Ali Saǵatuly
1.67K subscribers
152 photos
8 videos
1 file
6 links
Әл-Азхар университеті, Ақида және Философия факультетінің 4-ші курс студенті
байланыс: @sagatuly_ali
Download Telegram
иман көзімен қарасаң бәрінде хайыр бар

жаңбыр жауып кетті, сіздің жоспарыңыз бұзылды, сол арқылы сізге көбірек дұға жасауға мүмкіндік берілді.
дәретіңіз бұзылды, қайта дәрет алыңыз, сол арқылы күнәларыңыз тағы да кешіріледі.
ұйықтай алмай жатырсыз ба? Бұл Алланы еске алуға, дұға жасауға мүмкіндік болған сәт.
өміріңіз қиын ба? бәлкім осы сынақ арқылы Алла сізге Жәннаттың есіктерін ашады!
1❤4252💔1
иман көзімен қараған адам үшін өмірде бос, мәнсіз нәрсе жоқ. әрбір сынақ сабырды үйретеді, әр қиыншылық дұғаға жетелейді. Алла ешбір қиындықты бекер жібермейді, әр нәрсенің түбінде мұсылман үшін хайыр бар..
1❤3665💔1
адамдар арасындағы: “шын ғашықтар ешқашан қосылмайды” деген сөз өтірік.
Қосылмағандар демек шын ғашық емес. Адам негізінде шын ғашығымен ғана қосылады.
Шын ғашық ол Алла тағдырларына жазып қосылғандары. Ал қосылмай қалғандар болса ол нәпсінің алдамшы қиялы ғана.
Демек, “шын ғашық” тағдырда жазылады. Тағдырда жазылмаған ол шын емес. Ол тек нәпсіге еріп, күнәға бару ғана.

📎: субъективті пікірім аралас, бірақ нақылға сүйеніп айтылған сөз))
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤34🔥5541
бүгінде психологтар:
“Өзіңді тыңда, жаныңды тыңда…” дейді.
Ал адамзаттың ардақтысы болған Пайғамбарымыз 🕋Алладан:
“Жанымды (нәпсімді) өзіме тастай көрме, тіпті қас-қағым сәтке де…” деп дұға ететін болған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤479💔43
мен білім алып жүрген, жасыл желектен мақұрым, құм мен шаңға оранған, бірақ тарихы пен дәстүрі өте терең, ағаштары аз болса да, ғалымдары өте көп сондай бір ғажайып қала📎

Каир📎
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😍21❤932🔥1
😍25❤3🔥3🕊2
Каирдің көшелері осы ағашымен де ерекше📎
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😍20❤43
“Ләззаттарды кетіруші – өлімді жиі еске алыңдар!” (хадис)

дүние, эмоция, естелік жинап жүріп, ең басты нәрсе болған сауапты амал жинауды ұмытып кетпесек екен📎
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤39💔8😭4😢3
ай секілді болма – әр жанарды өзіне қарай үйірген,
күн секілді бол – әр жанарды жерге қарай еңкейткен.

📎(аударма)
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤337😍6🔥5
📎мұсылман адам сенімінің, яғни дінінің талабына сай өмір сүрмесе, уақыт өте келе өзіне ыңғайлы жалған түсінік ойлап табады. Мысалы, намаздың парыз екенін біле тұра еріншектікпен оқымай жүре береді, кейін уақыт өте келе “жүрегім таза болса жеткілікті ғой” деп өзін жұбатады. Ал бұл нағыз ақиқаттан алыстатып, жүректі адастыратын үлкен қауіпті нәрсе. Имам Шафиғи 🇧🇬 осы жөнінде: “егер сен ақиқатпен шұғылданбасаң, жалғандық сені баурап алады” деген.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤2685
📎жүрек ешқашан бос тұрмайды, ол не иманның нұрына толады, не дүниенің қараңғылығына батады деген сөз осыған байланысты айтылған
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤24102🕊1
📎Бір күні Ибн Сирин бар байлығынан айырылып қалады. Оған біреу: “Сен үлкен шығынға ұшырапсың ғой!” дейді.

Сонда ол былай жауап берді:
“Бұл қырық жыл бойы келуін күткен бір күнә үшін берілген жаза еді” дейді.

Сонда ол адам сұрайды:
“Сонда ол қандай күнә еді?”

Ибн Сирин айтты:
“Бірде мен бір адамды кемсітіп: “Әй, кедей!” деп қойғанмын».

Сондықтан әр сөзімізге сақ болайық⭐️
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤21😢4
📎шынайы тақуалардың ерекшелігі бастарына түскен зиянды сыртқы себептерден емес, өз нәпсісінен іздеуінде. Олар үшін кішкентай кемшілік те үлкен күнәдай сезіліп, тәубаға жетелейді..
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤274🔥2😭1
Ер мен әйелдің арасындағы неке үзілгенде, нәпсінің ішіндегі жасырын сырлар ашылады. Кейбіреулер сол кезде-ақ “кім екенін” көрсетеді: Бұл – Аллаға емес, адамдардың пікіріне сүйеніп жүргенінің көрінісі.
Сондықтан біз жиі көретін нәрсе:
-Түзу жүрген әйел ажыраса сала клубтан табылады.
-Хиджабпен жүрген әйел оны бірден шешіп тастайды.

Шын тақуа әйелдің халі күйеуіне байланбайды. Оның ұяттылығы, хиджабы, құлшылығы – еркектің қалауы емес, Раббысының әмірі.

Яғни адам ажырасып, өмірі өзгерсе де, иманы өзгермеуі тиіс. Егер иман да өзгерсе, онда ол иман жасанды тақуалыққа жақын болған.
Расымен Аллаға құл болса адам, онда күйеудің бар-жоғы, қоғамның сөздері, күйзелістің салмағы әйел адамды Алланың шегінен шығармайды. Ал себебін күйеуіне жабу ол сылтауға жақын. Күйеу – тек сынақ. Ал сынақ кезінде адамның шынайы бет бейнесі көрінеді.

бұл тек әйелдерге емес, ер адамдарға да қатысты. Тек оларда бұл басқа түрде көрінеді: бірі неке үзілген соң намазын тастайды, бірі харамға бой ұрады дегендей…

الله أعلم
❤3354🔥2🤯2
Айдың тұтылуы, дәл қазіргі сәт
Каир, Мысыр🇪🇬
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😍30❤84🕊2