Almaty_Joly
3.69K subscribers
1.72K photos
277 videos
14 files
1.18K links
Жол жөндеу жұмыстарының барысы мен көшелердің жабылу уақыты туралы ақпарат
О дорожно-ремонтных работах и времени перекрытия движения. Информацию о дорогах высылайте в бот @AlmatyJolybot
Download Telegram
Алматыдағы «Мамыр-4» шағынауданында инженерлік желілердің құрылысы аяқталды

Алматының Әуезов ауданындағы «Мамыр-4» шағынауданында су құбыры мен кәріз желілерінің құрылысы аяқталды. Жобаны жүзеге асырған мердігер ұйым Абай даңғылы, Б. Момышұлы, Саин және Мұстай Кәрім көшелері арасындағы аумақта инженерлік коммуникация жүргізу жұмыстарын тәмамдап, жол төсемін толық қалпына келтірді.

Құрылыс жұмыстары аясында 6,5 шақырым су құбыры және 5,8 шақырым кәріз желісі салынып, барлық жұмыс қазіргі заман талаптарына сай орындалды. Инженерлік желілердің жобаланып, монтаждалуынан кейін шағынаудандағы жол төсемі толықтай жаңартылды.

2025 жылы Әуезов ауданында коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жалғасып келеді. Ауданда су және кәріз жүйелерін жақсартуға бағытталған төрт ірі жоба жүзеге асырылып жатыр.

Соның ішінде ең ауқымды жобалардың бірі Саин – Яссауи – Шаляпин – Жандосов көшелері аумағындағы инфрақұрылымды жаңарту. Бұл аумақта жұмыс екі кезең бойынша жүргізіліп, жалпы ұзындығы 49 шақырым инженерлік желі тартылып жатыр.

Бұған қоса, «Достық» шағынауданында мердігер ұйым құрылыс жұмыстарының негізгі бөлігін аяқтады. Қалған жұмыс 2026 жылы бітеді деп жоспарланып отыр.


***

В Алматы завершено строительство инженерных сетей в микрорайоне Мамыр-4

В Ауэзовском районе Алматы завершены работы по строительству водопроводных и канализационных сетей в микрорайоне Мамыр-4. Подрядная организация, отвечающая за проект, завершила прокладку инженерных коммуникаций в квадрате проспекта Абая, улиц Б. Момышулы, Саина и Мустай Карим. В результате работ было полностью восстановлено дорожное покрытие.

Строительные работы включали прокладку 6,5 километров водопровода и 5,8 километров канализации. Все работы были выполнены с учетом всех современных стандартов, и после завершения проектирования и монтажа инженерных сетей, дорожное покрытие в микрорайоне было восстановлено в полном объеме.

В 2025 году в Ауэзовском районе продолжается работа по модернизации коммунальной инфраструктуры. Реализуется четыре крупных проекта, направленных на улучшение систем водоснабжения и канализации.

Одним из наиболее масштабных является проект по модернизации инфраструктуры в квадрате Саина – Яссауи – Шаляпина – Жандосова. Работы здесь ведутся в два этапа, и общая протяжённость прокладываемых инженерных сетей составляет 49 километров.

Кроме того, в микрорайоне Достык подрядная организация уже выполнила основную часть строительных работ. Завершение оставшихся работ планируется в 2026 году.
👍5🤔2
Алматыда Желтоқсан көшесінде BRT желісі іске қосылады

Желтоқсан көшесінде BRT (Bus Rapid Transit) желісінің іске қосылуына байланысты қозғалысты ұйымдастырудың жаңа сызбасы енгізіледі. Ұзындығы 4,6 шақырым болатын жаңа желі Тимирязев көшесіндегі қолданыстағы BRT учаскесі мен Райымбек батыр даңғылы бойында салынып жатқан аумақты жалғап, оңтүстіктен солтүстікке қарай үздіксіз жылдам автобус қатынасын қамтамасыз етеді.

Жүргізушілерге жол ережелерін қатаң сақтап, жолдағы таңбалар мен белгілерге мұқият назар аудару қажет. Аталған аумақта құқықбұзушылықты бақылауға алатын фото және бейне тіркеу жүйелері де жұмыс істейді.

Жоба аясында арнайы жолақтар жол бойының шетінде орналастырылған. Мұндай шешім тұрақта тұрған көліктер мен кептелістен болатын қолайсыздықтарды азайтуға мүмкіндік береді. Солтүстік бағытқа қозғалғанда бөлінген жолақ көшенің оң жағында, ал кері бағытта сол жағында сызылған. Жеке автокөліктер үшін Абай даңғылынан солтүстікке қарай бұрынғыдай біржақты қозғалыс тәртібі және жолақ саны сақталады.

Жаңа бағыттар бойынша автобустар 14 желтоқсаннан бастап екі бағытта да қатынай бастайды. Алғашқы кезеңде №92 және №59 маршруттарын іске қосу жоспарланып отыр. Маршруттардың нақты сызбасы мен қозғалыс кестесі кейінірек жарияланады.

Айта кетерлігі, жоба аясында барлық жолаушыға қолайлы болуы үшін арнайы көтеріңкі платформасы бар заманауи аялдама кешендері орнатылды. Сонымен қатар екі қабат асфальт төселіп, бағдаршамдар, жол белгілері, жарықтандыру жүйесі жаңартылып, тротуар плиткалары арқылы жүргіншілер аймағы көріктендірілді.


***

В Алматы запускают линию BRT по улице Желтоксан

В связи с запуском линии BRT (Bus Rapid Transit) по ул. Желтоксан вводится новая схема организации движения. Новая линия протяженностью 4,6 км соединяет действующий участок BRT по улице Тимирязева и строящийся по пр. Райымбек батыра, создавая непрерывное скоростное автобусное сообщение в направлении юг – север.

Водителям необходимо соблюдать правила дорожного движения и руководствоваться существующими разметкой и знаками. Также на участке ведется фото- и видеофиксация нарушений.

В рамках проекта выделенные полосы организованы по краям проезжей части, что минимизирует конфликтные ситуации, вызванные парковками и заторами. То есть в северном направлении выделенная полоса проходит по правой стороне, в обратном – по левой стороне проезжей части. Для личного автотранспорта сохраняются одностороннее движение на север от пр. Абая и прежнее количество полос.

Автобусные маршруты в обоих направлениях начнут курсировать с 14 декабря. На первоначальном этапе планируется запуск двух маршрутов - №92 и 59. Точные схемы и графики маршрутов будут опубликованы позже.

Следует отметить, что в рамках проекта обустроены остановочные комплексы на доступных платформах для всех категорий пассажиров. Также уложено два слоя асфальтного покрытия, произведено устройство светофорных объектов, знаков, системы освещения и благоустройство пешеходной части улицы с укладкой тротуарной плитки.
👍12😐9
Алматыда Қарғалы өзенінің арнасын қайта жаңарту жұмыстары аясында Жексенбаев көшесі уақытша жабылады

Алматыда Қарғалы өзенінің арнасын қайта жаңғырту және оның үстіндегі көпірді жаңарту жұмыстарына байланысты Жексенбаев көшесінде (Аханов көшесіне дейінгі учаскеде) автокөлік қозғалысы уақытша шектеледі.

Аумақ 2025 жылы 1 желтоқсаннан 31 желтоқсанға дейін уақытша жабылады. Бұл туралы Экология және қоршаған орта басқармасының өкілдері мәлімдеді.

Жүргізушілерге жұмыс барысында жол қозғалысын ұйымдастырудағы өзгерісті ескере отырып, бағытын алдын ала жоспарлауын сұраймыз.

Қозғалысқа қатысты соңғы ақпарат және айналма бағыттардың сызбасы @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудан әкімдіктері мен салалық басқармалардың ресми парақшаларында, сондай-ақ 2GIS және Яндекс.Карта қосымшаларында жарияланған.


Қала тұрғындарынан уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарап, бағытты алдын ала жоспарлауға кеңес береміз.

****

В Алматы временно перекрывают ул. Жексенбаева в рамках реконструкции русла реки Каргалы


В Алматы временно будет ограничено движение транспорта по ул. Жексенбаева до ул. Аханова в связи с реконструкцией русла реки Каргалы и модернизацией расположенного над ним мостового перехода.

Ограничение будет действовать с 1 декабря по 31 декабря 2025 года. Об этом сообщили в управлении экологии и окружающей среды.

Водителям рекомендуется заранее планировать маршруты и учитывать возможные изменения в организации дорожного движения на период производства работ.

Актуальная информация о перекрытиях и схемах объезда размещена в Telegram-канале @AlmatyJoly, на страницах районных акиматов и профильных управлений, а также доступна в навигационных сервисах 2GIS и Яндекс Карты.


Горожан просят отнестись с пониманием к временным неудобствам и заранее предусмотреть альтернативные маршруты.

Facebook | Instagram | Telegram| TikTok
👍2❤1
🌦 Алматының 6-10 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

📅 «Қазгидромет» РҚК мәліметінше, Алматыда ауа райы құбылмалы — жылы күндердің соңы қарға ұласып, суытуы мүмкін.

📍 6 желтоқсан
⛅ Күн бұлыңғыр, жауын-шашынсыз.
🌬 Жел алдымен батыстан, кейін шығыстан соғады, 3-8 м/с.
🌡 Күндіз: +6…+8°С.

📍 7 желтоқсан
⛅ Ауа райы құбылмалы, күндіз аздаған жаңбыр жаууы мүмкін.
🌬 Жел шығыстан соғады, 3-8 м/с.
🌡 Түнде: 0…–2°С, күндіз: +6…+8°С.

📍 8 желтоқсан
⛅ Ауа райы құбылмалы, жаңбыр сіркірейді.
🌬 Жел оңтүстік-батыстан, 3-8 м/с.
🌡 Түнде: 0…–2°С, күндіз: +3…+5°С.

📍 9 желтоқсан
🌨 Көшпелі бұлт шығады, кей жерде қар аралас жаңбыр жауады
🌬 Жел солтүстік-батыстан, 3-8 м/с.
🌡 Түнде: –1…–3°С, күндіз: 0…+2°С.

📍 10 желтоқсан
❄ Күн бұлтты, қар жауып, кей жерде бұрқасын болуы мүмкін.
🌬 Жел солтүстіктен, 3-8 м/с.
🌡 Түнде және күндіз: –7…–9°С, әрі қарай суытады.

📅 11 желтоқсаннан бастап күн ашық.

Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы

Facebook | Instagram | Telegram| TikTok
❤2
🌦 Прогноз погоды в Алматы на 6–10 декабря

📅 По данным РГП «Казгидромет», в Алматы ожидается переменчивая погода — от плюсовых температур до снегопадов и похолодания.

📍 6 декабря
⛅ Переменная облачность, без осадков.
🌬 Ветер западный, переходящий на восточный 3–8 м/с.
🌡 Днем: +6…+8°С.

📍 7 декабря
⛅ Переменная облачность, днём возможен небольшой дождь.
🌬 Ветер восточный 3–8 м/с.
🌡 Ночью: 0…–2°С, днём: +6…+8°С.

📍 8 декабря
⛅ Переменная облачность, слабый дождь.
🌬 Ветер юго-западный 3–8 м/с.
🌡 Ночью: 0…–2°С, днём: +3…+5°С.

📍 9 декабря
🌨 Переменная облачность, местами дождь и снег.
🌬 Ветер северо-западный 3–8 м/с.
🌡 Ночью: –1…–3°С, днём: 0…+2°С.

📍 10 декабря
❄ Облачно, снег, местами сильный.
🌬 Ветер северный 3–8 м/с.
🌡 Ночью и днём: –7…–9°С, с дальнейшим похолоданием.

📅 С 11 декабря осадков не прогнозируется.

Управление коммунальной инфраструктуры и жилищной инспекции


Facebook | Instagram | Telegram| TikTok
👍2❤1😐1🤝1
Forwarded from Almaty_akimdigi
Алматыда жауын-шашын күтіледі

🌧 «Қазгидромет» деректеріне сәйкес, 8-10 желтоқсан күндері қалада жаңбыр мен қар, тұман және жел күшейеді деп болжанып отыр.

❄ 10 желтоқсанға қараған түні кей жерлерде қар жаууы мүмкін. Қалада – 6–9 см, таулы аймақтарда – 15-20 см. 11 желтоқсаннан бастап жауын-шашын тоқтап, түнгі температура –13…–15°C-қа дейін төмендейді.

🛠 Коммуналдық қызмет күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Жүргізушілер, механизаторлар және жұмысшылар тәулік бойы кезекшілікке қойылды.

🚒 Қалалық құтқару қызметі 15 техника мен 50 қызметкерді дайындады. ТЖД – 53 техника және 244 қызметкер дайындаған.

📌 Әкімдік, аудан әкімдіктері, «Алматы Тазалық» және мердігер ұйымдарда жұмыстарды бақылау үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. Қар жауар алдында магистральдарға көктайғаққа қарсы материалдар себіледі.

🚗 Қала тұрғындарына ұсыныстар:
· жүргізушілерге – көлік дөңгелегін қысқы шиналарға ауысу, жылдамдықты төмендету және шұғыл бұрылмау;
· тәжірибесі аз жүргізушілерге – мүмкіндігінше қоғамдық көлікті пайдалану;
· жүргіншілерге – тайғақ тротуарда сақ болып, шатырдан қар түсу қаупіне байланысты ғимараттарға тым жақын жүрмеу.


***

Алматы ожидают осадки

🌧 По данным Казгидромета, 8-10 декабря в городе прогнозируются дождь и снег, туман и усиление ветра.

❄ В ночь на 10 декабря местами возможен снег. В городе – 6-9 см, в горных районах – 15-20 см. С 11 декабря осадки прекратятся, температура ночью опустится до –13…–15°C.

🛠 Коммунальные службы перешли на усиленный режим работы. Организовано круглосуточное дежурство водителей, механизаторов и дорожных рабочих.

🚒 Служба спасения подготовила 15 единиц техники и 50 сотрудников, ДЧС – 53 единицы техники и 244 сотрудника.

📌 В акимате, районных акиматах, «Алматы Тазалык» и подрядных организациях установлено круглосуточное дежурство по контролю работ. До начала снегопада магистрали обработают противогололёдными материалами.

🚗 Рекомендации горожанам:
• водителям – перейти на зимние шины, снижать скорость и избегать резких манервов;
• начинающим водителям – по возможности выбрать общественный транспорт;
• пешеходам – быть осторожными на скользких тротуарах и держаться подальше от зданий из-за схода снега с крыш.


Facebook | Instagram | Telegram| TikTok
❤3🤝2
Алматыда таулы аумақтарда жауған қардан кейін түнгі уақытта жолға көктайғаққа қарсы қоспа себілді

8 желтоқсанға қараған түнi Алматының тау және тау бөктеріндегі аудандарында қар жауып, күн суытты. «Қазгидромет» РМК деректеріне сәйкес, 9 желтоқсанда жаңбыр, жабысқақ қар, тұман түсіп, желдің күшейіп, көктайғақ пайда болуы мүмкін. Ал 10 желтоқсанға қараған түні қалада 6-9 см, ал таулы аймақта 15-20 см-ге дейін қар түсетіні болжанған.

Осыған байланысты Алматының коммуналдық қызметі күшейтілген жұмыс режиміне көшті. 8 желтоқсан түнінде көше-жол желісіне көктайғақтың алдын алу мақсатында арнайы қоспалар себілді. Жұмыс тәулік бойы ұйымдастырылып, арнайы техника мен жедел бригадалар жұмылдырылды.

Түнгі жұмыс барысында 1 000-нан астам арнайы техника, 2,7 мың жұмысшы және 75 жедел бригада кезекшілік атқарды. Еңісте, дөңде және көктайғақ жиі пайда болатын аймақтарға патрульдік бақылау күшейтілді. Алматы құтқару қызметі 15 техника мен 50 қызметкерді, Төтенше жағдайлар департаменті 53 техника мен 244 қызметкерді тартты.

Жұмыс барысында барлығы 553,4 тонна көктайғаққа қарсы материал қолданылды. Ең ауқымды жұмыс көктайғақ қаупі жоғары саналатын Бостандық және Медеу аудандарында жүргізілді.

Алматы әкімдігі, аудан әкімдіктері, Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы, Полиция департаменті, «Алматы Тазалық» кәсіпорны және мердігер ұйымдар жолдың жайын тәулік бойы бақылап отыр. Алдағы күндері ауа температурасы төмендеген жағдайда магистральдық көшелерге қосымша қоспа себіледі.

***

В Алматы проведена ночная обработка улично-дорожной сети после осадков в предгорных районах

В ночь на 8 декабря в горных и предгорных районах Алматы отмечались осадки в виде снега, что привело к понижению температуры. Согласно данным РГП «Казгидромет», 9 декабря ожидаются дождь, мокрый снег, туман и усиление ветра, а также возможное образование гололедицы. Ночью на 10 декабря прогнозируется выпадение снега высотой 6-9 см в городе и до 15-20 см в горной зоне.

С учетом фактических осадков и неблагоприятного прогноза коммунальные службы Алматы переведены на усиленный режим работы. Ночью 8 декабря выполнена превентивная обработка улично-дорожной сети противогололедными материалами. Работы обеспечивались в круглосуточном формате с привлечением специализированной техники и оперативных бригад.

В ходе ночной обработки дежурили более 1000 единиц спецтехники, 2,7 тыс. дорожных рабочих и 75 оперативных бригад, осуществлявших патрулирование подъемов, спусков и участков с повышенной вероятностью образования гололеда. Служба спасения Алматы привлекла 15 единиц техники и 50 сотрудников, Департамент по чрезвычайным ситуациям - 53 единицы техники и 244 сотрудника.

За период проведения работ использовано 553,4 тонны противогололедных материалов. Основной объем обработок выполнен в Бостандыкском и Медеуском районах - зонах, наиболее подверженных гололедным явлениям.


Круглосуточный мониторинг дорожной обстановки обеспечивают акимат Алматы, районные акиматы, Управление коммунальной инфраструктуры и жилищной инспекции, Департамент полиции, ГКП «Алматы Тазалык» и подрядные организации. При последующем снижении температуры предусмотрено проведение дополнительной обработки магистральных улиц.
🤝2❤1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қар күреу жұмыстары күшейтілді

Алматыда түннен бері қар қалың жауды. 9 желтоқсанда 22:30-да басталған жауын-шашын түн ішінде қарға ұласып, 10 желтоқсан таңғы 07:00-де қардың қалыңдығы 35 сантиметрге жетті. Бұл айлық норманың жартысына жуық көрсеткіш.

Қаланың қарын күреуге 2 728 жұмысшы, 75 жедел бригада және 923 арнайы техника, оның ішінде 228 құрама жол машиналары жұмылдырылды. Техника колонналарының қозғалысын полиция қызметкерлері қамтамасыз етіп отыр.

Таңғы 04:00-ден бастап магистральдар мен аудандық көшелерді тазалау жүргізіліп жатыр, ал 05:00-де аула аумақтарын тазарту басталды. Бұл жұмыстарға мердігер ұйымдардың 1 790 қызметкері мен 256 техникасы қосымша тартылған.

Қалада тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған. Коммуналдық қызмет қар толық тазаланғанша күшейтілген режимде жұмысын жалғастыра береді.

******

Идет усиленная очистка от снега

В
Алматы с прошлой ночи идет сильный снегопад: с 22:30 начались осадки, а к утру высота снега достигла 35 см. Это почти половина месячной нормы.

В очистке от снега задействовано 2 728 дорожных рабочих, 75 оперативных бригад и 923 единицы техники, включая 228 комбинированных машин. Полиция обеспечивает сопровождение колонн.

С 04:00 очищаются магистрали и районные улицы, с 05:00 – дворовые территории. Дополнительно задействованы 1 790 работников и 256 единиц техники частных подрядчиков.

Организовано круглосуточное дежурство. Коммунальные службы продолжают работу до полного устранения последствий снегопада.

Facebook | Instagram | Telegram| TikTok
👍2🤔2😐1
Алматыда қоғамдық көлікте жолақы төлеудің қосымша тәсілі іске қосылды. Енді жолаушылар Kaspi қосымшасы арқылы ONAY! QR кодын пайдаланып, жолақы төлей алады

Қаладағы қоғамдық көліктерде жол жүруді тіркеудің жаңа форматы енгізілді. Енді жолаушылар автобус салонындағы ONAY QR кодын Kaspi қосымшасы арқылы сканерлеп немесе көлік кодын қолмен енгізіп жолақысын төлей алады.

Жаңа функция жолақы төлеудің қолданыстағы ONAY! жүйесінің мүмкіндіктерін кеңейтеді. Сонымен қатар жолаушылар ONAY! көлік картасы, көлік кодын енгізу арқылы мобильді қосымша, ұялы телефон балансынан SMS арқылы төлеу, ұзақ мерзімді (соның ішінде жеңілдікпен берілетін) жол жүру билеттері, Бірыңғай көлік картасы мен виртуалды билеттер сынды бұрынғыдай дәстүрлі төлем тәсілдерін де пайдалана алады.

****

В Алматы запущен дополнительный способ оплаты проезда в общественном транспорте через приложение Kaspi с использованием ONAY QR

В общественном транспорте города внедрён новый формат регистрации проезда. Теперь пассажиры могут оплачивать поездки через приложение Kaspi, отсканировав ONAY QR в салоне автобуса либо введя код транспортного средства вручную.

Новый функционал расширяет действующие возможности системы оплаты проезда ONAY!. При этом пассажирам по-прежнему доступны привычные способы оплаты, включая транспортные карты ONAY!, мобильное приложение с вводом кода транспорта, оплату по СМС с баланса мобильного телефона, проездные билеты длительного пользования (в том числе льготные), а также карты ЕТК и виртуальные проездные.

Facebook | Instagram | Telegram| TikTok
👍19🤝9❤4🔥3🤔1
❄️ Алматы қардың жаууына және ауа райының суытуына дайындалып жатыр

Қардың жауатыны мен ауа температурасының төмендеуіне байланысты қалалық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне көшірілді.

🌨 Ауа райы болжамы
— қар: 15 қаңтарға қараған түннен 17 қаңтардың кешіне дейін;
— 16 қаңтар: –5…–7 °C;
— 17 қаңтар: түнде –11…–13 °C, күндіз –7…–9 °C.

🚜 Қалалық қызметтердің жұмысы

— кезекшілікте 1 000-нан астам арнайы техника бар;
— қар жауар алдында магистральды көшелерге тайғаққа қарсы реагенттер себіледі;
— 210 құм сепкіш техника жұмысқа дайын;
— еңістер, жоталар және жолайырықтары ерекше бақылауға алынған;
— құтқарушылар мен Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері тәулік бойы жұмыс істеп жатыр.

⚠️ Қала тұрғындарына ұсыныстар

— жүргізушілерге: жылдамдықты төмендетіп, арақашықтық сақтап, шұғыл манёврлерден аулақ болу;
— жүргізу тәжірибесі аз азаматтарға — мүмкіндігінше қоғамдық көлікті пайдалану;
— жүргіншілерге: тротуарларда және ғимараттардың маңында шатырдан қар құлау қаупіне байланысты сақ болу.

Өзіңізді сақтаңыз, қолайсыз ауа райында мұқият болыңыз! 💙

Facebook | Instagram | Telegram| TikTok
👍1
❄️ Алматы готовится к снегопаду и похолоданию

Городские службы переведены в усиленный режим в связи с прогнозируемым снегопадом и понижением температуры воздуха.

🌨 Прогноз
— снег: с ночи 15 января до вечера 17 января;
— 16 января: –5…–7 °C;
— 17 января: ночью до –11…–13 °C, днём –7…–9 °C.

🚜 Что делают службы
— на дежурстве более 1 000 единиц спецтехники;
— до начала снегопада магистральные улицы обработают реагентами;
— к работе готовы 210 пескоразбрасывателей;
— усилен контроль спусков, подъёмов и транспортных развязок;
— в круглосуточном режиме работают спасатели и подразделения ДЧС.

⚠️ Рекомендации горожанам
— водителям: снизить скорость, соблюдать дистанцию, избегать резких манёвров;
— начинающим водителям — по возможности пользоваться общественным транспортом;
— пешеходам: быть особенно внимательными на тротуарах и возле зданий из-за риска схода снега с крыш.

Берегите себя и будьте внимательны в непогоду!💙

Facebook | Instagram | Telegram| TikTok
👍8❤3
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Алматыда қар қалай тазартылады

Қалың қар жауған шақта қаланы тазалау жұмыстары алдын ала айқындалған басымдықтар негізінде жүргізіледі. Ең әуелі магистральдық көшелердің, қоғамдық көлік пен жедел жәрдем жүретін бағыттардың, сондай-ақ әлеуметтік маңызы зор нысандарға апарар жолдағы қозғалыс қамтамасыз етіледі. Аула ішіндегі аумақтар мен қосалқы көшелерді тазалау жұмыстары содан кейін тазаланады.

Тазалау шаралары кезең-кезеңімен атқарылып, жауын-шашынның қарқыны мен қардың қалыңдығына байланысты жүргізіледі. Қар жауып тұрған кезде жолға қайтадан қардың түсуі — заңды құбылыс. Ал қар саябырсыған соң коммуналдық қызмет қарды күреп, шығаруға кіріседі.

Қаланы қардан толық тазалау мен қар шығару бірнеше тәулікке дейін созылуы мүмкін. Осыған байланысты жүргізушілер мен жүргіншілерге ауа райы жағдайын ескеріп, жолға шығу уақытын дұрыс жоспарлап, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтағаны жөн.

Facebook | Instagram | Telegram| TikTok
👍1