Aqorda 🇰🇿
✔
83.8K subscribers
22.9K photos
3.79K videos
24.9K links
Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі

Пресс-служба Президента Республики Казахстан

Press Office of the President of Kazakhstan
Download Telegram
⚡️Президент еліміздің әлеуметтік-экономикалық жетістіктеріне тоқталды

«Осы күрделі ахуалға қарамастан, біз барлық сын-қатерді еңсеріп, алға қарай нық сеніммен қадам басып келе жатырмыз.

Былтыр экономикамыз 6,5 пайызға өсті. Жалпы ішкі өнім 306 миллиард долларға жетті. Ал оның жан басына шаққандағы үлесі алғаш рет 15 мың доллар болды. Бұл – ТМД елдерінің арасындағы рекордтық көрсеткіш.

Алтын-валюта қорымыз 74 миллиард долларға жуықтады. Біз осындай жоғары деңгейге Тәуелсіздік тарихында алғаш рет жетіп отырмыз.

Орталық Азия аймағына тартылған таза шетел инвестициясының 69 пайызы Қазақстанға тиесілі. Шағын және орта бизнестің ұлттық экономикадағы үлесі бүгінде – 40 пайыз.

Азаматтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 75,9 жасқа жетті. Біз биыл әлемдегі экономикасы аса ірі 50 елдің қатарына қосылдық. Халықаралық валюта қорының болжамы бойынша жаһандық экономиканың дамуына үлес қосып отырған дүние жүзіндегі 25 мемлекеттің бірі атандық.

Еліміздің ынтымақ-бірлігі мен халқымыздың табанды еңбегінің арқасында орасан зор табысқа қол жеткіздік. Бірақ мұнымен тоқтап қалуға болмайды».

t.me/aqorda_resmi
⚡️Президент отметил социально-экономические достижения Казахстана

«Несмотря на эти вызовы, преодолевая все трудности, мы уверенно движемся вперед.

В прошлом году рост экономики страны составил 6,5%. Объем валового внутреннего продукта достиг 306 млрд долларов, при этом показатель на душу населения впервые преодолел отметку в 15 тысяч долларов. Это рекордный показатель для стран СНГ.

Золотовалютные резервы страны оцениваются в 74 млрд долларов. Текущие показатели стали беспрецедентными за всю историю нашей Независимости.

На Казахстан приходится 69% чистых иностранных инвестиций, привлеченных в страны Центральной Азии.Сегодня вклад малого и среднего бизнеса в национальную экономику составляет 40%. Средняя продолжительность жизни казахстанцев достигла 75,9 года.

В этом году Казахстан войдет в топ-50 крупнейших экономик мира. Согласно данным МВФ, ожидается, что наша страна войдет в число 25 государств мира, вносящих наибольший вклад в развитие глобальной экономики.

Благодаря сплоченности и трудолюбию нашего народа мы достигли огромных успехов. Однако на этом останавливаться нельзя».

t.me/aqorda_resmi
⚡️Мемлекет басшысы: «Қазақстанды шын мәнінде Өркендеген және Озық ел ету үшін ауқымды әрі жүйелі жұмысты қолға алдық»

«Қазір арқаны кеңге салатын заман емес. Әлемдік және аймақтық бәсеке күшейіп бара жатыр. Біз Қазақстанды шын мәнінде Өркендеген және Озық ел ету үшін ауқымды әрі жүйелі жұмысты қолға алдық.

Қазірдің өзінде бұл жұмыс нақты нәтижесін беріп жатыр. Мысалы, соңғы екі жыл қатарынан өңдеу өнеркәсібінің өсімі 6 пайыздан асты. Үкіметтің дерегіне сәйкес, былтыр елімізде 190 кәсіпорын ашылып, 22 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды.

Өткен жылы ауыл шаруашылығы саласында 250 өндіріс іске қосылды. Ауылдағы шаруаларға жағдай жасау үшін мемлекет бюджетінен 1 триллион теңгеден астам субсидия бөлінді. Мұндай қолдау Тәуелсіздік тарихында бұрын-соңды болмаған.

Алайда, біз ауыл шаруашылығының тиімділігін күшейтуіміз керек. Бұл саладағы өндірістің құнын ұлғайту қажет.

Биыл 222 су шаруашылығы нысаны салынып, жаңғыртылып жатыр. Еліміздегі 37 жылу электр станциясы жөнделуде. Сонымен қатар Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында жаңа жылу электр станциялары салынатын болады. Биыл 440 қосалқы станция және 17 мың шақырымнан астам электр желісі жаңартылады.

Былтыр 1500 шақырым темір жол салынып, жөндеуден өтті. Бұл да рекордтық көрсеткіш. Биыл 3700 шақырымнан астам жаңа теміржол желісі төселіп, іске қосылады.

Ал автокөлік жолдарына келсек, былтыр жалпы ұзындығы 13 мың, соның ішінде жергілікті маңызы бар 3 мың шақырым тас жол жөндеуден өтті.

Биыл тағы 2300 шақырымға созылатын жергілікті жолдар жаңғыртылады. Алдағы үш жылдың ішінде 32 мың шақырым жол нормативтік талапқа сай жөнделеді.

Жол – стратегиялық мәні айрықша мәселе, себебі, сапалы жол болса, жұртымыз тұрмыс-тіршілігін жақсартып, кәсібін дамыта алады, бұл белгілі нәрсе.

Алайда, біз бұдан да биік мақсаттарға қол жеткізуіміз керек. Жаңа Конституциямыз жаңа жетістіктерге жол ашып, зор табысқа жетуімізге кепіл болары анық. Мен бұған кәміл сенемін».

t.me/aqorda_resmi
⚡️Глава государства: «Мы реализуем поистине масштабные системные преобразования, чтобы превратить Казахстан в процветающую и прогрессивную страну»

«Сейчас не время для самоуспокоения. Растет мировая и региональная конкуренция. Для того, чтобы превратить Казахстан в процветающую и прогрессивную страну, мы реализуем поистине масштабные системные преобразования.

Эта работа уже приносит ощутимые результаты. Например, за последние два года рост обрабатывающей промышленности превысил 6%. По данным Правительства, в прошлом году было открыто 190 предприятий, на которых занято свыше 22 тысяч человек.

В 2025 году в сельскохозяйственной отрасли запущено 250 предприятий. Из государственного бюджета выделено более 1 трлн тенге на поддержку АПК. Столь мощной помощи аграрии не получали за все годы независимости.

Однако нам предстоит повысить эффективность сельского хозяйства. Требуется увеличить стоимость производимой продукции отрасли.

В этом году реализуется 222 проекта по модернизации и строительству водохозяйственных объектов. Проводится реконструкция 37 тепловых электростанций. Также планируется ввести в строй новые ТЭЦ в Кокшетау, Семее и Усть-Каменогорске. В текущем году будет модернизировано 440 подстанций и более 17 тысяч километров электросетей.

В прошлом году было построено и отремонтировано 1500 километров железных дорог. Это также является рекордным показателем. В текущем году будет проложено и введено в эксплуатацию более 3700 километров новых железнодорожных путей.

Что касается автомобильных дорог, то в прошлом году ремонтные работы охватили в общей сложности 13 тысяч километров, в том числе 3 тысячи километров дорог местного значения.

В этом году будет модернизировано еще 2300 километров местных дорог. В ближайшие три года в соответствие с нормативными требованиями будет приведено 32 тысячи километров трасс.

Дороги – это вопрос исключительного стратегического значения. Очевидно, что наличие качественных дорог позволяет населению улучшать свой быт и развивать бизнес.

Однако мы должны достичь еще более впечатляющих результатов. Глубоко убежден, что новая Конституция страны откроет новые горизонты для масштабных свершений и уверенного роста. Я искренне в это верю».

t.me/aqorda_resmi
Қасым-Жомарт Тоқаев ел дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады

t.me/aqorda_resmi
Касым-Жомарт Токаев вручил государственные награды ряду граждан, внесших значительный вклад в развитие нашей страны

t.me/aqorda_resmi
Мемлекет басшысы Наурыз мерекесіне қатысты

✔️Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Наурыз мейрамы өтіп жатқан «Керуен сарай» кешеніне барды.

✔️Мемлекет басшысының назарына еліміздің тарихи-мәдени мұрасын паш ететін арнайы бағдарлама ұсынылды.

✔️Қасым-Жомарт Тоқаевқа қыш және ағаш шеберлерінің жұмыстары, тігін мен зергерлік өнер үлгілері, тері бұйымдары, сондай-ақ сан алуан дәстүріміз бен рухани қазынамызды бейнелеген суретшілердің туындылары көрсетілді.

✔️Бұдан бөлек, Президент ұлттық спорт ойындарын тамашалады.

✔️Іс-шара барысында қазақ күресі, гір тасын көтеру, қол күресі, асық ату, арқан тарту, жамбы ату, тоғызқұмалақ, ләңгі тебу және қошқар көтеру сияқты ойындар ұйымдастырылды.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM