AMANAT партиясы
5.86K subscribers
23.1K photos
4.29K videos
12 files
5.95K links
🇰🇿 «AMANAT» партиясының ресми парақшасы
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Қайрат Балабиев: «Әділеттілік, заң мен тәртіп, табиғатқа ұқыпты қарау сияқты қағидаттар алғаш рет Конституция деңгейінде бекітіліп отыр»

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Қайрат Балабиев Парламентте отбасы институтын реттейтін, зорлық зомбылыққа жол бермейтін, ата-ана мен бала құқығын қорғайтын, қыздардың намысын таптатпайтын, ойынқұмарлық пен нашақорлықтан сақтандыратын заңдар қабылданғанын мәлімдеді.

«Қоғам абьюзер мен сталкерлердің кім екенін танитын, буллингтің не екенін білетін болды. Мемлекет басшысы 2024-2028 жылдарға арналған қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасын бекітіп берді. Заң және тәртіп қағидаты аясында құқық қорғау органдары халықпен профилактикалық жұмыс, қылмысқа қарсы күрес жүргізіп жатыр. Нәтижесінде елімізде аса ауыр және жеңіл қылмыс түрлері азайып келеді. Азаматтардың алаяқтарға алданып қалуы, қарызға батуы, қылмысқа баруы – құқықтық, қаржылық сауаттылықтың жоқтығынан. Соның кесірінен де заң мен тәртіп сақтала бермейтін жайы бар. «AMANAT» партиясы да күрестен шет қалмай, халықтың қаржылық сауатын арттырумен айналысып, «Қарсыз қоғам» жобасын жүзеге асырып, мыңдаған отандасымызға заңгерлік кеңес берді. Әділеттілік, заң мен тәртіп, табиғатқа ұқыпты қарау сияқты қағидаттар алғаш рет Конституция деңгейінде бекітіліп отыр», – деді депутат.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📣Юлия Кучинская о роли Халық кеңесі

Сегодня был опубликован проект новой Конституции, который уже стал предметом общественного обсуждения. Документ предлагает обновлённый взгляд на базовые принципы государственного устройства и участие граждан в управлении страной.

Депутат Мажилиса от фракции партии "AMANAT" Юлия Кучинская считает, что проект усиливает принцип народовластия, закреплённый в действующем основном законе, и делает акцент не только на формальном признании народа источником власти, но и на развитии устойчивых механизмов представительства и участия.

По её мнению, важным нововведением становится "Халық кеңесі" – дополнительный институт выражения общественного мнения, в том числе с правом законодательной инициативы. Именно он, как отмечает Кучинская, может стать площадкой, где общественные идеи будут находить отражение в конкретных законах.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
✔️Абзал Құспан: «Адвокатура институты – адам құқықтарын қорғаудың тікелей тетігі»

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Абзал Құспан Конституция жобасындағы басты жаңалықтардың бірі – адвокатура институтының Ата Заңда бекітілуі екенін атап өтті.

Депутаттың айтуынша, Конституция еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін әр азаматтың өміріне әсер ететін аса маңызды саяси-құқықтық құжат.

Осы тұрғыдан алғанда адвокатура институтын Конституцияға енгізу оның преамбуласында көрсетілген Әділетті Қазақстан, Заң мен тәртіп қағидаттарымен және халықаралық деңгейде мойындалған Миранда құқығымен тікелей байланысты.

«Егер бұл қағидаттар Конституцияда бекітіліп, ал адвокатураға қатысты мәселе шешімін таппағанда, олар декларация деңгейінде қалып қояр еді.

Себебі адвокатура институты адам құқықтарын нақты өмірде іске асыратын тікелей механизм болып табылады»
, – деді Абзал Құспан.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📌Жақсыбек Күлекеев: «Жаңа Конституция ұлттық жаңғырудың жаңа кезеңіне жол ашады»

Қолданбалы экономикалық зерттеулер орталығының ғылыми жетекшісі Жақсыбек Күлекеев елімізде жүріп жатқан конституциялық реформалардың маңызына тоқталды.

Оның айтуынша, қазіргі таңда Қазақстан ұлттық жаңғырудың жаңа кезеңін бастан өткеріп отыр. Мемлекет басшысының бастамасымен дайындалған жаңа Конституцияның редакциясы халықты толғандырған көптеген өзекті мәселелерді қамтып, ауқымды саяси реформалардың негізгі платформасына айналуда.

Соңғы жарты жылда атқарылған дайындық жұмыстары Президент Жарлығымен құрылған Конституциялық кеңес отырыстарында жан-жақты талқыланып, алғашқы маңызды кезеңіне жетті. Бүгіннен бастап Жаңа Конституция жобасы көпшілік назарына ұсынылып отыр. Кеңес жұмысы барынша ашық өтіп, қоғамға реформалардың барысымен танысуға толық мүмкіндік берілді.

Жақсыбек Күлекеев Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан бұл өзгерістер елдің саяси жүйесін жаңғыртуға, мемлекеттік басқару жүйесін қайта құруға бағытталған жүйелі әрі стратегиялық реформалар екенін атап өтті.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
📰 Достар!

2 ақпан – Ұлттық басылым күні құтты болсын!

Заман ағымы цифрлық технологияларды алға оздырғанымен, көзіқарақты оқырман үшін баспасөздің қадір-қасиеті кеміген емес. Қоғамдық ойды қалыптастырып, елдік мүддені бәрінен жоғары қоятын газет-журналдар әрдайым айрықша орынға ие. Бүгінде ел ішінде байсалды пікір айтып, шынайы талдау жасай алатын, жауапкершілігі жоғары журналистер қауымының қатары артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, баспасөз саласын дамыту, сондай-ақ журналистердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау – мемлекеттің маңызды міндетінің бірі. Бұл – ұлт руханиятындағы сабақтастық пен дәстүр жалғастығының жарқын көрінісі.

Осы айтулы күні баспасөз саласының барша қызметкеріне зор денсаулық, шалқар шабыт, толайым табыс тілейміз!
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Нартай Сәрсенғалиев: «Жаңа Конституция қазақ тілінде түсінікті, нақты жазылған жаңа құжатқа айналды»⚡️

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Нартай Сәрсенғалиев Жаңа Конституцияның мазмұнына және тілдік ерекшелігіне тоқталды.

«Жаңа Конституция мәтінінің бірден байқалатын басымдығы – оның қазақ тілінде тілге жеңіл жазылып, оңай оқылуы. Заң терминдері мен құқықтық құжаттардағы құрмалас сөйлемдер қабылдауға қиын дегенді естуші едік. Бірақ Жаңа Конституция сол қасаң қағидаларды жойып, қазақ тілінде түсінікті, нақты жазылған жаңа құжатқа айналды. Бұл тәржіманы қалыпты құбылысқа айналдыру талайға сабақ болады деген ойдамыз. Жаңа Конституцияның мәтінімен танысқанда өзіміз Мәжіліс қабырғасында көтеріп жүрген тақырыптарды түгендедік. Ол – ғылым, ол – мәдениет, ол – инновация. Айналып келгенде, адам капиталына саяды. Шикізатты шетке сатып, шіреніп жүрген кезеңнің келмеске кеткені кеше. Бүгінгі талап басқа. Басты капитал – адамның ақылы. Ғалымдарымызға лайықты жағдай жасай алмай, артынан ақылды бастар мен дарынды жастар шекара асып, шетелге кетіп, сан соғып отырғанымыз кеше ғана еді. Бүгін сол кемшілікті жоятын кезеңге келдік», – деді депутат.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📌Самат Нуртаза о новой смысловой платформе Конституции

Депутат Мажилиса, член фракции партии «AMANAT» Самат Нуртаза подчёркивает, что представленный проект Конституции – это не редакционная правка, а формирование новой смысловой платформы государственности. По его словам, документ задаёт стратегические ориентиры следующего этапа развития страны, усиливает территориальную целостность, общественное единство и модернизационный курс.

Он отмечает, что ключ к пониманию изменений – обновлённая преамбула, где впервые права и свободы человека закреплены как приоритет государства. Также конституционный статус получают единство народа Казахстана, межэтническое и межконфессиональное согласие, а принципы справедливости, закона и порядка и бережного отношения к природе становятся фундаментом государственности.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Асхат Аймағамбетов: «Мәдениет – ұлттық бірегейлігіміздің тұғыры»
 
Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Асхат Аймағамбетов Конституцияның преамбуласында жаңа мемлекеттік ұстаным анық аңғарылатынын мәлімдеді. Бұл туралы депутат Мәжілістегі «AMANAT» партиясы фракциясының жиынында атап өтті.

«Ашығын айтсақ, Конституцияның преамбуласы әдетте жай ғана салтанатты сөздер жиынтығы деп қабылданып келді. Алайда жаңа Конституцияның жобасындағы мәтін мүлде бөлек, мағынасы да бөлек, салмағы да бөлек. Бұл мәтінді оқи отырып, тек құқықтық нормаларды емес, қазақ жерінде мемлекеттілікті нығайта отырып, Ұлы даланың мың жылдық тарихының сабақтастығын сақтайтын жаңа мемлекеттік ұстанымды көріп отырмыз»,-деді


Сондай-ақ депутат жаңа Конституция жобасының ең маңызды тұстарына арнайы тоқталып,  нақты міндеттемелерге назар аударды.

«Білім, ғылым және инновация құндылықтарына сүйене отырып деген жаңа әрі нақты міндеттеме енгізіліп отыр. Бұл маңызды ұстаным қабылданса, біз Қаржы министрлігінің ғылым мен білімге бюджетті қысқарту туралы кез-келген уәжін жоққа шығара аламыз. Бұрын заңдар бюджетке ыңғайланса, енді бюджет қағидалары Ата Заңның дәл осы принциптеріне бағынуға міндетті болады. Жай сөзбен айтқанда, енді кімде-кім мұғалім мен ғалымнан ақша үнемдеуді ұсынса, ол енді жай ғана мемлекеттік бағдарламаға қарсы емес, тікелей Конституцияға қарсы шыққан болып табылады. Мен – осылай түсінемін»
, – деді депутат.


Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, жаңа құжатта мәдениет – конституциялық  құндылық ретінде бөлек бекітілгенін айтып, мәдени саясаттың өзегіне мән берді.

«Жасыратыны жоқ, көбі мәдениетті тек қана концерт пен театр деп қабылдап келді. Бұл Конституцияда мәдениет ұлт қауіпсіздігінің жүйесі ретінде, ұлттық бірегейлігіміздің тұғыры ретінде көрсетілуде. Вандализм, мәдениетсіздік, жастардың теріс ағымдарға кетуі бұл полицияның ғана жұмысы, әлде полицияның ғана жауапкершілігі емес, бұл – мәдени саясаттың өзегі. Сондықтан мәдениетке үлкен басымдық берілуде»
, – деді ол.


Халық қалаулысы жоғарыда аталған барлық қағидаларды біріктіретін бір үлкен ортақ идея барекеніне, ол – Әділетті Қазақстан және заң мен тәртіп қағидаты екеніне тоқталды.

«Әділеттілік болмаса, тұрақты дамыған қоғам болмайды. Заң мен тәртіпсіз әділеттілік орнамайды. Өте маңызды тағы да бір тұсы бар. Конституцияға өзгерістерді енді тек референдум арқылы енгізу туралы норма ұсынылды. Дауыс бергенде де нақты меже бөлу, орнату бұл да ерекше маңызды шешім деп айтар едім. Жалпы, бізге тұлғаларға емес, институттарға сүйенетін мемлекет құру өте маңызды»
, – деп түйіндеді депутат.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📣Брак как добровольный и равноправный союз – комментарий Жулдызай Искаковой о проекте Конституции

Жулдызай Искакова, председатель правления Казахстанского института общественного развития, член Комиссии по Конституционной реформе, отмечает, что предлагаемые изменения в проекте Конституции, закрепляющие брак как добровольный и равноправный союз мужчины и женщины, зарегистрированный в государстве, являются обоснованными.

По её словам, семья остаётся одним из важнейших приоритетов для почти 90% казахстанцев – важнее работы, друзей, религии и свободного времени. Конституционное закрепление брака подчёркивает принцип свободы и добровольности и соответствует международным стандартам прав человека.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
📌 Сөзден – жауапкершілікке: «AMANAT» партиялық бақылауды күшейтуде

Сайлауалды уәделер формалды ұғым емес. «AMANAT» партиясының Партиялық бақылау комитетінің отырысында осындай ұстаным айтылды. Жиында партияның 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» бағдарламасын жүзеге асыру барысы талқыланды.

Басқосу барысында Ақтөбе, Қостанай және Ұлытау облыстары назарға алынды. Аймақтарда жұмыс жүргізіліп жатыр, алайда инфрақұрылымға қатысты бірқатар мәселе бар. Аталған мәселелер мектептерге, медициналық нысандарға, автомобиль жолдарына және инженерлік желілерге қатысты болып отыр. Проблемалардың негізгі себептері де белгілі. Олар – қаржының уақтылы бөлінбеуі, жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу мерзімінің созылып кетуі, мердігерлермен орын алған сот даулары, сондай-ақ жұмыс қарқынының төмендеуі.

Партия ұстанымы – айқын. Жобалардың күрделілігі мен өңірлердің ауқымы жұмыс барысындағы іркілістерге және артта қалушылыққа сылтау бола алмайды.

Жаңа Конституция бойынша өтетін алдағы референдумға байланысты жалпыұлттық маңызы бар міндетке де назар аударылды. «AMANAT» партиясы бұл бағытта ашықтыққа, тиянақты түсіндіру жұмысына, азаматтармен тікелей және адал диалог орнатуға басымдық береді. Партиялық бақылаудың барлық ресурсы осы жұмысты қамтамасыз етуге бағытталады.

Тағы бір маңызды қадам ретінде Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп бірыңғай жол картасын әзірлеу жұмысы айтылды. Бұл құжат партияның, өңірлік құрылымдардың және жергілікті атқарушы органдардың жұмысын үйлестіруге, сондай-ақ түпкі нәтижеге қатысты жеке жауапкершілік жүктеуге мүмкіндік береді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📌 От слов – к ответственности: «AMANAT» усиливает партийный контроль

Предвыборные обещания не являются формальностью. Именно такой сигнал прозвучал на заседании Комитета партийного контроля партии AMANAT, на котором обсудили реализацию программы «Вместе с народом!» на 2023–2027 годы.

В центре внимания находились Актюбинская и Костанайская области, а также область Улытау. Работа в регионах ведётся, однако сохраняется и проблемы, которые в первую очередь связаны с инфраструктурой. Речь идёт о школах, медицинских объектах, дорогах и инженерных сетях. Основные причины известны, это задержки финансирования, затянутая проектная документация, судебные споры с подрядчиками, а также низкие темпы выполнения работ.

Позиция партии остаётся чёткой. Сложность проектов и масштабы регионов не могут служить оправданием для сбоев и отставаний.

Отдельно была обозначена задача общенационального значения, которая связана с предстоящим референдумом по новой Конституции. Партия AMANAT делает ставку на открытость, понятные разъяснения, а также прямой и честный диалог с гражданами. Все ресурсы партийного контроля будут направлены на обеспечение этой работы.

Также отмечен ещё один важный шаг. Речь идёт о подготовке единой дорожной карты совместно с Министерством национальной экономики, которая позволит синхронизировать работу партии, региональных структур и местных исполнительных органов, а также повысить персональную ответственность за конечный результат.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
▪️▪️

«Ашық өтіп жатқан талқылауға әртүрлі буын өкілдері, түрлі мамандық иелері мен алуан көзқарастағы азаматтар қатысуда» – Парламент Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев

—

«В открытом обсуждении принимают участие представители разных поколений, представители разных профессий и граждане с разными мнениями» – Депутат Мажилиса Парламента РК, руководитель фракции партии «AMANAT» Елнур Бейсенбаев
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
▪️▪️

«Конституциялық реттеудің басты мақсаты — іргелі конституциялық құндылықтардың тұрақтылығын сақтау, азаматтардың құқықтық кепілдіктерін қамтамасыз ету және заңнаманың үйлесімділігін нығайту» – депутат Үнзила Шапақ.

—

«Основная цель конституционного регулирования — сохранение стабильности фундаментальных конституционных ценностей, обеспечение правовых гарантий граждан и укрепление согласованности законодательства» – депутат Унзила Шапак.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
▪️▪️

«Конституция жобасында ұлттық және халықаралық мүдделердің теңгерімі толығымен сақталды» – депутат Мұрат Әбенов.

—

«В проекте Конституции целиком сохранен баланс национальных и международных интересов» – депутат Мурат Абенов.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📌 Мархабат Жайымбетов: «Бірыңғай дерекқор қалыптастыру қажет»

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Мархабат Жайымбетов Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринге азық-түлік пен тауарлардың көлеңкелі айналымына қатысты депутаттық сауал жолдады.

«Соңғы бес жылдағы контрафактілік және заңсыз әкелінген өнімдердің нақты ауқымына қатысты жария әрі ведомствоаралық келісілген кешенді талдау жүргізіп, тауар санаттары мен тарату арналары бойынша бірыңғай дерекқор қалыптастыру қажет. Германия, Бразилия, Қытай, Үндістан және өзге де елдердің тәжірибесіне сүйене отырып, азаматтарға бірегей кодты сканерлеу арқылы тауардың түпнұсқалығын тексеруге мүмкіндік беретін мемлекеттік цифрлық платформа мен мобильді қосымша әзірлеу керек», – деді депутат.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM