AQLNAMA
1.23K subscribers
272 photos
16 videos
6 files
100 links
AQLNAMA
Download Telegram
AQLNAMA
إذا المرء أعيتْه المروءةُ ناشئًا فمطلبُها كهلًا عليه شديدُ
Жас күнінде әдепті қиын көрген жанға, орта жаста үйренбек қиын болмақ.
❤26👍3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Алдыңғы аптадағы Шейх Мухаммад Аууамамен болған кездесу

Шейх:“ Уа Раббым! Өзіңнен пайдалы білім, таза рызық және қабыл етілетін амалды сұраймын” — деген дұғаны тұрақты айтуымызды өсиет етті. Шейхтың кездескендегі әдеті — осы дұғаны өсиет етеді.

"اللَّهُمَّ إِنِّي أَسْأَلُكَ عِلْمًا نَافِعًا وَرِزْقًا طَيِّبًا وَعَمَلًا مُتَقَبَّلًا"
❤52🔥6✍4😍3
المعنى قد يتعاظم على العبارة، فلا يمكنها الإحاطة به حق الإحاطة، فمن تكلف في ذلك التعبير: وقع في أمر خطير.

العلامة الأمير
❤15🔥5
AQLNAMA
المعنى قد يتعاظم على العبارة، فلا يمكنها الإحاطة به حق الإحاطة، فمن تكلف في ذلك التعبير: وقع في أمر خطير. العلامة الأمير
«Мағына кейде сөз өрнегінен де ұлы болып, оны толық қамтып жеткізуге тілдің шамасы жетпей қалады. Осыны зорлап жеткізбек болған адам – қатерлі іске ұрынады.»
❤17🥱3🤯1
📌 Мантық ілімімен шұғылданып жүрген шәкірттердің назарына:

Кей бауырларымыз күнімізде жарық көрген мантық іліміне қатысты еңбектің бір бөлігін жіберген еді. Аталмыш бөлікте әл-Кулли (الكلي) және әл-Жузии (الجزئي) туралы сөз қозғалған.

Сол жерде ескерерлік жерлермен қатар, ел арасында таралған белгілі қате бар.

Әуелі, мантық іліміне қызығушы жандарға мантық ғалымдары мәфһумды (المفهوم) екі бөліп қарастыратындықтары жасырын емес:

• әл-Кулли (الكلي) — ұғымы (المفهوم) бірнеше нәрсеге бірдей қолданылуына тосқауыл болмайтын мағына. Мысалы: Адамзат ұғымы.
• ⁠әл-Жузии (الجزئي) — ұғымы (المفهوم) бірнеше нәрсеге бірдей қолданылуына жол бермейтін мағына. Мысалы: досыңыз Берікті елестетуіңіз.

Осы жердегі әл-Жузииге (الحزئي) мантық ғалымдарының құзырында әл-Жузии әл-Хақиқи (الجزئي الحقيقي)деген атау берілген. Себебі егер досыңыз Беріктің болмысына назар салсаңыз бірнеше ұғымдарға қатар қолданылмайтындығын байқай аласыз.

әл-Жузиидің (الجزئي) тағы да атауы бар. Басқа мағынағы қолданылады, яғни жалпы ұғымның аясындағы барлық жалқы ұғым (كل مفهوم أخص تحت مفهوم أعم). Мәселен Адам ұғымы әл-Кулли (الكلي), дегенмен дене атты ұғымның бір түрі ретінде қарастырылады. Сәйкесінше ол әл-Жузии (الجزئي) болады. Алайда адам ұғыпы әл-Жузии әл-Идафи (الجزئي الاضافي) болады хақиқи (الحقيقي) емес.

әл-Жузии әл-Хақиқи (الجزئي الحقيقي), әл-Жузии әл-Идафидің (الجزئي الاضافي) арасында тек әл-Жузии (الجزئي) сөзінде ғана ортақтастық бар. Көз сөзі сияқты, ол көретін көз бен бұлақ көзіне қатар қолданылады.

Мұның барлығы түсінікті, логика ғылымына қатысты мәселе, сондықтан қосымша түсіндірудің қажеті жоқ.

Кең тараған қателіктердің бірі — әл-Жузииді (الجزئي) суретте көрсетілгендей әл-Жузии әл-Хақиқи (الجزئي الحقيقي) және әл-Жузии әл-Идафи (الجزئي الاضافي) деп екіге бөлінеді деу.

Бұлай болуының себебі — тақсимнің (бөлу, жіктеу, классификациялау) мәнін ұғынбау. Тақсим дегеніміз — ортақ мағынаға ие нәрсегенің астына айрықша нәрселерді топтастыру. Яғни бөлінетін ұғымның мағынасы әрбір бөлімде міндетті түрде сақталуы керек. Мысалы, «адамды» ер және әйел деп бөлеміз. Екеуі де адамдық мағынада ортақ, бірақ әрқайсысы өзіне тән белгісімен ерекшеленеді.

Ал әл-Жузии әл-Хаққи (الجزئي الحقيقي) мен әл-Жузи әл-Идафи (الجزئي الإضافي) бір нәрсенің екі бөлігі емес. Керісінше, «жузии» атауы екеуіне де бірдей қолданылатын атау. Бұл — «көз» (عين) сөзі секілді лексикалық ортақтыққа (اشتراك لفظي) жатады. Яғни «жузии» деген бір ұғым болып, оның астында екі бөлім бар деп айту дұрыс емес:

әл-Жузии әл-Хақиқи (الجزئي الحقيقي)

әл-Жузии әл-Идафи (الجزئي الاضافي).

Тағы бір мән берерліктей қателік бар:

Әдетте әл-Жузии (الجزئي) әл-Куллиге (الكلي) қарсы мән ретінде қарастырылғанда, әл-Жузии әл-Хақиқи (الجزئي الحقيقي) меңзелетіні белгілі. Суретте де солай келтірілген. Ендеше сол әл-Жузииді (الجزئي) қайтадан әл-Жузии әл-Хақиқи (الجزئي الحقيقي) және әл-Жузии әл-Идафи (الجزئي الاضافي) деп бөлу қаншалықты орынды?

Бұл — бір нәрсені өзіне өзін бөлу деген сөз, өз кезегінде бұндай іс әрекет ғылымда негізсіз. Мысалы: «адам — не адам, не ер, не әйел» деу сияқты қисынсыз тұжырым.

https://t.me/AQLNAMA
❤‍🔥17❤9
AQLNAMA
📌 Мантық ілімімен шұғылданып жүрген шәкірттердің назарына: Кей бауырларымыз күнімізде жарық көрген мантық іліміне қатысты еңбектің бір бөлігін жіберген еді. Аталмыш бөлікте әл-Кулли (الكلي) және әл-Жузии (الجزئي) туралы сөз қозғалған. Сол жерде ескерерлік…
Сондықтан ақыли ілімдерді заманауи кітаптардан емес, дәрістік классикалық еңбектерден оқуға кеңес береміз. Себебі заманауи еңбектерде осындай қателіктер кең тараған.
❤13👍3
Шарх мухтасар әл-Манар еңбегінен дәрістерді жалғастырмақпыз. Яғни кітаптың басынан бастап муәууәл тақыбына дейін және муәууәлдан сүннет бөліміне дейін. Сөйтіп кітапты тәмамдаймыз.

Кітаптың “Қияс” бөлімінен зум арқылы өткен дәрістердің жазбасы дайын. Аталмыш бөлімнен тікелей дәріс өтуді қалаған адам келесі курсты күте алады. Ал бірден, одан келесі курсты күтпей қысқа уақытта аяқтағасы келген адам дайын дәрістерді көре алады.

Сонымен қатар Сүннет пен Ижмағ бөлімдерін оқығысы келген жандар кітаптың басқа бөлімдерін күтпей дайын дәрістерді көре алады.
❤13🔥2
Іс жүзінде кітапты біз төртке бөліп, соның екі бөлімін аяқтадық. Сәйкесінше екі бөлімі қалды. Бұлай бөлуіміздің себебі — кітаптың көлемі шағын болса да көптеген түсіндірулер мен ашықтауларды талап етеді. Ондай орындарды тек оқып өтіп кету мүмкін емес. Көп уақыт алуының себебі осыда.
❤‍🔥8❤3
Имам Қасым ибн Құтлұбуғаның “Шарх мухтасар әл-Манар” еңбегіне тәғлиқымыздан үзінділер.
🔥23❤4
Жұма мүбарак болсын 🕋

Аяқталған кітаптар мен кітаптардың бөлімдері:

Қасым ибн Құтлұбуғаның Шарх Мухтсар әл-Манар еңбегінің Сүннет және Ижмағ бөлімі 7-дәріс

Мәбәди әл-Усул (7-8 бет қалды) 17-дәріс

Әдәб әл-Бәхс уә әл-Муназара Шейх Мухиддин 12 -дәріс

Рисәлә әд-Дурра фи әл-Мантық 5-дәріс

Муғни әт-Туллаб шарх мәтн Исағужи (бірнеше беттер қалды) 18-дәріс

📌 Дәрістердің барлығы сақталған
❤12
AQLNAMA
https://youtube.com/playlist?list=PLB9jrKbzhQq0r37ndKQizNOngTyg9brEG&si=BRS-FOBWCrePLVvg
Бұл — шамамен бір жыл бұрын Дәр әл-Фуқаһа орталығында «Исағужи» мәтініне жасаған түсіндірме сабақтар топтамасы. Алдымен ұстазым, шейх Абдулхамид әт-Түркманиден алған ілімге сүйендім.
Екіншіден, аталмыш мәтінге жазылған көптеген шархтарды пайдаландым.

Мәтіннің тілін қарапайым мысалдар арқылы жеңілдетіп түсіндіруге тырыстым.
Негізгі мақсатым — шәкірттің мантық қағидаларын құр ереже ретінде қабылдамай,
керісінше, оның мәнін сезіндіру болды.
Сондықтан қағидаларды жасанды түрде қойылған ереже ретінде емес, ойлау жүйесінің табиғи заңдылығы ретінде ұғындыруға ұмтылдық.
Әсіресе қияс (логикалық тұжырым) тарауында.

Үшіншіден кей бауырларымның көмегімен
ой құрылымдарын көрнекі түрде экранда бейнелеуге бар күшімізді салдық.

Дәрістегі айтқанымыз дұрыс болса әуелі Алланың кеңшілігі мен ұстазымның шарапаты. Қателессем — өзімнен және өзімнің кемшілігімнен.
❤19🔥3
Нәфс әл-Ужуб пен ужуб әл-Әда арасындағы айырмашылық. Аталмыш мәселе усул әл-Фиқһтағы күрделі мәселелердің бірі. Оны Шарх мухтасар әл-Мәнар еңбегіне жазған тәғлиқымызда баяндаған болатынбыз.
❤17
❤16
Ассаламуалейкум, Құрметті Оқырмандар !

Келіп жеткен Қасиетті Рамазан айы мүбарак болсын. Осы айда жасалған барлық амалдарыңыз қабыл болып, екі дүниенің бақытына кенелулеріңізге тілектеспіз. Ілім жолындағы қадамдарыңызды Алла Тағала мығым етіп, ықылыстан, ынсаптан айырмасын 🌙
❤30👍6
صلى الله عليه وسلم❤️
❤21👍1
🤲
❤11