Ali Saǵatuly
1.67K subscribers
152 photos
8 videos
1 file
6 links
Әл-Азхар университеті, Ақида және Философия факультетінің 4-ші курс студенті
байланыс: @sagatuly_ali
Download Telegram
Қолыңнан келсе жақсылық көп жаса, тіпті оны ешкім бағаламаса да, өйткені сен адамдар үшін емес, Алланың разылығы үшін жасайсың. Қандай қиындықтар болса да, садақа бер, өйткені садақаға мұқтаж адам – оны беріп тұрған адам.


“Садақа ең алдымен оны берген адамға үлкен пайда әкеледі.”
❤‍🔥35❤18🔥3🐳2
Өміріңді Алланың разылығы үшін сүр, сонда жүрегің тыныштық табады❤️‍🩹
❤47👍12❤‍🔥4🔥2🕊2💔2🐳1
Дұға мен әрекет – бірге жүруі керек

Дұға – мұсылманның қаруы, бірақ тек дұға етіп отыра беру жеткіліксіз. Егер барлық мәселе тек дұғамен шешілсе, онда Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ешбір шайқасқа шықпас еді. Ол – дұғасы қабыл болғандардың ең жақсысы, бірақ сонымен бірге ол әрекет етті, жоспарлады, күресті.

Біз де солай істеуіміз керек. Дұға – сеніміміздің көрінісі, ал қарекет – сол сенімнің жемісі. Аллаға тәуекел етіп, дұға жаса, бірақ нәтиже күту үшін нақты әрекет етуді ұмытпа!
❤44🔥5🐳1
Дұға – ресторандағы мәзір емес. Ол – жай ғана “тапсырыс” беріп, дайын күйінде алатын нәрсе емес. Дұға – жүректен шығатын шынайы өтініш, бірақ ол әрекетпен ұштасқанда ғана нәтиже береді.
❤40🔥8🐳1
Алладан сұрау – міндетіміз, бірақ сол сұраған нәрсеге жету үшін өзіміз де қадам жасауымыз керек. Егер дұға етіп, бірақ ешқандай әрекет жасамасақ, ол бос үмітке айналады.
❤51🔥6🐳1
Аллаға шынайы құлшылық қылған құлдың әр сәті Қадір түні сияқты!

الشيخ عبد السلام سنار
❤68🔥3🐳2👍1
“Бұл түні періштелер мен Рух (Жәбірейіл) Раббыларының рұқсатымен әрбір іс үшін түседі.”

(Қадір сүресі, 4-аят).

Қадір түнінде Жәбірейіл (ғ.с) бастаған сансыз періштелер Алланың әмірімен жер бетіне түсіп, мүміндерге сәлем беріп, олардың жасаған дұғаларына “Әмин!” деп жауап береді. Бұл – Алланың ерекше мейірімі төгілетін сәт.
❤59🔥5❤‍🔥1🐳1
Кейбір адамдар есте сақтау қабілеті нашар болғандықтан, арым таза деп ойлайды.

-Лев Толстой
💔36❤13🤯1😢1🐳11
Мүмін – күнәсін ұмытпайды. Ол күнәларын істеген сайын емес, оларды еске алған сайын көз жасын төгеді. Ал екіжүзді – күнәсін істеген соң оны ұмытып, өзін қауіпсіз сезінеді.

Хасан Әл-Басри (Алла оған разы болғай)
❤26👍9🔥4💔4😢1🕊1🐳11
Күнәні ұмыту — тәубені қажет етпейтіндей сезім тудырады. Бұл — шайтанның ең жаман айласы.
💔28❤12👍3🔥1🕊1🐳11
Күнә істеген адам оны ұмытса да, ол күнә Алланың алдында әлі тірі. Тәубе етілмеген күнә – жүрекке дақ болып қалады.
💔29❤15👍4🔥1🕊1🐳11
Жүрекке дақ қалдырған күнә – денеге жұққан вирус секілді: сыртынан байқалмаса да, ерте ме, кеш пе, өзін міндетті түрде сездіреді.
❤33💔8🐳2👍1🔥11
…немесе жүрекке микроб сияқты жабысып, кеміреді. Шынайы тәубе – осы «вирусты» жойып, жүректі қайтадан сауықтырады.
🔥16💔10❤6🐳21
Нағыз даналық — Алла Тағала адамның жүрегін хикметке ашқан кезде пайда болады. Бұл – адамның рухы мен ақылы сынақтар арқылы кемелдікке ұмтылған сәті. Шынайы философия – ақиқатқа жету жолындағы ізденіс, ал ақиқаттың шегі – Алланы тану…
❤40👍3🔥2💔1
“Кімде-кім бір бай адамға оның байлығы үшін жағымпазданса дінінің үштен бірінен айырылады”

📚Хадис (Қайтар күнге дайындық кітабы)
❤48🔥6
Қазақтың оқуда кеткен есесі көп. Атаң үшін де оқы, әкең үшін де оқы, өзің үшін де оқы!»

Ғабит Мүсірепов
❤54🔥10💔4🤯22🕊1
Бізде атеистер көп, олар қайтыс болғанда қайда жерлейді? Қандай дін бойынша?!🤔
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤256😁2👍1
Қазақстанда екі-ақ таңдау бар сияқты: не мұсылмандар, не христиандар. Басқаларға “тізімде жоқ” деп тұрғандай.

Атеисттердің туыстары примерно:

– «Марқұм дінге онша емес еді… Бірақ, қой сойған, бір екі рет бұрын құдайы ас берген!» – деп,
ақырында мұсылмандардың жанына апарып қояды-ау осы))))🤦‍♂️
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤26😁8😢2🔥1🕊1😐11
Қазақ мал баққан елден сөз баққан елге айналып бара жатыр. Блогер мен студия қаптауы — соның айқын көрінісі. Алайда шын мәнінде ел, адам түзелуі үшін — сөз емес, іс баққан жұртқа айналуы керек‼️
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍26❤143🕊2🔥1😍1💔1
Ғалым кейбір нәрселерді біледі, надан бәрін біледі...)))
❤24👍4😁4🕊3💔3🔥1😐1