АНИМЕ ӨМІР/ Дыбыстама
1.43K subscribers
193 photos
174 videos
176 links
Сәлем бұл АНИМЕ ӨМІР! Және менің мақсатым өзіме қатты ұнаған 50 анимені дыбыстап, көрерменге ұсыну. Дыбыстама мен үшін сүйікті хобби және менде қазақ тілін дамыту, дубляжын дамыту деген сияқты биік ойлар жоқ. Мен жай ғана өзіме ұнайтын дүниені жасаудамын.
Download Telegram
Енді бір бөлім қалды аяқтауға 🫠🫠🫠
❤13👍2
ДАЙМИДАЛЕР = ӨНЕР ТУЫНДЫСЫ?

Дауысты робот Даймидалерды дыбыстауды мен сонау көктем айларында бастадым. Және 2-3 бөлімнен кейін мен бұл ісіме өкіне бастадым. Себебі сол кезде менің ойымша Даймидалерде ешқандай құндылық жоқ сияқты еді. Мен өзімді адамдарға қоқыс ұсынып жатырмынба деп кінәлай бастадым. Алайда бастаған істі аяқтауға тура келген соң мен азғантай ғана уақытымды осы анимені жалғастыруға жұмсадым. Және бір қызығы жаңа бөлімдер дыбысталған сайын мен Даймидалерден өте көп мағына таба бастадым. Ал енді постты Сонан Киоконың кеудесіндей тым үлкен қылмай Даймидалердегі басты идеяларға көшейін. Анимедегі ең көзге көрінер дүние ол ескі меха анимелерге деген пародия. Яғни таңдаулы әрі лайықты кейіпкер, құралмалы, адам арқылы басқарылатын робот, жанрға тиісті музыка және тб. Және авторлар назар аударған ең басты проблема ол ұятсыздық, жыныстық қатынас, адам бойындағы комплекстер тақырыбы. Мысалы Даймидалердың бір қолы неге арық ал екіншісі тым үлкен? Жауабын еркектер қауымы өте жақсы түсінді деп ойлаймын. Ал пингвиндер империясындағы пингвиндердің алдыңғы құйрығы неге ұқсайды? Тіпті анимедегі кейіпкерлердің өзі оны жыныстық мүшемен шатастырды ғой. Бұл авторлардың көп ер адамдардың бойындағы өлшем жайлы комплексті көрсетуі болды деп ойлаймын. Одан бөлек Киюна Кириконың өз денесін сүйіктісі Амеку Шоумадан басқа ер адамға ұстатпауы ол бір жағынан таза, адал махаббат сезімін бейнелесе екінші жағынан қыздарға өздерін қалай ұстау керектігі жайлы астыртын пропаганда болды десе де болады. Ал анимедегі ұятсыз видео, фото, журнал, тауарлар жайлы жайттар авторлардың жай ғана пародия не комплекстер жайлы аниме жасағанын емес бүкіл ұлт тағдырын ойлағандарын көрсетеді. Демек Даймидалер сырт көзге жай ғана күлкілі меха-этти-пародия болып көрінгенімен шын мәнісінде оның бойында өте көп құндылықтар тоғысып жатыр. Жақында анименін соңғы 12-бөлімі шығатын болады ал оны әлі көрмеген адамдарға мен құлаққап киіп Даймидалерді көруге ұсынамын.
👍17❤3
Ал құрметті оқырмандар Жаңа 2025-жыл құтты болсын! Осы жылда өкінішке орай дыбыстама менде аз болды, Даймидалерды да жылдың соңына дейін бітіре алмадым. Келесі жылыда дыбыстамаға сұмдық көп уақытым болады деп айта алмаймын. + денсаулықта жарап тұрған жоқ. Алайда жалпы осы жыл дыбыстамадан басқа аспектілерде мен үшін сәтті және ұтымды болды. Және қазіргі болжамдар рас болмай мен келесі жылы дыбыстамаға көбірек уақыт тауып, дыбыстаманың сапасын көтеріп өзімнің басқа да проблемаларымды шешсем тіпті керемет болар еді. Бұл менің өзіме деген тілегім десе де болады.
Ал сіздерге менің сүйікті көрермендерім мен Нарутоныкіндей денсаулық, Итачидыкіндей ақыл, Мадараныкіндей күш және оданда басқа бар жақсылықты тілеймін! Жаңа жылда жаңа анимелерде кездескенше!
🔥16👍6🎉2
Жаңа жыл құтты болсын!
🎄33👍8🥰6❤2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Дауысты робот Даймидалер 12/12 СОҢЫ
‼️1️⃣6️⃣➕️‼️

Дайындаған: АНИМЕ ӨМІР
Аниме АРХИВ мұнда!
Астына көп коммент пен ❤️🔥🥰👍 қалдыр

P.S. Осымен шамамен 10 айға созылған Даймидалердың эпопеясы аяқталды.
🔥14❤2👍2👏2
👍23🔥5😐5👏2💊2❤1
Дауысты робот Даймидалер аниме архивке қосылды!
👍13
Көру үшін мұнда бас
👍39🔥5❤3🤯2🆒1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Наруто OVA-4: Соңғы шайқас: Басты аралас жекпе-жек турнирі!

Дайындаған: АНИМЕ ӨМІР
Аниме АРХИВ мұнда!
Астына көп коммент пен ❤️🔥🥰👍 қалдыр
🔥22❤3
Мықты Берди/Tetsuwan Birdy

Шыққан жылы: 1996
Ел: Жапония
Формат: OVA
Бөлімдер саны: 4
Ұзақтығы: 30 минут
Студия: Madhouse

Берди Шифон Альтирра бүкіл галактикада қылмыскерлерді ұстаумен айналысатын федерация өкілі. Ол абайсызда Сэнкава Цутому есімді оқушыны Жер ғаламшарында қылмыскерді ұстау барысында өлтіріп қояды. Енді Цутомудың денесі қалпына келгенше оның жаны Бердидың денесінде тұруына тура келеді. Солай Цутому қарапайым оқушы ретінде өмірін жалғастырса ал Берди қылмыскерлерді ұстау бойынша қызметін әрі қарай істеуіне тура келеді.
👍25❤6😈1🎄1
Сәлем бәріне! Оқырмандар саны күн санап азаюда. Ал мен ақырындап дыбыстаманы қайтадан қолға алудамын. Жаңа бөлімді барынша тез шығаруға тырысамын.
❤35👍2👏2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Мықты Берди 1-бөлім

АНИМЕ АРХИВ мұнда
👍16❤3
Мықты Берди анимесіндегі Цутому Сэнкава неге осындай есімге ие екенін білесіз бе? Цутомудың шын өмірдегі прототипі бар десе де болады. Суретте оң жақта тұрған кісі - Цутому Ямагучи. Ол екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Хиросима қаласына атом бомбасы түскенде Хиросимада, Нагасакиге атом бомбасы түскенде Нагасакиде болып бірден екі ядролық бомбаның жарылысынан тірі қалған адам. Ал анимедегі сюжет бойынша Цутому Сэнкава Бердидың қолынан қаза тауып және дәл сол Бердидың арқасында екінші рет өмір сүру мүмкіндігіне ие болады. Бұл жапондық аниме авторларының осындай кішігірім тарихи жөнелмесі десе де болады.
👍15❤7🍾2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Мықты Берди 2-бөлім

АНИМЕ АРХИВ мұнда
👍15❤2
Бердидың 3-бөлімі шықпай тұрып тағы бір ақпармен бөлісейін:

2008-2009 жж Tetsuwan Birdy: Decode деген атпен анименің 2 маусым + 1 овадан тұратын ремейкі шыққан болатын. Яғни барлығы 26 бөлім. Алайда барлығы ойлағандай жақсы болмады. Астына ремейк жайлы ойларыммен қысқаша бөлісейін.

1. Жаңа оқиға желісі. Мықты Берди манга бойынша түсірілген аниме. Ал ол кезінде танымал болмаған соң оның бір ғана томы шыққан еді. Сонымен ремейк үшін манганың ремейкі негізге алынды.

2. Сурет стилі. Ремейк 2000-жылдардағы басқа анимелер сияқты сұр түстерге толы, көмескі болып шықты. Ал ондай сурет стилі 2025-жылы уақыт сынынан өтпеді десе де болады.

3. Адамдарға ұнамады. Жеңіл, комедия элементтері бар, музыкасы жақсы ескі Берди қысқа болса да адамдарға көбірек жаққан еді. Ремейк бар болса да оны көп адам ұната қоймады.

4. Рейтингтың өзгеруі. Ескі Берди сенен яғни 12+ рейтингіне ие болса ремейк 16+ яғни ересектер көруге жақын рейтингке ие болды.


Ал келесі постта мен ремейкте нені түзеуге болатын еді соны айтатын боламын!
👍12❤9🤨1
Бердидың 4-бөлімі шыққанша оның ремейкін қалай дұрыс жасауға болар еді соны айтайын (менің ойымша)

Ең алдымен сурет стилін және түстер палитрасын өзгерту керек еді. Ескі анимелердегі гуашь, акварельмен боялған фондардың орнына (кейбір ескі анимелерде сондай әдіс қолданылатын) нақты сызықтармен сызылып, пішіндердің іші әдемі боялған фондарды қолдану керек еді. Және түстер палитрасын сұр түстермен емес жарқын, ашық түстерге толтыру керек еді. Иә 2000-жылдары тек сұр түсті көмескі анимелер ғана емес жарқын түстер палитрасына ие анимелерде болды. Иә сол жылдары көк түс кеңінен қолданылды, дегенмен ескі Бердиде де көк түс көп кездеседі ғой. Ал бұл өз кезегінде түпнұсқаға деген жақсы жөнелме болар еді.

Және ең бастысы оқиға желісі. Жақсы оқиға желісі болмаса ең әдемі сурет стилінің де құны көк тиын. Сол себепті көрерменге ауыр сэйнен жанрынан гөрі әзіл мен күлкіге толы сэнен жанрын қолдана беру керек еді. Иә манга ремейкі сэйнен жанрына ауысты алайда аниме адаптацияны жасаған студияда өз сценаристері мен режиссерлары болды және оларда жанр ауыстыруға бар мүмкіндіктер бар еді. Сол кезде бәлкім әлем бойынша өте көп адам Берди жайлы білер ме еді? Және үшінші маусымда шығып қаларма еді?

Алайда қазір әрине оның бәрін ойлауға тым кеш. 😏
❤13👍1🥰1
Әбжыландар ұстанымы анимесін дыбыстағаным есіңіздеме? Бүгін кешке сол анимеден алынған кадрлар бойынша бір топ мемдер 🤪 шығатын болады.
🔥12❤4😈2👍1