Ali Saǵatuly
1.67K subscribers
152 photos
8 videos
1 file
6 links
Әл-Азхар университеті, Ақида және Философия факультетінің 4-ші курс студенті
байланыс: @sagatuly_ali
Download Telegram
Егер адам надан бола тұра, өзін ақылды санап, менмендікке салынса, онда бұл оны ешқандай еммен түзете алмайтын ауыр жағдайға жеткізетіні сөзсіз.
👍40❤19🔥3❤‍🔥2🕊2🐳1
Біреу таңғы 8-ден кешкі 8-ге дейін жұмыс істейді, сосын отбасына, бала-шағасына оралып, мауқын басып, бақытты сәттерін кешеді. Ол да бақытты.
Біреу таңнан кешке дейін адамдарды емдеп, олардың алғысын алады. Олардың қуанғанын
көреді. Ол да - өз еңбегімен бақытты.
Оларға келіп: "Осы да өмір ме? Кәсіппен айналысып миллион тап..." деп оның бақытын құнсыздандырма.
Адам бақытты болу үшін міндетті түрде миллиондаған доллар тауып, үлкен бизнесмен болу қажет деген сөз жоқ. Өзіңнін пайымыңдағы бақыт ұғымын басқаларға
да тықпалап әуре болма.
Әркім өз өміріне сай бақытты.

#дереккөзбелгісіз
🔥51❤33👍17🐳2
«Бақыт» сөзі Құранда тек бір жерде кездеседі:
«Бақыттылар жәннатта. Олар онда мәңгілік қалады.» (Һуд, 11:108)

Бұл дүниеден шынайы бақытты таба аламыз ба?!

Бұл дүниеде шынайы бақытты табу мүмкін емес, себебі нағыз бақыт тек ақыретте, жәннатта ғана бар. Құран бізге осы дүниенің өткінші екенін және шынайы бақыттың тек Алланың разылығына жеткенде ғана болатынын еске салады. Сондықтан уақытша ләззаттарға алданбай, мәңгілік өмірге дайындалып, сол жерде шынайы бақытқа қол жеткізу үшін өзімізді тәрбиелеп, дұрыс жолмен жүруіміз керек-ті.
👍53❤32❤‍🔥5🐳2
Ұйқыдан оянғанда айтуға болатын зікір немесе дұға:

Әлхамдулилләһи Раббил Ғәләмин. Я, Раббым мені осы таңды көріп, жаңа күнге аман-есен оянғаным үшін өзіңе шүкір айтамын, Сен мені тыныштықта ұйықтатып, бүгінгі күнге жақсы амалдар жасау және өткенге тәубе ету мүмкіндігін тағы да бердің. Бүгінгі менің амалдарымды жеңілдетіп, мені Өзінің разылығыңа жеткізер жолға бағыттай көр. Әмин🤲🏻
❤83👍7🕊4🙏3🐳1
Алла Тағала ақысыз берген тісімізге рахмет, шүкір айтпай, тіс дәрігерінің бәленбай ақшаға жасап берген тісіне алғысты жаудырып айтатынымыз несі?!

#Шүкірлікжайлыойлапқой
❤68😢6👍3🔥2🕊2🐳1
Шәкірттері Бахауддин Нақшбандиге карамат көрсетіп беруін сұрағанда, ол кісі орнынан тұрып, жеңіл-жеңіл екі қадам жасап, қайтадан орнына барып отырыпты. Бұл ісіне таң қалған шәкірттері себебін сұрағанда, ол:

"Желкеңде таудай күнәларың бола тұрып, жеп-жеңіл қадам жасағаныңның өзі карамат” - деп жауап берген екен.


Исламда “карамат” деп Алланың қалауымен орындалатын, табиғи заңдарға бағынбайтын, ерекше және таңғаларлық құбылысты айтады. Бұл құбылыстар пайғамбарлар мен әулиелердің дұғалары немесе Алланың қалауымен жүзеге асырылатын таңғажайып істер.
👍24❤18🐳1
Дүниедегі ең үлкен шарасыздық — Алладан ешқайда да қашып құтыла алмайтыныңды сезіну шарасыздығы екен…

✏️Исламға келген атеисттің сөзі
👍44❤19❤‍🔥13💔7🐳1
«Ей, адам! Қайдан келгеніңді ұмытпа, сол кезде қайда баратыныңды ұмытпайсың!»
👍51❤16💔10🐳3
“Құдайдан қорқасың ба?" деп сұралсаң, жауап берме! Себебі, "иә" деп жауап берсең, өтірікші боласың! Өйткені, сенің амалдарыңнан Құдайдан қорқатын сияқты көрінбейсің. Ал "жоқ" деп жауап берсең, діннен шығасың. Сондықтан, қазіргі уақытта үнсіз қалғаның дұрыс...

Фудайл ибн Ияд
💔65❤21👍8🐳2
Егер біреуге көмек көрсетіп, қиын мәселесін шешуге күшіңіз жетсе, қуанышпен орындаңыз!

Себебі Жаратқан сіз арқылы біреудің дұғасын қабыл етіп жатыр... 🤲🏻
❤68👍8🔥3🐳2
Дүниеге сонша беріліп кеттік, тіпті шынайы бақыттың не екенін, оның қайда екенін білмей қалдық.
❤43💔9👍4🕊1🐳1
Дүние жүрегімізді соншалықты баурап алғаны соншалық, біз адамдарға киген киіміне, ұстап жүрген телефонына, мінген көлігіне, тұрған үйіне қарап баға береміз.
👍26❤15💔11❤‍🔥1🐳1
Нағыз бақытты осы өткінші дүниеге байланыстырған екенбіз. Бірақ шын бақыт дегеніміз, сатып ала алмайтын, ұстай алмайтын нәрселерде болатын.
❤38💔7👍5❤‍🔥1🕊1🐳1
Біз бұл дүниені соншалықты қымбаттатып жібердік, әйтпесе бұл дүние Адам атамыздың жазасы ретінде түскен мекен еді. Ертең бір метр кебінге оранып қабірде жататын кезде, қалай алданып қалғанымызды түсінеміз.
❤44💔13👍3❤‍🔥1🐳1
Дүние жүрегімізге, иманымыз болса қалтамызға ауысып кетті. Жүрекке дүние кірсе, онда иманға орын қалмайды.
💔35❤12👍3😢2❤‍🔥1🐳1💯1
Алла Тағала дүниемізге емес, жүрегімізге қарайды. Дүние ауруы күшейіп тұрғанда онымен ауырмай, тура жүру – тақуалық.
❤45👍6💔4🔥3🕊2🐳1
Иман мешіттен шыға алмай қалды, шықса болғаны дүниенің шырмауына түсіп кетеді. Дүние барлық жерде, тіпті мешіттерге де кіріп кеткен.
❤38💔9👍2❤‍🔥1🐳1
Дүние қолымызда болғанымен, жүрегімізге жақын болмауы керек.
❤43👍4💯3💔2🔥1🕊1🐳1
Дүние қолдың кірі, иман жүректің нұры. Екеуін тең ұстаған адам тура жолдан таймайды.
❤‍🔥35❤18👍5💯2💔2🕊1🐳1
Барлық жолдар жылдамдықты шектейтін құралдармен бақыланады.
Ал Аллаға апаратын жолда ондай нәрселер жоқ. Сондықтан қалағаныңша жылдамдата бер! Соңы жәннат болады, Ин ша Алла.

قوله تعالى: «فَفِرُّوا إِلَى الله»

"Аллаға қарай қашыңдар, асығыңдар!" (Зарият сүресі 50)
❤66❤‍🔥8👍4🕊1🐳1