Aqorda 🇰🇿
✔
83.8K subscribers
22.9K photos
3.79K videos
24.9K links
Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі

Пресс-служба Президента Республики Казахстан

Press Office of the President of Kazakhstan
Download Telegram
⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев: «Заңдар мен қоғамдық тәртіп қатаң сақталмаса, елімізде ешқандай реформа ойдағыдай жүзеге аспайды»

«Мен неліктен Заң мен тәртіп қағидатын міндетті түрде іске асыру туралы жиі айтамын? Себебі заңдар мен қоғамдық тәртіп қатаң сақталмаса, елімізде ешқандай реформа ойдағыдай жүзеге аспайды. Өйткені бұл – өмірдің саяси заңы.

Ел ішін тұрақсыздық жайлаған, билік институттары орынсыз, жөнсіз сын мен шабуылға ұшыраған мемлекеттерде ешқандай ілгерілеу болмайды.

Осы орайда, мен біздің еліміздегі қоғамдық өмір дұрыс табиғи жолмен, яғни, эволюциялық жолмен даму керектігін, тоқырауға мүлде жол беруге болмайтынын жақсы түсінемін.

Сол себепті 2022 жылдың өзінде Конституцияға Президентті жеті жылдық мерзіммен бір рет қана сайлау туралы ереже енгізілді. Президенттің жақын туыстарына мемлекеттік қызметте, сондай-ақ ұлттық компанияларда лауазымды қызмет атқаруға тыйым салынды.

Ал жаңа Ата Заңға конституциялық және құқық қорғау органдарының басшыларын бір мерзімге сайлау туралы ереже енгізілді. Біз білетін елдердің конституциясында дәл осындай ережелер жоқ деп айтуға болады.

Мен жаңа консультативтік орган ретінде құрылатын Халық кеңесіне үлкен үміт артамын. Бұл құрылым қоғамдық-саяси өмірге қатысты аса өзекті мәселелерді талқылайды, сондай-ақ, Құрылтайға заң жобаларын ұсынады, яғни Халық кеңесі заң шығару бастамасын көтеру құқығына ие болады».

t.me/aqorda_resmi
⚡️Касым-Жомарт Токаев: «Без неукоснительного соблюдения законов и общественного порядка никакие реформы в нашей стране не будут успешно реализованы»

«Почему я часто говорю об обязательном соблюдении принципа Закона и Порядка? Потому что без неукоснительного соблюдения законов и общественного порядка никакие реформы в нашей стране не будут успешно реализованы. В конце концов, это закон жизни.

Прогресс не может быть достигнут в странах, где существует внутригосударственная нестабильность и где институты власти подвергаются необоснованной, несправедливой критике и нападкам.

В этой связи я прекрасно понимаю, что общественная жизнь в нашей стране должна развиваться естественным, эволюционным путем. Мы ни в коем случае не должны допустить застоя.

Поэтому в 2022 году в Конституцию была внесена поправка об избрании Президента на однократный семилетний срок. Был введен запрет близким родственникам Президента занимать государственные должности, а также посты в национальных компаниях.

Новая Конституция включает положения о том, что руководители конституционных и правоохранительных органов будут избираться на один срок. Можно сказать, что подобных положений нет в конституциях других стран.

Я возлагаю большие надежды на Халық Кеңесі, который будет учрежден в качестве нового консультативного органа. Эта структура будет обсуждать наиболее актуальные вопросы общественно-политической жизни, а также вносить законопроекты на рассмотрение Курултая, то есть Халық Кеңесі будет иметь право законодательной инициативы».

t.me/aqorda_resmi
⚡️Президент: «Озық елдердің негізгі қозғаушы күші – білімді, ақылды, еңбекқор, ұқыпты адамдар»

«Тағы бір маңызды мәселе туралы айтқым келеді. Сарапшылардың пайымдауынша, жасанды интеллект дәуірінде адамзат санының шешуші фактор ретіндегі рөлі азаяды.

Сондықтан мәселе – халықтың санында емес, мәселе – адамдардың білімі мен қабілетінде болмақ. Соған байланысты біз бәріміз және ең алдымен Үкімет білім беру саласына баса мән беруі керек.

Озық, дамыған мемлекеттің бәрі көпбағытты саясатты қатаң ұстанатын болды, олардың көбі өздеріне қабілетті, дарынды адамдарды, ғалымдарды, әсіресе, жастарды тартып жатыр, оларға қолайлы жағдай жасауда.

Себебі озық елдердің негізгі қозғаушы күші – білімді, ақылды, еңбекқор, ұқыпты адамдар. Бұл – ақиқат. Біз де озық ел боламыз десек, осы саясатты тиімді түрде іске асыруымыз керек.

Адам капиталының сапасын мейлінше жетілдіріп, күшейтуіміз қажет. Бұл – жаңа дәуірдегі бәсекеге толы өмірдің заңы, бұрын-соңды болмаған, мүлде жаңа құбылыс.

Осы заманауи үрдісті ашық көзқараспен саналы түрде қабылдап, үлкен дайындықпен қарсы алуымыз керек».

t.me/aqorda_resmi
⚡️Президент: «Главной движущей силой передовых стран являются образованные, интеллектуальные, трудолюбивые и усердные граждане»

«Я хотел бы затронуть еще один важный вопрос. По мнению экспертов, в эпоху искусственного интеллекта численность населения не будет играть роль решающего фактора.

Соответственно, ключевое значение будут играть не количество людей, а их знания и способности. Поэтому всем нам, прежде всего, Правительству, следует уделить особое внимание сфере образования.

Все развитые страны широко привлекают высококвалифицированных, талантливых людей, ученых, особенно молодежь, и создают для них благоприятные условия.


В конце концов, главной движущей силой передовых стран являются образованные, интеллектуальные, трудолюбивые и усердные граждане. Это очевидно. Если мы тоже хотим добиться прогресса, мы должны эффективно реализовывать такую политику.

Нам необходимо максимально повысить качество человеческого капитала. Это требование эпохи конкуренции, беспрецедентное новое явление. Мы должны осознанно подойти к этим тенденциям и быть готовыми к ним».

t.me/aqorda_resmi
⚡️Мемлекет басшысы: «Жақын арада мемлекеттік наградалар қатарына Қожа Ахмет Ясауи орденін енгізу жөнінде Жарлыққа қол қоямын»

«Ата заңда Қазақстан Республикасының азаматтары тарихи және мәдени мұраның сақталуына қамқор болуға, тарих пен мәдениет ескерткіштеріне ұқыпты қарауға міндетті деп тайға таңба басқандай жазылды. Бұл тарихи жәдігері мол Түркістан халқы үшін маңызды жаңашылдық деп ойлаймын.

Бірегей болмысы мен төл мәдениетіне табан тіремеген ел дамудың даңғыл жолына түсе алмайды.

Біз, елімізде тұрып жатқан біртұтас қазақ халқы, жаңа Ата заңды бағдар етіп ұстап, жұдырықтай жұмылып, мемлекеттілігімізді одан әрі нығайта беруіміз керек.

Осы сәтті пайдаланып, тағы бір маңызды мәселені көтерейін деп отырмын. Мен Ұлттық құрылтайдың отырысының бірінде әйгілі Қожа Ахмет Ясауи туралы айттым.

Бұл – бүкіл жер жүзіндегі адамзатқа ортақ ғұлама, оны бәріміз ең алдымен қазақ халқының мақтанышы ретінде қабылдауымыз керек.

Қожа Ахмет Ясауиді әлемнің әрбір түкпірінде, әсіресе, ірі мемлекеттерде кең ауқымда дәріптеуіміз қажет, бірақ ең біріншіден Қазақстанның жұртшылығына танымал етуіміз керек.

Осы тарихи тұлғаға жоғары сапалы туындыларды және фильмдерді арнауымыз керек. Еліміздің әрбір облысында Қожа Ахмет Ясауидің бірегей зияткерлік мұрасына арналған оқуларды ұйымдастыру қажет.

Мен жақын арада мемлекеттік наградалар қатарына Қожа Ахмет Ясауи орденін енгізу жөнінде Жарлыққа қол қоямын. Бұл жоғары марапат белгілі отандық және шетелдік ғалымдарға, мемлекет және қоғам қайраткерлеріне тапсырылады. Бұл орденнің мәртебесі жоғары болуға тиіс».

t.me/aqorda_resmi
⚡️Глава государства: «В ближайшее время я подпишу Указ о включении ордена Ходжи Ахмеда Яссауи в перечень государственных наград»

«В Основном законе четко прописано, что граждане Республики Казахстан обязаны заботиться о сохранении исторического и культурного наследия, а также беречь памятники истории и культуры. Считаю, что для жителей Туркестана, где сосредоточено немало исторических объектов эта новая конституционная норма имеет особое значение.

Национальная идентичность и самобытная культура – это тот фундамент, без которого невозможно построить прогрессивное государство.

Сплотившись как единый народ, руководствуясь новой Конституцией, мы должны продолжить работу по укреплению нашей государственности.

Я хотел бы воспользоваться этой возможностью, чтобы поднять еще один важный вопрос. На одном из заседаний Национального курултая я говорил о знаменитом Ходже Ахмеде Яссауи.

Этого всемирно известного мыслителя мы все должны воспринимать, прежде всего, как выдающегося представителя казахского народа.

Нам необходимо широко популяризировать его наследие во всех уголках мира, особенно в крупных странах, но, прежде всего, нам нужно познакомить с его творчеством наших соотечественников.

Необходимо посвятить этой исторической личности высококачественные книги и фильмы, а также организовать во всех регионах чтения, посвященные уникальному интеллектуальному наследию Ходжи Ахмеда Яссауи.

В ближайшее время я подпишу Указ о включении ордена Ходжи Ахмеда Яссауи в перечень государственных наград. Эта высокая награда будет присуждаться известным отечественным и зарубежным ученым, государственным и общественным деятелям. Считаю, что этот орден должен обладать высоким статусом».

t.me/aqorda_resmi
⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев қарулы қақтығыстар болып жатқан елдерге үндеу жасады

«Баршаңызға белгілі, соңғы жылдары халықаралық геосаяси ахуал аса күрделі және құбылмалы.

Көптеген елдерде қарулы қақтығыстар, тіпті, соғыстар болып жатыр. Бұл үдерістер әлем экономикасына кері әсерін тигізіп отыр.

Оны біз Таяу Шығыстағы соғыстан көріп отырмыз. Соғыс әбден шиеленісіп кетті. Меніңше, бұл қақтығыста ақыры еш мемлекет өз пайдасына қол жеткізе алмайды. Қазақстан қақтығыс болып жатқан аймақтың бір бөлігі. Сондықтан осы қастерлі жерден барлық елдерге халықаралық қауымдастыққа Үндеу жасағым келеді.

Ең алдымен, азаматтық, экономикалық нысандарға қарулы шабуылдарды тоқтату керек. Содан соң келіссөздерді бастау керек.

Қазақстан бұл күрделі ахуалда дәнекер болғысы келмейді, бірақ, өзіміздің жерімізді бейбіт келіссөздер үшін ұсынуға дайынбыз.
Меніңше, Түркістанда осындай келіссөздер өткізуге болар еді.

Алайда, бұл мәселе қақтығысқа тікелей қатысып отырған мемлекеттерге байланысты. Ең алдымен олар оң шешім қабылдауы керек. Ал менің ұсынысым бұл – қазақ халқының ізгі ниетінің көрінісі.

Әбден кеш болмай тұрғанда қарулы іс-әрекеттерді доғарып, келіссөздерді бастау қажет сияқты, әйтпесе, әлемдік экономиканың дағдарысқа ұшырауын айтпағанда, көптеген халықтың бейбіт өмірі, тыныштығы бұзылады, дүние жүзіндегі тұрақтылықтың тұғыры шайқалады».

t.me/aqorda_resmi
⚡️Касым-Жомарт Токаев обратился к странам, участвующим в военных конфликтах

«Как вы знаете, в последнее время геополитическая обстановка в мире остается крайне сложной и нестабильной.

Во многих странах обострились вооруженные конфликты и даже войны, которые оказывают негативное влияние на мировую экономику. Мы видим, что происходит на Ближнем Востоке.

Конфликт крайне обострился. На мой взгляд, в этом противостоянии в конечном итоге ни одно государство не сможет извлечь выгоду. Казахстан находится в регионе, где происходят столкновения. Поэтому с этой священной земли я хочу обратиться ко всем странам.

Прежде всего, призываю прекратить вооруженные атаки на гражданские и экономические объекты. Затем необходимо сесть за стол переговоров.

