Aqorda 🇰🇿
✔
83.8K subscribers
22.9K photos
3.8K videos
24.9K links
Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі

Пресс-служба Президента Республики Казахстан

Press Office of the President of Kazakhstan
Download Telegram
Президент вручил государственные награды ряду граждан за значительный вклад в социально-экономическое развитие страны

t.me/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекет басшысының ғылыми қоғамдастық өкілдерімен кездесуі

****

Встреча Главы государства с представителями научной общественности


🎦 t.me/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев:

– Келер ұрпақ біздің кейбір кемшіліктерімізге көз жұма қарайтын шығар. Бірақ олар Қазақстанды Әділетті, Қуатты мемлекетке айналдыратын, заң мен тәртіп, тазалық, табиғатты аялау, білім және ғылым салтанат құратын мүмкіндікті мүлт жібергенімізді ешқашан кешірмейді. Қазақстан осындай ел болуы керек. Біздің түпкі мақсатымыз – осы.


****

⚡️Касым-Жомарт Токаев:

– Потомки, скорее всего, снисходительно отнесутся к нашим промахам, которые в принципе неизбежны, коль скоро мы работаем. Но потомки никогда не простят упущенных возможностей для превращения Казахстана в справедливое, сильное государство, где существует культ законопослушания, чистоты, бережного отношения к природе и, конечно, культ образования и знаний. Вот таким должен быть Казахстан. Вот это наша конечная цель.


🎦 t.me/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Мемлекет басшысы:

– Біз адам капиталының сапасын арттыру үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз қажет. Еліміздің ғылыми және академиялық қауымдастығының барлық өкіліне қарата айтқым келеді. Қазақстанның ертеңі қандай болады, қаншалықты жаңашыл әрі озық елге айнала аламыз? Бұл сіздердің идеяларыңызға, зерттеулеріңізге, жұмыстарыңыздың нәтижесіне, ашқан жаңалықтарыңызға тікелей байланысты. Баршамыз күш жұмылдыра отырып, Қазақстанды Еуразиядағы жетекші ғылыми және технологиялық орталыққа айналдыра алатынымызға сенемін.


****

⚡️Глава государства:

– Мы должны делать все возможное для повышения качества человеческого капитала. Я обращаюсь ко всем представителям научного и академического сообщества страны. От ваших идей, исследований, результатов работы, открытий во многом зависит, каким будет Казахстан завтра, насколько наша страна будет инновационной и прогрессивной. Уверен, что совместными усилиями мы сможем превратить Казахстан в один из ведущих научных и технологических центров Евразии.


🎦 t.me/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Президент:

– Біз қол жеткізген нәтижеге тоқмейілсіп, көрсеткіштермен мақтанбауымыз керек. Керісінше, жаңа мақсаттарға жету үшін тынымсыз еңбек етуіміз қажет. Әлемдік бәсеке күшейген кезеңде біз әрдайым жеңімпаз болуымыз керек. Қазақ халқы қандай жағдай болса да, өркениет көшінен қалмауға тиіс. Тарихымызда қилы қасіретті бастан өткердік. Осы бақ-қуатты өмірге жету үшін талай зобалаңды көрдік. Өркениет бізге өздігінен келмейді. Оны өздеріңіз де түсінетін шығарсыздар. Оған қол жеткізу үшін қоғам жұдырықтай жұмылып, күш біріктіруі қажет. Ғалымдар, технологтар, кәсіпкерлер, білімді азаматтар, тіпті, студенттер де ортақ іске атсалысқаны жөн.


****

⚡️Президент:

– Мы не должны довольствоваться достигнутыми результатами, бравировать показателями, а постоянно работать над достижением новых целей. Мы обязаны победить в условиях обострившейся мировой конкуренции. Казахский народ ни при каких обстоятельствах не должен остаться на обочине развития мировой цивилизации. Слишком трагична была вся наша история, мы все выстрадали благополучие. Но как вам понятно, прогресс не приходит согласно пригласительному билету, он достигается путем невероятных усилий всего общества, будь это ученые, технологи, предприниматели, интеллектуалы и даже студенты.


🎦 t.me/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев:

– Жалпы, мемлекет өңірлерде ғылым мен инновацияны дамытуға ерекше назар аударып отыр. Соған сәйкес әкімдерге ғылыми-технологиялық саясатты жүргізу құзыреті берілді. Аймақтардағы 11 жоғары оқу орнында академиялық артықшылық және зерттеу орталықтары құрылып жатыр. Бұл орталықтар баламалы энергетикадан бастап биотехнология саласына дейін әртүрлі бағыттар бойынша маңызды зерттеулер жүргізетін болады. Түптеп келгенде, біз білім-ғылымды өзгелерден құр көшіріп алмай, өзіміз жасауымыз керек. Әлемдік ғылымда өзекті зерттеулер жасай алатын ғалымдар буынын тәрбиелеуіміз қажет.


****

⚡️Касым-Жомарт Токаев:

– Государство уделяют особое внимание развитию науки и инноваций в регионах. В соответствии с этим акимы наделены полномочиями по реализации научно-технологической политики. В 11 региональных высших учебных заведениях создаются центры академического превосходства и исследовательские центры. Эти центры будут проводить важные исследования по различным направлениям: от альтернативной энергетики до биотехнологий. В конечном счете, мы должны не просто копировать чужие знания и науку, а создавать их сами. Нам необходимо воспитать поколение ученых, способных проводить актуальные исследования, востребованные мировой наукой.


🎦 t.me/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Мемлекет басшысы:

– Ғылымда нәтижеге қол жеткізу үшін адам капиталына баса мән берген жөн. Біз өскелең ұрпаққа тәрбие беру мен азаматтарды қолдауды әлеуметтік әділдік, жасампаз отаншылдық және еңбекқорлық тұрғысынан қайта қарауымыз керек. Бұл – патернализм моделінен адам мен оның қабілеті басты ресурсқа айналатын өркениетті трансформациялау үлгісіне өту деген сөз. Сондықтан жаңа Конституциямыздың, ең алдымен, адамға бағдарлануы тегін емес.


****

⚡️Глава государства:

– Для достижения результатов в развитии науки следует уделять приоритетное внимание поддержке человеческого капитала. Мы должны переосмыслить подходы к системе воспитания подрастающего поколения и поддержке граждан в духе социальной справедливости, созидательного патриотизма и трудолюбия. Это означает переход от модели патернализма к модели трансформации прогресса, где главным ресурсом становится человек и его способности. Поэтому мы недаром говорим, что изюминка нашей новой Конституции в ее человекоцентричности.


🎦 t.me/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Мемлекет басшысы:

– Біз Жаңа Конституцияда адам капиталын, білімді, ғылымды, инновацияны дамытуды мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты ретінде бекіттік. Енді бәріміз бұл мақсатты міндетті түрде іске асыруымыз керек. Басқа жол жоқ. Бұл – өте күрделі міндет, оны түсінуіміз керек. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін ғылым қауымдастығы кәсіби біліктілік, адалдық және отаншылдық қасиеттерін танытуы қажет. Мен сіздерге үміт артамын.


****

⚡️Глава государства:

– В новой Конституции мы закрепили развитие человеческого капитала, образования, науки и инноваций как стратегическое направление деятельности государства. Теперь мы все обязаны реализовать эту цель. Другого пути нет. Это очень сложная задача, и мы должны это понимать. Для достижения этой цели научное сообщество должно проявить профессионализм, ответственность и патриотизм. Я возлагаю на вас большие надежды.


🎦 t.me/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Президент:

– Елдің шынайы жаңаруы саяси ұраннан емес, құқықтық іргетасымызды жаңаша қалыптастырып, бекітуден басталады. Біз бір ел, бір жұрт болып осы аса маңызды жұмысқа кірістік. Жаңа Конституция елдігіміздің тірегі, егемендігіміздің тұғыры болады. Оның әр бабы, әр тармағы елдігімізді нығайта түседі. Біз Ұлы даланың мыңдаған жылдық тарихының сабақтастығын сақтауға баса назар аудардық. Бабаларымыз әуел бастан құқықтық мемлекет құруға ерекше мән берген. Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы, әз Тәукенің Жеті жарғысы – соның айқын дәлелі.
Қуатты, Күшті, Бәсекеге қабілетті Қазақстанның жаңа Жарғысы – жаңа тарихи, геосаяси жағдайдағы бірегей құжат. Оның тарихымыздағы орны ерекше. Бұл – азаматтарымыздың арман-тілегінен, мақсат-мұратынан туған қастерлі құжат, шын мәніндегі Халық Конституциясы.


