Almaty_Joly
3.69K subscribers
1.72K photos
277 videos
14 files
1.18K links
Жол жөндеу жұмыстарының барысы мен көшелердің жабылу уақыты туралы ақпарат
О дорожно-ремонтных работах и времени перекрытия движения. Информацию о дорогах высылайте в бот @AlmatyJolybot
Download Telegram
Алматының Жетісу ауданында 2-ші Гончарная көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі

Алматының Жетісу ауданында алдағы жылыту маусымына дайындық аясында 1996 жылы пайдалануға берілген ұзындығы шамамен 340 метр жылу желісі жаңғыртылады. Бұл туралы «Алматы жылу желілері» ЖШС өкілдері хабарлады.

Осыған байланысты 2026 жылы 23 шілдеден бастап 2-ші Гончарная көшесінде, Қалалық фтизиопульмонология орталығынан Райымбек даңғылы, 223е/4 үйіне дейінгі аралықта автокөлік қозғалысы уақытша шектеледі.

Шектеу жол астындағы құбыр учаскесін жоспарлы жаңғырту жұмыстарын қауіпсіз жүргізу мақсатында енгізіліп отыр.

Қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілетін кезеңде тұтынушыларға ыстық су беру тоқтатылмайды.

Қала тұрғындары мен жүргізушілерден уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды сұраймыз.

Facebook | Instagram | Telegram | TikTok
В Жетысуском районе Алматы ограничат движение на одном из участков улицы 2-я Гончарная

В рамках подготовки к предстоящему отопительному сезону в Жетысуском районе Алматы заменят около 340 метров теплотрассы, введённой в эксплуатацию в 1996 году. Об этом сообщили в ТОО «Алматинские тепловые сети.

В связи с этим с 23 июля 2026 года будет ограничено движение автотранспорта по ул. 2-я Гончарная на участке от Центра фтизиопульмонологии УОЗ до дома № 223е/4 по пр. Райымбека.

Ограничение вводится для обеспечения безопасности проведения плановых работ по реконструкции участка трубопровода, проходящего под проезжей частью улицы.

В период проведения реконструкции подача горячего водоснабжения потребителям будет сохранена. Просим проявить понимание к временным неудобствам.

Facebook | Instagram | Telegram | TikTok
🤝1
Алматыда жүк көліктеріне арналған жаңа жол белгілері орнатылады

Алматыда білікке түсетін жүктемесі 8 тоннадан асатын жүк көліктерінің қозғалысын шектейтін жол белгілерін орнату жұмыстары басталды. Шектеу күн сайын сағат 07:00-ден 22:00-ге дейін Саин көшесі – әл-Фараби даңғылы – Шығыс айналма автомобиль жолы (ШААЖ) – Рысқұлов даңғылы аралығындағы аумақта қолданылады. Бұл туралы қалалық Жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасының өкілдері хабарлады.

Жол белгілерін орнату жұмыстары 24 шілдеге дейін аяқталады деп жоспарланып отыр. Ал 25 шілдеден бастап барлық ұйымдастыру шарасы аяқталған соң жүк көліктерінің қозғалысына қатысты жаңа шектеулер күшіне енеді.

Жоба Алматы қаласы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп іске асырылып жатыр.

Жаңа тәртіп қаладағы жол қозғалысын жеңілдетуге, қозғалысы ең қарқынды магистральдардағы жүктемені азайтуға, жол қауіпсіздігін күшейтуге және экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған.

Осыған байланысты жүк көліктерінің жүргізушілеріне қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, жаңа жол белгілерінің талаптарын және полиция қызметкерлерінің нұсқауын орындауға кеңес беріледі.

Facebook | Instagram | Telegram | TikTok
❤1
В Алматы установят новые дорожные знаки для грузового транспорта

В Алматы начаты работы по установке дорожных знаков, ограничивающих движение грузового транспорта с нагрузкой на ось свыше 8 тонн. Ограничения будут действовать ежедневно с 07:00 до 22:00 в пределах квадрата: ул. Саина - пр. аль-Фараби - Восточная объездная автомобильная дорога (ВОАД) - пр. Рыскулова. Об этом сообщили в управлении организации дорожного движения и пассажирского транспорта города.

