Ali Saǵatuly
1.67K subscribers
152 photos
8 videos
1 file
6 links
Әл-Азхар университеті, Ақида және Философия факультетінің 4-ші курс студенті
байланыс: @sagatuly_ali
Download Telegram
“Алладан жаңбыр тілесең, қолшатыр алып үйден шық”

#сенім
❤73👍9🐳2
Адам баласы пайда болғаннан бері шынайы жан тыныштығын діннің кеңістігінде тауып, тек қана дін арқылы бақытты бола алған. Дін болмаған жерде жоғарғы ахлақ (көркем мінез) пен өнегелілік туралы сөз қозғау қалай мүмкін болмаса, бақыттылық жайлы айту да аса қиын. Өйткені көркем мінез бен өнегеліліктің қайнары – ар мен намыс. Ал, ар-намысқа үкімін жүргізетін жалғыз-ақ нәрсе – Алламен байланыстыратын дін.
❤44👍2🔥2🐳1
Асқазан қорытылмаған және қажетсіз азықтарды сыртқа шығарып тастайды емес пе?!

Халыққа, адамдарға не ақылымен, не білімімен, не малымен еш пайда келтірмеген адамдарға да уақыт пен тарих тура осылай жасайды екен ғой…
❤40💔5👍2🔥1🐳1
Бақшаны, ауланы арам шөп басып кетсе де, оған көз жұма қарап, «ай, тағдыр-ай!» дейтін адамға не деуге болады...!?)

#харекет
👍38❤15😁5🐳2
“Сырттай адамдардың арасында бол, бірақ жүрегің Алламен болсын”

✍️Нақшбанд
👍59❤34🔥3🐳2
Некесіз қарым-қатынас:

Жігіт: “мен сені жақсы көремін”
Қыз: “мен де сені жақсы көремін”

Шайтан: “мен де сендерді өте қатты жақсы көремін”

📮aqiqat arnasynan
👍53❤27🤯16💔14🐳1
Әйелдердің қалай киінгені емес, еркектердің қандай тәрбие алғандығы маңызды…


#Пікірауысқанзаман
👍68❤44🔥13💯6🐳1💘1
Жүректің әр соққан лүпілі – дүниеге келген сәттен басталатын өлім жырының ырғақтары.
❤51💔9👍6🐳2
Егер біреу сіздің ойыңызды оқып отырғандай жүрегіңізде не бар екенін айта алса, сіздің сөйлеушіге емес оған сөйлеу қабілетін беріп жүрек түбіндегі құпияны аузына салып Сөйлеткізгенге қарап, «Оны Алла айтқызды» дегеніңіз дұрыс. Осылай ойласаңыз, қателеспейсіз әрі қауіпсіз болады.
❤63👍3🐳2💔2
Шейх Рамадан әл-Бути (Алла оны рақымына алсын):

Алланың сүйікті пендесі болуға ең тез жетелейтін жол — әрдайым Алланың алдында өзіңді күнәхар сезіну, Оның кешіріміне үміт арту және жағдайың қанша мықты болса да, өзіңнің Оған мұқтаж екеніңді сезініп, әрдайым Оның алдында құлдық сипат көрсету.
❤71👍4❤‍🔥3🐳2
Егер біреуді ғайбаттаған сайын банктегі есеп-шотымыздан ғайбатталған адамға ақша аударылып тұрса, ақшамызды сақтау үшін ғайбаттан тыйылған болар едік. Сонда алдамшы уақытша дүниені мәңгілік өмірге азық болатын сауаптан артық санағанымыз ба?!
❤72💔11😢5👍2🐳2
Шейхтардың алдында дәріс алу білім алушының рухани және интеллектуалды дамуына үлкен әсер етеді. Тікелей шейхтан білім алу тек қана кітап оқумен шектелмей, ұстаздың тәлім-тәрбиесін, мінез-құлқын үйренуге мүмкіндік береді. Бұл процесс арқылы шәкірт ұстаздың өмірлік тәжірибесін меңгеріп, ғылымды терең түсінуге, оның рухани мәнін ұғынуға қол жеткізеді. Сонымен қатар, шейхтың батасы мен дұғасы шәкіртке білім жолында үлкен рухани қолдау болады.

Қорыта айтқанда, шейхтан білім алу шәкірттің ғылымға деген көзқарасын кеңейтіп, рухани және моральдық тұрғыдан нығайтады, бұл оның ғалым болу жолында маңызды қадам болып табылады.
❤47👍7🔥2😍1
Өзгерген заман ба? Әлде адам ба?!
Жоқ әлде, адастық па жалғанда?! Кеудемдегі сұрақтар мазалайды,
Қандай амал құтқарар деп тозақтанда!

Тұрақтылық таныту бір амалға,
Қиынның қиыны сол санамда.
Кей кезде күнәға толған жүрек,
Тозбайды деп ойлаппын-ау шағымда.

Жамандық біреу, жақсылық он ба?! Қалайша жұмсақ екен құлдарына! Шынында кешірер бар күнәңді,
Мадақ болсын Әзәли Жаратқанға.

Түбінде ойланамын әр нәрсеге,
Мейлі жаман, мейлі һәм ізгіге.
Осылайша өмірім өтіп жатыр,
Жақындап сұрақтардың қабіріне.
❤41👍9🐳1
Дін – Алланың жолы, дінсіздік болса – шайтанның жолы. Сондықтан дін мен дінсіздіктің қайшылығы Адам атадан бері жалғасып келеді және Ақіретке дейін жалғасы береді
❤45👍4🔥4🐳1
Алла адамдарға сансыз нығмет берген. Бұлардың ең үлкендерінің бірі –  нығметтің қадірін білу нығметі.
❤63👍5💔2🐳1
Қазіргінің батыры болған Елдос Сметов және оның анасы:

Исламда ата-анаға, әсіресе анаға деген құрмет ерекше маңызға ие. Құранда Алла Тағала ата-ананы сыйлауды өзіне құлшылық етумен қатар қойып, оларды құрметтеуді мұсылманның басты міндеттерінің бірі ретінде белгілеген. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) «Жұмақ аналардың аяғының астында» деп, анаға көрсетілуі тиіс құрмет пен мейірімділіктің қаншалықты маңызды екенін ерекше атап өткен.

Спортшының жеңісін тойлау кезінде анасының қасында болуы – ол Алланың әміріне сай әрекет етіп, анасының дұғасы мен қолдауын алғысы келгенінің көрінісі. Анасына жақын болу арқылы ол өз өмірінің әр сәтін жақсылықпен, берекемен толтыруды қалаған шығар. Біреудің анасына деген құрметіне сын айту арқылы біз тек сол адамға ғана емес, Исламның негізгі қағидаларына да қайшы әрекет еткен боламыз. Оның үстінн анасына сын айту арқылы біз сол адамның ең қасиетті сезімдеріне қол сұғып жатқанымызды түсінуіміз керек. Ана – бұл тек сені тәрбиелеген адам ғана емес, өмірдің ең қиын сәттерінде жанымызда болған ең жақын адам. Спортшының жеңісін анасының жанында атап өтуі – оның анасына деген мәңгілік ризашылығының белгісі әрі Алланың әміріне сай іс-әрекет. Біз қашан анамызға дегее махаббатты бағалай алмаған кезде, өзіміздің адамгершілігімізді жоғалтатынымызды ұмытпауымыз қажет.

Анасына қолдау көрсеткені үшін сын айтудың орнына, осы қасиетті қарым-қатынасты түсіністікпен қабылдап, анаға көрсетілетін құрметті жоғары бағалайық. Мұндай құрмет пен сыйластық – әрбір адамның рухани байлығының көрінісі.

Анаға деген құрмет – әрбір жеңістің, әрбір жетістіктің шынайы негізі. Ана жүрегінің жылуы мен дұғасы бізді биікке жетелейді, сондықтан ананы сыйлау – нағыз батырлықтың белгісі. Ананың ақ сүті мен мейіріміне құрмет көрсеткен әрбір жанның жолы әрдайым ашық болады ин шә Алла.

@ali_sagatuly
❤47🔥7💔6👍5🤔2😐2🐳1
Сынақтар мен қиындықтар – Алланың жақындығын сезіну үшін бір қадам алға басу мүмкіндігі.
💔36❤19👍6🐳1
Тырнақ өскенде, біз саусағымызды емес, тырнақты қысқартамыз. Сол секілді, егер қарым-қатынаста түсініспеушілік туындаса, біз қарым-қатынасты бұзбай, керісінше, сол түсініспеушілікті жоюға тырысуымыз керек. Себебі, саусақтың саулығы маңызды болғаны сияқты, қарым-қатынастың тұтастығы да сақталуы тиіс. Адамдар арасындағы байланыс – нәзік жіп секілді, ол үзілуге емес, тек тазартылуға мұқтаж.
❤57👍8🔥6🕊1🐳1
Байлық пен билікті аңсап, уайымы сол болған адамның жүрегінен ақыретке деген уайым кетеді. Дүниені жақсы көрген адамның жүрегінен ақыретке деген сүйіспеншілік жоғалады.
❤34💔8👍5🔥3🐳1
Имам Ғазали ықылас жөнінде:

Ықылас дегеніміз – “Алла разылығы үшін істеп жатырмын” деген сөз емес, ол жүректің ішкі күйі. Көп жағдайда ол адамға бағынбайды, сондықтан адамның істеген амалы – оның ықыласының белгісі бола алмайды. Шын мәнінде, ықылас – жақсы істерде табандылық танытып, тұрақты әрекет ету.
Адам өз ғибадатында ықылас сезінбей жатса да, оны тастамасын, себебі ықылас ұзақ уақыт бойы ғибадат етудің нәтижесінде пайда болады. Ол ғибадаттан бұрын келетін нәрсе емес.
❤46👍4🔥4❤‍🔥3🐳1