Aqorda 🇰🇿
✔
83.8K subscribers
22.9K photos
3.79K videos
24.9K links
Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі

Пресс-служба Президента Республики Казахстан

Press Office of the President of Kazakhstan
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Конституциясына және «2026 жылғы 15 наурызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды

t.me/aqorda_resmi
Глава государства Касым-Жомарт Токаев скрепил своей подписью Конституцию Республики Казахстан и подписал Указ «О мерах по реализации Конституции Республики Казахстан, принятой 15 марта 2026 года»

t.me/aqorda_resmi
Салтанатты рәсімнен кейін Президент сөз сөйледі

****

По завершении процедуры подписания Президент обратился к собравшимся с речью


t.me/aqorda_resmi
⚡️Мемлекет басшысы:

«Бүгін баршаңыз тарихымыздағы аса маңызды, мән-мағынасы айрықша, ел өмірінде өшпес із қалдыратын оқиғаның куәсі болдыңыздар.

Мен Мемлекет басшысы ретінде бүкіл халық атынан Ата заңымызға қол қойдым. Сонымен қатар Конституцияны іске асыру жөніндегі шаралар туралы Жарлыққа қол қойдым.

Енді Халық Конституциясы 1 шілдеден бастап ресми түрде өз күшіне енеді. Ал Конституция күнін мемлекеттік мереке ретінде ұлттық деңгейде жыл сайын 15 наурызда атап өтетін болдық.

Еліміздің барша халқына Ата заңымыз құтты болсын дегім келеді!»

t.me/aqorda_resmi
⚡️Глава государства:

«Сегодня вы все стали свидетелями поистине эпохального события, которое окажет колоссальное влияние на жизнь нашей страны.

Я как Глава государства от имени всего нашего народа скрепил своей подписью Основной закон Казахстана.

Также мною подписан Указ о мерах по реализации Конституции.
1 июля Народная Конституция официально вступит в силу.

А День Конституции мы будем ежегодно отмечать 15 марта как государственный праздник на общенациональном уровне.

Искренне поздравляю всех соотечественников с принятием Основного закона!»

t.me/aqorda_resmi
⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Конституция – мемлекетіміздің ұзақмерзімді мақсат-мұратын айқындайтын, ұлтымыздың келешек тағдырына тікелей әсер ететін тарихи құжат.

Бұл – шын мәнінде Халық Конституциясы. Оның жобасы шамамен екі жыл бұрын пысықтала бастады. Кейін мұқият талқыланып, зерделеніп жазылды. Конституциямыз – табанды ұжымдық еңбектің нәтижесі.

Біз бүгін бір ел болып ұлт жылнамасының жаңа межесіне өттік, түбегейлі өзгерістердің сапасы және мазмұны ерекше бірегей кезеңіне аяқ бастық.

Кеше ғана елімізде жалпыхалықтық референдум ойдағыдай өтті. Оған жұртшылық жаппай белсене қатысты.

Азаматтарымыз өз таңдауын жасады, халқымыз бір кісідей жаңару мен жаңғыру жолын жақтап дауыс берді.

Халқымыз Отанымыздың болашағы үшін өте жауапты сәтте жұмыла еңбек етті, ортақ іске орасан зор үлес қосты.

Ұлы Абайдың «Бірлік – ақылға бірлік» деген өсиет сөзі осындай кезде айтылған болса керек».

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Касым-Жомарт Токаев:

«Конституция – исторический документ, определяющий миссию развития нашего государства на долгосрочный период и оказывающий непосредственное воздействие на будущее нашей нации.

Это поистине Народная Конституция. Идея обновления Конституции зародилась два года назад. Затем она получила широкое обсуждение с последующей детальной разработкой проекта нового Основного закона. Итоговый документ – результат неустанных коллективных усилий.

Сплотившись как единый народ, мы открыли новую эпоху в летописи страны, приступив к уникальным по своему качеству и содержанию преобразованиям.

Буквально вчера состоялся общенациональный референдум, который прошел на должном уровне, вызвав живой отклик в сердцах граждан.

Наши соотечественники сделали свой выбор, своими голосами поддержав путь обновления и модернизации.

В этот ответственный момент казахстанцы продемонстрировали пример солидарности, внеся значимую лепту в достижение общей цели.

Сегодня как никогда актуально звучат слова великого Абая: «Бірлік – ақылға бірлік» («Единство народа начинается с единства помыслов»)».

t.me/aqorda_resmi
⚡️Президент:

«Бұл референдум берекелі бірлік пен ырысты ынтымағымыздың тағы бір өнегелі көрінісі және нышаны болды. Біз халқымызға тән нағыз отаншылдық рухын сезіндік, олардың риясыз қолдауына куә болдық.

Мемлекет тағдырына бей-жай қарамай, дауыс беру науқанына атсалысқан барша азаматқа зор алғыс айтамын!

Ұлт мүддесін терең түсініп, Ата заңды қолдап, дауыс беруді тарихи миссия санаған жұртшылыққа шынайы ризашылығымды білдіремін. Бұл орайда, Павлодар, Ақтөбе, Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Жетісу, Қызылорда облыстарының және басқа да аймақтардың Ата заңды мақұлдап, дауыс берген тұрғындарына алғысымды айтқым келеді».

