Aqorda 🇰🇿
✔
83.9K subscribers
22.9K photos
3.79K videos
24.9K links
Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі

Пресс-служба Президента Республики Казахстан

Press Office of the President of Kazakhstan
Download Telegram
Президент елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін бір топ азаматқа мемлекеттік наградалар табыстады

t.me/aqorda_resmi
Президент вручил государственные награды ряду граждан за значительный вклад в социально-экономическое развитие страны

t.me/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекет басшысының ғылыми қоғамдастық өкілдерімен кездесуі

****

Встреча Главы государства с представителями научной общественности


🎦 t.me/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев:

– Келер ұрпақ біздің кейбір кемшіліктерімізге көз жұма қарайтын шығар. Бірақ олар Қазақстанды Әділетті, Қуатты мемлекетке айналдыратын, заң мен тәртіп, тазалық, табиғатты аялау, білім және ғылым салтанат құратын мүмкіндікті мүлт жібергенімізді ешқашан кешірмейді. Қазақстан осындай ел болуы керек. Біздің түпкі мақсатымыз – осы.


****

⚡️Касым-Жомарт Токаев:

– Потомки, скорее всего, снисходительно отнесутся к нашим промахам, которые в принципе неизбежны, коль скоро мы работаем. Но потомки никогда не простят упущенных возможностей для превращения Казахстана в справедливое, сильное государство, где существует культ законопослушания, чистоты, бережного отношения к природе и, конечно, культ образования и знаний. Вот таким должен быть Казахстан. Вот это наша конечная цель.


🎦 t.me/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Мемлекет басшысы:

– Біз адам капиталының сапасын арттыру үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз қажет. Еліміздің ғылыми және академиялық қауымдастығының барлық өкіліне қарата айтқым келеді. Қазақстанның ертеңі қандай болады, қаншалықты жаңашыл әрі озық елге айнала аламыз? Бұл сіздердің идеяларыңызға, зерттеулеріңізге, жұмыстарыңыздың нәтижесіне, ашқан жаңалықтарыңызға тікелей байланысты. Баршамыз күш жұмылдыра отырып, Қазақстанды Еуразиядағы жетекші ғылыми және технологиялық орталыққа айналдыра алатынымызға сенемін.


****

⚡️Глава государства:

– Мы должны делать все возможное для повышения качества человеческого капитала. Я обращаюсь ко всем представителям научного и академического сообщества страны. От ваших идей, исследований, результатов работы, открытий во многом зависит, каким будет Казахстан завтра, насколько наша страна будет инновационной и прогрессивной. Уверен, что совместными усилиями мы сможем превратить Казахстан в один из ведущих научных и технологических центров Евразии.


🎦 t.me/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Президент:

– Біз қол жеткізген нәтижеге тоқмейілсіп, көрсеткіштермен мақтанбауымыз керек. Керісінше, жаңа мақсаттарға жету үшін тынымсыз еңбек етуіміз қажет. Әлемдік бәсеке күшейген кезеңде біз әрдайым жеңімпаз болуымыз керек. Қазақ халқы қандай жағдай болса да, өркениет көшінен қалмауға тиіс. Тарихымызда қилы қасіретті бастан өткердік. Осы бақ-қуатты өмірге жету үшін талай зобалаңды көрдік. Өркениет бізге өздігінен келмейді. Оны өздеріңіз де түсінетін шығарсыздар. Оған қол жеткізу үшін қоғам жұдырықтай жұмылып, күш біріктіруі қажет. Ғалымдар, технологтар, кәсіпкерлер, білімді азаматтар, тіпті, студенттер де ортақ іске атсалысқаны жөн.


****

⚡️Президент:

– Мы не должны довольствоваться достигнутыми результатами, бравировать показателями, а постоянно работать над достижением новых целей. Мы обязаны победить в условиях обострившейся мировой конкуренции. Казахский народ ни при каких обстоятельствах не должен остаться на обочине развития мировой цивилизации. Слишком трагична была вся наша история, мы все выстрадали благополучие. Но как вам понятно, прогресс не приходит согласно пригласительному билету, он достигается путем невероятных усилий всего общества, будь это ученые, технологи, предприниматели, интеллектуалы и даже студенты.


🎦 t.me/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев:

– Жалпы, мемлекет өңірлерде ғылым мен инновацияны дамытуға ерекше назар аударып отыр. Соған сәйкес әкімдерге ғылыми-технологиялық саясатты жүргізу құзыреті берілді. Аймақтардағы 11 жоғары оқу орнында академиялық артықшылық және зерттеу орталықтары құрылып жатыр. Бұл орталықтар баламалы энергетикадан бастап биотехнология саласына дейін әртүрлі бағыттар бойынша маңызды зерттеулер жүргізетін болады. Түптеп келгенде, біз білім-ғылымды өзгелерден құр көшіріп алмай, өзіміз жасауымыз керек. Әлемдік ғылымда өзекті зерттеулер жасай алатын ғалымдар буынын тәрбиелеуіміз қажет.


****

⚡️Касым-Жомарт Токаев:

– Государство уделяют особое внимание развитию науки и инноваций в регионах. В соответствии с этим акимы наделены полномочиями по реализации научно-технологической политики. В 11 региональных высших учебных заведениях создаются центры академического превосходства и исследовательские центры. Эти центры будут проводить важные исследования по различным направлениям: от альтернативной энергетики до биотехнологий. В конечном счете, мы должны не просто копировать чужие знания и науку, а создавать их сами. Нам необходимо воспитать поколение ученых, способных проводить актуальные исследования, востребованные мировой наукой.


🎦 t.me/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Мемлекет басшысы:

– Ғылымда нәтижеге қол жеткізу үшін адам капиталына баса мән берген жөн. Біз өскелең ұрпаққа тәрбие беру мен азаматтарды қолдауды әлеуметтік әділдік, жасампаз отаншылдық және еңбекқорлық тұрғысынан қайта қарауымыз керек. Бұл – патернализм моделінен адам мен оның қабілеті басты ресурсқа айналатын өркениетті трансформациялау үлгісіне өту деген сөз. Сондықтан жаңа Конституциямыздың, ең алдымен, адамға бағдарлануы тегін емес.


****

⚡️Глава государства:

– Для достижения результатов в развитии науки следует уделять приоритетное внимание поддержке человеческого капитала. Мы должны переосмыслить подходы к системе воспитания подрастающего поколения и поддержке граждан в духе социальной справедливости, созидательного патриотизма и трудолюбия. Это означает переход от модели патернализма к модели трансформации прогресса, где главным ресурсом становится человек и его способности. Поэтому мы недаром говорим, что изюминка нашей новой Конституции в ее человекоцентричности.


🎦 t.me/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Мемлекет басшысы:

– Біз Жаңа Конституцияда адам капиталын, білімді, ғылымды, инновацияны дамытуды мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты ретінде бекіттік. Енді бәріміз бұл мақсатты міндетті түрде іске асыруымыз керек. Басқа жол жоқ. Бұл – өте күрделі міндет, оны түсінуіміз керек. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін ғылым қауымдастығы кәсіби біліктілік, адалдық және отаншылдық қасиеттерін танытуы қажет. Мен сіздерге үміт артамын.


****

⚡️Глава государства:

– В новой Конституции мы закрепили развитие человеческого капитала, образования, науки и инноваций как стратегическое направление деятельности государства. Теперь мы все обязаны реализовать эту цель. Другого пути нет. Это очень сложная задача, и мы должны это понимать. Для достижения этой цели научное сообщество должно проявить профессионализм, ответственность и патриотизм. Я возлагаю на вас большие надежды.


🎦 t.me/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Президент:

– Елдің шынайы жаңаруы саяси ұраннан емес, құқықтық іргетасымызды жаңаша қалыптастырып, бекітуден басталады. Біз бір ел, бір жұрт болып осы аса маңызды жұмысқа кірістік. Жаңа Конституция елдігіміздің тірегі, егемендігіміздің тұғыры болады. Оның әр бабы, әр тармағы елдігімізді нығайта түседі. Біз Ұлы даланың мыңдаған жылдық тарихының сабақтастығын сақтауға баса назар аудардық. Бабаларымыз әуел бастан құқықтық мемлекет құруға ерекше мән берген. Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы, әз Тәукенің Жеті жарғысы – соның айқын дәлелі.
Қуатты, Күшті, Бәсекеге қабілетті Қазақстанның жаңа Жарғысы – жаңа тарихи, геосаяси жағдайдағы бірегей құжат. Оның тарихымыздағы орны ерекше. Бұл – азаматтарымыздың арман-тілегінен, мақсат-мұратынан туған қастерлі құжат, шын мәніндегі Халық Конституциясы.


****

⚡️Президент:

– Истинное обновление страны начинается не с политических лозунгов, а с обновления и укрепления нашего правового фундамента. Сплотившись как единый народ, мы приступили к этой важнейшей работе. Новая Конституция станет надежной опорой нашей государственности и нашего суверенитета. Каждая ее статья, каждый пункт будут способствовать дальнейшему укреплению государственности. Мы уделили особое внимание сохранению преемственности многовековой истории Великой степи. Наши предки с самых истоков придавали особое значение созданию правового государства. Ярким доказательством тому служат «Қасым ханның қасқа жолы» («Светлый путь хана Касыма»), «Есім ханның ескі жолы» («Исконный путь хана Есима») и «Жеты Жаргы» хана Тауке. Новый Основной закон сильного и конкурентоспособного Казахстана – это уникальный документ в новых исторических и геополитических условиях. Он займет особое место в нашей истории. Это фундаментальный документ, отражающий помыслы, чаяния и надежды наших соотечественников. Это поистине Народная Конституция.


🎦 t.me/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев:

– Патриот дегеніміз – өз жұмысын кез келген орында, мейлі, университет, мектеп, аурухана, кәсіпорын немесе министрлікте болсын, өз қызметін адал атқаратын адамдар. Әскери қызмет туралы айтпасақ та болады. Бұл арада барлық мамандықты тізіп шығу міндет емес шығар. Жұмыстың жаманы болмайды.


****

⚡️Касым-Жомарт Токаев:

– Патриоты — это люди, которые добросовестно выполняют свою работу на всех участках, будь это университет, школа, больница, предприятие или министерство, уже не говоря о военной службе. Всего не перечислишь. Труд не может быть плохим по сути своей.


🎦 t.me/aqorda_resmi
⚜️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ораза айт мерекесімен құттықтауы

Қадірлі отандастар!

Ораза айт мерекесі құтты болсын!

Бұл – бүкіл мұсылман қауымы үшін мән-маңызы ерекше, қасиетті мереке. Осы мейрамда рухани тазару мен парасаттылық, сабырлық пен қанағатшылдық, өзара сыйластық пен тілектестік, жанашырлық пен жақсылық құндылықтары дәріптеледі.

Отыз күн ораза тұтқан жұрт иманын байытып, кемелдікке ұмтылады. Төзімін шыңдап, төңірегіне қамқорлық танытады. Игі істерге ұйытқы болып, мұқтаж жандарға қол ұшын созады.

Ата дәстүріміз бен асыл дініміз елдің бірлігін нығайтып, қоғамның берекесін арттыратын игі амалдар жасауға үндейді.

Биыл Ораза айт мейрамы Наурыз мерекесімен қатар келіп, ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңнің жаршысына айналды. Мұның символдық мәні зор.

Қазақстан халқы Жаңа Ата заңды қабылдап, жарқын болашаққа, Әділеттілік пен Өркендеуге бастайтын жолды таңдады. Конституциялық реформаны жаппай қолдау арқылы ұлт тарихының жаңа парағын ашты.

Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке, толайым табыс тілеймін!

Еліміз аман, жеріміз тыныш болсын!

Ораза айт қабыл болсын!

t.me/aqorda_resmi