Ali Saǵatuly
1.67K subscribers
152 photos
8 videos
1 file
6 links
Әл-Азхар университеті, Ақида және Философия факультетінің 4-ші курс студенті
байланыс: @sagatuly_ali
Download Telegram
Бұл дүние талайларды алдады... Өзінің ақылы жетпеген, өзі түсіне алмаған дүние сырын қабылдай алмағандықтан Алланы жоқ деп бұл мәселені жауып қою білімсіздердің ісі. Олар қанша жоқ дегенмен бар Алла жоқ болып кетпейді. Тек сол адамның өзі күндердің күні бұл дүниеден жоқ болып сол Алланың алдына барып тұратын болады. "Басқа пәле тілден" деген. Ең болмаса тілге ие болу керек. Бәрі де түптің түбінде алдыңнан шығады. Аталарымыз "жалған дүние" деп неге айтты дейсің. Бұл өмірді көріп, бұл дүниеге алданып қалғандығын мойындаған соңғы сәттерде айтылған өкінішті сөздер ғой. Бұл дүние де, бұл дүниедегілердің бәрі де алдамшы, тек Алла ғана алдамайды. Алдамшы дүниеге алданғандарға алданып қалмайықшы...
❤98👍20💯8😢7🔥3👌3🤔1🐳1
Адамдардың қатесін сөз қыла бермеңдер, Алла алдындағы тәубесін көрген жоқсыңдар…

📝Ғалымдар сөзі
❤152👍24❤‍🔥5🔥2🙏2🕊2💯2😢1🐳1
Өлім ол мәңгілікке жоқ болып кету емес. Керісінше, жалған дүниемен қоштасып, мәңгілікке ұласу.
❤135😭22👍18💯6🔥3🕊2🐳2
IMG_4544.JPG
16.5 KB
❤87👍13😍9❤‍🔥7🕊7🐳5🔥3😇2💔1
Телефонымда біраз жылдардан бері жүрген керемет бір обои))

الله❤️
❤88👍10😍10🐳6💯4🔥3🕊1💔1
«Жәннатта әжетхана бола ма?» деп сұраған атеистерге Әбу Ханифаның берген жауабы.


Имам Әбу Ханифаның (Алла оны рахымына бөлесін) заманы - әртүрлі ағымдар мен философиялық мектептердің қайнап жатқан шағы тұғын. Сол күннің өзінде Ислам дінін қор көріп, ондағы діни наным-сенімдерін масқара еткісі келетіндердің қатары аз емес-тін.
Күндердің бірінде Құдайға сенбейтін, ақырет пен қайта тірілуді және пейіш пен тозақті жоққа шығаратын, ақылға сыйымсыз заттарды өтіріксінетін бір топ атеистер Имам Ағзам Әбу Ханифаның дәріс алқасына келеді. Имам Ағзам Әбу Ханифа оларға қарап:
- Сіздер кімсіздер? – деп сұрайды.
- Біз Аллаға сенбейтін атеистерміз – деп жауап береді олар.
Әбу Ханифа (р.а.):
- Маған неге келдіңіздер?
Атеистер:
- Қояр сұрағымыз бар. Жұрт сізді білгір деп жүр. Әр нәрсеге жауабыңыз дайын екен. Естіп жатырмыз.
Әбу Ханифа (р.а.):
- Мархабат. Не сұрағыларыңыз келеді?
Атеист:
- Мұсылмандар өлгеннен кейін қайта тірілу күні, яғни, қиямет қайым бар дейді екен. Рас па?
Әбу Ханифа (р.а.):
- «Баъсу баъдәль мәути хаққун» - Өлгеннен кейін қиямет-қайымда қайта тірілу – хақ.
Атеист:
- Және есеп-қисап күні бар, ол күні - барлық адам өткен өмірінің есебін береді дейсіздер. Солай ма?
Әбу Ханифа (р.а.):
- Солай.
Атеист:
- Есеп-қисаптан кейін кейбір адамдар пейішке, кейбір адамдар тозаққа барады дейсіздер. Солай ғой?
Әбу Ханифа:
- Әлбетте.
Атеист:
- Пейішке барғандар қалаған нәрсені жейді, қалаған нәрсені ішеді, бірақ әжеттерін өтемейді дейсіздер, әжетханаға бармайды дейсіздер. Солай ма?
Әбу Ханифа (р.а.):
- Дәл солай
- Күні бойы жеп-ішкен адам ешқашан әжетханаға бармауы мүмкін бе? Өздері қалаған нәрселерін тоя жеп тұрса, тоя сусындар ішіп жатса, қалайша үлкен дәретке де, кіші дәретке де бармауы мүмкін? Бұл ақылға сыйымсыз нәрсе ғой. Осындай ақылға сыйымсыз дүниелерге қалай сенесіздер? Ешқандай дәлелі жоқ әртүрлі нәрселерге сенесіздер. Бірақ мынауларыңыз мүлдем шеттен шығушылық. Соқыр сенімділіктің де шегі бар шығар! – деп, атеист қарсы шығады.
Сонда Имам Ағзам Әбу Ханифа жымиып:
- Оның ақиқат екенін дәлелдеп берсем, қабыл етесіз бе? – деп сұрайды.
Атеист:
- Оны қалай дәлелдемекшіңіз? Мені о дүниеге апарасыз ба? – деп күледі.
Әбу Ханифа (р.а.):
- Оны дәлелдеу үшін о дүниеге аттанудың қажеті жоқ. Осы дүниеден-ақ дәлелдеуге болады.
Атеист:
- Ол қалай болмақ?
Әбу Ханифа (р.а.):
- Сіздер дүниеге келмей тұрып, қайда едіңіздер?
Атеист:
- Анамыздың ішінде
Әбу Ханифа (р.а.):
- Ол жерде қанша уақыт болдыңыздар?
Атеист:
- Тоғыз ай.
Әбу Ханифа (р.а.):
- Хош. Тоғыз ай бойы тірі едіңіздер ме, әлде өлі ме?
Атеист:
- Әрине, тірі едік.
Әбу Ханифа (р.а.):
- Хош. Сонша уақыт ана жатырында тірі қалу үшін ішіп-жеудің қажеті бар ма, қажеті жоқ па?
Атеист:
- Қажеті бар, әрине. Ол жерде де шақалақ анасы арқылы қоректенеді. Онсыз өліп қалады емес пе, - дейді атеистер.
Әбу Ханифа (р.а.):
- Демек, сіздер аналарыңыздың ішінде тоғыз ай бойы ішіп-жедіңіздер ғой, солай ма?
Атеист:
- Иә, солай деуге болады.
Әбу Ханифа (р.а.):
- Олай болса, дәрет сындыру үшін қайда барған едіңіздер?
Ғалымның бұл сауалына не дерін білмей сасып қалған атеистер:
- Шынында да, ана жатырында әжетхана жоқ қой. Оны қалай ойламағанбыз, - дейді бір-бірлеріне.
Әбу Ханифа (р.а.):
- Ееее, көрдіңдер ме?! Бұ дүниенің өзінде құдіреті күшті Алла Тағала әжетке бармайтын жер жаратып қойған болса, о дүниеде де сол сияқты әжетін өтемейтін жер жаратуға құдіреті жетпейді деп ойлайсыздар ма?
Сөзден жеңілген атеистер Имам Ағзамның тапқырлығына бас иіп, тілдерін кәлимаға келтіріп, түгел мұсылман болған екен.
❤188👍37🔥10❤‍🔥6🐳4😇2🤗2😢1🕊1💯1
Өлім деген – тірілу. Мәңгі тірілу. Сондықтан мәңгі тірілмей тұрып тірелу керек. Аллаһым, мәңгі тірілмей тұрып тірілткеніңе сан шүкір!
❤168💔10😢6🐳5👍4😭4🙏3🤔1
Кітапты көп оқушы адам:
— Бір күні романды оқып, өмірді таниды;
—Бір күні Хақ кітапты оқып, Жаратушысын таниды.
—Ал күндердің бір күні сіздің көңіліңізді оқып, сізді таниды.

Кітапты оқушы адаммен бірге болыңыз✅
❤199😍20👍13🔥10🤗8💯6🕊2🐳2
Адам Абайды білгенмен Шариғатты білмесе тағы бекер…

#Соңғыжелініжарыпжатқанжаңалыққақатысты
❤90👍27💯21🤔5🔥3🐳3😇3😍2❤‍🔥1🙏1🕊1
Айша анамыз (Алла оған разы болсын) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігімен сәлемі болсын) айтты:

“Кенеттен келетін өлім, мүмін үшін жұбаныш. Ал күнәһар үшін қайғы-қасірет.”

📝 Мәжмуғ әз-Зәуәид
❤113💔30👍17🔥7🐳3😨3😢2🙏2😁1🕊1
Намазды ауыр жүк қылып көрмеу керек.
Намаз ол ауыр жүктен құтылу үшін берілген.
❤210😭27💔17👍16💯10🐳6🔥3❤‍🔥2🕊2
Бірде Мысырдың үлкен ғалымы Шейх Шағрауиден бір кісі келіп:
“Ұлыңызға үйленер алдында қандай насихат бересіз?”- деп сұрайды.
Сондағы ғалымның жауыбы: “Ей, ұлым! Бұл қыз жалғыз сен үшін деп, әкесін, аға-бауырын, әпке-сіңілісін тастап келді. Енді сен ол үшін солардың бәрі болып бер” деген екен.
❤160👍20😍10🔥6🕊6💯3💔2🐳1
Олар маған:
“Өмірге бір ақ рет келеміз, неге ойнап-күліп қалмасқа?!” - деді.

Мен оларға: “Тек бір ақ рет өлеміз. Неге соған дайындалмасқа?!”- дедім.

Хасан әл-Басри (р.а)
❤171👍32🕊7🔥4💯4😍2🐳1
Күндіз оқыған 5 уақыт намаздарымыз: Алладан қорыққандықтың белгісі.

Ал түнгі намаздарымыз: Жүргектеріміздің Алла деп соққандықтың белгісі.
❤186👍25❤‍🔥10🕊8💯4🐳3🤔1
Шынайы түрде жақсы жаққа өзгерем деп әрекет етіп бастаған адамды Алла жарты жолда қалдырмайды…
❤223👍17❤‍🔥10🔥8🐳5🕊4💯2
Телеграмға сторис саламыз деп, өмірі көрмеген, танымаған 150-200 адам қарап кетті)
😁135❤12👍11🐳7💯6🤔3🔥2😢2🕊1
Күйеуі дүниеден озған жесір бір кемпір күнде сиырынан сауған сүттен сары май шайқап, дүңгіршекке сатуға әкеледі екен. Дүңгіршек иесі де кемпірге сенімділік танытып, майын еш өлшеместен сатып алады екен. Бір күні көңіліне күмән ұялаған дүңгіршек иесі кемпірдің сатып кеткен майын таразыға тартып көрмекші болады. Сөйтсе, 1 келі деп алған майы 900 грамм ғана шығады. Бұған қатты ашуланған дүңгіршек иесі ертесі күні тағы да майын құшақтай келген кемпірге:
- Екінші маған майыңызды әкелмей-ақ қойыңыз. Бұдан былай сізден май алмаймын, - деп дүрсе қоя береді. Көңіл күйі түсіп кеткен кемпір:
- Не қателік істедім, балам-ау?.. – дейді ештеңені түсінбестен.
- Сіздің маған 1 келі деп әкеп жүрген майыңыз 900 грамм ғана шықты. Таразыдан жеу күнә емес пе? Қалайша ұялмайсыз? – дейді сатушы.
Сонда әлгі кемпір:
- Балам, менің таразым да жоқ оны өлшейтін. Мен бұл әкеп жүрген майымды өткенде өзің маған 1 келі деп сатқан қантты кір ретінде пайдаланып, өлшеп әкеп жүрмін, - дейді.
Мұны естіген дүңгіршек иесі кірерге тесік таппай, қатты ұялады.
«Біреуге ор қазба, өзің түсесің», «Не ексең, соны орасың» деген осындайда айтылса керек.
👍129❤42😢21🐳5💔3🕊2🙊2💯1
Әл-Азхар мешітінің жанында мен оқып жатқан Ислам негіздері(Ақида және Философия) факультеті бар. Сол ғимараттың сол жақ тарапынан Әл-Азхар мешітінің осылай кереметтей көрінетінін бүгін байқаппын)
👍83❤52😍44🐳6🔥3❤‍🔥2🕊1🙊1
Бисмиллә, жол болсын🤲🏻💫
CAIRO>ISTANBUL>ALMATY
❤108😍29🤗18👍11❤‍🔥6🕊5😇4🐳3😢1🙊1
Біреулер өмір үшін күреседі, бірақ бәрібір өліп тынады. Ал біреулер ақирет үшін күреседі, және олар мәңгілікке ие болады.
❤133👍12🔥11😢6🐳6💯4🕊2