AMANAT партиясы
5.86K subscribers
23.1K photos
4.29K videos
12 files
5.95K links
🇰🇿 «AMANAT» партиясының ресми парақшасы
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📊 «AMANAT»: АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАНЫҢ 89%-Ы ОРЫНДАЛДЫ

«AMANAT» партиясының өңірлік Жол картасы аясында Ақмола облысында 135 іс-шараның 120-сы орындалып, жүзеге асу деңгейі 89%-ға жетті.

Соңғы үш жылда өңірде 104 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылып, жастарды жұмыспен қамту көрсеткіші айтарлықтай артты. Сонымен қатар 19 жаңа мектеп пен 38 медициналық нысан пайдалануға берілді.

Өңірде 2 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй салынып, 19 мыңнан астам азаматтың тұрғын үй жағдайы жақсарды. Сондай-ақ 2,5 мың шақырым жол жөнделіп, халық сапалы ауыз сумен толық қамтылды.

Бұл нәтижелер «AMANAT» партиясының халыққа берген уәделерінің жүйелі түрде орындалып жатқанын көрсетеді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎓 «AMANAT»: Мектеп бітіру кештері тәрбиелік құндылықтарға негізделуі тиіс

«AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Жарқынбек Амантайұлы Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға мектеп бітіру кештерін ұйымдастыру мәдениетіне қатысты депутаттық сауал жолдады. Депутат соңғы жылдары мектеп бітіру рәсімдерінің тәрбиелік мазмұнынан алыстап, орынсыз сән-салтанат пен әлеуметтік бәсекенің көрінісіне айналып бара жатқанына назар аударды.

Сауалда соңғы қоңырау мен мектеп бітіру кештерінде қымбат автокөлік кортеждерін ұйымдастыру, алып гүл шоқтары мен қымбат сыйлықтар арқылы мәртебе көрсетудің белең алғаны айтылды. Мұндай үрдістер көптеген отбасыға психологиялық және қаржылық қысым түсіріп, жасөспірімдердің санасында тұтынушылық көзқарас қалыптастыруы мүмкін екені атап өтілді.

Осыған байланысты депутат мектеп бітіру іс-шараларын өткізудің бірыңғай тәрбиелік стандартын әзірлеуді, соңғы қоңырау мен мектеп бітіру кештерінде орынсыз сән-салтанат пен қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіретін әрекеттерге жол бермеу бойынша нақты тетіктер енгізуді ұсынды. Сонымен қатар білім беру ұйымдарында тең мүмкіндіктер мен рухани құндылықтарды дәріптейтін түсіндіру жұмыстарын күшейтіп, мектеп бітіру мәдениетін қалыптастыру жөніндегі ұлттық ұсыныстар әзірлеу қажеттігін көтерді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🚗 «AMANAT»: Шетелдік көліктерге қойылатын талаптар тең болуы тиіс

«AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Болатбек Нажметдинұлы Премьер-Министр Олжас Бектеновке Қазақстан мен Қытай арасындағы автокөлік қозғалысына қатысты депутаттық сауал жолдады. Депутат шетелдік автокөліктерге қойылатын талаптарда айқын теңгерімсіздік қалыптасқанын атап өтті.

Оның айтуынша, Қазақстан азаматтары Қытай аумағына автокөлікпен кірген кезде бірқатар ақылы рәсімдерден өтсе, Қазақстанға кіретін Қытай көліктеріне қатысты талаптар айтарлықтай жеңілдетілген. Сонымен қатар соңғы бір жылда және биылғы жылдың алғашқы төрт айында елімізге 8 мыңнан астам Қытай автокөлігі кірген.

Осыған байланысты депутат шетелдік автокөліктер бойынша мемлекеттік шығындарға талдау жүргізуді, уақытша тіркеу мен әкімшілік алымдар енгізу мәселесін қарауды және Қазақстан азаматтарына қолданылатын талаптармен теңгерімді тәсіл әзірлеуді ұсынды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📳 Сигнал не для всех: казахстанцы, живущие рядом с учреждениями УИС жалуются на качество связи

В партию «AMANAT» продолжают поступать обращения граждан о системном ухудшении качества мобильной связи и интернета в жилых районах, расположенных рядом с учреждениями уголовно-исполнительной системы. Об этом говорится в депутатском запросе депутата Мажилиса, члена фракции партии «AMANAT» Екатерины Смышляевой, направленном в адрес вице-Премьер-министра – министра искусственного интеллекта и министра внутренних дел.

