Ali Saǵatuly
1.67K subscribers
152 photos
8 videos
1 file
6 links
Әл-Азхар университеті, Ақида және Философия факультетінің 4-ші курс студенті
байланыс: @sagatuly_ali
Download Telegram
Бір қиындық туа қалса болды: “Көз тиді...”
Жұмысы жүрмей қалса “көз тиді”.
Берекесі кетсе “көз тиді”.
Тіпті ерлі-зайыптылар ажырасып кетсе де “көз тиді” дейді.

Иә, көз тию – хақ. Бұған күмән жоқ.

Бірақ болғанның бәрін көз тиюге жаба салу қателік және өзіңді әдемі алдау.

Бәлкім
берекені көз емес, күнә алып кеткен шығар...
Бәлкім намазға немқұрайдылық әсер еткен шығар...
Бәлкім Алладан алыстаған жүрек берекеден де алыстаған шығар...
Бәлкім мәселе көзде емес, ер мен әйелдің арасындағы мінезде болған шығар…

Ең әуелі “маған кімнің көзі тиді?” деп емес, “менің Раббыммен қарым-қатынасым қандай?” деп өзімізден сұрайық.
❤30💯4
Forwarded from yerlan_ustaz
Ин шәә Аллаһ Ертеңге жоспар құрып қойдым!!!
Бірақ таңда оянбай қалсам ше?
Оған жоспар құрмадым ғой…
❤18
Тауке ханның «Жеті жарғысы» (1678–1718 жылдар):

Құдайға тіл тигізген кісінің жазасы (7 адам растаса) — тас боран арқылы өлім жазасы.
❤24
Адамдардың сезіміне келгенде: “Махаббат іспен дәлелденуі керек” дейді, ал Алланың хақысы айтылса: “Иман жүректе болса да жеткілікті” – екен...

қойыңдаршиш))
❤28😁5👍1
Бұрын қажылық туралы:

“Қажылық – бай мен кедейдің, басшы мен қызметшінің Алланың алдында теңелетін жері. Барлығы бірдей ихрам киіп, дүниелік дәрежесін сыртта қалдырады. Адамның қадірі байлығымен емес, тақуалығымен өлшенеді”, - деп айтылатын еді.

Енді бұл сөзді бұрынғыдай нық айту қиын…

Өйткені қазір ол жерде байлық пен кедейліктің айырмасы көзге анық көрінеді. Әл-Харамның бір жағында қиналып әрең келген қажылар, екінші жағында VIP қажылық пен қымбат қонақүйлер.

Тіпті тауап жасап жүрген адам сәл басын көтерсе, Қағбаның маңындағы зәулім сағат қонақүйлерін көреді. Төменде ихрамдағы адам Алланың алдында тең болуға келген. Ал жоғарыда байлықтың, дүниенің сән-салтанатын жарқыратып тұр.

Мәселе байлықтың өзінде емес. Мәселе қажылықтың рухында.

Әттең, закон қуаты қолымда болғанда, қажылықтың архитектурасы мен ұйымдастырылуын адам баласының бәрі байы да, кедейі де Алланың алдында бірдей құл екенін жүрегімен сезінетіндей етіп қайта жасар едім.
❤9🔥7🕊2👍11
Forwarded from yerlan_ustaz
«Ақырет — фантастика» дейтіндерге:
Бұрынғыларға сенің бүгінгі өмірің де фантастика еді. Өйткені олар көрмеген нәрселерін елестете алмайтын еді.
Сол сияқты, көрмеген нәрсең — жоқ деген сөз емес.
❤21🔥1💔1
❤29💯5😁2👍1
ауыр ауыр))
❤16
сондықтан әділетті болыңдар😁
15❤7😁2
Меккеге барып арабтарды байытпаңдар дейтін адамның Түркия мен Балидің жағалауында кокос сорып жатуы ол адамның екіжүзділігінің анық көрінісі.
❤278💯2😢1
Көкірекке бір әдемі сөз келсе болды, бірден цитата қылып, астына өз атыңды жазуды қойыңдар, жігіттер, айналайындар. 😄

Әр сөзіңе авторлық мөр басудың қажеті жоқ. 😂

Кейбір ойлар жай ғана айтылып, жүрекке жетсе болғаны….
❤14😁9💯3🔥1
Уайымым кетсін деп зікір етпе.

Уайымымның ішінде де Раббым бар деп зікір ет.
❤232
Үлкен нығметтің бірі — рак клеткасы оянғаннан кейін емес, жақыныңнан айырылған соң емес, үлкен сынаққа тап болғаннан кейін емес,

сол сынақтардың ешқайсысы келмей тұрып-ақ, Раббыңды танып, Оған жүрегіңмен бет бұра алғаның.
❤33💯5
Алла уақыттың Жаратушысы екенін біле тұра, намазды асығыс оқуымыз қандай ақымақтық иәәә…
❤26💔7
Кванттық физика бізге дүниенің біз көріп тұрғандай қарапайым емес екенін көрсетеді.

Адам көбіне көзге көрінген дүниені жаратылыстың бар болмысы деп қабылдайды. Ал табиғаттың ең терең қабаттарына үңілген сайын, жаратылыстың қаншалықты нәзік әрі күрделі тәртіппен құрылғанын көреміз.

Содан-ақ ғаламның кездейсоқ құбылыстар жиынтығы емес екенін білеміз. Оның артында өлшем, тәртіп және хикмет бар екенін көреміз.

Ғылым “қалай?” деген сұраққа тереңдеген сайын, жүрек “бұл не құдірет?” деген сұраққа бет бұрады.

Кванттық физика Алланы ғылыми жолмен дәлелдемейді. Бірақ жаратылыстың таңғажайып сырларына үңілу адамды таңдануға әкелді, ал таңдану хикмет иесі Алланы іздеуге жетелейді.
❤11🔥1💯1
Сол үшін былай ойлаймын:

Ғылым алдыға жылжып, дамып, ашылған сайын бәрін білетінімізді емес, керісінше қаншалықты аз білетінімізді көрсетіп, кері кетуде. Бұл да Жаратушының шексіз ілімін еске салатын белгісі секілді…
❤9🔥2💯2
Мына жақтан әйелден болған шайтанакоучтар “сен әйелсің, сен мықтысың, сен құл емессің” деп азғыруда. Екінші жақта еркектен болғандары “еркексің, қатынға өзіңді таптатпа, қатын дегенді былай ұстау керек” дейді.
Соны естіп алған екі тарап өз хақын іздейді сөйтіп. Бірақ отбасының хақысын кім іздейді?
❤12👍3💔2💯1
ер мен әйелді бір-біріне қарсы қойып, отбасы емес, күрес алаңы қылып жатыр
❤14💯2
Ер әмен әйелді бір-біріне қарсы қоюды тоқтатып, оларды қайтадан бір-біріне аманат ретінде танытатын уақыт жетті.
❤14💯4👍1
Әйелге күйеуін сыйлауды, еркекке әйеліне мейірім көрсетуді, екеуіне де сабыр, кешірім, жауапкершілік және ең бастысы бір-біріне Алланың берген аманаты екенін еске салатын дұрыс насихат жасау керек
❤21👍3💯2🕊1