AQLNAMA
1.23K subscribers
272 photos
16 videos
6 files
100 links
AQLNAMA
Download Telegram
Дәріс әр жексенбі сайын Ыстамбул уақыты бойынша 13:00-де, Алматы уақыты бойынша 15:00-де жүкетеледі.
🔥12❤5👍2
قد ساقه سائقة التقدير، إلى نوبة الحقير الفقير، كيف أقول ملكي! والملك لله الواحد القدير
❤11
Ораза айт құтты болсын

كل عام وأنتم بخير.

اللهم لا تقطعنا عن طلب العلم بقاطع، ولا تشغلنا عنه بشاغل🤲
❤21🥰4🔥1
Пайдалы ақпарат 5

(21:21 пен 24:30 арасында)

Жоғарыда көрсетілген уақытта мантық ілімдегі маңызы зор қағиданы айтып, оны егжей-тегжей түсіндірдім. Аталмыш қағиданы жаттап, қанығына жете түсініп алу қажет. Сол арқылы таным көжиегі кеңейеді. Олар төмендегідей:

- Мәлзумнің бекітілуі ләзимнің бекітілуін талап етеді.
• ثبوت الملزوم يستلزم ثبوت اللازم.
- ⁠Мәлзумді терістеу ләзимнің
терістелуін талап етпейді
.
• نفي الملزوم لا يستلزم نفي اللازم.
- ⁠Ләзімнің бекітілуі мәлзумнің бекітілуін талап етпейді.
• ثبوت اللازم لا يستلزم ثبوت الملزوم.
- ⁠Ләзимді терістеу мәлзумнің терістелуін талап етеді.
• نفي اللازم يستلزم نفي الملزوم.

🌴Осынды осы қағидаларды түсіндіру үшін мысал келтіре кетсем:

Мысалы, біз араб тілінде “кәлиманың” - фиғл, исм, харф деп үшке бөлінетінін білеміз. Нәтижесінде, “кәлима” исм, фиғл, харфтың қамтитын барлық нәрсенін қамтиды. Алайда исм жалғыз өзі “кәлиманың” қамтитын барлық нәрсенін қамти алмайды. Фиғл мен харф те сондай.

Демек, бір заттың исм болуы мен кәлима болуының арасындағы байланысты (التلازم) байқай аламыз. Өйткені исм, бірақ кәлима саналмайтын исмді елестету мүмкін емес.

Алайда кәлима, бірақ исм емес кәлиманы елестете аламыз. Себебі, ол фиғл немесе харф болуы мүмкін.

Жақсы, осыған бәріміз келісіп алайық!

Досыңыз екеуіңіз жолда келе жатырсыз делік. Қабырғадан жазуға ұқсайтын бір суретті көрдіңіздер. Сіз: “Жазылған дүние - исм” - дедіңіз де, досыңыз: “Кәлима” - деді. Жауаптарыңыздың арасында қарама-қайшылық бар ма?! Әрине, жоқ. Себебі сіз оны исм дедіңіз. Даусыз, сіз де оны кәлима деп тұрсыз. Өйткені жазылған нәрсенің исм болуы, оның кәлима болуын талап етеді. Жоғарыда айтқандай, кәлима исмді де қамтиды. Бұл “Мәлзумнің бекітілуі (қабырғадағы жазылған нәрсенің исм болуы) ләзимнің (жазылған нәрсенің кәлима болуы) бекітілуін талап етеді” дейтін қағиданың мағынасы.

Екінші қағидаға ойыссақ:

Мысалға сәйкес, сіз қабырғадағының исм емес екендігін айттыңыз, досыңыз болса, оның кәлима екендігін айтты. Екі жауаптың арасында қарама-қайшылық барма?! Жоқ! Неге? Себебі сіздің қабырғаданың исм емес екендігін айтуыңыз, оның кәлима емес екендігін білдірмейді. Сіз оны харф та немесе фиғл да емес деген жоқсыз. Өз кезегінде екеуі де кәлиманың түрлерінен. Бұл “мәлзумды (қабырғадағының исм болуын терістеу) терістеу ләзимді (қабырғадағының кәлиме екендігін терістеу) терістеуді талап етпейді” деген қағиданың мағынасы.