При этом жители отмечают, что не могут пользоваться мобильной связью, получать государственные услуги и оплачивать повседневные сервисы, тогда как источником проблемы, по данным обращения, становятся технические средства подавления сигналов, используемые на территориях учреждений УИС.

В этой связи депутат предлагает провести совместную проверку зон действия оборудования подавления сигналов и карт радиопланирования, пересмотреть технические требования и договоры на использование такого оборудования, а также усилить контроль за соблюдением допустимых зон его воздействия и ответственностью подрядчиков. Кроме того, предлагается оценить эффективность современных решений, включая доминантные базовые станции, и рассмотреть их поэтапное внедрение с заменой устаревших систем.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🌾 «AMANAT»: Фермеры не должны годами ждать положенной господдержки

Депутат фракции «AMANAT» Руслан Кожасбаев направил депутатский запрос Премьер-Министру Олжасу Бектенову по вопросу накопившейся задолженности по субсидиям в агропромышленном комплексе.

По словам депутата, сельхозтоваропроизводители во многих регионах страны вынуждены месяцами и даже годами ожидать положенной государственной поддержки. Ситуация осложняется формированием «листов ожидания» по уже одобренным заявкам, что приводит к накоплению задолженности и затрудняет планирование деятельности фермеров.

В связи с этим депутат предложил представить план-график погашения накопленной задолженности, рассмотреть возможность отказа от практики «листа ожидания» и обеспечить более прозрачный механизм предоставления субсидий в пределах реальных бюджетных возможностей. Также был поднят вопрос повышения прозрачности и доступности льготного кредитования для аграриев.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🌱 «AMANAT»: Необходимо повысить эффективность управления пастбищными угодьями

Член фракции партии «AMANAT» Нуржан Ашимбетов направил депутатский запрос Премьер-Министру Олжасу Бектенову и Генеральному прокурору Берику Асылову по вопросам распределения и использования пастбищных земель.

Депутат отметил, что несмотря на значительные площади пастбищ, фермеры во всех регионах страны продолжают сталкиваться с их нехваткой. По его словам, проблема связана не столько с дефицитом земель, сколько с неэффективным распределением пастбищ и недостаточным исполнением действующих норм законодательства.

В запросе также обращено внимание на то, что цифровая система мониторинга выявила около 20 млн гектаров нерационально используемых земель, однако данный инструмент сегодня используется недостаточно. Кроме того, остаются нерешенными вопросы восстановления деградированных пастбищ и обеспечения сельских жителей общественными пастбищами.

Депутат призвал рассмотреть обозначенные проблемы и принять меры для повышения эффективности управления земельными ресурсами.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏇 «AMANAT»: Жаппай көкпарға біріңғай қауіпсіздік стандартын енгізу қажет

«AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Болат Керімбек Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға көкпар ойындарын ұйымдастыру кезіндегі қауіпсіздік талаптарына қатысты депутаттық сауал жолдады.

Депутаттың айтуынша, соңғы жылдары жаппай көкпардың ауқымы кеңейгенімен, ойындарды өткізудің бірыңғай тәртібі мен қауіпсіздік талаптары толық сақталмай келеді. Кей жағдайларда жүздеген, тіпті мыңдаған адамның қатысуымен өтетін көкпарларда қауіпсіздік, медициналық және ветеринарлық бақылау мәселелері өзекті болып отыр.

Сауалда Ақмола облысында көкпар жаттығуы кезінде 14 жастағы жасөспірімнің қаза табуына байланысты қауіпсіздік талаптарын күшейту қажеттігі атап өтілді. Осыған байланысты жаппай көкпарға арналған қауіпсіздік стандартын заңнамалық деңгейде бекіту, медициналық және ветеринарлық бақылауға міндетті талаптар енгізу, сондай-ақ қауіпсіздік талаптарын сақтамай немесе рұқсатсыз көкпар өткізген ұйымдастырушылардың жауапкершілігін күшейту ұсынылды.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🌿Экология как образ жизни, а не разовая акция

Экологическая ответственность не может ограничиваться субботниками и разовыми акциями – она должна стать частью повседневной культуры и устойчивой привычкой общества. Об этом говорится в депутатском запросе депутата Мажилиса от фракции «AMANAT» Сергея Пономарева на имя Первого заместителя Премьер-Министра РК Нурлыбека Налибаева.

Несмотря на государственную поддержку экологической повестки, в обществе сохраняются проблемы расточительного потребления ресурсов, загрязнения общественных пространств и недостаточного уровня экологической культуры. При этом, по мнению депутата, ключевой упор должен делаться не только на административные меры, но и на системное экологическое просвещение.

В этой связи депутат предлагает представить информацию о действующих мерах в рамках инициативы «Таза Қазақстан» и их эффективности, усилить межведомственную работу по экологическому просвещению населения, разработать единую систему экологического воспитания, охватывающую все уровни образования, а также рассмотреть возможность принятия национальной программы экологического просвещения с участием образовательных учреждений, СМИ и гражданского общества.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
♻️ «AMANAT»: Медициналық қауіпті қалдықтарды өңдеуге бақылауды күшейту қажет

«AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Темір Қырықбаев Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевқа медициналық қауіпті қалдықтарды өңдеу мәселесіне қатысты депутаттық сауал жолдады.

Депутаттың айтуынша, Шымкент қаласында медициналық қалдықтарды өңдеумен айналысатын кәсіпорын қызметіне байланысты күрделі жағдай қалыптасқан. Экология департаментінің мәліметінше, компания өз мүмкіндігінен тыс көлемде тапсырыс қабылдап, қауіпті қалдықтарды уақытылы өңдей алмаған. Соның салдарынан медициналық қалдықтар заңсыз араластырылып, ашық аспан астына жиналған.

Сонымен қатар кәсіпорынның экологиялық рұқсатын қайтарып алу қаупі бар. Алайда оның жұмысы толық тоқтатылса, Шымкент қаласы негізгі медициналық қалдық өңдеуші мекемесіз қалуы мүмкін.

Осыған байланысты депутат жағдайды жан-жақты зерделеу үшін арнайы комиссия жіберуді, тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып қайта экологиялық өлшемдер жүргізуді және медициналық қалдықтарды өңдеуге қойылатын талаптарды күшейтуді ұсынды.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏊 «AMANAT»: АҚМОЛАДА БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТТЫ ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ІРІ ЖОБА ІСКЕ АСТЫ

Ақмола облысында «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында Красный Яр ауылында салынған «Қызыл Жар» дене шынықтыру-сауықтыру кешені тұрғындар игілігіне берілді. Нысан құрылысы партияның Жол картасына енгізіліп, оның іске асырылу барысына қоғамдық бақылау жүргізілді.

Бүгінде спорт кешенінде 200-ден астам бала бокс, джиу-джитсу және күрес секцияларына қатысады. Сонымен қатар екі бассейнде ай сайын 1500-ден астам бала жаттығып, су спортымен шұғылдануда. Кешенде футбол және волейбол алаңдары да қарастырылған.

Жоба ауыл тұрғындарының спортпен жүйелі айналысуына мүмкіндік беріп, бұқаралық спортты дамытуға серпін беруде. Бұл нысан «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстардың нақты нәтижесінің бірі болып табылады.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏠 «AMANAT»: ШЫМКЕНТТЕГІ ОТБАСЫН ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ МЫҢНАН АСТАМ АЗАМАТҚА КӨМЕК КӨРСЕТТІ

«AMANAT» партиясының қолдауымен жұмыс істейтін Шымкенттегі Отбасын қолдау орталығы өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға кешенді көмек көрсетуде.

Жыл басынан бері орталық 1203 азаматқа 1500-ден астам қолдау шарасын ұсынып, 1300-ден астам қызмет көрсетті. Сонымен қатар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстар нәтижесінде 26 отбасының сақталып қалуына ықпал етті.

Орталық азаматтарға құқықтық, әлеуметтік және психологиялық қолдау көрсетіп, жаңа өмір бастауға мүмкіндік беруде.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
👵 «AMANAT»: ЖЕТІСУДА «БЕЛСЕНДІ ҰЗАҚ ӨМІР СҮРУ ОРТАЛЫҒЫ» АҒА БУЫННЫҢ ӨМІР САПАСЫН АРТТЫРУДА

«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында Талдықорған қаласында жұмыс істейтін «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығы егде жастағы азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға және олардың қоғамдық белсенділігін арттыруға үлес қосуда.

Бүгінде орталық қызметін тұрақты түрде 300-ге жуық зейнеткер пайдаланады. Мұнда спортпен шұғылдануға, тіл үйренуге, компьютерлік және қаржылық сауаттылықты арттыруға, сондай-ақ шығармашылық қабілеттерді дамытуға барлық жағдай жасалған.

Орталықта дәрігерлік және массаж кабинеттері, тренажер залы, би, йога, музыка және тігін үйірмелері жұмыс істейді. Бұл аға буын өкілдерінің денсаулығын нығайтып, бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік береді.

«Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығы – «AMANAT» партиясының халықтың әл-ауқатын арттыруға және әрбір азамат үшін қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыруға бағытталған бастамаларының нақты нәтижелерінің бірі.
Достар! 🇰🇿

Баршаңызды 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Елтаңба, Әнұран және Көк байрақ – егемен еліміздің ең қастерлі нышандары, ең киелі құндылықтары. Азаттықтың алтын таңы атқан тұста өз алдына отау тіккен Отанымыздың бірден-бір белгісі – осы үш рәмізіміз еді. Ел азаматтарына рухани күш-жігер беріп, патриоттық сезім сыйлаған, халқымыздың қажыр-қайратын шыңдаған қастерлі күн әр шаңыраққа шаттығын ала келсін.

Еліміздің беделі биік, мерейі үстем болсын!
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын!
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📌 ӘЙЕЛДЕРДІҢ ІСКЕРЛІК КОНГРЕСІ: «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕРДІҢ БАСТАМАЛАРЫНА ҚОЛДАУ КӨРСЕТУДЕ

Түркістан қаласында «AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен Түркістан облысы әйелдерінің іскерлік конгресі өтті.

Іс-шара әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға, жаңа бизнес бастамаларды қолдауға, тәжірибе алмасуға және әйелдердің қоғамдағы рөлін арттыруға арналды. Конгресс барысында қатысушылар кәсіпкерлік, цифрлық даму, экспорт мүмкіндіктері, әйелдер көшбасшылығы және өңірлік экономиканы дамыту мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ форумда Әйелдер қанатының әлеуметтік және экономикалық бағыттағы жобалары таныстырылып, әйелдердің әлеуетін арттыруға бағытталған бастамалардың нәтижелері ұсынылды.

Конгресс қорытындысында әйелдердің экономикалық белсенділігін арттыру, кәсіпкерлік экожүйесін дамыту және жаңа жобаларды қолдау бағытындағы ынтымақтастықты күшейту бойынша ұсыныстар айтылды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🤝 «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТІРЕГІ: ЕЛІМІЗДЕ БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ АТҚАРҒАН ЖҰМЫСЫ САРАЛАНДЫ

Еліміздің барлық өңірінде «AMANAT» партиясына қарасты бастауыш партия ұйымдарының есеп беру-сайлау жиындары өтуде. Бүгінде партияның 3807 бастауыш партия ұйымы 856 мыңнан астам азаматты біріктіріп отыр.

Жиындар барысында партияның сайлауалды бағдарламасы мен жобаларының жүзеге асырылуы, қоғамдық қабылдаулардың нәтижелері, азаматтардың өтініштері мен ұсыныстары, сондай-ақ тұрғындармен кері байланыс бағытындағы жұмыстар талқылануда.

Бастауыш партия ұйымдары партия мен халық арасындағы алтын көпір ретінде тұрғындардың өзекті мәселелерін көтеріп, олардың шешілуіне ықпал етуде. Сонымен қатар мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына қоғамдық бақылау жүргізіп, партиялық бастамалардың жүзеге асуына үлес қосып келеді.

«AMANAT» партиясы үшін бастауыш партия ұйымдары – тұрғындармен тікелей жұмыс істейтін және халық сенімін нығайтатын негізгі құрылымдардың бірі. Сондықтан олардың тиімді жұмысы партияның басты басымдықтарының қатарында қала береді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🏛 «AMANAT» БАСТАМАСЫМЕН ХАН ОРДАСЫНДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданындағы Хан Ордасы ауылы – еліміздің тарихында ерекше орны бар киелі мекен. Бүгінде «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында ауылда бірқатар маңызды жоба жүзеге асырылып, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жұмыстар атқарылды.

Атап айтқанда, ұзақ жылдар бойы күрделі жөндеу көрмеген Жәңгір хан атындағы орта мектеп толық жаңғыртылып, заманауи талаптарға сай жабдықталды. Сондай-ақ ауылдағы Мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтіп, тұрғындар үшін қолайлы әрі заманауи мәдени орта қалыптасты. Бұдан бөлек, ауылға кіреберіс жол мен ауылішілік көшелер салынып, инфрақұрылым сапасы жақсарды. Бұл жұмыстар тарихи елді мекеннің туристік әлеуетін арттырып, жергілікті тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік беруде.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏠 «AMANAT» ҚОЛДАҒАН БАСТАМА: АҚТАУДА ҮЛГІЛІ АУЛА ҚАЛЫПТАСТЫ

Ақтау қаласының тұрғыны Мейрамгүл соңғы үш жылда өзі тұратын «Ханшайым» тұрғын үй кешенінің ауласын көгалдандырып, өзгелерге үлгі көрсетіп келеді. Бастапқыда терезеден көрінетін сұрғылт көрініс оны аулаға ағаш отырғызып, гүл өсіруге ынталандырған.

Бүгінде көпқабатты үйдің ауласы көз тартарлық гүлзарға айналды. Мұнда шие, алма, өрік секілді жеміс ағаштары өсіп, раушан, гортензия, астра сияқты гүлдер жайқалып тұр. Тұрғындардың ортақ еңбегінің арқасында тұрғын үй кешені тазалығымен және көркемдігімен ерекшеленеді.

Мейрамгүл «AMANAT» партиясының «Тұрғындар аманаты» жобасы азаматтардың белсенділігін арттырып, ортақ іске деген жауапкершілікті күшейтетінін атап өтті. Ал «Ханшайым» ТҮК кеңесінің төрағасы Марат Құдайбергеновтің айтуынша, мұндай игі бастамалар көршілер арасындағы бірлік пен сыйластықты нығайтуға ықпал етеді.

Алдағы уақытта тұрғындар «Тұрғындар аманаты» жобасы аясында ауланы абаттандыру жұмыстарын жалғастырып, өзгелерге үлгі болуды көздеп отыр.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🌳 «ЖАРҚЫН АУЫЛ» ЖОБАСЫ: ҚАМЫСТЫ АУДАНЫН ДАМЫТУҒА 150 МЛН ТЕҢГЕ БАҒЫТТАЛДЫ

«AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасы аясында Қостанай облысының Қамысты ауданында ауылдық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған маңызды жобалар жүзеге асырылуда.

«Жарқын ауыл» партиялық жобасы шеңберінде жалпы құны 150 млн теңгені құрайтын бастама қолға алынды. Оның 50 млн теңгесі облыстық бюджеттен бөлінсе, қалған 100 млн теңгесі демеушілер есебінен қаржыландырылуда.

Жоба аясында ауданда заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің, «Ардагерлер үйінің» және 30 пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілуде. Бұл нысандар тұрғындардың спортпен шұғылдануына, аға буынның бос уақытын тиімді өткізуіне және баспана мәселесін шешуге мүмкіндік береді.

«AMANAT» партиясы барлық жобалардың сапалы әрі уақытылы аяқталуын тұрақты партиялық және депутаттық бақылауда ұстап отыр.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🌱Достар!

Баршаңызды 5 маусым – Эколог күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, экология дегеніміз – Жер бетіндегі тіршілікке жауапкершілікпен қарайтын саналы өмір салты.

Осы күні елімізде қоршаған ортаны қорғау ісіне баса назар аударылып, азаматтар арасында экологиялық мәдениет қалыптасып келеді. Оның ең негізгі қозғаушы күші – ел Президентінің «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы. Бұл бастама аясында «AMANAT» партиясы еліміздің барлық өңірінде дәстүрлі «Таза бейсенбі» экологиялық акциясын өткізуде. Отандастарымыз ортақ мақсат төңірегінде топтасып, игі іске жұмылуда.

Еліміздің экологиялық ахуалын жақсарту ісіне өлшеусіз үлес қосып жүрген мамандардың ерен еңбегі елене берсін!
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM