Ali Saǵatuly
1.67K subscribers
152 photos
8 videos
1 file
6 links
Әл-Азхар университеті, Ақида және Философия факультетінің 4-ші курс студенті
байланыс: @sagatuly_ali
Download Telegram
Сондықтан да ғалымдар: “Мұсылманның абыройы оның қанынан да қымбат” деген терең мағыналы сөзді айтқан.
❤13💯5🔥21
Кішкентай кезімде, 7-8 жас кездерім болу керек, қазы жегенде және “қазы” деп ести берген соң, мен оны қаздың ішінен шығады деп ойлайтынмын. Өз қиялымда қазы дәл осылай қаздың денесіне иректеліп орналасып тұрады деп елестететінмін бірааааз жылдарға дейін)😄😄😄

Мен сияқтылар болды ма?👍
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😁35🌚8💯22❤1
🏆 Бас жүлде – мақтаншақтықтан
🥇 1-орын – ажырасудан
🥈 2-орын – көреалмаушылықтан

Осындай әдеттер 🤫“кейбір”халықтарда кездеседі…
Қазақ ондай болмасақ екен.

Берекеміз бен бірлігіміз жарасқан,
бір-бірінің қуанышына қуана білетін ел болайық.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤25😢4💔3👍1🙊1
бір әке балаларын таң намазына: “тұрыңдар, жәннатта арамыздан біреуіміздің жетіспей тұрғанын қаламаймыз” - деп оятады екен.


балаға деген шынайы қамқорлық оны тек дүние малымен ғана емес, мәңгілік өмірдің қамымен де қамтамасыз ету✅️
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
27❤13🔥6💔3
Алладан қорықпағаннан қорық. Өйткені Жаратушысынан ұялмаған пенде, сенің ақыңды жеуден де, көңіліңді тілуден де тайынбайды.
❤27👍5😢3💯3
“Уа, иман келтіргендер! Алладан қорқыңдар және егер шынымен сенген болсаңдар, өсімнен (рибадан) қалған нәрсені алмаңдар. Егер олай істемесеңдер (өсім алуды тоқтатпасаңдар), онда Алла тарапынан және Оның Елшісі тарапынан болатын соғысты біліңдер (күтіңдер)...»

Бақара сүресі, 278-279 аяттар!
❤19👍3😢2
Бұл аятта өсіммен айналысушы адам тікелей Жаратушыға қарсы шыққан болып саналады. Басқа ешбір күнә үшін (тіпті арақ немесе зина үшін де) мұндай “соғыс жариялау”тдеген қатаң ескерту келмеген.
❤14🔥2💔2👍1
“Алла Елшісі 🤍 өсім жеушіні де, оны берушіні де, оны жазушыны (хатшыны) да және оған куә болушы екі адамды да лағынеттеді және: “Олардың бәрі - күнәда тең”, – деді.

Муслим риуаяты
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤18👍2😢2🔥1
“Рибаның (өсімнің) жетпіс екі түрі бар. Оның ең жеңілі – адамның өз анасымен зина жасағанымен тең”

Хадис‼️
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤12💔5😢4
Депозитке салынған ақшадан түсетін пайыз ол өсім (риба), ал өсім - харам нәрсе.
Сол сияқты, кредит алып, үстеме пайызбен қайтару да - сол харам өсімнің бір түрі.

Жоғарыдағы аят, хадистің бәрі сол жайлы
👍13❤8🔥1💔11
Өмірің берекесіз болып, құлшылығыңда иманның дәмі сезілмей жүрсе ең алдымен өз табысыңа қара. Өсім жеп, өсім беріп жүрген жоқсың ба? Себебі харам араласқан ризық жүректі қарайтып, берекені кетіреді.
❤20💔9🔥3
өмірде бір нәрсеге жете алмадым деп қайғырма,
қайта, Алланың разылығына жете алмай қалам ба деп уайымда🕒
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
17❤12🔥2🕊1😍1💯1
өйткені өмірде дүниеге жете алмасаң аса бір өкініш емес,
ал Алланың разылығына жете алмай өтсең құрыдың🌙
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤18💔6🔥2😭2💯1
кейбіреулер намазға келмеуінің себебі ол ұзақ өмір сүремін деген иллюзияға сеніп алғанынан.
болашағын жоспарлап, жылдарды санап қояды…)
арасында ақырзаман жақындап қалды ма деп қорқады)
бірақ жеке өз ақырзаманы әлдеқайда жақын екенін ұмытады, яғни өлімді🌙
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤142👍1🔥1💔1
Баяғыда, 4–5 жыл бұрын түннің ортасында бір досым жылап жатыр. Не болғанын сұрасам, ол:
“20 жыл өмір сүріппін, енді тек ровно 40 жылым ғана қалыпты… болды, енді осы 40 жылымда тақуалықпен өткіземін” дейді.
😄🤦‍♂️

Мен: “сен мен ойлағаннан да андай екенсің ғой…” деп едім))

✍: Соңғы постты жазып отырып есіме түсіп кетті)

Сол жігіт көріп отырсаң реакция бас😁
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😁16❤10😭22🤗1
Кейде көмейге келген кейбір көркем сөзді айтуға жүрек дауаламайды.
Өз ішіңнен туған ойды өзгенің алдына шығаруға батпай, оны “даналардың сөзі”, “ізгілерден жеткен сөз” деп жасырып жіберетін сәттер болады.
Бұл қорққаннан емес.
Бәлкім бұл сөздің салмағын сезіну, сол сөздің қадірін өзіңнен биік қойғандықтан болар)

Ондай ұстаз, толибтар көп деп ойлаймын🙂
😍9❤84💯3💔3🤗3
“Екі көз тозақ отын көрмейді: Алладан қорқып жылаған көз және Алла жолында шекара күзетіп, түнде көз ілмеген көз”.
(хадис)

Отан қорғаушылар күні құтты болсын🗡
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤15🔥66
Отанды қорғау тек шекарада тұру емес, Отанды қорғау ол оның рухани қауіпсіздігін, сенімі мен бірлігін сақтау.
💯9❤8🔥3😍1
Елімізді жат ағымдардың арбауынан, күпірлік пен құдайсыздықтың қараңғылығынан құтқарып, халықтың жүрегіне иман нұрын сеуіп жүрген ұстаздар қауымында құттықтаймын💥
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤26🤗33
“Үйден шықпағанның ақылы ауласынан аспайды” деген сөзді кейбіреулер “шетелге шықпағанның…” деп бұрып айтып жүр екен.
Әуелгісінің мағынасы - адам көріп, танып, тәжірибе жинасын деген сөз. Оған келісуге болады. Бірақ оны шетелмен өлшеу дұрыс емес.

Ақыл да, парасат та тек ел аралаумен келмейді.
Шетелге шығып алып дана болып кеткендер жоқ, шықпай-ақ терең ойлы болғандар қаншама.

Әркімнің жағдайы әртүрлі. Біреуге Алла мүмкіндік береді, біреуге әзірге нәсіп етпейді. Сол үшін адамның деңгейін барған елімен өлшеу тым орынсыз.

Кейде екі-үш ел көріп келген адамның өзгеге жоғарыдан қарап сөйлегенін естісең, еріксіз көңілің суиды. “Ой, Алла…” дейсің.
👍15❤10