеттің өз жауабы бар.
“Із қалдырмаймын” деу – бүгінгі замандағы ең үлкен қателіктің бірі. Себебі технология дамыған дәуірде ешнәрсе із-түссіз жоғалмайды. Әр басқан қадам, әр жазылған пікір, әр ашылған парақша – бәрі тіркеліп, серверде сақталып отырады.

Қазіргі киберполицияның мүмкіндігі өте кең. Кез келген фейк аккаунттың артында кім тұрғанын анықтау – олар үшін сән. Қанша жерден аккаунтыңызды өшіріп, “бәрін тазаладым” деп ойласаңыз да, қалдырған ізіңіз серверлерде сақталып қалады. IP мекенжайы, құрылғы деректері, тіркелу іздері – бәрі сізді көрсетіп тұратын үнсіз дәлелдер.

3) Адам алдындағы ұят пен өмір заңы.
Біреудің айыбын ашып, оны қорлаған адамға ертең өзіне міндетті түрде айналып келеді. Өмір ол алма-кезек. Сен біреуді масқараласаң – бұл тек оған емес, өз тағдырыңа жасалған қиянат.

Сондықтан абай болайық. Әлеуметтік желіде әр сөзімізді таразылап, біреудің құпиясын ашудан, намысына тиюден сақтанайық.
❤22🔥5💯1
Сондықтан да ғалымдар: “Мұсылманның абыройы оның қанынан да қымбат” деген терең мағыналы сөзді айтқан.
❤13💯5🔥21
Кішкентай кезімде, 7-8 жас кездерім болу керек, қазы жегенде және “қазы” деп ести берген соң, мен оны қаздың ішінен шығады деп ойлайтынмын. Өз қиялымда қазы дәл осылай қаздың денесіне иректеліп орналасып тұрады деп елестететінмін бірааааз жылдарға дейін)😄😄😄

Мен сияқтылар болды ма?👍
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😁35🌚8💯22❤1
🏆 Бас жүлде – мақтаншақтықтан
🥇 1-орын – ажырасудан
🥈 2-орын – көреалмаушылықтан

Осындай әдеттер 🤫“кейбір”халықтарда кездеседі…
Қазақ ондай болмасақ екен.

Берекеміз бен бірлігіміз жарасқан,
бір-бірінің қуанышына қуана білетін ел болайық.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤25😢4💔3👍1🙊1