Казахстан не стремится к роли посредника в этой сложной ситуации, однако мы готовы предоставить свою площадку для мирных переговоров. Считаю, что такой диалог можно было бы организовать в Туркестане.

Конечно, решение этого вопроса зависит от государств, непосредственно участвующих в конфликтах. Моя инициатива – это проявление доброй воли казахского народа.

Пока не стало слишком поздно, необходимо прекратить военные действия и начать переговоры. В противном случае будет нарушена мирная жизнь многих народов, подорваны основы мировой стабильности, не говоря уже о наступлении глобального экономического кризиса».

t.me/aqorda_resmi
⚡️Президент еліміздің әлеуметтік-экономикалық жетістіктеріне тоқталды

«Осы күрделі ахуалға қарамастан, біз барлық сын-қатерді еңсеріп, алға қарай нық сеніммен қадам басып келе жатырмыз.

Былтыр экономикамыз 6,5 пайызға өсті. Жалпы ішкі өнім 306 миллиард долларға жетті. Ал оның жан басына шаққандағы үлесі алғаш рет 15 мың доллар болды. Бұл – ТМД елдерінің арасындағы рекордтық көрсеткіш.

Алтын-валюта қорымыз 74 миллиард долларға жуықтады. Біз осындай жоғары деңгейге Тәуелсіздік тарихында алғаш рет жетіп отырмыз.

Орталық Азия аймағына тартылған таза шетел инвестициясының 69 пайызы Қазақстанға тиесілі. Шағын және орта бизнестің ұлттық экономикадағы үлесі бүгінде – 40 пайыз.

Азаматтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 75,9 жасқа жетті. Біз биыл әлемдегі экономикасы аса ірі 50 елдің қатарына қосылдық. Халықаралық валюта қорының болжамы бойынша жаһандық экономиканың дамуына үлес қосып отырған дүние жүзіндегі 25 мемлекеттің бірі атандық.

Еліміздің ынтымақ-бірлігі мен халқымыздың табанды еңбегінің арқасында орасан зор табысқа қол жеткіздік. Бірақ мұнымен тоқтап қалуға болмайды».

t.me/aqorda_resmi
⚡️Президент отметил социально-экономические достижения Казахстана

«Несмотря на эти вызовы, преодолевая все трудности, мы уверенно движемся вперед.

В прошлом году рост экономики страны составил 6,5%. Объем валового внутреннего продукта достиг 306 млрд долларов, при этом показатель на душу населения впервые преодолел отметку в 15 тысяч долларов. Это рекордный показатель для стран СНГ.

Золотовалютные резервы страны оцениваются в 74 млрд долларов. Текущие показатели стали беспрецедентными за всю историю нашей Независимости.

На Казахстан приходится 69% чистых иностранных инвестиций, привлеченных в страны Центральной Азии.Сегодня вклад малого и среднего бизнеса в национальную экономику составляет 40%. Средняя продолжительность жизни казахстанцев достигла 75,9 года.

В этом году Казахстан войдет в топ-50 крупнейших экономик мира. Согласно данным МВФ, ожидается, что наша страна войдет в число 25 государств мира, вносящих наибольший вклад в развитие глобальной экономики.

Благодаря сплоченности и трудолюбию нашего народа мы достигли огромных успехов. Однако на этом останавливаться нельзя».

t.me/aqorda_resmi
⚡️Мемлекет басшысы: «Қазақстанды шын мәнінде Өркендеген және Озық ел ету үшін ауқымды әрі жүйелі жұмысты қолға алдық»

«Қазір арқаны кеңге салатын заман емес. Әлемдік және аймақтық бәсеке күшейіп бара жатыр. Біз Қазақстанды шын мәнінде Өркендеген және Озық ел ету үшін ауқымды әрі жүйелі жұмысты қолға алдық.

Қазірдің өзінде бұл жұмыс нақты нәтижесін беріп жатыр. Мысалы, соңғы екі жыл қатарынан өңдеу өнеркәсібінің өсімі 6 пайыздан асты. Үкіметтің дерегіне сәйкес, былтыр елімізде 190 кәсіпорын ашылып, 22 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды.