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Президент:

«Нынешний референдум стал еще одним ярким подтверждением нашего незыблемого единства и приверженности духу созидательного сотрудничества. Мы стали свидетелями проявления подлинного патриотизма и искренней поддержки наших граждан.

Выражаю глубокую признательность всем соотечественникам, проявившим неравнодушие к судьбе государства и принявшим участие в голосовании!

Хочу искренне поблагодарить граждан, которые, полностью разделяя национальные интересы, поддержали Основной закон и восприняли голосование как историческую миссию.

В этой связи хочу особо отметить жителей Павлодарской, Актюбинской, Мангистауской, Жамбылской, Туркестанской, Восточно-Казахстанской, Кызылординской областей, области Жетысу и других регионов, поддержавших Основной закон».

t.me/aqorda_resmi
⚡️Мемлекет басшысы:

«Сондай-ақ осы тұста Қазақстан жастарының ерекше белсенді болғанын атап өту қажет. Олар заңғар жазушы Әбіш Кекілбаев айтып кеткен «ұлттық жауапкершіліктің» озық үлгісін көрсетті. Мұны заңды құбылыс деп айтуға толық негіз бар. Өйткені жаңа Конституция, ең алдымен, өскелең ұрпақтың игілігі үшін қабылданып отыр.

Бұған дейін де айттым, қазір де қайталаймын: еліміздің болашағы – жастарымыздың қолында!

Мемлекет басшысы ретінде мен сіздерге сенемін, зор үміт артамын! Жастарымыздың қарым-қабілеті айрықша, талант-дарыны мол, әлеуеті зор, күш-жігері мықты!

Қазақстанды әлемдегі ең озық, дамыған елдердің қатарына қосатын да – сіздер! Бұған еш күмәнім жоқ!

Бүгін төрге озып, тұғырына қонған жаңа Халық Конституциясы сіздерге бағдар беретін темірқазық болады. Себебі, бұл – келер ұрпақпен бірге жасай беретін қасиетті құжат».

t.me/aqorda_resmi
⚡️Глава государства:

«Отдельного упоминания заслуживает высокая активность молодежи Казахстана. Представители молодого поколения воплотили в жизнь принцип «национальной ответственности», о котором писал классик казахской литературы Абиш Кекильбаев. Считаю это закономерным, поскольку Новая Конституция призвана служить, прежде всего, во благо нашего подрастающего поколения.

Я не раз заявлял и хочу повторить: будущее Казахстана – в руках нашей молодежи!

Я как Глава государства искренне доверяю вам и возлагаю на вас большие надежды! Наша молодежь обладает уникальными навыками, невероятно талантлива, ее отличают высокий потенциал развития и мощная созидательная энергия!

Не сомневаюсь, что именно вам суждено превратить Казахстан в одно из самых прогрессивных и передовых государств мира!

Принятая сегодня Народная Конституция будет служить путеводителем на вашем жизненном пути. Этот фундаментальный документ призван стать главным ориентиром для будущих поколений».

t.me/aqorda_resmi
⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Осы орайда, мен Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның нәтижелі еңбегіне айрықша тоқталғым келеді.

Комиссия мүшелері өте ауқымды, тиімді жұмыс атқарып, мемлекет пен қоғамның өзара сенімі және серіктестігі аса маңызды екенін айқын көрсетті.

Жалпыұлттық коалиция мүшелері де қажырлы қызмет етті. Олар жаңа Конституцияның мән-мазмұнын жұртшылыққа кеңінен түсіндіріп, қажетті үгіт-насихат жұмысын ойдағыдай атқарды.

Бүгін осы тарихи сәтке орай, мен Комиссия құрамында болған барша азаматқа және Коалиция мүшелеріне ерекше ризашылығымды білдіремін.

Еліміздің әр аймағы, ауданы мен қаласында қоғамдық белсенділер, олардың ішінде еріктілер, яғни волонтерлер жоғары азаматтық жауапкершілік танытып, Халық Конституциясының қабылдануына зор үлес қосты. Баршаңызға рақметімді айтамын».

t.me/aqorda_resmi
⚡️ Касым-Жомарт Токаев:

«Хочу отдельно отметить плодотворную деятельность Конституционной комиссии. Члены Комиссии проделали масштабную и эффективную работу, которая убедительно продемонстрировала значимость взаимного доверия и партнерства между государством и обществом.

Хочу также отметить значительный вклад в общее дело членов Общенациональной коалиции, которые на высоком уровне провели информационно-разъяснительную работу, разъясняя гражданам содержание новой Конституции.

Хотел бы в этот исторический момент выразить искреннюю признательность всем членам Конституционной комиссии и Общенациональной коалиции.

В каждом регионе, районе и городе нашей страны общественные активисты, среди которых было немало волонтеров, продемонстрировали высокую гражданскую ответственность и внесли значительный вклад в принятие Народной Конституции. Выражаю всем благодарность!»

t.me/aqorda_resmi