Ali Saǵatuly
1.67K subscribers
152 photos
8 videos
1 file
6 links
Әл-Азхар университеті, Ақида және Философия факультетінің 4-ші курс студенті
байланыс: @sagatuly_ali
Download Telegram
сондықтан әділетті болыңдар😁
15❤7😁2
Меккеге барып арабтарды байытпаңдар дейтін адамның Түркия мен Балидің жағалауында кокос сорып жатуы ол адамның екіжүзділігінің анық көрінісі.
❤278💯2😢1
Көкірекке бір әдемі сөз келсе болды, бірден цитата қылып, астына өз атыңды жазуды қойыңдар, жігіттер, айналайындар. 😄

Әр сөзіңе авторлық мөр басудың қажеті жоқ. 😂

Кейбір ойлар жай ғана айтылып, жүрекке жетсе болғаны….
❤14😁9💯3🔥1
Уайымым кетсін деп зікір етпе.

Уайымымның ішінде де Раббым бар деп зікір ет.
❤232
Үлкен нығметтің бірі — рак клеткасы оянғаннан кейін емес, жақыныңнан айырылған соң емес, үлкен сынаққа тап болғаннан кейін емес,

сол сынақтардың ешқайсысы келмей тұрып-ақ, Раббыңды танып, Оған жүрегіңмен бет бұра алғаның.
❤33💯5
Алла уақыттың Жаратушысы екенін біле тұра, намазды асығыс оқуымыз қандай ақымақтық иәәә…
❤26💔7
Кванттық физика бізге дүниенің біз көріп тұрғандай қарапайым емес екенін көрсетеді.

Адам көбіне көзге көрінген дүниені жаратылыстың бар болмысы деп қабылдайды. Ал табиғаттың ең терең қабаттарына үңілген сайын, жаратылыстың қаншалықты нәзік әрі күрделі тәртіппен құрылғанын көреміз.

Содан-ақ ғаламның кездейсоқ құбылыстар жиынтығы емес екенін білеміз. Оның артында өлшем, тәртіп және хикмет бар екенін көреміз.

Ғылым “қалай?” деген сұраққа тереңдеген сайын, жүрек “бұл не құдірет?” деген сұраққа бет бұрады.

Кванттық физика Алланы ғылыми жолмен дәлелдемейді. Бірақ жаратылыстың таңғажайып сырларына үңілу адамды таңдануға әкелді, ал таңдану хикмет иесі Алланы іздеуге жетелейді.
❤11🔥1💯1
Сол үшін былай ойлаймын:

Ғылым алдыға жылжып, дамып, ашылған сайын бәрін білетінімізді емес, керісінше қаншалықты аз білетінімізді көрсетіп, кері кетуде. Бұл да Жаратушының шексіз ілімін еске салатын белгісі секілді…
❤9🔥2💯2
Мына жақтан әйелден болған шайтанакоучтар “сен әйелсің, сен мықтысың, сен құл емессің” деп азғыруда. Екінші жақта еркектен болғандары “еркексің, қатынға өзіңді таптатпа, қатын дегенді былай ұстау керек” дейді.
Соны естіп алған екі тарап өз хақын іздейді сөйтіп. Бірақ отбасының хақысын кім іздейді?
❤12👍3💔2💯1
ер мен әйелді бір-біріне қарсы қойып, отбасы емес, күрес алаңы қылып жатыр
❤14💯2
Ер әмен әйелді бір-біріне қарсы қоюды тоқтатып, оларды қайтадан бір-біріне аманат ретінде танытатын уақыт жетті.
❤14💯4👍1
Әйелге күйеуін сыйлауды, еркекке әйеліне мейірім көрсетуді, екеуіне де сабыр, кешірім, жауапкершілік және ең бастысы бір-біріне Алланың берген аманаты екенін еске салатын дұрыс насихат жасау керек
❤21👍3💯2🕊1
қазіргі кезде интернетте сондай жап-жақсы отбасының арасына теріс ой салып, азғырып, олардың бір-біріне деген көзқарасын сөзімен сәл де болсын өзгертіп жүрген шайтаннан болған адамдар бар. Сол адамдардың кесірінен бір отбасыға сәл де болса сызат түссе, оның осы дүниедегі де, қияметтегі де азабын елестетудің өзі қиын
❤11🔥4💯1
“Ол өзгерсе, мен де өзгеретін едім” – нәпсінің логикасы.

“Ол осындай болғандықтан, мен де осылай боламын” – шайтанның логикасы.

“Мен ғана дұрысымын” – тәкәппарлықтың логикасы.

“Кім кінәлі?” деп күресу – нәпсінің жеңісі.

“Мен Алла үшін өз міндетімді орындаймын” – иманның логикасы.

“Мен өзімді түзетемін, оған да жақсы болуы үшін дұға тілеймін” – салихалылықтың логикасы.
❤14👍3💯3🔥1🕊1
кеше жазғаным тиктоктағы резонанс болып жатқан өлімге қатысты видеоға жазылған екен

алдымнан шықты
❤6👍4🕊1
Шарм Эль-Шейх қаласына демалуға келгендеріңіз болса хабарласыңыздар, елге кітаптарымды салып жіберейін, бір екеуден болса да)
құжаты бар, кеденде кедергісіз өтеді😄
❤9😍6🔥2🕊1
Бұрын азанды естіген адам: “Бұл не үн?” деп ізденіп, мешітке келіп, құлшылыққа келетін.

Бүгін азан да, аят та, уағыз да күн сайын телефонда алдымыздан шығады. Бірақ құлшылыққа келуге сылтау іздейміз.

Ақыретте енді: “Естімедім, білмедім” деп ақталатын не қалады?
😢14💔8❤5
Имам әш-Шафиғи رحمه الله:

“Жомарттық пен мәрттік – айыптарды жасыратын ең көркем перде”
❤20😍3🕊1
Ойланып қарасам, Имам әш-Шафиғидің رحمه الله бұл сөзінде үлкен мән бар екен.

Адамның айыбы ауызға аларлықтай болмаса да,
егер бойында жомарттық пен мәрттік жоқ болса,
сараңдығының өзі оның кемшілік ретінде жетіп жатыр.

Демек, адамды тек айыбының аздығы емес, мінезінің көркемдігі де көрікті етеді.
❤136
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Каир көшелері.
Сіз елестеткендей ме, әлде мүлде басқа ма?)
😍16❤5