«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек «Единая Россия» партиясының Бас кеңесі хатшысы Владимир Якушев бастаған делегациямен кездесті.
Кездесу барысында Дәулет Кәрібек «AMANAT» партиясының негізгі басымдықтарын таныстырып, партия Мемлекет басшысының қоғамдық-саяси тірегі ретінде Президенттің реформалар бағытын жүзеге асырудың алдыңғы шебінде тұрғанын атап өтті.
Жаңартылған келісім аясында тараптар үздік тәжірибелермен алмасуға дайын екенін білдіріп, Қазақстан мен Ресей арасындағы серіктестік, тұрақты диалог пен өзара сенімнің жоғары деңгейін растады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Исполнительный секретарь партии «AMANAT» Дәулет Кәрібек встретился с делегацией «Единой России» во главе с секретарем Генерального совета партии Владимиром Якушевым.
В ходе встречи Дәулет Кәрібек представил российским коллегам ключевые направления деятельности партии «AMANAT», отметив, что партия как общественно-политическая опора Президента находится в авангарде реализации курса реформ Главы государства.
В рамках обновленного соглашения партия готова делиться лучшими практиками и опытом развития партийных институтов.
По итогам встречи стороны подтвердили устойчивый характер межпартийного взаимодействия и высокий уровень партнерства между Казахстаном и Россией, основанный на постоянном диалоге и взаимном доверии.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Елена Рыбакина жеңімпаз атанды😍
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенконы жеңіп, Australian Open-2026 турнирінің жеңімпазы атанды.🥳
Алғашқы сет 6:4 есебімен Рыбакинаның пайдасына аяқталды. Екінші кезеңде дәл осындай есеппен қарсыласы басым түсті.
Ал шешуші сетте қазақстандық теннисші қайтадан мықтылығын дәлелдеп, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, Елена Рыбакина Australian Open турнирінің чемпионы атанды.
Жарайсың, Елена!❤️
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенконы жеңіп, Australian Open-2026 турнирінің жеңімпазы атанды.
Алғашқы сет 6:4 есебімен Рыбакинаның пайдасына аяқталды. Екінші кезеңде дәл осындай есеппен қарсыласы басым түсті.
Ал шешуші сетте қазақстандық теннисші қайтадан мықтылығын дәлелдеп, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, Елена Рыбакина Australian Open турнирінің чемпионы атанды.
Жарайсың, Елена!
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Жаңа Конституция жобасы жарияланған күні Мәжілісте «AMANAT» партиясы фракциясының осы құжатты талқылауға арналған жиыны өтті. Депутаттар мемлекеттің алдағы уақытта орнықты дамуы мен қоғамды ұйыстырудағы бұл құжаттың тарихи маңызын атап өтті. Фракция Негізгі заң жобасына толық қолдау білдіріп, оны түсіндіруге және қоғамдық талқылауға белсенді қатысуға дайын екенін мәлімдеді.
Жиынды аша отырып, Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов жаңа Конституция мәтіні қоғаммен бірлесіп әзірленгенін және бұл құжат Мемлекет басшысының Әділетті Қазақстанды құру жолындағы ауқымды реформалар бағытының заңды жалғасы екенін атап өтті.
«Жаңа Конституция халықпен ашық диалог жүргізу барысында қалыптасып, жұртшылықтың шынайы мүддесін айшықтайды. Сондықтан жаңа Ата заңның жобасын «Халық Конституциясы» деп атауға толық негіз бар. Ол – еліміздің орнықты дамуының берік негізі болары анық. Ұлтымызды ұйыстыратын факторға айналуы керек. Жаңа Конституция жобасының әр бабын, әр нормасын халыққа кеңінен түсіндіруіміз керек. «AMANAT» партиясы осы жұмыстың бел ортасында болуға тиіс. Бұл біздің – маңызды міндетіміз, тарихи миссиямыз», – деді Ерлан Қошанов.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
В день обнародования проекта Новой Конституции в Мажилисе состоялось собрание Фракции партии «AMANAT», посвященное обсуждению данного документа. Депутаты отметили его историческую значимость для дальнейшего устойчивого развития страны и консолидации общества. Фракция выразила полную поддержку проекту Основного закона и заявила о готовности активно включиться в его разъяснение и общественное обсуждение.
Открывая встречу Спикер Мажилиса, Председатель партии «AMANAT» Ерлан Кошанов, подчеркнул, что разработка нового текста Конституции велась вместе с обществом и стала логическим продолжением курса масштабных реформ Президента по построению Справедливого Казахстана.
«Новая Конституция формировалась в ходе открытого диалога с народом и отражает подлинные интересы общества. Поэтому есть все основания называть проект нового Основного закона «Народной Конституцией». Она станет прочным фундаментом устойчивого развития страны и должна стать тем фактором, который объединяет нашу нацию. Мы обязаны широко и доступно разъяснить гражданам каждую статью и каждую норму проекта новой Конституции. Партия «AMANAT» должна находиться в самом центре этой работы. Это важнейшая задача и наша историческая миссия», – сказал Ерлан Кошанов.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Нұртай Сабильянов бір палаталы заң шығару органында процесс қарапайым, жылдам және ашық жүретінін мәлімдеді.
«Барлық заң бір Парламентте үш оқылымнан өтеді. Яғни, алғашқы екі оқылымда заң жобалары ашық талқыланса, үшінші оқылымда оның Конституцияға, еліміздің ұлттық заңдарына сәйкестігі пысықталады. Заң жобасы ұзақ айналымға түспейді. Шешім тез қабылданады. Бұл халық үшін де, мемлекет үшін де өте маңызды», – деді депутат.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM