АНИМЕ ӨМІР/ Дыбыстама
1.42K subscribers
193 photos
174 videos
176 links
Сәлем бұл АНИМЕ ӨМІР! Және менің мақсатым өзіме қатты ұнаған 50 анимені дыбыстап, көрерменге ұсыну. Дыбыстама мен үшін сүйікті хобби және менде қазақ тілін дамыту, дубляжын дамыту деген сияқты биік ойлар жоқ. Мен жай ғана өзіме ұнайтын дүниені жасаудамын.
Download Telegram
Экшнға толы 12-бөлім. 👆👆👆 Аниме өз соңына жетті. КӨӨӨП реакция басыңдар!
🔥14😭5⚡3❤1👍1🤔1
Сұрақ-жауап рубрикасы болмағалы тым көп уақыт өтіпті. Сұрақтарыңыз бар болса қош көрдім, қоюға рұқсат. Сосын мәдениетті болайық, боқтамай сөйлесейік.
❤8👍3👏1
АНОНС‼️‼️‼️

Иә достар Қан-С сериалы аяқталғанымен Саяның оқиғасы әлі өз соңына жеткен жоқ. Ол тек "Қан-С: Соңғы қараңғылық" толықметражды фильмінде ғана өз аяғына жетіп тәмамдалады. Сол үшін әдемі сурет стилі, тамаша графикасы бар қан мен экшнға толы БІР ЖАРЫМ сағаттық фильмді күтіңіздер!
❤‍🔥22❤7👍3🥰2🔥1👏1
Қазақ әуесқой дыбыстамасының буындары 1-бөлім (аниме дыбыстаған дыбыскерлер жайлы)


Сәлем достар! Толықметражды фильм дайын болғанша сіздерге қызық пост ұсына отырайын. Ол пост қазақ әуесқой дыбыскерлері жайлы болмақ. Соның ішінде мен аниме дыбыстаған адамдар жайлы тоқталатын боламын. Яғни пост аниме дыбыскерлерді буындарға бөліп сол буындар арасындағы айырмашылықтар жайлы болады. Ал кеттік онда!

0 буын. 0 буын дыбыскерлері 1991-2010 аралығындағы уақытты қамтиды. 0 буын дыбыскерлері жайлы біз шын мәнісінде ештеңе білмейміз. Олар интернет пен технологиялар қымбат болған және нашар дамыған кезде, өз еңбегіңді көрсететін орта болмаған кезде өздері жалғыз дыбыстамамен айналысты. Сол жылдары блогерлер болмаған соң ол кездің адамдары тіпті микрофон, жарық, видеоредактор деген нәрселердің не екенін білмейтін. Тіпті 0 буын дыбыскерлері бір уақытта өмір сүрсе де бір-бірін білмей, танымай өтулері де әбден мүмкін. Бірақ сонда да 0 буын дыбыскерлерінде неге анимені қазақ тіліне аудармасқа? Неге кейіпкерлерді қазақша сөйлетпеске деген күшті идеялары болды. 1991-2010 жылдардың тағы бір ерекшелігі ол кездегі адамдар негізінен қазақша контентке дайын емес еді. Сол кезде енді тәй-тәй басып келе жатқан қазақша контент қатаң сынға алынып адамдар өз қатаңдығымен жаңа бастама бастағандардың мысын басуға дайын тұратын еді. Ол кездің адамдары көбіне бала кезінен орыстілді контентті көріп соған әбден еті үйренгендер еді. Сол себепті 0 буын үшін тек технологиялық қиындықтар мен еңбегін бөлісетін ортаның жоқтығы ғана емес сол кездің адамдары да үлкен кедергі болды. Одан бөлек қазіргі жастар үшін бұл шок нәрсе болуы мүмкін, бірақ бұрын аниме фанат болу өмір үшін қауіпті болатын. Аниме көретін адамға басқалар аяушылықпен қарайтын не таза жынды деп ойлайтын. Аниме көретін жігітті басқа жігіттер кемсітіп, ұрып онымен араласпай қоюы әбден мүмкін еді. Қыздар да ондай жігітке немқұрайлылықпен қарайтын. Ал аниме көретін қыздар біртүрлі болып есептелетін. Қазір 0 буын дыбыскерлері отбасылы 30-40-тан асқан өздерінің аниме дыбыстағанына жай жылы естелік ретінде қарайтын адамдар болуы мүмкін. Алайда болашақта олар өздерін әртүрлі подкаст, тв шоуларда көрсетіп біз ең алғашқы қазақ әуесқой аниме дыбыстамасының туындыларын көреміз деп сенемін. Иә 0 буын дыбыскерлері өз ізбасарларына тікелей әсер ете алмаса да қазақ тілінде аниме дыбыстау жайлы ойлардың өзі үлкен прогресс еді. Сондықтанда біз білмейтін қаһармандар, 0 буын дыбыскерлері сый мен құрметке әбден лайық.

Жалғасы бар.
👍16❤5🔥1😢1
Қазақ әуесқой дыбыстамасының буындары 2-бөлім (аниме дыбыстаған дыбыскерлер жайлы)

Бірінші бөлімін оқу үшін мұнда бас.

2000-жылдардың соңына қарай батырмалы телефондарды смартфондар ығыстыра бастады және интернетте әр үйдің есігіне кірмесе де енді ол тек байлардың ойыншығы емес жалпы қолжетімді дүние ретінде қарала бастады. Нокиалардың дәурені аяқталып олардың орнын Apple IPhone, Samsung Galaxy смартфондары тез баса бастады. Өз батырмалы ағаларына қарағанда смартфондардың экраны үлкенірек, мүмкіндіктері әлдеқайда молырақ еді. Компьютерлік техника да бір орында тұрмай жаңа мықты компьютерлер енді халыққа қолжетімді бола бастады. Көптеген кішкентай балалар енді КС 1.6 ойнау үшін интернет клубтарды жағаламай сабақтан кейін үйге келіп үйдегі компьютерден ойын ойнауға көше бастады. Смартфондар бағасыда тез түсіп оларда халықтың күнделікті қолданатын дүниесіне тез айналып шыға келді. Өз кезегінде мобильді (және мобильді емес) операторларда арзан бағаға тиімді тарифтер ұсынып екі жақ ымыраға келгендей болды. Арзан интернет және оған қосылған мықты гаджеттер көптеген өнерге жақын адамдарды әртүрлі компьютерлік программаларды игеруге алып келді. Ал көпфункционалды әрі авторлық құқықтарды талап етпейтін ВКонтакте сияқты әлеуметтік желінің пайда болуы аниме дыбыстаманың дамуына керемет жағдай жасап берді. (ВК-дағы ең ескі анимелер 2009-2010 жылдары жүктелген) Ол кезде YouTube видеохостингінде де анимелерді салуға мүмкіндік бар болғанын да айта кетейін. Солай адамдар серияларды компьютер әрі қарапайым микрофон арқылы дыбыстай алса басқа адамдар қолдарындағы смартфондар арқылы оны әртүрлі сайттардан, ВК және Ютубтан көре алатын жағдайға жетті. Енді аниме көру үшін базардан DVD дискі сатып алудың керегі шамалы еді. Алайда қазақ көрермені үшін бәрі керемет бола қоймады. Себебі қолжетімді интернет және смартфондар мен мықты компьютерлердің таралуы бүкіл әлемдік тенденция еді. Сол себепті 2007 жылдардан бастап жүздеген әртүрлі сападағы орыс дыбыскерлері мен дыбыстама топтарының арқасында интернетте орыстілді аниме тіптен қаптап кетті. Көбіне қостілді болып келген қазақ аудиториясында орыстілді аниме экспансиясына төтеп беруге еш мүмкіндігі болмады. Көп қазақтар орыс тілін орысша аниме көру арқылы үйренді деп айтсам қателеспеспін деп ойлаймын. Сол кездері және оған дейін де (және әрине содан кейін) теледидарда кәсіпқой студиялардың қазақ тіліне аударған анимелері отандық телеарналарда көрсетілгенімен олардың саны тым аз болып олар интуитивті әрі халыққа түсінікті тілде аударылған әуесқой орыс дыбыстамасымен бәсекелестікке түсе алмады. Дегенмен орыстілді (орысша аударылып, дыбысталған деген сөздердің орнына орыстілді сөзі қолданылатын болады, ыңғайлылық үшін) анимелердің екі ұшы бар болып шықты. Бір жағынан қазақтілді аудитория орыс дыбыстамасындағы анимелерге жатып алып анимедегі орыс тілінен басқа тілдерді мойындамайтын жағдайға жетсе екінші жағынан аниме әлемімен орыс тілі арқылы танысқан Қазақстанның түкпір-түкпірінде тұратын жастар енді қайтадан "Неге анимені қазақ тіліне аударып, дыбыстамасқа?" "Неге аниме кейіпкерлерін қазақша сөйлетпеске?" деген сұраққа келе бастады. Айта кететін жайт 2010-жылдарда Қазақстан Республикасында дүниеге келген ең алғашқы буын өкілдері ақырындап үлкен өмірге араласа бастаса олардың іні-қарындастары жасөспірім кезеңін бастарынан кешіріп жатқан еді. Және негізінен сол жасөспірімдер қазақ аниме дыбыскерлерінің бірінші буынын бастауға белсенді түрде кірісе бастады.

Жалғасы бар.
👍9❤2🔥1
Қазақ әуесқой дыбыстамасының буындары 3-бөлім (аниме дыбыстаған дыбыскерлер жайлы)

Бірінші бөлімін оқу үшін мұнда бас. Ал екіншісін оқу үшін мұнда.

Өткен бөлімдерде мен қазақ аниме дыбыскерлерінің 0 буыны мен бірінші буынның пайда болуының алғышарттары жайлы айтқан едім. Ал енді бірінші буынның өзіне жеке тоқталайық.

1-буын 2010-2020. Негізі бірінші буын нақты қай жылдары пайда болғаны және қашан екінші буынға ауысқаны белгісіз. Сол үшін мен жазған сандарды бірінші буынның шамамен өмір сүрген уақыты деп түсініңіздер. Және осы уақыт ішінде көптеген оқиғалар орын алған соң мен кейбір жайттарды ұмытып кетуім де мүмкін. Оған түсіністікпен және кешіріммен қарауларыңызды өтінемін. 2010-жылдардан бері қарай кейбір ересек адамдардан бөлек негізі жасөспірімдер қазақтілді аниме ортаны қалыптастыруға тырыса бастады. Олар қазақ тілінде жұмыс жасайтын аниме ВК топтарды ашты, қазақша аниме ютуб арналарды, инстаграм аккаунттарды аша бастады. Тіпті аниме стримдер мен аниме фанаттардың шын өмірдегі жиындары да өтті. Яғни аз уақыт ішінде тәуелсіз елдің жастары көп нәрсені бір уақытта жасай бастады. Макото Синкай, Хаяо Миядзаки туындылары, Naruto, Boruto, One-Punchman, Attack on Titan, Tokyo Choul, Sword Art Online, Great Teacher Onizuka сынды анимелер қазақ тіліне дыбыстала бастады. Субтитр, дыбыстама, постер жасай білетін жастар көбейді. ВК-да орналасқан аниме топтар ақырындап он, жүз және тіпті мың оқырман жинай бастады. Адамдар арасында қазақша контент жасайтын адамдарға донат жіберу басталды. Көрерменде енді орыс және қазақ дыбыстамасының арасында таңдауға мүмкіндік пайда болды. Аниме жайлы сөйлесуге болатын чаттар, ютубта анимеге байланысты қазақша әзілдер көбейді. Алайда бәрі тым жақсы көрінгенімен шын мәнісінде бәрі әлдеқайда қиын әрі күрделі еді. Бірінші буын дыбыстама топтары өте үлкен болатын. Оларда 6-7 тіпті 10-12 дыбыскерге дейін болатын. Яғни сол адамдардың бәрі рөлдерді бөліп алып түгел дыбыстама процесіне қатысатын. Сол себепті 12 сериялық анименің өзін аударып, дыбыстау өте қиынға соғатын. Дыбыскерлер өз жұмыстарын уақытылы жасамай бөлім бір орында тұрып қалатын. Адамдар жаңа бөлімдерді ұзақ күтуден шаршап жақсы фанатизм жаман хейтке жиі айналатын. Көп дыбыскерлер бірнеше айдан соң дыбыстаманы мәңгіге тастап кететін. Солай топтар ыдырап басталған анимелер мәңгіге аяқсыз қалатын. Яғни қазақ тілін қолдағысы келетін әрбір адам дыбыскер бола алмайтындығын ақырындап дыбыскерлердің өздері де түсіне бастады. Одан бөлек қазақтілді аудитория тағыда қазақша контентке толық дайын болмай шықты. Адамдар жаңа ғана тұсауы кесілген топтарды Anidub, Anilibria секілді тұрақты фанбазасы, қаржылай қолдауы, өз сайттары мен дыбыстама процесінің әрбір бөлігін сапалы жасай алатын адамдары бар ірі топтармен салыстыратын. Көптеген ВК топтар өте баяу өсетін және бізге тіркел деп жалынып оқырман жинайтын ал Инстаграмда қазақша аниме аккаунттар ашу идеясы тіпті сәтсіздікке ұшырады. Ютубта да жағдай мәз болмады. Жаңа ашылған арналар көбінесе 4-5 видеодан соң өз жұмыстарын тастап кететін не өте ұзақ үзілістер алатын. Донаттар бар болғанымен олардың саны мен сомасы тым мардымсыз еді. Ал бір анимені ұзақ уақыт бойы аяқтай алмаудың кесірінен кешегі жасөспірімдер 1-2 жылда үлкен өмір табалдырығын аттап енді оларда аниме дыбыстауға уақытта, күште қалмаған еді. Ал жоғарыда айтылған Наруто, Боруто сияқты анимелер толық дыбысталмай аяқсыз қалды. Оған қоса ол кезде дыбыс сапасыда әр топта әртүрлі еді. Бір топ мықты дыбыс және графика сапасын ұсына алса енді бірі ондай деңгейде жұмыс жасай алмайтын. Бірінші буынның жұмысынан біз мықты технологиялар мен өз еңбегіңді ұсына алатын орта бар болғанымен егер аудитория саған бет бұрмаса барлық іс бекер болатынын түсіндік. Алайда бірінші буынның кезеңі аяқталар сәтте өте күшті әрі тұрақты ютуб арналар, ВК топтар пайда болды. Қазақтілді аниме контент Инстаграмда орныға алмаса да ол ТикТокта өз орнын тапты.

Жалғасы бар.
👍9❤4😢1
Қазақ әуесқой дыбыстамасының буындары 4-бөлім. Соңы (аниме дыбыстаған дыбыскерлер жайлы)

| 1-бөлімі | 2-бөлімі | 3-бөлімі |

Солай бірінші буын көптеген қиыншылықтар көрсе де өз кезеңінің бітер шағында ол тұрақты әрі сапалы ютуб арналар мен ВК топтарды және толық аударылып, дыбысталған анимелерді қалдырып екінші буынның пайда болуына жол ашып берді. Ал 2020-жылы пандемия кезінде менің ойымша ақырындап буын алмасу процесі басталды. Екінші буын енді бірінші буынға қарап солардың жасаған ісін еселеуге кірісті. 2024-жылы біз екінші буын дыбыскерлерінің уақытында өмір сүріп жатырмыз. Алайда екі буын арасында ұқсастықтар бар болғанымен олардың айырмашылықтары да жетерлік. Кезінде 1 буынның кейбір өкілдері жапон тілінен анимелерді тікелей аударуға тырысса 2 буын орыс тілінен-ақ аудара береді. 2 буын топтары негізінен 3-4 дыбыскерден тұрады және екінші буын уақытында көптеп соло дыбыскерлер көбейе түсті. Және қазіргі таңда біз соло дыбыскерлердің бір анимені дыбыстауға қосылғанын да көріп жүрміз. Одан бөлек енді аниме топтар ВК топтардан Телеграм арналарға толық және түбегейлі ауысты. Телеграмда арналар бір-бірінен емін-еркін жарнама ала береді және екі топтың бір-бірін пиярлауға да мүмкіндігі бар. 2 буын кезінде технологиялар тіпті дамып біз дыбыскерлердің көбінде енді жақсы микрофондарды да көрудеміз. Дауыс сапасы артып дыбыскерлер енді дауысқа арналған жаттығуларды жасап барып дыбыстамаға кіріседі. Вип каналдар пайда болып, донаттар көбейіп енді дыбыскерлердің еңбегі ақырындап ақтала бастады. 2 буын топтары және соло дыбыскерлері анимелерді бастаса оны аяғына дейін жеткізе алады. Солай қазақ тілінде толық дыбысталған анимелер саны артуда. Дәл осы жылдары қоғам енді қазақтілді контентке түгел дайын болып қазақша кино, музыка, сериалдар аудиторияға өте жақсы өтуде. Ютубта да анимені қысқаша түсіндіріп беру форматы кеңінен дамып олда дыбыстамаға оң әсерін беруде. 2 буын кезінде тіпті кейбір топтар кәсіби студия форматына ауысып та үлгерді. Ал ТикТок дыбыстама үзінділері жарияланатын тұрақты орынға айналды. Күн санап дыбыстама жасайтын жаңа арналар саны артуда. Көрерменде енді кейбір онгоингтерді өз уақытында көруге де мүмкіндік бар. Солай 2 буын жақсы дамып келе жатыр және болашақта біз AnimeVost, Jut.su секілді барлық қазақша анимелер жиналған сайт не арналарды да көріп қалармыз. Менің ойымша қазақ дыбыскерлерінің болашағы зор және біз болашақта оданда көп анимелердің қазақша дыбысталғанының куәсі атанатын боламыз.

Соңы.
❤10👍2🤔1
Сіздерге кішкентай пост жазамын деп ол кәдімгі бір мақала боп кетті ғой құрсын! Сол үшін сіздерге мынадай сұрақ.

‼️Егер үлкен үштік Наруто, Блич, Уанпис болса

‼️Ескі үштік қандай болады?
Мысалы: Токиолық гуль, Титандар шабуылы, МГА деген сияқты

‼️Ал қазіргі ТОП 3 кімдер?
❤16👍3
Қан: Соңғы Қанішер (толықметражды фильм)

Көру үшін мұнда бас.
👍17❤4
Razov Rinat + 200тг 💳

Үлкен рахмет Ринат 🔥🔥🔥, толықметражды фильмді дыбыстап бітуге мотивация керек болып жатқан сәтте дәл келген донат болды десе де болады. ❤️
❤16👍3🍾2
Берікжан Қ + 250тг 💳

Үлкен рахмет Берікжан Қ есімді қолдаушым 🔥🔥🔥, зор донат болды өзіңе 100 еселеніп қайтсын! ❤️
❤17👍1
Forwarded from 04
🎬Қара беде
📽14 бөлім:https://t.me/kingdub1/736
👍13
Сәлем достар!🖐 Көктемнің алғашқы күні құтты болсын! 🌱🌱🌱

Және бүгінгі "Алғыс айту" мейрамыменде сіздерді құттықтаймын! ❤️ Және сіздерге мені қолдап жатқандарыңыз үшін зор алғыс айтамын! 👌

Алайда мен үшін бүгін 3 еселенген мейрам десе де болады, себебі бүгін менің туған күнім! 😎
👍24❤11🕊1
Наруто OVA 1: Төрт жапырақты қызыл жоңышқаны табу

Көру үшін мұнда бас.
👍19❤9
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қан-С: Соңғы қараңғылық

(Толықметражды фильм)

Қазақ тіліне аударған және дыбыстаған: АНИМЕ ӨМІР
Коммент пен реакция қалдыруды ұмытпа!
100 теңгенің өзі үлкен қолдау әрі мотивация!
💵 87477208421 Azamat Z
💳Kaspi Gold 4400430211048928
Аниме тізімге сілтеме:
https://t.me/animeomirtg/340
❤35👍6🔥3😭1
Осымен Қан сериясын аяқтаймын және басқа жобаларға кірісемін. Коммент пен реакция басқанға жүлде! ❤️ Баспағанға жаза! 🩸🩸🩸

Фильм жоғарыда👆
👍15❤7
АНОНС‼️

1️⃣ НАРУТО ОВА 2
2️⃣ Дауысты робот Даймидалер
❗️1️⃣6️⃣➕️❗️


P.S. Наурыздың 10-нан бастап шығатын болады бұйырса
❤16👍3