Ali Saǵatuly
1.67K subscribers
152 photos
8 videos
1 file
6 links
Әл-Азхар университеті, Ақида және Философия факультетінің 4-ші курс студенті
байланыс: @sagatuly_ali
Download Telegram
Құдайдың құтты күні маған шайтан келіп: “Бүгін не жейді екенсің? Не киеді екенсің? Қайда тұрар екенсің?” – деп азғырады. Ал мен оған: “Ішер асым – өлім. Киер киімім – кебін. Тұратын орным – қабір” деп жауап беремін.

Хатим әл-Асам
❤56💔6🔥42😢1🕊1
Адам иманын амалмен(құлшылықпен) қорғайды, зікірмен(Алланы еске алумен) күшейтеді.
❤47🕊3💔33🔥21
Адамдарға жасаған жақсылығын ұмытып, ал өзгелерден көрген титтей ғана ізеттілікті таудай көріп, жүрек түбінен шыққан алғысқа айналдыра алатын жан — нағыз көркем мінездің шыңына жеткен, жүрегі тыныштық тапқан кемел адам.

Мұндай жандар өз жақсылығын ешқашан міндет етпейді. Ешкім бағаламаса да, ренжімейді.
Олар атаққа құштар емес, алғысқа мұқтаж емес.
Себебі олар үшін ең үлкен марапат — Жаратушының разылығы.

Олардың көңілі — таза бұлақтай мөлдір.
Жүрегі — жұмсақ, кешірімге толы.
Амалы – жүрек түбіндегі ниетпен астасқан, риядан алыс.

Міне, нағыз рухани бақыт осындай —
жақсылықты үнсіз жасап, алғыссыз да риза бола білу.
❤53🔥2🕊2😍2👍1💔11
Сіз бұл дүниеде жүрген жоқсыз, сіз бұл дүниеден өтіп бара жатырсыз❗️

Әрбір секунд — сағат тілі емес, ол өлімге қарай бізді біртіндеп итеріп бара жатқан құрал.🪫
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤53💔11😢53🕊2👍1
Бетті қыбылға бұру оңай, мәселе жүректі Аллаға бұра білуде🫀
❤4725🔥4🕊22
Әр нәрсенің өз хаққысы болады
Каналдың хаққысы — посттарға реакция басу)))❗️

Бірақ менің мақсатым — жазғанымнан пайда алып жатқаныңызды бақылап, кері байланыс алу.
👨‍💻🫶
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤106👍19😁14🕊7🔥5❤‍🔥3👌2🫡2😍1😇11
Сәбилерде бес ерекшелік бар. Егер бұл бес қасиет басқа адамдарда да болса, бәрі әулие болып кетер еді:
1. Олар ризығы үшін уайымдамайды
2. Ауырса да, Аллаға шағым айтпайды
3. Тамақты бірге бөлісіп жейді
4. Қорыққанда көздеріне мөлдір жас толады
5. Ренжіскенде кек сақтамай, бірден татуласады👼

✏️ Имам Суюти
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤72💯8💔5👍431
Бақытсыздықтың белгілерінің бірі — адамның өз кемшіліктерін ұмытып, өзгелердің кемшіліктерімен айналысуы.❗️
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤27💔10👍4🔥4💯4😢2👌11
Психологияда «интернал» деген термин бар.
Интернал — сәтсіздіктер кезінде өзгелерді немесе жағдайды емес, ең алдымен өзін кінәлайтын адам типі. Интерналдар — сенімді, қарым-қатынаста тіл табысуы жеңіл, сабырлы, жауапкершілікті сезінетін адамдар. Олар агрессияға бейім емес.
📌Құранда Алла Тағала:
«Сенің басыңа келген әрбір жамандық — өз қолыңмен істегеніңнің салдары» — дейді (Шура сүресі, 30-аят).

Демек, егер біз интерналдық сипатпен өмір сүрсек,
“әттеген-ай, былай болғанда басқаша болар еді”, “пәленше болмаса, мен бұлай етпес едім” деген сылтаулардан арылып, әр ісіміз үшін Алланың алдында жауапкер екенімізді сезініп, шын мұсылманға тән жауапкершілікпен өмір сүруге үйренеміз.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤42💯5👍44🔥2🤗1
Күнә жасаудың бұл дүниедегі ең ауыр жазасы – иманнан айырылу, Аллаға жалбару ләззәтінен мақрұм қалу, Құранды ұмыту және истиғфар (кешірім тілеу) айтудан алыстап кету.

✏️Әл-Жәузи (Алла оны рақымына бөлесін)
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💔22❤1510😢3👍2😐1
https://t.me/boost/alisagatuly
Каналға өзгеше мүмкіндіктер ашылу үшін тек премиум оқырмандар дауыс бере өтсеңіздер✔️🙂
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤4👍32👌1
Олар жай ғана санақтағы адам емес еді.
Әрқайсысының өз өмірі, армандары мен мақсаттары, сүйген жандары бар болатын…

Палестинадан бір көрініс 🇵🇸
💔3220❤74
ҚОЛ БЕРІП АМАНДАСУ — ЖАЙ ҒАНА ӘРЕКЕТ ЕМЕС!

Бәра ибн Азиб (р.а.) риуаят етеді:
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай деген:
«Екі мұсылман кездескенде, емен-жарқын бір-біріне қол беріп, амандық-саулық сұрасса, қош айтыспай тұрып екеуінің де күнәлары кешіріледі»
Кейбір адамдар: “Исламда тыйым көп, ұсақ-түйекке көп мән береді, анау күнә, мынау күнә”, — дейді.

Бірақ олар бір нәрсені ұмытып кетеді:
Сол “ұсақ-түйек” амалдардың өзінде қаншама сауап пен мейірім, кешірім жатыр.
🌱Ата-анаңның көңілін табу — сауап.
🌱Қарындасыңа жылы сөз айту — сауап.
🌱Досыңмен амандасу — күнәңнің кешірілуіне себеп!

Ислам — ауыр дін емес. Ол әр сәтіңді құнды етіп, қарапайым әрекеттеріңді сауапқа айналдырады.
Тек соған көңіл бөле білсек болды…
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤45❤‍🔥5👍44
Күнә үшін бұл дүниеде келетін ең ауыр жаза – иманның кетуі, Аллаға жалбарыну ләззәтінен айырылу, истиғфар айтудан алыстап кету.

✏️Ибн әл-Жәузи
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤339👍8💔7😭4😢2😨2🔥1😐1
Иммунитет әлсіресе, ауру тез жұғады. Тұмаумен ауырып жүрген адамға иммунитеті төмен адам жолықса, ол да ауырып қалуы әбден мүмкін.
Сол сияқты, иманы әлсіз адам жаман ортаға қосылса немесе күнә істеуге жағдай туса, ол да тез соларға еліктеп, күнәлі істерге бейім болып кетуі мүмкін.❗️
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤45💔14🔥4⚡33👍1
— Ұстаз, зікір айтып жатырмыз, бірақ жүрегімізге дүние әлі де еніп жатыр.
— «Оны ойлап не істейсің! Зікір қыла бер, зікір қыла бер».

Мұның мағынасы: зікір нұры болмағандықтан қараңғылыққа батқан жүрек бір-екі күн зікір айтып қойса, дүниеге деген махаббат бірден шығып кете ме? Әрине, емделу үшін уақыт керек❗️
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤42💔4👍31
Forwarded from yerlan_ustaz (Ерлан Матайбаев)
Бір күні ұстазымның үйіне барып әңгіме барысында әр түрлі зияндықтар, аурулар, жын немесе сиқырдың зияндары жайлы тақырып қозғалды. Сол кезде ұстазым менің үйіме бұлардың ешқайсысы кірмейді өйткені мен үйімнің кіре берістегі есігіне:

حَيٌّ صَمَدٌ بَاقٍ وَلَهُ كَنَفٌ وَاقٍ

Мағынасы:
Ол тірі, мұқтаж емес, мәңгі.
Оның қорғаушы панасы бар


Деген жазуды қойып қойғанмын саған да кеңес беремін әр түрлі жамандықтан аман боласың деді.
Содан бері үйімнің кіре беріс есігінде осы жазу тұр.

Ұйықтағанда бастырылу, немесе соған ұқсас барлық құбылыстар бірден жоғалды.
Аллаға шүкір. Ұстазы бар, ұстазынан үнемі кеңес алатын адам жеңіске жетеді деген сөзді де ұстазымнан естіп едім. Әр кеңес сұраған істерімде өкінген емеспін.
❤69👍5😍43🔥1🤩1🕊1
Маңызды👆🆘
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤21👍4🫡3👌2😍1🤗11
Бұрынғы ізгі адамдар балаларына ілім үйретуге ерекше күш салған:

Али ибн Асим ибн Сухаййб (һ. 201 ж.) былай деген:

«Әкем маған жүз мың дирхам беріп тұрып:
„Бар, жүз мың хадис жаттап келмейінше, сені көрмеймін
❗️“, — деді».


Қазіргі күміс құнымен есептегенде 36 000 000 теңге
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤316👍5🤗11
Сенің ықыласпен оқыған екі ракағат парыз намазың — интернеттегі 24 сағаттық уағыз тыңдағаныңнан да пайдалырақ. Себебі намаз — Алламен тікелей байланыс, ал уағыз — тек шақыру ғанa.

Шақыруды тыңдай бермей, іске көш❗️🙂
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤50💯43💔22