Үшінші және төртінші қағиданы өзіңіздің ой жүгіртуіңіз бен түсінгіңізге қалдырдым. Жоғарыдағы қиссаны негізімен түсінсеңіз екі қағиданы оп-оңай түсіне аласыз. والسلام

✍ عطاء

(Сілтеме)
🔥12❤8👍3
Мантық ілімінің ең маңызды тақырыбына жеттік. Қияс бөлімі.
❤18🔥4
القياس الاقترانيّ
❤10
Пайдалы ақпарат 6

Осы сабақта, (1:29 минуттан 16:26 минутқа дейін, мен қияс (аналогиялық тұжырым) ұғымына тоқталдым. Бұл ұғымды түсіндіру үшін төрт
кіріспе

Бірінші кіріспе (1:16)
Екінші кіріспе (13:48)
Үшінші кіріспе (14:18)
Төртінші кіріспе (14:54)

келтіріп, түсіндіру барысында логикаға тән терминдерді әдейі қолданбауға тырыстым. Өйткені оқырман немесе тыңдаушы бұл ережелерді мантық ғалымдары өзара келісіп, қолдан жасап алған деп ойлап қалуы мүмкін. Шын мәнінде, бұл ережелер — адамзат ақыл-ойынан туындаған заңдылықтар. Сондықтан мен сөз еткен осы қағидаларды жақсылап түсініп, жаттап алу аса маңызды.

Кейбір шәкірттер логиканы тек кітаптың сөйлемдерін аудару үшін оқиды. Егер бұл оқуды сипаттасақ, олар араб тіліндегі жаңа сөздерді үйреніп жүрген секілді көрінуі мүмкін. Бірақ шын мәнінде, мантық ғалымдарының олардың нақты жеткізгісі келген мағыналары болды. Сол мағыналарды белгілі бір қағидалар түрінде қалыптастырып көрсете білді. Бұл – жай ғана мантық ғалымдары достарымен жиналып, шай ішіп отырып: “Уа, халайық! Бүгіннен бастап біз сіздерге ойлау ережелерін жасап береміз!” — дегендей нәрсе емес.
❤10👍4🔥3🥰2
القياس الاستثنائي
👍5
❤8👍2🔥1
“Ілімнің басы - сөйлеуді доғарып, тыңдау, кейіннен - көкейге түймек үшін ден қоя құлақ түру, кейіннен - жаттау, кейіннен - білгенді амалға асыру, кейіннен - ел-жұрт білмек үшін білім жаю”.


©️Суфиян әс-Сәури.
🔥18❤5👍1
أول العلم الإنصات، ثم الاستماع، ثم الحفظ، ثم العمل به، ثم النشر.
سفيان الثوري (ت ١٦١ه‍)
👍12❤2
https://youtu.be/u7kD5SgnJNg?si=LvUpzJHXvct2EoES

Аллаға шүкір, бүгін «Исағужи» кітабын “Дәр әл-Фуқаһа” орталығында 12 дәрісте тәмамдадық. Алла Тағала осы дәрістерге береке беріп, оны ілім жолындағы шәкірттерге пайдалы етуіне үміттіміз. Егер бұл істе бір дұрыс нәрсе болса, ол — Алланың кеңшілігі, әрі бүкіл игілік жалғыз Алладан, одан кейін ұстаздарымның еңбегі. Ал қате-кемшілік болса, ол өзімнен және шайтаннан.
❤16🔥6👍4
Бұл дәрістердің толық топтамасы

https://youtube.com/playlist?list=PLB9jrKbzhQq0r37ndKQizNOngTyg9brEG&si=uhnsWvc70qWOM0LO
🔥14
Білім алу мен өзгеден озық болудың жолы - шәкірттің кітапқа арналған хашияларды зерттеп, дәріске дайындауы және пайдалы ақпараттарды түртіп алу.

әш-Шақаиқ ән-Нұғмания кітабында әл-Марах кітабына түсіндірме жасаған Хасан Паша әл-Әсуадтың (һ. 827) Разидің немересі деп аталатын Жәмәлуддин әл-Ақсараидің қолында тәлім алғандығы айтылады. Онымен бірге одан Шәмсуддин әл-Фәнари (һ.834) )де сабақ алған. Ташакөпризада (һ.968) мынадай оқиғаны баяндайды:
“Бірде Жәмәлуддин әл-Ақсараи шәкірттерінің бөлмесін жасырын сығалаған. Хасан Пашанның жантайып кітап оқып жатқанын, Шәмсуддин әл-Фәнаридің тізерлеп кітаптар ақтарып, хашиялар жазып жатқанын көреді. Осыған қарап ұстаздары: “Біріншісі жоғары дәрежеге (фадл)жете алмайды. Екінші биік шыңды (фадл) бағындырып, ілімде өзіндік орны болады” - деген екен. Айтқаны айдай келді”.



Олардың құзырындағы фадл дәрежесі дәреженің жоғары екендігін білдіреді. Сәйкесінше екінің бірі Фадил деп атала бермейді. Осы оқиғаны жақсылап ой елегінен өткізіп, Шәмсуддин әл-Фәнаридің ізімен жүр.

-----------------
http://t.me/sharigat_panderi
❤20🔥6🤯4👍1
❤23👍1