AQLNAMA
1.23K subscribers
272 photos
16 videos
6 files
100 links
AQLNAMA
Download Telegram
БІЛІМ ДЕГЕНІМІЗ НЕ

«Білім – кітаптардағы мәселелердің орындардын білу ғана емес. Ол мәселелерді жаттап алу немесе оларды зырылдатып айтып беру де емес. Сондай-ақ кейбір фақиһтердің ақылын таңырқатып, шатастыратын нәзік әрі күрделі мәселелерді, мәселен кітаптарда жазылған кейбір тазалық (таһарат) тармақтарын жатқа білу де білімнің негізгі мәні емес.
Бәлкей, білім – түсіну, терең зерделеу, тұшымды ой жүгірту және ғылымның қағидалары мен заңдылықтарын байыппен қарастыру нәтижесінде қалыптасатын ішкі қабілет. Соның арқасында адам әрбір мәселені дәлелдермен тарқатып түсіндіре алады әрі пайда болатын күмәндар мен қарсылықтарға жауап бере алатын деңгейге жетеді».

📚 Дереккөз:
«Буғият әс-сауи фи таржамат Сиди Абд әл-Азиз әш-Шахауи», 39-бет.

https://t.me/AQLNAMA
❤20
Құрметті ілім талап етушілер!
Айт мерекесі құтты болсын. Алла Тағала әр жылды жемісті өкізулеріңізді нәсіп етсін және баршамызды үмметке пайдалы құлдардан етсін 🌙
❤‍🔥21❤12👍3
AQLNAMA
من لم يبدأ اليوم لا ينتهي غدا Бүгін қадам баспаған жан ертең мәреге жете алмайды
إذا كنت ذا رأي فكن ذا عزيمة
فإنّ فساد الرأي أن تردّدا
❤8👍2❤‍🔥1
Құрметті бауырлар! Өкінішке орай, ғылыми ақпараттар мен мәселелерді жариялау қызметіміз уақытша тоқтап қалған еді. Себебі, жақын арада, Алла қаласа, жарық көретін ғылыми жұмыстармен айналысып жатырмыз. Бірақ, “арнамыздың жұмысы тоқтап қалмасын”, “бұл игі істі әрі қарайда жүргізейік” деген ниетпен белгілі бір шәкірттерімізге бұл міндетті тапсырып жатырмыз.

Арнаның жазбаларына жауапты бауырлар:

— Сабитхан
— Ілияс

Алла тағала тәуфиқ беріп, бұл қызметті жауапты түрде жүргізер, сіздермен болашақта пайдалы әрі қызықты жазбалармен бөлісер деген үміттеміз!
❤22
✨ Алланың қалауымен шәкірттердің “Қияс” бөлімін көп оқи бермейтінін ескеріп, Шарх Мухтасар әл-Манар кітабының аталмыш бөлімінен дәрістер ұйымдастырған едік . Оны 8 мәжілісте аяқтадық . Сондай-ақ “Сүннет” және “Ижмағ” бөлімін де өтіп, 7 мәжілісте аяқтадық .

Уақыт жоғалтқысы келмеген шәкірттер осы екі бөлімнен дайындалған дәрістерді көре алады.

🎓 Соған сәйкес төмендегідей дәрісті ұсынамыз!

📘 Кітаптың атауы:
«Шарх Мухтасар әл-Манар»

📝 Жоспар:
Кітаптың басынан бастап бірінші бөлімнің соңына дейін. Араб тілінде болады.

⏰ Сабақтың ұзақтығы:
Аптасына шамамен бір рет, екі сабақтан. Әр сабақтың ұзақтығы шамамен — 40 минут

📅 Басталар уақыты:
22.04.2026

📂 Кітаптың қазіргі баспаларының олылықтары мен кемшіліктеріне қарай, әр сабақтан алдын тахқиқ, тағлиқ жасалған нұсқаны файл күйінде жіберетін боламыз.
❤21❤‍🔥4😍2👍1
📚 ЖАҢА ДӘРІС ХАБАРЛАНДЫРУЫ

📚 Кітаптың аты: әл-Мақуләт әл-Ашр
(Философтар мен мутакаллимдердің көзқарастары аясында)

👤 Авторы: Мухаммад Рамадан Абдулла.

🗓 Дәріс уақыты: Аптасына бір рет (Жұма күні кешке).

⏰ Басталар уақыты: 24.04.2026

🎯 Бұл пәнді оқудың мақсаты: Аталмыш ғылым философияға кіріспе. Өз кезегінде философия кәлам іліміне кіріспе.

📌 Дәріске қатысу шарты: Бұған дейін мантық ілімінен бір немесе екі деңгей аяқтаған болуы қажет.

📖 Аталмыш дәріс және сол сияқты дәрістер болашақта Кәләм ілімін оқуымызға себеп болмақ. Бірден кәләм ілімінен бастамауыздың себебі алдағы уақытта дәріс барысында анықталады.

📲 Байланыс номері:
87752398083 (телеграм)
87714868190 (уатсап)
❤19
ҒЫЛЫМНЫҢ ЖОҒАЛУЫНЫҢ СЕБЕБІ

Бұрынғы кездері көкейімде бір ой жиі жүретін:
Біз, шәкірттер, көп кітаптың бұтақтары арасында адасып кетеміз. Ал бірнеше жыл өткен соң, сол кітаптардың бірде-бір жемісін көрмеген боламыз. Көп ойлана келе, бұның себебі – кітапқа деген ашкөздік екенін түсіндім. Яғни, кітапты қаптатып жинауға, оқуға тырысу, көп кітап оқығанмен жарысу.
Бірақ، ең азы бір кітапты терең түсінуге, оны меңгеруге деген ұмтылу жоқ екен.
Бұған дейін де айтып өткеніміздей, ілім алуда - тәртіппен, сатылап ілгерілеген адам ғана биіктерге жете алады.

Жақында осы мағынамен үндес бір сөзге тап болдым. Оны қадірлі ұстазымыз Шейх Абдулазиз Шәһауи (Алла оны сақтасын) айтыпты.
Тақырыбы — кітап жинауға қатысты фитна.

Ұстазымыз Бәдр әд-Дин Абдулазиз Шәһауи (Алла оны сақтасын) былай дейді:

> «Белгілі ғалым-ғұламалардан болған Хатиб ән-Нидидің:
“Ғылымды құртқан – кітаптың көптігі” деген сөзін естідік».

Сосын ұстазымыз мынаны қосты:
“Қажеті болмаса да, кітапты шектен тыс көп жинауға деген әуестікке таңым бар. Бұрынғы ұстаздарымыздың көбінде санаулы ғана кітаптар болатын. Сол кітаптарды жаттап, үнемі қайталап жүретін. Әрбірінің белгілі бір оқу тәртібі болатын. Тіпті, олар сол кітапсыз күннің бір сағатында өткізбейтін. Ал қазір ше? Кітап сөрелерде тізіліп тұр, бірақ оларды оқитын жан жоқ”».



(Бұғият әс-Сәуи, 83-бет)

(✍️Ұстаздан нақыл қылынды)
❤35🔥11
AQLNAMA
ҒЫЛЫМНЫҢ ЖОҒАЛУЫНЫҢ СЕБЕБІ Бұрынғы кездері көкейімде бір ой жиі жүретін: Біз, шәкірттер, көп кітаптың бұтақтары арасында адасып кетеміз. Ал бірнеше жыл өткен соң, сол кітаптардың бірде-бір жемісін көрмеген боламыз. Көп ойлана келе, бұның себебі – кітапқа…
P.S.:
Нағыз ғалымдардың үйінде бірнеше сөре кітаптар ғана болатынын байқағанмын. Және осы сипаттағы ғалымдардың қатарында Шейх Зәһид Кәусаридеде (Алла ол кісіні рахымына бөлесін) болған екен.
❤21👍6
AQLNAMA
Керемет мағына Аталмыш жазбадан түсінетініміз кітап білім емес, бәлкей білімнің жемісі. Сәйкесінше білім мен білмнің жемісінің арасын шатастырып алмаған жөн.
Бұдан бұрында кітаптың көптігіне қатысты тақырыпты қозғаған жазбамен бөліскен едік. Негізі, кітаптың көптігі –ілімнің көптігіне нұсқамайды, бәлки, надандықтың көптігіне нұсқайды. Өйткені, ілім –адамның бойында қалыптасатын қабілет, мағлұмат жинау емес.
❤19🔥5😢3
وإذا صارت النفوس صغارًا
تعبت في مرادها الأحلامُ
❤15🔥1
AQLNAMA
ҒЫЛЫМНЫҢ ЖОҒАЛУЫНЫҢ СЕБЕБІ Бұрынғы кездері көкейімде бір ой жиі жүретін: Біз, шәкірттер, көп кітаптың бұтақтары арасында адасып кетеміз. Ал бірнеше жыл өткен соң, сол кітаптардың бірде-бір жемісін көрмеген боламыз. Көп ойлана келе, бұның себебі – кітапқа…
Құрметті бауырлар!
Кеше осы мақаланы жариялау арқылы арна иесі, ұстазымыз Шейх Атоның бір ойтүйсігін жеткізген болатынбыз.
Ұстаздың ғылыми мәселелердегі һәм ілім талап етудегі мәнһәжға байланысты көзқарас, ой-пікірін жеткізуден бөлек, сабақта (яғни Мантық, Кәләм, Пәлсәпә сабақтарында) айтылған “фәидә” және “нуктә”ларменде (пайдалы және қызықты мәселелер) бөліссекпе деген ойдамын.

