AMANAT партиясы
5.86K subscribers
23.1K photos
4.29K videos
12 files
5.95K links
🇰🇿 «AMANAT» партиясының ресми парақшасы
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Асхат Аймағамбетов: «Мәдениет – ұлттық бірегейлігіміздің тұғыры»
 
Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Асхат Аймағамбетов Конституцияның преамбуласында жаңа мемлекеттік ұстаным анық аңғарылатынын мәлімдеді. Бұл туралы депутат Мәжілістегі «AMANAT» партиясы фракциясының жиынында атап өтті.

«Ашығын айтсақ, Конституцияның преамбуласы әдетте жай ғана салтанатты сөздер жиынтығы деп қабылданып келді. Алайда жаңа Конституцияның жобасындағы мәтін мүлде бөлек, мағынасы да бөлек, салмағы да бөлек. Бұл мәтінді оқи отырып, тек құқықтық нормаларды емес, қазақ жерінде мемлекеттілікті нығайта отырып, Ұлы даланың мың жылдық тарихының сабақтастығын сақтайтын жаңа мемлекеттік ұстанымды көріп отырмыз»,-деді


Сондай-ақ депутат жаңа Конституция жобасының ең маңызды тұстарына арнайы тоқталып,  нақты міндеттемелерге назар аударды.

«Білім, ғылым және инновация құндылықтарына сүйене отырып деген жаңа әрі нақты міндеттеме енгізіліп отыр. Бұл маңызды ұстаным қабылданса, біз Қаржы министрлігінің ғылым мен білімге бюджетті қысқарту туралы кез-келген уәжін жоққа шығара аламыз. Бұрын заңдар бюджетке ыңғайланса, енді бюджет қағидалары Ата Заңның дәл осы принциптеріне бағынуға міндетті болады. Жай сөзбен айтқанда, енді кімде-кім мұғалім мен ғалымнан ақша үнемдеуді ұсынса, ол енді жай ғана мемлекеттік бағдарламаға қарсы емес, тікелей Конституцияға қарсы шыққан болып табылады. Мен – осылай түсінемін»
, – деді депутат.


Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, жаңа құжатта мәдениет – конституциялық  құндылық ретінде бөлек бекітілгенін айтып, мәдени саясаттың өзегіне мән берді.

«Жасыратыны жоқ, көбі мәдениетті тек қана концерт пен театр деп қабылдап келді. Бұл Конституцияда мәдениет ұлт қауіпсіздігінің жүйесі ретінде, ұлттық бірегейлігіміздің тұғыры ретінде көрсетілуде. Вандализм, мәдениетсіздік, жастардың теріс ағымдарға кетуі бұл полицияның ғана жұмысы, әлде полицияның ғана жауапкершілігі емес, бұл – мәдени саясаттың өзегі. Сондықтан мәдениетке үлкен басымдық берілуде»
, – деді ол.


Халық қалаулысы жоғарыда аталған барлық қағидаларды біріктіретін бір үлкен ортақ идея барекеніне, ол – Әділетті Қазақстан және заң мен тәртіп қағидаты екеніне тоқталды.

«Әділеттілік болмаса, тұрақты дамыған қоғам болмайды. Заң мен тәртіпсіз әділеттілік орнамайды. Өте маңызды тағы да бір тұсы бар. Конституцияға өзгерістерді енді тек референдум арқылы енгізу туралы норма ұсынылды. Дауыс бергенде де нақты меже бөлу, орнату бұл да ерекше маңызды шешім деп айтар едім. Жалпы, бізге тұлғаларға емес, институттарға сүйенетін мемлекет құру өте маңызды»
, – деп түйіндеді депутат.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📣Брак как добровольный и равноправный союз – комментарий Жулдызай Искаковой о проекте Конституции

Жулдызай Искакова, председатель правления Казахстанского института общественного развития, член Комиссии по Конституционной реформе, отмечает, что предлагаемые изменения в проекте Конституции, закрепляющие брак как добровольный и равноправный союз мужчины и женщины, зарегистрированный в государстве, являются обоснованными.

По её словам, семья остаётся одним из важнейших приоритетов для почти 90% казахстанцев – важнее работы, друзей, религии и свободного времени. Конституционное закрепление брака подчёркивает принцип свободы и добровольности и соответствует международным стандартам прав человека.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
📌 Сөзден – жауапкершілікке: «AMANAT» партиялық бақылауды күшейтуде

Сайлауалды уәделер формалды ұғым емес. «AMANAT» партиясының Партиялық бақылау комитетінің отырысында осындай ұстаным айтылды. Жиында партияның 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» бағдарламасын жүзеге асыру барысы талқыланды.

Басқосу барысында Ақтөбе, Қостанай және Ұлытау облыстары назарға алынды. Аймақтарда жұмыс жүргізіліп жатыр, алайда инфрақұрылымға қатысты бірқатар мәселе бар. Аталған мәселелер мектептерге, медициналық нысандарға, автомобиль жолдарына және инженерлік желілерге қатысты болып отыр. Проблемалардың негізгі себептері де белгілі. Олар – қаржының уақтылы бөлінбеуі, жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу мерзімінің созылып кетуі, мердігерлермен орын алған сот даулары, сондай-ақ жұмыс қарқынының төмендеуі.

Партия ұстанымы – айқын. Жобалардың күрделілігі мен өңірлердің ауқымы жұмыс барысындағы іркілістерге және артта қалушылыққа сылтау бола алмайды.

Жаңа Конституция бойынша өтетін алдағы референдумға байланысты жалпыұлттық маңызы бар міндетке де назар аударылды. «AMANAT» партиясы бұл бағытта ашықтыққа, тиянақты түсіндіру жұмысына, азаматтармен тікелей және адал диалог орнатуға басымдық береді. Партиялық бақылаудың барлық ресурсы осы жұмысты қамтамасыз етуге бағытталады.

Тағы бір маңызды қадам ретінде Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп бірыңғай жол картасын әзірлеу жұмысы айтылды. Бұл құжат партияның, өңірлік құрылымдардың және жергілікті атқарушы органдардың жұмысын үйлестіруге, сондай-ақ түпкі нәтижеге қатысты жеке жауапкершілік жүктеуге мүмкіндік береді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📌 От слов – к ответственности: «AMANAT» усиливает партийный контроль

Предвыборные обещания не являются формальностью. Именно такой сигнал прозвучал на заседании Комитета партийного контроля партии AMANAT, на котором обсудили реализацию программы «Вместе с народом!» на 2023–2027 годы.

В центре внимания находились Актюбинская и Костанайская области, а также область Улытау. Работа в регионах ведётся, однако сохраняется и проблемы, которые в первую очередь связаны с инфраструктурой. Речь идёт о школах, медицинских объектах, дорогах и инженерных сетях. Основные причины известны, это задержки финансирования, затянутая проектная документация, судебные споры с подрядчиками, а также низкие темпы выполнения работ.

Позиция партии остаётся чёткой. Сложность проектов и масштабы регионов не могут служить оправданием для сбоев и отставаний.

Отдельно была обозначена задача общенационального значения, которая связана с предстоящим референдумом по новой Конституции. Партия AMANAT делает ставку на открытость, понятные разъяснения, а также прямой и честный диалог с гражданами. Все ресурсы партийного контроля будут направлены на обеспечение этой работы.

Также отмечен ещё один важный шаг. Речь идёт о подготовке единой дорожной карты совместно с Министерством национальной экономики, которая позволит синхронизировать работу партии, региональных структур и местных исполнительных органов, а также повысить персональную ответственность за конечный результат.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
▪️▪️

«Ашық өтіп жатқан талқылауға әртүрлі буын өкілдері, түрлі мамандық иелері мен алуан көзқарастағы азаматтар қатысуда» – Парламент Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев

—

«В открытом обсуждении принимают участие представители разных поколений, представители разных профессий и граждане с разными мнениями» – Депутат Мажилиса Парламента РК, руководитель фракции партии «AMANAT» Елнур Бейсенбаев
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
▪️▪️

«Конституциялық реттеудің басты мақсаты — іргелі конституциялық құндылықтардың тұрақтылығын сақтау, азаматтардың құқықтық кепілдіктерін қамтамасыз ету және заңнаманың үйлесімділігін нығайту» – депутат Үнзила Шапақ.

—

«Основная цель конституционного регулирования — сохранение стабильности фундаментальных конституционных ценностей, обеспечение правовых гарантий граждан и укрепление согласованности законодательства» – депутат Унзила Шапак.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
▪️▪️

«Конституция жобасында ұлттық және халықаралық мүдделердің теңгерімі толығымен сақталды» – депутат Мұрат Әбенов.

—

«В проекте Конституции целиком сохранен баланс национальных и международных интересов» – депутат Мурат Абенов.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📌 Мархабат Жайымбетов: «Бірыңғай дерекқор қалыптастыру қажет»

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Мархабат Жайымбетов Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринге азық-түлік пен тауарлардың көлеңкелі айналымына қатысты депутаттық сауал жолдады.

«Соңғы бес жылдағы контрафактілік және заңсыз әкелінген өнімдердің нақты ауқымына қатысты жария әрі ведомствоаралық келісілген кешенді талдау жүргізіп, тауар санаттары мен тарату арналары бойынша бірыңғай дерекқор қалыптастыру қажет. Германия, Бразилия, Қытай, Үндістан және өзге де елдердің тәжірибесіне сүйене отырып, азаматтарға бірегей кодты сканерлеу арқылы тауардың түпнұсқалығын тексеруге мүмкіндік беретін мемлекеттік цифрлық платформа мен мобильді қосымша әзірлеу керек», – деді депутат.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
❗️Аманжол Әлтай: «Денсаулық сақтау жүйесіне деген сенімді әлсіретеді»

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Аманжол Әлтай Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназароваға шығыс медицинасы орталықтары жөнінде депутаттық сауал жолдады.

«Кейбір орталықтар қысқа мерзімге ашылып, атауын немесе мекенжайын өзгертіп, бақылаудан жалтарып жатады. Әсіресе тегі-тамыры белгісіз, өзін білікті дәрігер ретінде жарнамалаған Қытай Халық Республикасының азаматтары төрт-бес ай халықты емдеген болып, елдің сеніміне кіріп, артынша емдеу орталығын жауып, «аңқау елге арамза емші» дегендей қалтасын қампайтып алып, кетіп қалып жатады. Бұл жағдайлар пациенттердің өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіріп, денсаулық сақтау жүйесіне деген сенімді әлсіретеді», – деді депутат.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
❗️Самат Нұртаза: «Студент оқу орнына пышақ алып кіріп, оқытушыны жарақаттаған»

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Самат Нұртаза Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға білім беру мекемелеріндегі қауіпсіздік мәселелері жөнінде депутаттық сауал жолдады.

«Білім беру мекемелерінің көбінде ғимаратқа тыйым салынған заттардың өтіп кетпеуін анықтайтын техникалық тексеру құралдары, соның ішінде металл детекторлары жоқ екенін атап өткім келеді. Соның бір мысалы ретінде жақында Алматы қаласындағы университеттердің бірінде болған сұмдық жағдайды айтсақ болады. Студент оқу орнына пышақ алып кіріп, оқытушыны жарақаттаған», – деді депутат.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📣Цифровое государство на старых координатах: депутат «AMANAT» подняла проблему внедрения QAZ TRF 23

Несмотря на технологическую готовность Казахстана к работе в современной системе координат QazTRF-23, ее практическое внедрение остается фрагментарным, а ключевые государственные информационные системы продолжают функционировать в устаревшем формате. Это приводит к разрозненности пространственных данных, затрудняет градостроительное планирование, управление территориями и развитие цифровых сервисов.

На проблему в депутатском запросе заместителю Премьер-министра – министру искусственного интеллекта и цифрового развития Жаслану Мадиеву указала депутат Мажилиса от партии «AMANAT» Екатерина Смышляева. Она подчеркнула необходимость срочных управленческих решений – от централизованной миграции ретроспективных данных и перехода ключевых госинформационных систем на QazTRF-23 до усиления контроля за исполнением постановления Правительства и интеграции государственных и региональных геопорталов.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Бауржан Смағұлов: «Бюджеттік ұйымдар электр энергиясын ең жоғары тарифтер бойынша төлейді»

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Бауржан Смағұлов Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға бюджеттік ұйымдарда энергияны тиімді тұтынуға қатысты депутаттық сауал жолдады.

«Бюджеттік ұйымдар электр энергиясын ең жоғары тарифтер бойынша төлейді, бұл тарифтер 1 кВт сағ үшін 82 теңгеге дейін жетеді. Бюджетке түсетін жүктемені азайту және энергия қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында баламалы энергия көздерінен электр энергиясын өндіру мен жеткізудің дербес сегментін дамыту арқылы бюджеттік ұйымдардың ғимараттарын шатырлық күн панельдерімен кезең-кезеңімен жабдықтау орынды деп саналады», – деді депутат.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
❗️Гүлдара Нұрым: «Елімізде 1 миллионнан астам адам ең төменгі жалақымен өмір сүріп отыр»

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Гүлдара Нұрым Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға ақылы қоғамдық жұмыстар туралы депутаттық сауал жолдады.

«Бүгінде елімізде 1 миллионнан астам адам ең төменгі жалақымен өмір сүріп отыр. Бұл – миллиондаған отбасының шынайы жағдайы, әлеуметтік ахуалы. Ал енді сол адамдардың қолындағы ең соңғы тірегін – ақылы қоғамдық жұмыстарды қысқарту туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің желтоқсандағы бұйрығы «жалақысы аз адамдар саны қысқарады» деп бағалануы мүмкін. Бірақ ауылдағы жағдайды көрген адам үшін бұл – жұмыссыздардың саны көбейеді деген сөз», – деді депутат.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
❗️«Совет не выходить из дома вместо чистого воздуха»

Усть-Каменогорск уже давно живёт в условиях плохой экологии, но сейчас ситуация фактически перешла в кризис. Речь не о редких выбросах или «неудачном сезоне», а о постоянном загрязнении воздуха. В конце января, по данным «Казгидромета», концентрация сероводорода и диоксида серы превысила норму в 3,6 раза. Школы пришлось срочно перевести на дистанционное обучение, родители боятся отпускать детей на улицу, всё больше людей жалуются на проблемы с дыханием.

На это обратил внимание депутат Мажилиса, член фракции партии “AMANAT” Марат Башимов. По его словам, жители промышленного города каждый день дышат опасным воздухом, но при этом остаются один на один с последствиями. Никаких компенсаций, никакой системной помощи – только рекомендации «поменьше выходить из дома», которые проблему не решают.

В своём депутатском запросе он потребовал конкретных действий: реального снижения выбросов, ответственности предприятий и поддержки жителей экологически опасных районов. По его словам, право на чистый воздух – это не просьба, а обязанность государства.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from QURYLTAI
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Еркін Әбіл, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі: Жаңа Конституция жобасының орталық идеяларының бірі – тарихи сабақтастық

Мәжілістің жалпы отырысында конституциялық реформа бойынша сөйлеген сөзі. 4 ақпан 2026 жыл.

t.me/mazhilis_kz