Өткен жылы ауыл шаруашылығы саласында 250 өндіріс іске қосылды. Ауылдағы шаруаларға жағдай жасау үшін мемлекет бюджетінен 1 триллион теңгеден астам субсидия бөлінді. Мұндай қолдау Тәуелсіздік тарихында бұрын-соңды болмаған.

Алайда, біз ауыл шаруашылығының тиімділігін күшейтуіміз керек. Бұл саладағы өндірістің құнын ұлғайту қажет.

Биыл 222 су шаруашылығы нысаны салынып, жаңғыртылып жатыр. Еліміздегі 37 жылу электр станциясы жөнделуде. Сонымен қатар Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында жаңа жылу электр станциялары салынатын болады. Биыл 440 қосалқы станция және 17 мың шақырымнан астам электр желісі жаңартылады.

Былтыр 1500 шақырым темір жол салынып, жөндеуден өтті. Бұл да рекордтық көрсеткіш. Биыл 3700 шақырымнан астам жаңа теміржол желісі төселіп, іске қосылады.

Ал автокөлік жолдарына келсек, былтыр жалпы ұзындығы 13 мың, соның ішінде жергілікті маңызы бар 3 мың шақырым тас жол жөндеуден өтті.

Биыл тағы 2300 шақырымға созылатын жергілікті жолдар жаңғыртылады. Алдағы үш жылдың ішінде 32 мың шақырым жол нормативтік талапқа сай жөнделеді.

Жол – стратегиялық мәні айрықша мәселе, себебі, сапалы жол болса, жұртымыз тұрмыс-тіршілігін жақсартып, кәсібін дамыта алады, бұл белгілі нәрсе.

Алайда, біз бұдан да биік мақсаттарға қол жеткізуіміз керек. Жаңа Конституциямыз жаңа жетістіктерге жол ашып, зор табысқа жетуімізге кепіл болары анық. Мен бұған кәміл сенемін».

t.me/aqorda_resmi
⚡️Глава государства: «Мы реализуем поистине масштабные системные преобразования, чтобы превратить Казахстан в процветающую и прогрессивную страну»

«Сейчас не время для самоуспокоения. Растет мировая и региональная конкуренция. Для того, чтобы превратить Казахстан в процветающую и прогрессивную страну, мы реализуем поистине масштабные системные преобразования.

Эта работа уже приносит ощутимые результаты. Например, за последние два года рост обрабатывающей промышленности превысил 6%. По данным Правительства, в прошлом году было открыто 190 предприятий, на которых занято свыше 22 тысяч человек.

В 2025 году в сельскохозяйственной отрасли запущено 250 предприятий. Из государственного бюджета выделено более 1 трлн тенге на поддержку АПК. Столь мощной помощи аграрии не получали за все годы независимости.

Однако нам предстоит повысить эффективность сельского хозяйства. Требуется увеличить стоимость производимой продукции отрасли.

В этом году реализуется 222 проекта по модернизации и строительству водохозяйственных объектов. Проводится реконструкция 37 тепловых электростанций. Также планируется ввести в строй новые ТЭЦ в Кокшетау, Семее и Усть-Каменогорске. В текущем году будет модернизировано 440 подстанций и более 17 тысяч километров электросетей.

В прошлом году было построено и отремонтировано 1500 километров железных дорог. Это также является рекордным показателем. В текущем году будет проложено и введено в эксплуатацию более 3700 километров новых железнодорожных путей.

Что касается автомобильных дорог, то в прошлом году ремонтные работы охватили в общей сложности 13 тысяч километров, в том числе 3 тысячи километров дорог местного значения.

В этом году будет модернизировано еще 2300 километров местных дорог. В ближайшие три года в соответствие с нормативными требованиями будет приведено 32 тысячи километров трасс.

Дороги – это вопрос исключительного стратегического значения. Очевидно, что наличие качественных дорог позволяет населению улучшать свой быт и развивать бизнес.

Однако мы должны достичь еще более впечатляющих результатов. Глубоко убежден, что новая Конституция страны откроет новые горизонты для масштабных свершений и уверенного роста. Я искренне в это верю».

t.me/aqorda_resmi
Қасым-Жомарт Тоқаев ел дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады

t.me/aqorda_resmi
Касым-Жомарт Токаев вручил государственные награды ряду граждан, внесших значительный вклад в развитие нашей страны

t.me/aqorda_resmi