Ali Saǵatuly
1.67K subscribers
152 photos
8 videos
1 file
6 links
Әл-Азхар университеті, Ақида және Философия факультетінің 4-ші курс студенті
байланыс: @sagatuly_ali
Download Telegram
تَبْتَغُونَ عَرَضَ الْحَيَاةِ الدُّنْيَا فَعِنْدَ اللَّهِ مَغَانِمُ كَثِيرَةٌ 

«Дүниенің алдамшы қызықтарына құмартасыңдар, негізінде Раббыңның құзырында одан да үлкен нығметтер бар» Ниса сүресі 94- аят.

Қысқаша түсіндірмесі: Тез түгесілетін алдамшы дүниенің қызығына тым жақынсыңдар және көпшілігің соған алданып жүрсіңдер. Тақуалар үшін Алланың құзырында дайындалған ұлы нығметтерге жетуге тырыспайсыңдар.
❤93😢16👍15🔥2🕊2💯1
Алланы сіздің қанша уағыз тыңдап, қаншама діни кітаптар оқығаныңыз қызықтырмайды. Алла Тағаланы сіздің сол оқыған, естіген нәрсеңізге қаншалықты амал қылдыңыз, қаншалықты жақсылық жасадыңыз сол қызықтырады.
❤137😢18👍16🔥6🕊2🐳1💯1
Осы жазуды оқып жатқан екі көздің иесі болған адамды Алла екі дүние бақытымен сыйласын)🤲🏻😊
❤211😍22🤗10👍4👌4🕊3🐳1💯1
Кім Пайғамбарды сүйемін, жақсы көремін деп, бірақ салауат айтпаса, сүйем деуі жалған!
👍108❤30💔20😢12🐳5👌2🕊2🔥1
Негізі адам ешқашан жалғыз емес.
Өйткені кейбірі Шайтанмен бірге,
кейбірі Алламен бірге…
❤120👍26💔20😢11😨2👌1🐳1
Дін ол - дене.
Намаз ол - бас.

Енді сұрақ?!

Денеңіз болуы мүмкін, бірақ басыңыз бар ма?!
👍97❤34💔13😢7😭2😨2🐳1🤗1
Ихсан(сопылық) ілімінде балиғат жасы - нәпсі мутмаийннаға жету.

Яғни нәпсінің жамандықтарынан құтылу!

Мысалы: қызғаныш, көреалмаушылық, реніш, кек т.б сипаттардан арылу.

Себебі, нәпсісін жеңбеген адам, балиғатқа толмаған бала секілді.
Ақ пен қараны толық ажырата алмайды.

#Сопылық
❤81👍26🐳3😨3🔥2👎1🤔1😢1
Адам үшін мәңгі тыныштық ол тек Жәннатта.
Ал бұл дүниедегі тыныштық тек Алланы еске алған жүректе ғана..
❤183👍14🙏3🕊3💔3💯2❤‍🔥1🐳1
Елде жүргенде байқағаным көптеген бата беретін үлкен кісілер баталарында бәрін сұрайды, тек иман сұрамайды екен.

Тіпті: “Өліге иман, тіріге береке бер” дейді)
😢86💔15❤13👍12🐳2💯2
Дінде берік болу үшін және соңғы демде иманмен өлу үшін мына дұғаны әр уақытта оқып жүру керек:

«Аллаһүммә иә муқаллибәл қулуб, сәббит қалби ғала диник»

Мағынасы: “Ұлы Аллаһым! Жүректерді құбылтушы, Көңілдерді жақсыдан жаманға, жаманнан жақсыға айналдыратын жалғыз сенсің. Көңілімді, жүрегімді дініңе берік қыл, яғни дініңнен айырма!
❤142👍12🔥6😇2🕊1🐳1
СҰРАҚ:
Әссәләәмуәлейкум. Гиппократпен ант беруге бола ма? Ширк па?

ЖАУАП:
Уәғалейкумуссәләм. Тек Аллаһ және Оның есімдерімен ант етуге болады. Егер (гиппократты) илаһи ұлықтау ниеті болса, онда бұл ширк болады.


Ұстаз Әбу Әли Әл-Ашғари
👍69❤21🤔3🔥2💯2🐳1
Тиктоктағы атеисттердің құран жайлы видеосына бір қазақ мұсылман бауырымыздың жазған комментарийі және оған Атеист автордың жауабы)

Күлеміз бе, жылаймыз ба?!))))
😢116😁17❤13💔7👍5🤔4🐳1
عدو عاقل خير من صديق جاهل

Ақымақ достан ақылды дұшпан артық
❤83👍30💔8💯6😢5🐳3
Сіздерді келіп жеткен Құрбан Айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.

Алла жасаған игі амалдарыңызды қабыл етсін.

❤️❤️❤️
❤146👍10🙏4🕊3😍3🐳2😇2🔥1🤗1
Құдай жоқ, діни-таным жалған деп білетін атеистер ғылым дамыған сайын діннің надандық екені айқындалып, дін мүлде жойылады деп сенеді. Бірақ, керісінше, ғылым дамыған сайын діннің ақиқат екені ашылу үстінде.
Басқаша болуы мүмкін емес.
👍116❤35💯15❤‍🔥7😁4🤔2🐳1😇1
Әбу Ханифа мен атеистің тартысы.

