Ali Saǵatuly
1.67K subscribers
152 photos
8 videos
1 file
6 links
Әл-Азхар университеті, Ақида және Философия факультетінің 4-ші курс студенті
байланыс: @sagatuly_ali
Download Telegram
“Кімде-кім бір бай адамға оның байлығы үшін жағымпазданса дінінің үштен бірінен айырылады”

📚Хадис (Қайтар күнге дайындық кітабы)
❤48🔥6
Қазақтың оқуда кеткен есесі көп. Атаң үшін де оқы, әкең үшін де оқы, өзің үшін де оқы!»

Ғабит Мүсірепов
❤54🔥10💔4🤯22🕊1
Бізде атеистер көп, олар қайтыс болғанда қайда жерлейді? Қандай дін бойынша?!🤔
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤256😁2👍1
Қазақстанда екі-ақ таңдау бар сияқты: не мұсылмандар, не христиандар. Басқаларға “тізімде жоқ” деп тұрғандай.

Атеисттердің туыстары примерно:

– «Марқұм дінге онша емес еді… Бірақ, қой сойған, бір екі рет бұрын құдайы ас берген!» – деп,
ақырында мұсылмандардың жанына апарып қояды-ау осы))))🤦‍♂️
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤26😁8😢2🔥1🕊1😐11
Қазақ мал баққан елден сөз баққан елге айналып бара жатыр. Блогер мен студия қаптауы — соның айқын көрінісі. Алайда шын мәнінде ел, адам түзелуі үшін — сөз емес, іс баққан жұртқа айналуы керек‼️
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍26❤143🕊2🔥1😍1💔1
Ғалым кейбір нәрселерді біледі, надан бәрін біледі...)))
❤24👍4😁4🕊3💔3🔥1😐1
Диванда жатып алып, Құдайдың құдіретіне күмән келтіріп, бәрін өздерінің тар шеңберлі логикасымен өлшейтін “білгіштер” көбейді. Қызығы — қарапайым логикалық сұрақты шеше алмайтындар Алланың шексіз іліміне баға беруге құмар.🤔
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤37👍7😁5🕊3🔥1😐11
Құдайдың құтты күні маған шайтан келіп: “Бүгін не жейді екенсің? Не киеді екенсің? Қайда тұрар екенсің?” – деп азғырады. Ал мен оған: “Ішер асым – өлім. Киер киімім – кебін. Тұратын орным – қабір” деп жауап беремін.

Хатим әл-Асам
❤56💔6🔥42😢1🕊1
Адам иманын амалмен(құлшылықпен) қорғайды, зікірмен(Алланы еске алумен) күшейтеді.
❤47🕊3💔33🔥21
Адамдарға жасаған жақсылығын ұмытып, ал өзгелерден көрген титтей ғана ізеттілікті таудай көріп, жүрек түбінен шыққан алғысқа айналдыра алатын жан — нағыз көркем мінездің шыңына жеткен, жүрегі тыныштық тапқан кемел адам.

Мұндай жандар өз жақсылығын ешқашан міндет етпейді. Ешкім бағаламаса да, ренжімейді.
Олар атаққа құштар емес, алғысқа мұқтаж емес.
Себебі олар үшін ең үлкен марапат — Жаратушының разылығы.

Олардың көңілі — таза бұлақтай мөлдір.
Жүрегі — жұмсақ, кешірімге толы.
Амалы – жүрек түбіндегі ниетпен астасқан, риядан алыс.

Міне, нағыз рухани бақыт осындай —
жақсылықты үнсіз жасап, алғыссыз да риза бола білу.
❤53🔥2🕊2😍2👍1💔11
Сіз бұл дүниеде жүрген жоқсыз, сіз бұл дүниеден өтіп бара жатырсыз❗️

Әрбір секунд — сағат тілі емес, ол өлімге қарай бізді біртіндеп итеріп бара жатқан құрал.🪫
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤53💔11😢53🕊2👍1
Бетті қыбылға бұру оңай, мәселе жүректі Аллаға бұра білуде🫀
❤4725🔥4🕊22
Әр нәрсенің өз хаққысы болады
Каналдың хаққысы — посттарға реакция басу)))❗️

Бірақ менің мақсатым — жазғанымнан пайда алып жатқаныңызды бақылап, кері байланыс алу.
👨‍💻🫶
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤106👍19😁14🕊7🔥5❤‍🔥3👌2🫡2😍1😇11
Сәбилерде бес ерекшелік бар. Егер бұл бес қасиет басқа адамдарда да болса, бәрі әулие болып кетер еді:
1. Олар ризығы үшін уайымдамайды
2. Ауырса да, Аллаға шағым айтпайды
3. Тамақты бірге бөлісіп жейді
4. Қорыққанда көздеріне мөлдір жас толады
5. Ренжіскенде кек сақтамай, бірден татуласады👼

✏️ Имам Суюти
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤72💯8💔5👍431
Бақытсыздықтың белгілерінің бірі — адамның өз кемшіліктерін ұмытып, өзгелердің кемшіліктерімен айналысуы.❗️
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤27💔10👍4🔥4💯4😢2👌11
Психологияда «интернал» деген термин бар.
Интернал — сәтсіздіктер кезінде өзгелерді немесе жағдайды емес, ең алдымен өзін кінәлайтын адам типі. Интерналдар — сенімді, қарым-қатынаста тіл табысуы жеңіл, сабырлы, жауапкершілікті сезінетін адамдар. Олар агрессияға бейім емес.
📌Құранда Алла Тағала:
«Сенің басыңа келген әрбір жамандық — өз қолыңмен істегеніңнің салдары» — дейді (Шура сүресі, 30-аят).

Демек, егер біз интерналдық сипатпен өмір сүрсек,
“әттеген-ай, былай болғанда басқаша болар еді”, “пәленше болмаса, мен бұлай етпес едім” деген сылтаулардан арылып, әр ісіміз үшін Алланың алдында жауапкер екенімізді сезініп, шын мұсылманға тән жауапкершілікпен өмір сүруге үйренеміз.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤42💯5👍44🔥2🤗1
Күнә жасаудың бұл дүниедегі ең ауыр жазасы – иманнан айырылу, Аллаға жалбару ләззәтінен мақрұм қалу, Құранды ұмыту және истиғфар (кешірім тілеу) айтудан алыстап кету.

✏️Әл-Жәузи (Алла оны рақымына бөлесін)
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💔22❤1510😢3👍2😐1
https://t.me/boost/alisagatuly
Каналға өзгеше мүмкіндіктер ашылу үшін тек премиум оқырмандар дауыс бере өтсеңіздер✔️🙂
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤4👍32👌1
Олар жай ғана санақтағы адам емес еді.
Әрқайсысының өз өмірі, армандары мен мақсаттары, сүйген жандары бар болатын…

Палестинадан бір көрініс 🇵🇸
💔3220❤74
ҚОЛ БЕРІП АМАНДАСУ — ЖАЙ ҒАНА ӘРЕКЕТ ЕМЕС!

Бәра ибн Азиб (р.а.) риуаят етеді:
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай деген:
«Екі мұсылман кездескенде, емен-жарқын бір-біріне қол беріп, амандық-саулық сұрасса, қош айтыспай тұрып екеуінің де күнәлары кешіріледі»
Кейбір адамдар: “Исламда тыйым көп, ұсақ-түйекке көп мән береді, анау күнә, мынау күнә”, — дейді.

Бірақ олар бір нәрсені ұмытып кетеді:
Сол “ұсақ-түйек” амалдардың өзінде қаншама сауап пен мейірім, кешірім жатыр.
🌱Ата-анаңның көңілін табу — сауап.
🌱Қарындасыңа жылы сөз айту — сауап.
🌱Досыңмен амандасу — күнәңнің кешірілуіне себеп!

Ислам — ауыр дін емес. Ол әр сәтіңді құнды етіп, қарапайым әрекеттеріңді сауапқа айналдырады.
Тек соған көңіл бөле білсек болды…
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤45❤‍🔥5👍44