Работы по установке дорожных знаков планируется завершить до 24 июля. С 25 июля после завершения всех организационных мероприятий вступят в силу ограничения на движение грузового транспорта.

Изменения реализуются совместно с управлением административной полиции Департамента полиции г. Алматы.

Введение ограничений направлено на повышение пропускной способности улично-дорожной сети, снижение транспортной нагрузки на наиболее загруженные магистрали города, повышение безопасности дорожного движения и улучшение экологической обстановки.

Водителям грузового транспорта рекомендуется заранее планировать маршруты с учетом вводимых ограничений, соблюдать требования дорожных знаков и выполнять указания сотрудников полиции.

Facebook | Instagram | Telegram | TikTok
👍10❤5
Медеу — Тұйықсу автожолында қозғалыс уақытша шектеледі

🚧 24 шілде мен 30 қараша аралығында Медеу — Тұйықсу автожолында инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Бұл инженерлік желілердің сенімділігін арттыру мен Шымбұлақ шатқалындағы нысандардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған.

🚗 Осыған байланысты жөндеу жұмыстары кезеңінде автокөлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

***

На дороге Медеу — Туюк-Су временно ограничат движение

🚧 С 24 июля по 30 ноября на автомобильной дороге Медеу — Туюк-Су будут проводиться работы по модернизации инженерной инфраструктуры. Это необходимо для повышения надёжности инженерных сетей и обеспечения бесперебойной работы объектов в урочище Шымбулак.

🚗 На период проведения работ движение автотранспорта будет временно ограничено.

📍 Что изменится — рассказываем в карточках.

Facebook | Instagram | Telegram | TikTok
👍2❤1
Алматыда Құлжа тас жолының бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі

Құлжа тас жолының бір бөлігінде орташа жөндеу жүргізуге байланысты қозғалыс уақытша шектеледі.

24 шілде сағат 20:00-ден 27 шілде 08:00-ге дейін Бұқтырма көшесінен қала шекарасына дейінгі аралықта жол жабынын орташа жөндеу аясында асфальтбетонның жоғарғы қабатын төсеуге байланысты реверсивті қозғалыс ұйымдастырылады.

Көлік жүргізушілерінен уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды, уақытша жол белгілері мен жылдамдық режимінің талаптарын сақтауды сұраймыз.

Жөнделетін учаскеде мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты бар ескерту белгілері мен тақта қойылады. Бағытты алдын ала жоспарлаған жөн.

Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS және «Яндекс карталар» сервисінде жарияланып отырады.

***

В Алматы на время ограничат движение на участке Кульджинского тракта

В связи с проведением среднего ремонта участка Кульджинского тракта, вводятся временные ограничения движения.

Так, с 20:00 24 июля до 08:00 27 июля на участке от улицы Бухтарминская до границы города будет организовано реверсивное движение в связи с укладкой верхнего слоя асфальтобетона в рамках среднего ремонта дорожного покрытия.

Просим участников дорожного движения с пониманием отнестись к временным неудобствам, соблюдать требования временных дорожных знаков и скоростной режим.

На ремонтируемом участке будут выставлены предупреждающие знаки и стенды с контактной информацией руководителя подрядной организации. Просим заранее планировать свой маршрут.

Напомним, вся информация касательно ограничений движения размещена в Telegram-канале @AlmatyJoly, в социальных сетях акимата, а также в сервисах 2GIS и «Яндекс карты».

Facebook | Instagram | Telegram | TikTok
❤1
Алматыда Әшімов көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Алматыда Төле би көшесін ұзарту жобасы аясында Әшімов көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі.

24 шілде сағат 23:00-ден 26 шілде сағат 15:00-ге дейін Құлыбеков көшесінен Машанов көшесіне дейінгі аралық көлік қозғалысы үшін толық жабылады.

Жөндеу жұмыстары жүргізілетін аумақта ескерту жол белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты көрсетілген ақпараттық тақталар орнатылады. Жүргізушілерден жол бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Еске салайық, көлік қозғалысына енгізілетін уақытша шектеу туралы барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында, сондай-ақ, 2GIS және «Яндекс карталар» сервисінде жарияланып отырады.

***

В Алматы в связи с ремонтом на время перекроют участок улицы Ашимова

В Алматы в рамках строительства пробивки улицы Толе би, вводятся временные ограничения движения на участке улицы Ашимова.

Так, с 23:00 24 июля до 15:00 26 июля будет закрыт участок от улицы Кулыбекова до улицы Машана.

На ремонтируемом участке будут выставлены предупреждающие знаки и стенды с контактной информацией руководителя подрядной организации. Просим заранее планировать свой маршрут.

Напомним, вся информация касательно ограничений движения размещена в Telegram-канале @AlmatyJoly, в социальных сетях акимата, а также в сервисах 2GIS и «Яндекс карты».

Facebook | Instagram | Telegram | TikTok
❤2
Алматыда үш автобус бағытының қозғалыс сызбасы өзгереді

2026 жылы 25 шілдеден бастап Алматыда №61, №218 және №238 автобус бағыттарының қозғалыс сызбасы өзгереді. Бұл шешімді қалалық Жол қозғалысы ұйымдастыру және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасы Саин көшесінің Рысқұлов даңғылынан Ақын Сара көшесіне дейінгі жаңа учаскесінде көлік қозғалысының ашылуына, сондай-ақ Рысқұлов даңғылынан Мұстафин көшесіне дейін қоғамдық көлікке арналған арнайы жолақтың іске қосылуына байланысты қабылдады.

Өзгеріс қоғамдық көліктің қозғалыс жылдамдығы мен тұрақтылығын арттыруға, сондай-ақ жаңартылған көше-жол желісін тиімді пайдалануға бағытталған.

25 шілдеден бастап маршруттар төмендегі сызба бойынша қатынайды:

№218 маршрут

* Оңтүстік бағытта: Мөңке би көшесі – Саин көшесі – Абай даңғылы – Яссауи көшесінен кейін кері бұрылу – Абай даңғылы – «Б. Момышұлы метро бекеті» соңғы аялдамасы.
* Кері бағытта: «Б. Момышұлы метро бекеті» – Абай даңғылы – Саин көшесі – Мөңке би көшесі – әрі қарай қолданыстағы сызба бойынша.

№238 маршрут

* Оңтүстік бағытта: Саин көшесі – Төле би көшесі – «Автостанция» соңғы аялдамасы.
* Кері бағытта: «Автостанция» – Төле би көшесі – Саин көшесінен кейін кері бұрылу – Төле би көшесі – Саин көшесі – әрі қарай қолданыстағы сызба бойынша.

№61 маршрут


* Оңтүстік бағытта: Абай даңғылы – Саин көшесі – әл-Фараби даңғылы – «Арман» автостанциясы соңғы аялдамасы.
* Кері бағытта: «Арман» автостанциясы – Жароков көшесінің жолайырығы – әл-Фараби даңғылы – Саин көшесі – Абай даңғылы – әрі қарай қолданыстағы сызба бойынша.

Жолаушылардан сапарын жоспарлау кезінде енгізілген өзгерісті ескеруді сұраймыз. Жаңартылған қозғалыс сызбалары туралы ақпарат аялдама пункттерінде, сондай-ақ қаланың ақпараттық қосымшаларында жарияланады.

Facebook | Instagram | Telegram | TikTok
В Алматы изменятся схемы движения трех автобусных маршрутов

С 25 июля 2026 года в Алматы изменятся схемы движения автобусных маршрутов №61, 218 и 238. Решение принято Управлением организации дорожного движения и пассажирского транспорта города в связи с открытием движения по новому участку ул. Саина от пр. Рыскулова до ул. Акын Сара, а также запуском выделенной полосы для общественного транспорта на участке от пр. Рыскулова до ул. Мустафина.

Изменения направлены на повышение скорости и регулярности движения общественного транспорта, а также более эффективное использование обновленной улично-дорожной сети.

С 25 июля маршруты будут следовать по следующим схемам:


Маршрут №218

- В южном направлении: ул. Монке би – ул. Саина – пр. Абая – разворот после ул. Яссауи – пр. Абая – конечный пункт «Станция метро Б. Момышулы».
- В обратном направлении: «Станция метро Б. Момышулы» – пр. Абая – ул. Саина – ул. Монке би – далее по действующей схеме.

Маршрут №238

- В южном направлении: ул. Саина – ул. Толе би – конечный пункт «Автостанция».
- В обратном направлении: «Автостанция» – ул. Толе би – разворот после ул. Саина – ул. Толе би – ул. Саина – далее по действующей схеме.

Маршрут №61

- В южном направлении: пр. Абая – ул. Саина – пр. Аль-Фараби – конечный пункт «Автостанция “Арман”».
- В обратном направлении: «Автостанция “Арман”» – развязка ул. Жарокова – пр. Аль-Фараби – ул. Саина – пр. Абая – далее по действующей схеме.

Просим пассажиров учитывать изменения при планировании поездок. Информация об обновленных схемах движения будет размещена на остановочных пунктах, а также в городских информационных сервисах.

Facebook | Instagram | Telegram | TikTok
🤝1
Алматыда Наурызбай батыр көшесінде қозғалыс сызбасы өзгеріп, оқшауланған веложолақ салынады

Алматыда жол қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіру жұмыстары жалғасуда. Биылғы 1 тамыздан бастап Наурызбай батыр көшесінің Райымбек даңғылынан Абай даңғылы аралығында көлік қозғалысының жаңа сызбасы енгізіледі. Жоба аясында көшеде оқшауланған велосипед жолағы салынады. Бұл туралы қалалық Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасының өкілдері айтты.

Жүргізілетін жұмыстар аясында қоғамдық көлікке арналған арнайы жолақ алынып тасталады. Автобус бағыттары Желтоқсан көшесіне ауыстырылып, Наурызбай батыр көшесінде веложолақ ұйымдастырылады.

Жаңа шешім велосипедшілердің қауіпсіздігін арттыруға, қаладағы велосипед желісін дамытуға және көлік легін тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Осыған байланысты жүргізушілер мен жол қозғалысына қатысушылардан өзгерісті алдын ала ескеріп, бағытын жаңа қозғалыс сызбасына сай жоспарлау, сондай-ақ жол белгілері мен таңбаларының талабын сақтау сұралады.

Facebook | Instagram | Telegram | TikTok
🔥1
Almaty_Joly
Алматыда Наурызбай батыр көшесінде қозғалыс сызбасы өзгеріп, оқшауланған веложолақ салынады Алматыда жол қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіру жұмыстары жалғасуда. Биылғы 1 тамыздан бастап Наурызбай батыр көшесінің Райымбек даңғылынан Абай даңғылы аралығында…
В Алматы на улице Наурызбай батыра изменят схему движения и обустроят изолированную велополосу

В Алматы продолжается совершенствование организации дорожного движения. С 1 августа т. г. на участке ул. Наурызбай батыра от пр. Райымбека до пр. Абая планируется внедрение новой схемы движения, предусматривающей создание обособленной велосипедной инфраструктуры. Об этом сообщили в управлении организации дорожного движения и пассажирского транспорта города.

В рамках проводимых работ будет исключена выделенная полоса для движения маршрутных транспортных средств. Автобусные маршруты будут перераспределены на ул. Желтоксан, что позволит организовать на ул. Наурызбай батыра велополосу.

Изменения направлены на повышение безопасности велосипедистов, развитие городской велоинфраструктуры и более эффективное распределение транспортных потоков.

Водителей и других участников дорожного движения просят заранее учитывать предстоящие изменения, планировать маршруты с учетом новой схемы движения и соблюдать требования дорожных знаков и разметки.

Facebook | Instagram | Telegram | TikTok
👍5🔥5❤3🤔3😐3
Алматыда Манас көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Манас көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

Атап айтқанда, 31 шілде сағат 19:00-ден 4 тамыз сағат 08:00-ге дейін Манас көшесінің Абай даңғылынан Тимирязев көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы толықтай жабылады.

Жөндеу жүргізілетін аумақта ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты көрсетілген ақпараттық тақталар орнатылады. Осыған байланысты жол жүру бағытыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз.

Еске саламыз, көлік қозғалысына қойылатын шектеулер туралы барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында, сондай-ақ 2GIS және «Яндекс Карталар» сервистерінде жарияланады.

***

В Алматы в связи с ремонтом на время перекроют участок улицы Манаса


В связи с проведением среднего ремонта участка улицы Манаса, вводятся временные ограничения движения.

Так, с 19:00 31 июля до 08:00 04 августа движение будет перекрыто на участке от проспекта Абая до улицы Тимирязева.

На ремонтируемом участке будут выставлены предупреждающие знаки и стенды с контактной информацией руководителя подрядной организации. Просим заранее планировать свой маршрут.

Напомним, вся информация касательно ограничений движения размещена в Telegram-канале @AlmatyJoly, в социальных сетях акимата, а также в сервисах 2GIS и «Яндекс карты».

Facebook | Instagram | Telegram | TikTok
👍3❤2
Алматыда Абай даңғылы мен Жароков көшесінің қиылысында екі күнге көлік қозғалысы шектеледі

«QazaqGaz Aimaq» АҚ Алматы өндірістік филиалының өкілдері газ тарату желілерін салу және жаңғырту жобасы аясында Абай даңғылы мен Жароков көшесі арқылы өтетін газ құбырының өткелін салу жұмыстары жүргізілетінін мәлімдеді.

Осыған байланысты 2026 жылы 1 тамыз сағат 06:00-ден 2 тамыз сағат 24:00-ге дейін құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілетін аумақта автокөлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

Аталған жұмыстар қаланың газбен жабдықтау жүйесінің сенімділігін арттыруға және оны одан әрі дамытуға бағытталған.

Алматы тұрғындары мен қала қонақтарынан жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауды, уақытша енгізілген шектеуді ескеруді, сондай-ақ уақытша жол белгілерінің талаптары мен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қызметкерлердің нұсқауларын сақтауды сұраймыз.

«QazaqGaz Aimaq» АҚ Алматы өндірістік филиалы уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, тұрғындарға түсіністік танытқандары үшін алғыс білдіреді.

***

В Алматы на два дня ограничат движение автотранспорта на пересечении пр. Абая - ул. Жарокова

Алматинский производственный филиал АО «QazaqGaz Aimaq» сообщает, что в рамках реализации проекта по строительству и модернизации газораспределительных сетей будут проводиться работы по устройству перехода газопровода через пр. Абая и ул. Жарокова.

В связи с проведением строительно-монтажных работ с 06:00 1 августа до 24:00 2 августа 2026 года на участке проведения работ будет временно ограничено движение автотранспорта. Работы направлены на дальнейшее развитие и повышение надежности системы газоснабжения города.

Жителей и гостей Алматы просят заранее планировать маршруты, учитывать временные ограничения и соблюдать требования временных дорожных знаков, а также указания сотрудников, обеспечивающих безопасность дорожного движения.

Алматинский производственный филиал АО «QazaqGaz Aimaq» приносит извинения за временные неудобства и благодарит жителей за понимание.

Facebook | Instagram | Telegram | TikTok
🤔4
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Алматыда жаяу жүргіншілер жолдарын кешенді жуу жұмыстары жалғасуда. Коммуналдық қызметтер арнайы техника мен жуғыш құралдарды пайдалана отырып, жаяу жүргіншілер жолдарын кезең-кезеңімен тазартуда. Жүргізіліп жатқан жұмыстар қала аумағының тазалығын сақтауға және тұрғындар үшін жайлы қалалық орта қалыптастыруға бағытталған.

***

В Алматы продолжается комплексная мойка тротуаров. Коммунальные службы проводят поэтапную очистку пешеходных зон с использованием специальной техники и моющих средств. Работы направлены на поддержание чистоты городских территорий и создание комфортной среды для жителей.

Facebook | Instagram | Telegram | TikTok
❤2