Күндердің күнінде Құдай жоқ деп жүрген атеистердің бірі имам Әбу Ханифаға (р.а) келіп Жаратушы жайлы сөз таластырмаққа бел буады. Оның сондағы қойған бірінші сауалы мынау екен:

- Сенің Раббың қай уақытта, қай жылы пайда болған? Сонда имам:

- Алла уақыт пен заманнан бұрын бар болған. Болуының басы жоқ, - дейді. Атеист:

- Сонда қалай? Мысал келтірші! - дейді. Әбу Ханифа:

- Төрттің алдында не бар? - деп сұрайды. Ол:

- Үш - деп жауап береді. Имам:

- Үштің алдында не бар? - деп сұрайды. Ол:

- Екі - дейді. Имам:

- Олай болса, екінің алдында не бар? - деп сұрайды. Ол:

- Бір - дейді. Имам:

- Ал, бірдің алдында не бар? - деп сұрайды. Ол:

- Ештеңе жоқ - деп жауап береді. Сонда Әбу Ханифа:

- Егер біз білетін қарапайым бірдің алдында ештеңе жоқ болса, әуелден бар, ақиқи жалғыз, дара, бір болған Алла жайлы не ойлай алмақсың?! - дейді.

Атеист сонда да қанағаттанбастан:

- Ал Раббың қай жаққа қарап тұр? - деп сұрайды. Әбу Ханифа:

- Қараңғы жерде жағылған шамның нұры қай тарапқа қарайды? - деп, қарсы сұрақ қояды. Ол:

- Оның нұры барлық жаққа тарайды, - дейді. Сонда имам:

- Бұл адам қолымен жасалған нұрдың жағдайы, ал ешқандай ұқсасы жоқ, бақылауы мен білімі барлық нәрсені қалт жібермей қамтып тұрушы, аспандар мен жердің Нұры болған Алла жайлы не ойлай алмақсың?! - дейді.

Сонда әлгі құдайсыз тағы да өңмеңдеп:

- Онда Раббыңның болмысы жайлы әңгімелеп берші. Ол темір секілді қатты ма? Әлде су секілді сұйық па? Не түтін, ауа секілді газ ба? - дейді. Сонда имам еш саспастан:

- Жан тәсілім етейін деп жатқан адамның қасында болып па едің? - дейді. Ол:

- Иә, болдым, - деп жауап қатады. Имам:

- Ол қайтыс болғаннан кейін сөйлеп, қозғала ала ма? - деп сұрайды. Ол:

- Жоқ, - дейді. Имам оған:

- Неге олай? - дейді. Ол:

- Оның жаны шығып кетеді ғой! - дейді таңдана. Сонда имам осы жерден шап беріп:

- Маған сол шыққан жанды сипаттап берші. Ол темір секілді қатты ма? Әлде су секілді сұйық па? Не түтін, ауа секілді газ ба? - дейді. Атеист:

- Ол жайында еш нәрсе білмеймін, - деген екен. Сонда имам:

- Жаратылған рух жайлы білімің жоқ, Жаратушы Ұлы Алланың заты жайлы қалай сұрап отырсың? Мен оған қалай жауап бермекпін?! - деген ұтқыр жауабын айтады.
❤123😍23👍16🔥8💯6🐳2🕊1
Әлемдегі кез-келген адамның тәңірші, атеист болуға, агностик көзқарасата болуға, Құдайға сенбеуге, әрбір деист дінге сенбеуге адам ретінде толық құқылы, бірақ олардың миллиардтан аса мұсылмандардың діні мен наным-сенімін қорлауға, киелі кітаптарын қорлауға(өртеуге) және келемеждеуге қақысы жоқ!!!

Өзін білімді, мәдениетті санайтын әрбір адам өз жөні мен шекарасын білуі керек!

Әр адамның іс-әрекет және сөз еркіндігі өзгенің шекарасы басталған жерге дейін ғана…
❤112👍26💯21🔥2👌2😍2🐳1😭1
"Адамдар сүю үшін, дүние пайдалану үшін жаратылған. Біз дүниені сүйіп, адамдарды пайдаланып кеттік..."

Ізгілер сөзі
😢105💔36❤25👍13🤔4💯4🐳1
Бұл дүние талайларды алдады... Өзінің ақылы жетпеген, өзі түсіне алмаған дүние сырын қабылдай алмағандықтан Алланы жоқ деп бұл мәселені жауып қою білімсіздердің ісі. Олар қанша жоқ дегенмен бар Алла жоқ болып кетпейді. Тек сол адамның өзі күндердің күні бұл дүниеден жоқ болып сол Алланың алдына барып тұратын болады. "Басқа пәле тілден" деген. Ең болмаса тілге ие болу керек. Бәрі де түптің түбінде алдыңнан шығады. Аталарымыз "жалған дүние" деп неге айтты дейсің. Бұл өмірді көріп, бұл дүниеге алданып қалғандығын мойындаған соңғы сәттерде айтылған өкінішті сөздер ғой. Бұл дүние де, бұл дүниедегілердің бәрі де алдамшы, тек Алла ғана алдамайды. Алдамшы дүниеге алданғандарға алданып қалмайықшы...
❤98👍20💯8😢7🔥3👌3🤔1🐳1
Адамдардың қатесін сөз қыла бермеңдер, Алла алдындағы тәубесін көрген жоқсыңдар…

📝Ғалымдар сөзі
❤152👍24❤‍🔥5🔥2🙏2🕊2💯2😢1🐳1