****

⚡️Президент:

– Истинное обновление страны начинается не с политических лозунгов, а с обновления и укрепления нашего правового фундамента. Сплотившись как единый народ, мы приступили к этой важнейшей работе. Новая Конституция станет надежной опорой нашей государственности и нашего суверенитета. Каждая ее статья, каждый пункт будут способствовать дальнейшему укреплению государственности. Мы уделили особое внимание сохранению преемственности многовековой истории Великой степи. Наши предки с самых истоков придавали особое значение созданию правового государства. Ярким доказательством тому служат «Қасым ханның қасқа жолы» («Светлый путь хана Касыма»), «Есім ханның ескі жолы» («Исконный путь хана Есима») и «Жеты Жаргы» хана Тауке. Новый Основной закон сильного и конкурентоспособного Казахстана – это уникальный документ в новых исторических и геополитических условиях. Он займет особое место в нашей истории. Это фундаментальный документ, отражающий помыслы, чаяния и надежды наших соотечественников. Это поистине Народная Конституция.


🎦 t.me/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев:

– Патриот дегеніміз – өз жұмысын кез келген орында, мейлі, университет, мектеп, аурухана, кәсіпорын немесе министрлікте болсын, өз қызметін адал атқаратын адамдар. Әскери қызмет туралы айтпасақ та болады. Бұл арада барлық мамандықты тізіп шығу міндет емес шығар. Жұмыстың жаманы болмайды.


****

⚡️Касым-Жомарт Токаев:

– Патриоты — это люди, которые добросовестно выполняют свою работу на всех участках, будь это университет, школа, больница, предприятие или министерство, уже не говоря о военной службе. Всего не перечислишь. Труд не может быть плохим по сути своей.


🎦 t.me/aqorda_resmi
⚜️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ораза айт мерекесімен құттықтауы

Қадірлі отандастар!

Ораза айт мерекесі құтты болсын!

Бұл – бүкіл мұсылман қауымы үшін мән-маңызы ерекше, қасиетті мереке. Осы мейрамда рухани тазару мен парасаттылық, сабырлық пен қанағатшылдық, өзара сыйластық пен тілектестік, жанашырлық пен жақсылық құндылықтары дәріптеледі.

Отыз күн ораза тұтқан жұрт иманын байытып, кемелдікке ұмтылады. Төзімін шыңдап, төңірегіне қамқорлық танытады. Игі істерге ұйытқы болып, мұқтаж жандарға қол ұшын созады.

Ата дәстүріміз бен асыл дініміз елдің бірлігін нығайтып, қоғамның берекесін арттыратын игі амалдар жасауға үндейді.

Биыл Ораза айт мейрамы Наурыз мерекесімен қатар келіп, ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңнің жаршысына айналды. Мұның символдық мәні зор.

Қазақстан халқы Жаңа Ата заңды қабылдап, жарқын болашаққа, Әділеттілік пен Өркендеуге бастайтын жолды таңдады. Конституциялық реформаны жаппай қолдау арқылы ұлт тарихының жаңа парағын ашты.

Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке, толайым табыс тілеймін!

Еліміз аман, жеріміз тыныш болсын!

Ораза айт қабыл болсын!

t.me/aqorda_resmi
⚜️Поздравление Главы государства Касым-Жомарта Токаева с праздником Ораза айт

Уважаемые соотечественники!


От всей души поздравляю вас с праздником Ораза айт!

Это особый и священный праздник для всех мусульман, который олицетворяет духовное очищение и просветление, взаимное уважение и солидарность, скромность и умеренность, милосердие и добропорядочность.

Соблюдая тридцатидневный пост, верующие находятся в гармонии с собой и миром, укрепляют стойкость духа, делят радость бытия с окружающими, протягивают руку помощи нуждающимся.

Эти принципы отражают подлинную суть Ислама, служат утверждению высоких нравственных ценностей и гуманистических идеалов, на которых зиждется наше общество.

Весьма символично, что в этом году Ораза айт совпал с Наурызом, знаменуя новый исторический этап в развитии нашей страны.

Народ Казахстана принял Новую Конституцию и сделал решительный выбор в пользу светлого будущего, Справедливости, Прогресса. И этот поистине созидательный акт народной воли станет новой точкой отсчета в летописи нашего независимого государства.

Желаю всем вам крепкого здоровья, счастья и благополучия!

Пусть процветает наша Родина – Республика Казахстан!

Ораза айт қабыл болсын!

t.me/aqorda_resmi
Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдыны қабылдады

🟦Қасым-Жомарт Тоқаевқа қаланың әлеуметтік-экономикалық ахуалы және негізгі даму бағыттарының іске асырылуы туралы баяндалды.

🟦Дархан Сатыбалдының айтуынша, қала экономикасында оң динамика байқалады: 2025 жылдың қорытындысы бойынша өсім 6,5 пайызды құрады, ал биылғы қаңтар-ақпан айларында қысқа мерзімді экономикалық индикатор 9,4 пайызға жетті. Негізгі көрсеткіштер өнеркәсіп, құрылыс, көлік және сауда салалары есебінен құралады.

🟦Шаһардың инвестициялық портфелі 2,8 триллион теңгеден асады. «Алматы» индустриялық аймағы мен «Алатау» арнайы экономикалық аймағына жаңа жобаларды тарту мақсатында кеңейту жұмыстары жүргізілуде.

🟦Алматы еліміздің IT секторында жетекші рөл атқарады. Цифрландыру аясында Almaty AI Park қалыптасып, жасанды интеллект негізіндегі бейнемониторинг пен талдау жүйесі дамып келеді.

🟦Туризм мен тау кластерін өркендету жалғасады. Биыл «Шымбұлақты» жаңғырту, іргелес шатқалдарды дамыту жұмыстары басталады. Жобаларды іске асыру 2029 жылғы Қысқы Азия ойындарына дайындық шараларымен бірге жүргізіледі. Сонымен қатар қонақүй инфрақұрылымы кеңейтілуде.

🟦Бас жоспарды түзету аяқталуға жақын. Онда қала ішіндегі орталық моделін дамыту және тау бөктеріндегі аумақта құрылысқа шектеу енгізу көзделген.

🟦Қоғамдық көлікті ілгерілету, соның ішінде BRT желісін кеңейту, метро құрылысы және жаңа транспорттық шешімдерді пысықтау негізгі басымдық саналады.

🟦Инженерлік инфрақұрылым және сумен жабдықтау жүйесі жаңартылып жатыр.

🟦Экологиялық күн тәртібіне ерекше назар аударылып, жылу көздерін жаңғырту және шығарындыларды азайту шаралары қолға алынды.

📌Кездесу соңында Мемлекет басшысы Almaty AI Park жобасын жеделдету, сондай-ақ LRT және SkyTrain жүйелерін енгізу жұмыстарын жандандыру бойынша бірқатар тапсырма берді.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Глава государства принял акима Алматы Дархана Сатыбалды

🟦Президенту Касым-Жомарту Токаеву доложили о социально-экономической ситуации в городе и реализации приоритетных направлений развития.

🟦Дархан Сатыбалды отметил положительную динамику экономики Алматы: по итогам 2025 года рост составил 6,5%, а за январь-февраль текущего года краткосрочный экономический индикатор достиг 9,4%. Основной вклад обеспечен промышленностью, строительством, транспортом и торговлей.

🟦Инвестиционный портфель города превышает 2,8 трлн тенге. Индустриальная зона «Алматы» и СЭЗ «Алатау» практически полностью заполнены, ведется их расширение для привлечения новых проектов.

🟦Алматы сохраняет лидирующие позиции в IT-секторе страны. В рамках цифровизации формируется Almaty AI Park, развивается система городского видеомониторинга и аналитики на базе искусственного интеллекта.

🟦Продолжается развитие туристического потенциала и горного кластера. В текущем году начнется модернизация Шымбулака и освоение прилегающих ущелий. Реализация проектов синхронизирована с подготовкой к зимним Азиатским играм 2029 года. Параллельно расширяется гостиничная инфраструктура.

🟦Завершается корректировка Генерального плана, предусматривающая переход к полицентричной модели развития и ограничение застройки в предгорной зоне.

🟦В транспортной сфере приоритетом является развитие общественного транспорта, включая расширение сети BRT, строительство метро и проработку новых транспортных решений.

🟦Ведется модернизация инженерной инфраструктуры и системы водоснабжения.

🟦Особое внимание уделяется экологической повестке, включая модернизацию теплоисточников и снижение выбросов.

📌По итогам встречи Глава государства дал ряд поручений, включая ускоренное создание Almaty AI Park, а также активизацию работы по созданию LRT и системы SkyTrain.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM