AMANAT партиясы
5.86K subscribers
23.1K photos
4.29K videos
12 files
5.95K links
🇰🇿 «AMANAT» партиясының ресми парақшасы
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
▪️▪️

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Вера Ким Конституцияда волонтерлікті ынталандыруды бекіту туралы бастама көтерді

—

Депутат Мажилиса, член фракции партии «AMANAT» Вера Ким выступила с инициативой закрепить поощрение волонтерства в Конституции
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚜️ Достар!

Бүгін – Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Мұқағали поэзиясы – күллі қазақтың болмыс-бітімі. Оның сырлы сезімге толы жырлары қалың оқырманның жүрегінен орын алды», – деген еді. Жылдар жылжып, уақыт озған сайын өмірін өлеңмен өрнектеген асқақ ақынның шығармашылығы жаңа қырынан айшықтала түсуде.

Алдағы уақытта да «Ғасыр ақынының» ғажайып туындылары әр отандасымыздың төрінен табыла береді деген сенімдеміз!
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
✍️ Мемлекет басшысының өкімімен Елнұр Сабыржанұлы Бейсенбаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.

✍️ Распоряжением Главы государства Бейсенбаев Елнур Сабыржанович назначен заведующим Отделом внутренней политики Администрации Президента Республики Казахстан.

t.me/aqorda_resmi
📣«AMANAT»: жол-көлік оқиғаларының артуы мен жол саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жүйелі шешімді талап етеді

Қазақстандағы автомобиль жолдары тек инфрақұрылым нысаны ғана емес, сонымен қатар қауіп-қатері жоғары сала болып отыр. Осы мәселе «AMANAT» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық кеңестің Мәжіліс депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері, сарапшылар және кәсіпкерлер қатысқан отырысында талқыланды.

Талқылау барысында жол-көлік оқиғалары санының айтарлықтай артқаны атап өтілді: 2023 жылы – 15,8 мың болса, 2025 жылы бұл көрсеткіш 36,1 мыңға жетті. Кейінгі бір жылда жол апатынан 49 мыңнан астам адам зардап шегіп, 2 мыңнан астамы қаза тапты.

Жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері – жылдамдықты асыру, жүргізушілердің шаршаған немесе мас күйде көлік басқаруы, жол және көлік инфрақұрылымының тозуы, сондай-ақ көліктік бақылау жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері.

2025 жылы жол және көлік қауіпсіздігі саласында салмақ өлшеуден жалтару мен тасымалдау рұқсатын заңсыз беру фактілерін қоса алғанда, 60-тан астам сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелді.

📌 Отырыс қорытындысы бойынша Кеңес:
• көліктік бақылауды цифрландыруды
• фото және бейнефиксацияның автоматтандырылған жүйелерін енгізуді
• автоматтандырылған салмақ бақылау стансаларын дамытуды
• инспектор мен жүргізуші арасындағы тікелей байланысты қысқартуды қолдады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📣«AMANAT»: рост ДТП и коррупционные риски в дорожной сфере требуют системных решений

Казахстанские дороги - это не только инфраструктура, но и зона повышенных рисков. Эти вопросы обсудили на заседании Республиканского совета по противодействию коррупции при партии «AMANAT» с участием депутатов Мажилиса, представителей госорганов, экспертов и бизнеса.

В ходе обсуждения был отмечен существенный рост дорожно-транспортных происшествий с 15,8 тыс. в 2023 году до 36,1 тыс. в 2025 году. За последний год в авариях пострадали более 49 тыс. человек, свыше 2 тыс. погибли.

К ключевым причинам отнесены превышение скорости, утомление и опьянение водителей, изношенность дорог и транспорта, а также коррупционные риски в системе транспортного контроля.

В 2025 году зафиксировано более 60 коррупционных преступлений в сфере дорожной и транспортной безопасности - от уклонения от весового контроля до незаконной выдачи разрешений.

📌 По итогам заседания Совет поддержал:
• цифровизацию транспортного контроля
• внедрение автоматических систем фото- и видеофиксации
• развитие автоматизированных станций весового контроля
• сокращение прямого контакта инспектора с водителем
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🔑«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы: Іле ауданында 60 отбасы баспаналы болды

Алматы облысы Іле ауданында «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында әрқайсысы 72 пәтерден тұратын екі жаңа көппәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді. Өтеген батыр ауылында орналасқан бұл тұрғын үйлер әлеуметтік жағдайы осал санаттағы азаматтарға берілді.

Іле ауданының әкімі Қайыржан Жақсымбетов және «AMANAT» партиясы Іле аудандық филиалының төрағасы Алмасбек Сәтібаев жаңа қоныс иелеріне пәтер кілтін табыстады. Көпбалалы және толық емес отбасыларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, мүгедектігі бар адамдарға, бюджет саласының қызметкерлері мен ардагерлерге басымдық берілді.

Іле ауданында 5 мыңнан астам адам тұрғын үй кезегінде тұр. Билік өкілдері азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмысы жүйелі жүргізіліп жатқанын атап өтті. Былтыр әлеуметтік жағдайы осал санаттағы азаматтарға арналған 269 үй мен пәтер сатып алынды. Биыл Өтеген батыр ауылында тағы 144 пәтер беру жоспарлануда.

Жоба партия тарапынан атқарылып жатқан ауқымды жұмыстың бір бөлігі саналады. Былтыр Алматы облысында «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында 28 тұрғын үй мен 1 522 пәтер пайдалануға берілді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔑 Предвыборная программа партии «AMANAT»: в Илийском районе 60 семей получили жилье

В Илийском районе Алматинской области по предвыборной программе партии «AMANAT» введены в эксплуатацию два новых многоквартирных дома по 72 квартиры каждый. Жилье в селе Отеген батыр предоставлено социально уязвимым категориям граждан.

Ключи новоселам вручили аким района Кайыржан Жаксымбетов и председатель Илийского районного филиала партии «AMANAT» Алмасбек Сатибаев. В приоритете многодетные и неполные семьи, дети-сироты, люди с инвалидностью, работники бюджетной сферы и ветераны.

В Илийском районе в очереди на жилье стоят более пяти тысяч человек. Власти отмечают, что работа по обеспечению граждан жильем ведется системно. В прошлом году для социально уязвимых категорий было приобретено 269 домов и квартир. В этом году в селе Отеген батыр планируется предоставить еще 144 квартиры.

Проект является частью масштабной работы партии. В прошлом году в Алматинской области в рамках предвыборной программы «AMANAT» введены в эксплуатацию 28 жилых домов и 1 522 квартиры.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
📌«AMANAT» партиясы көппәтерлі үйлерді басқару жүйесін жаңғырту жұмысын күшейтуде

«AMANAT» партиясы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртуға және көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару сапасын арттыруға бағытталған «Тұрғындар аманаты» жобасын жүйелі түрде жүзеге асыру жұмысын жалғастыруда. Астанада партияның Орталық аппараты мен өңірлік филиалдары өкілдерінің, Мәжіліс депутаттарының және өңір әкімдері орынбасарларының қатысуымен кеңес өтті.

«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасында тұрғын үй-коммуналдық саланы жаңғырту жұмысы негізгі басымдықтардың бірі ретінде айқындалды. Бүгінде инженерлік желілерді жаңарту, шығындардың ашықтығын арттыру және тұрғын үйлерді басқару жүйесін жетілдіру жұмысы жүргізілуде. Бұл қадам инфрақұрылымның тозуын төмендетіп, қызмет сапасын арттыруға мүмкіндік беріп отыр.

Партия фракциясы атқарған жұмыс аясында «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңға өзгерістер енгізілді. Нәтижесінде, тұрғындардың құқығы заң жүзінде бекітіліп, көппәтерлі үйді басқару нысанын өз бетінше таңдауына, тарифтерді бекітуіне, жұмсалатын қаржыны қадағалауына және басқарушы құрылымдардың қызметі туралы толық әрі нақты ақпарат алуына мүмкіндік берілуде.

«Тұрғындар аманаты» жобасы ел азаматтарының жартысынан астамын қамтиды. Алдағы уақытта өңірлерде әкімдердің қатысуымен форумдар өткізіледі. Сондай-ақ МИБ және ПИК белсенділерін оқыту, тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізуге атсалысу, сондай-ақ партия филиалдары жанынан жобаның фронт-офистерін ашу көзделуде.

Бұл жұмыс еліміздің барлық өңірінде кеңінен жүзеге асырылып, «AMANAT» партиясының тұрақты бақылауында болады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM