“Я, Алла, ақиқатында, мен Сенен жаман көршіден, оның (кесірінен) шашым уақытысынан бұрын ағарып кететін қырсық әйелден, үстімнен би болатын баладан, мен үшін азапқа айналатын дүниеден, көзі мені көретін, ал жүрегі аңдып отыратын, әрі егер ол менен бір жақсы нәрсе көрсе, жасыратын, ал егер менен жаман нәрсе байқаса, жарияға жар салатын достан пана сұраймын”.
📚(Табарани «әд-Ду’а» 3/1425).
«Аллаһуммә инни аъузу бика мин жәәрис-суу, уә мин зәужин тушайибуни қабләл-мәшиб, уә мин уәләдин якуну ъаләйә рабба, уә мин мәәлин якууну ъаляйа ъазаба, уә мин халилин мәәкирин ъайнуһу тараани уә қалбуһу яръаани ин ра-а хасанәтән дәфәнәһә, уә изә ра-а сәйиәтән әзәәъаһа».
#дұға

❤69👍8💔8🐳3🔥2
Бір жыл бұрын сатып алған курсым бар еді: “Сөйлеу техникасы және дауыс тембрін түзеу” деген.
Соны енді бастап оқымақшымын)))
Не үшін оқимын?😅
Мендегі мәселе ол - сөйлеген кезімде мидың тілден озып кетуі немесе тілдің миға ілесе алмауы. Ол дегеніміз – сөйлеген уақытта мидың айтатын сөзді не сөйлемді тез құрап кеткендігі себепті тіл біраз сөздерді жұтып қояды, сол себепті сәл тұтығып, мені естіп отырған адам түсінбей қалып жатады)))
Мектеп бітірген кездер де, Мысырға алғаш барған кездер де бәрі жақсы еді, ондай еш мәселе жоқ еді. Мысырда қазақтардан гөрі әртүрлі ұлттардың арасында араб тілін көп сөйлеп үйреніп қалғандықтан ба деп те ойладым. Арабша сөйлегенде ондай мәселе жоқ😅
Зерттеп көрсем ауыз, тіл, жаққа жасайтын арнайы жаттығулардан қалпына келеді екен))
Бір қызық айтайын. Асқар деген аға-досым бар еді. Мысырға келіп 8 айға жуық білім алды, сол уақытта екеуміз бір бөлмеде тұрдық. Ол кісінің де сөйлеген кезде мәселесі бар еді. Қандай мәселе дейсіз ғой😃
Ол кісіде керсінше ми ойланып боламын дегенше тіл тез сөйлеп озып кетеді. Мидың тілмен бірге жүрмей артта қалуы.
Ол кісі сөйлегенде мысалға: “Мен ертең базарға барып мандарин аламын” деген сөзді “Мен ертең базарға барып апельсин, лимон, оййййй мандарин аламын” деп сөйлейтін еді)))
ПЫСЫ: Сондықтан мен халықтың алдында сөйлеуден, адамдар көп жерде уағыз немесе ұзақ бір ғибратты әңгіме айтудан ыңғайсызданамын))

👍60😁32❤26🐳4🕊1
👆🏻Ұзақ жазғаным үшін кешірім сұраймын) Қолдарыңыз болса оқып шығарсыздар, жәй ғана әңгіме ретінде жаздым, ғибрат алатын дәнеңе жоқ)
❤56🤗17👍11🔥4🐳4🕊2
“Адамға дертке шипа болар балдай бол, мұңайтатын тікен болма”
Мәулана
Мәулана
❤89🐳9👍8
Өлім — өмірдегі ең үлкен қайғы емес. Ең үлкен қайғы — өлмей тұрып Аллаға деген қорқыныштың өліп қалуы.
❤88💔18😭15😢8👍2🐳2
“Бауырым Харунның тілі маған қарағанда анық(сөзге жақсы)” (Құран). Басқалардың өзгешеліктерін қабыл алу, мойындау бұл Пайғамбарлардың сипаты.
Оларды шетке қағу, мойындамау шайтанның сипаты.
“Мен одан жақсырақпын” (Құран)
Оларды шетке қағу, мойындамау шайтанның сипаты.
“Мен одан жақсырақпын” (Құран)
❤52👍5🔥4🐳2
Күнәлар жүректі талқандағаны үшін ғибадаттар денеге және көңілге ауыр келе бастайды. Дұғалар қысқа болады, зікірлер тасталады. Истиғфар мен салауат мүлде ескерілмейді де.
Егер сізде сондай болса, дереу шын ықыласпен тәубе етіңіз!
Егер сізде сондай болса, дереу шын ықыласпен тәубе етіңіз!
❤75😢32👍10🔥2💔2🐳1😐1🙈1💘1
Адам бұл өмірде барлық қалағанына жетпейді, өйткені ол - құл. Оны Раббысы шектейді.
❤102👍10🔥6🐳2💔1
Үйретілмеген асау атпен қалаған жерге бару қандай ауыр болса, тәрбиеленбеген нәпсімен өмірдегі ұлы мақсатқа(Жаратушының разылығына) жету соншалықты ауыр.
❤96👍15😢7🐳1💔1
Күнә – адам табиғатының бұзыла бастауы болса, тәубе мен кешірім тілеу – адамның пәк табиғатына қайта оралуы.
❤100👍6🐳2
Дін дұшпандары жүрегін Жаратушыға деген махаббатпен толтырғандарды - бұл махаббаттан айырып, өздері ұнатқан нәрсесін олардың жүрегіне салғысы келеді!
Алайда олар - Аллаһ Тағала өз дінін кемеліне жеткізуді уәде еткенін ұмытпасын!
Олар білсін! Діннің күре тамырын кескісі келгендер - келмеске кетті!
Олар (дінді жойғысы келгендер) тарих сахнасына көз тастасыншы!
Перғауын, Ленин, Сталин, Намруд т.б?!
Кім діннің күре тамырын кесе алды? Ешкім!
Ешкім кесе алмайды да!
Ендеше ислам дінімен күресіп әуре болма шырағым!
Тіпті дін дұшпандары күтіп жүрген Даджалда жеңілетіні бізге баян етілген!
Ислам - бұл Алланікі

👍33❤23🕊1🐳1
Адам баласы пайда болғаннан бері шынайы жан тыныштығын діннің кеңістігінде тауып, тек қана дін арқылы бақытты бола алған. Дін болмаған жерде жоғарғы ахлақ (көркем мінез) пен өнегелілік туралы сөз қозғау қалай мүмкін болмаса, бақыттылық жайлы айту да аса қиын. Өйткені көркем мінез бен өнегеліліктің қайнары – ар мен намыс. Ал, ар-намысқа үкімін жүргізетін жалғыз-ақ нәрсе – Алламен байланыстыратын дін.
❤44👍2🔥2🐳1
Асқазан қорытылмаған және қажетсіз азықтарды сыртқа шығарып тастайды емес пе?!
Халыққа, адамдарға не ақылымен, не білімімен, не малымен еш пайда келтірмеген адамдарға да уақыт пен тарих тура осылай жасайды екен ғой…
Халыққа, адамдарға не ақылымен, не білімімен, не малымен еш пайда келтірмеген адамдарға да уақыт пен тарих тура осылай жасайды екен ғой…
❤40💔5👍2🔥1🐳1
Бақшаны, ауланы арам шөп басып кетсе де, оған көз жұма қарап, «ай, тағдыр-ай!» дейтін адамға не деуге болады...!?)
#харекет
#харекет
👍38❤15😁5🐳2
“Сырттай адамдардың арасында бол, бірақ жүрегің Алламен болсын”
✍️Нақшбанд
✍️Нақшбанд
👍59❤34🔥3🐳2