(✍️Сабитхан)
❤17🔥9👍4
AQLNAMA
📚 ЖАҢА ДӘРІС ХАБАРЛАНДЫРУЫ 📚 Кітаптың аты: әл-Мақуләт әл-Ашр (Философтар мен мутакаллимдердің көзқарастары аясында) 👤 Авторы: Мухаммад Рамадан Абдулла. 🗓 Дәріс уақыты: Аптасына бір рет (Жұма күні кешке). ⏰ Басталар уақыты: 24.04.2026 🎯 Бұл пәнді оқудың…
МӘҚУЛАТ (КАТЕГОРИЯ) ІЛІМІН НЕ ҮШІН ОҚИМЫЗ

Аталмыш сұраққа Шейх Абдулазиз әл-Фәрһарауи әл-Мәтуриди Мәтуриди мәктебінде ең маңызды еңбектерген саналатын “Шарх әл-Ақаид ән-Нәсафийа “ жазған “Нибрас” атты хашиясында, жоғарыдағы категорияларды атап өтіп, кітаптың мазмұны оған арналмаса да кеңінен түсіндірме береді. Алайда ғалым хашияны жазудағы негізгі мақсаттан ауытқығаны үшін:

“Осы түсіндірмені жаттап ал. Бұл шархтан [Шарх әл-Ақаид ән-Нәсафийа] дәріс беріп жүріп, категория мәселелерінің егжей-тегжейінен хабарсыз жандарды талай көрдік. Бұл барып тұрған — жәһл мураккабтық”


— деп кешірім сұрайды.

Егер ой жүгіртетін болсақ, шынында солай екенін түсінеміз. Бұл пәнді және Пәлсәпа ілімін оқымастан “Шарх әл-Ақаид ән-Нәсафийа” кітабын оқу - уақыт жоғалту.
Ол кітапты оқып, дұрыс түсінгісі келген адам “Мақулат” пен “Пәлсапа” ілімдерін оқуға міндетті.
❤11👍2
AQLNAMA
📚 ЖАҢА ДӘРІС ХАБАРЛАНДЫРУЫ 📚 Кітаптың аты: әл-Мақуләт әл-Ашр (Философтар мен мутакаллимдердің көзқарастары аясында) 👤 Авторы: Мухаммад Рамадан Абдулла. 🗓 Дәріс уақыты: Аптасына бір рет (Жұма күні кешке). ⏰ Басталар уақыты: 24.04.2026 🎯 Бұл пәнді оқудың…
Дей тұрғанмен, Мәқулат (категория) ілімін оқудың негізгі шарты — кем дегенде мантық ілімінен бір немесе екі кітап оқу.

Осы орайда араб тілін білу керек деген шарт қоюдың аса бір маңызы жоқ. Аталмыш ғылымдарға ден қойған жан онсыз да араб тілін жетік білуі қажет.
❤13👍1
AQLNAMA
Нәфс әл-Ужуб пен ужуб әл-Әда арасындағы айырмашылық. Аталмыш мәселе усул әл-Фиқһтағы күрделі мәселелердің бірі. Оны Шарх мухтасар әл-Мәнар еңбегіне жазған тәғлиқымызда баяндаған болатынбыз.
Аталмыш сурет Шарх Мухтасар әл-Мәнар еңбегіне тәғлиқымыздан үзінді. Сондай-ақ дәріс барысында шәкірттерге оқып, дайындалулары үшін тәғлиқты жіберетін боламыз.

Бұған дейін кітаптың Сүннет, Ижмағ және Қияс бөлімдерін өткен едік. Аталған бөлімдерге қызығушы шәкірттер дайын видео-дәрістерді ала алады. Алдағы келе жатқан дәрістерде кітаптың басынан бірінші бөлімінің соңына дейін оқитын боламыз.

Дәрістің сілтемесі:

https://t.me/AQLNAMA/607
❤8
Шәкірттің усул ілімінсіз фақиһ болуы мүмкін емес тіпті фиқһты бірнеше жылдар оқыса да. Кімде-кімнің бұдан басқа айтар сөзі болса, ол сөзі не білімсіздіктен не тәкаппарлықтан.

واعلم أنه لا يمكن للطالب أن يصير متفقها ما لم تكن له دراية بالأصول، ولو قرأ الفقه سنين وأعواما، ومن ادعى غير ذلك كان كلامه إما جهلا وإما مكابرة. ابن بدران


📕 Мәдхал. Ибн Бәдран

🚨 Шарх Мухтасар әл-Манар дәрістері қабылдау әлі жалғасуда 👇

https://t.me/AQLNAMA/607
👍9❤6